Эфервен (200 мг)

МНН: Эфавиренз
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Efavirenz
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011386
Информация о регистрации в РК: 09.10.2013 - 09.10.2018
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 238.26 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Эфервен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эфавиренз

Дәрілік түрі

200 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 100% құрғақ затқа шаққанда 200 мг эфавиренз

қосымша заттар: натрий крахмалы гликоляты, натрий лаурилсульфаты.

түйіршіктердің сыртқы бөлігі: натрий крахмалы гликоляты, лактоза моногидраты, магний стеараты

капсуланың қабығы: корпус – титанның қостотығы (Е 171), желатин, су, натрий лаурилсульфаты; қақпағы – титанның қостотығы (Е 171), желатин, су, натрий лаурилсульфаты

баспалық сия: шеллак (Е 904), сусыз этанол, 2-пропанол, бутанол, пропиленгликоль, концентрацияланған аммиак ерітіндісі, темірдің қара тотығы (Е 172), калий гидроксиді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өлшемі «0еl», қақпағында және корпусында қара «RD38» мөрі бар, қатты желатинді мөлдір емес ақ түсті капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе бозғылт-сары түсті түйіршіктелген сусымалы ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы тікелей әсер ететін препараттар.

Ненуклеозидтер - кері транскриптазаның тежегіштері. Эфавиренз.

АТХ коды J05AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазмада ең жоғары концентрацияға жету уақыты 3-5 сағат (1.6 - 9.1 мкмоль), тепе-тең плазмалық концентрацияға 6-10 күннен кейін жетеді.

Ас қабылдау эфавиренздің сіңуін арттырады.

600 мг эфавиренз капсуласын майлы/жоғары калориялы (894 кКл, 54 г май, май калориясы 54%) немесе май мөлшері аз/калориясы қалыпты (440 ккал, 2 г май, май калориясы 4%) тағаммен бірге бір рет қабылдау, препаратты ашқарынға қабылдағанда алынған нәтижелермен салыстырғанда, эфавиренз қисығы астындағы ауданның орта есеппен 22%-ға және 17%-ға және эфиваренздің ең жоғары концентрациясының орта есеппен 39%-ға және 51%-ға артқанын көрсетті.

Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен (шамамен 99.5 - 99.75%-ға), әсіресе альбуминдермен жоғары дәрежеде байланысады.

Эфавирензді 200 мг-нан 600 мг-ға дейін кем дегенде бір ай бойы күніне бір рет қабылдағанда, жұлын-ми сұйықтығындағы концентрациясы 0,26%-дан 1,19%-ға дейін (орта есеппен 0,69%) өзгеріп отырады.

Бауырда P450 цитохромы (P450 CYP3A4 және P450 CYP2B6) жүйесінің қатысуымен метаболизденеді. Эфавиренз өз метаболизмін индукциялай алады.

Эфавиренздің ақырғы жартылай шығарылу кезеңі бір реттік дозалардан кейін 52-76 сағатқа және көп реттік дозаларынан кейін 40-45 сағатқа тең. Балалардағы эфавиренздің фармакокинетикасы тәулігіне бір рет 600 мг қабылдаған ересектердегі фармакокинетикаға ұқсас. 600 мг дозаға баламалы эфавиренз қабылдаған 48 баланың қанындағы тепе-тең ең жоғары концентрация 14,2±5,8 мкмоль құрайды, тепе-тең ең төмен концентрация 5,6±4,1 мкмоль құрайды, ал қисық астындағы аудан сағатына 218±104 мкмоль құрайды.

Жынысы және нәсілі

Эфавиренздің еркектердегі және әйелдердегі, сондай-ақ нәсіл топтарындағы фармакокинетикасы бірдей.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіндегі эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелген жоқ; алайда эфавиренздің 1%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады, сондықтан бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің эфавиренздің шығарылуына ықпалы өте төмен.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Көп реттік дозасына жүргізілген зерттеулерде бауыр қызметінің жеңіл жеткіліксіздігі бар емделушілерде, сау емделушілердің бақыланған топтарымен салыстырғанда, эфавиренздің фармакокинетикасына елеулі әсер ететіні көрінген жоқ. Бауыр қызметінің орташа немесе ауыр дәрежелі жеткіліксіздігінің эфавиренздің фармакокинетикасына ықпалы жөнінде деректер жеткіліксіз.

Фармакодинамикасы

Эфервен адамның 1 типті иммунитет тапшылығы вирусының (АИВ-1) кері транскриптазасының нуклеозидтік емес кері тежегіші болып табылады. Эфервеннің АИВ-2 кері транскриптазасын және адам жасушаларының ДНҚ-полимеразасын (α, β, γ және δ) тежеуі елеулі емес.

Эфервен монофилетикалық В тобының және монофилетикалық емес В тобының көп бөлігінің (A, AE, AG, C, D, F, G, J, N тип тармақтары) изоляттарына қарсы антивирустық белсенділік көрсетті және О тобының вирустарына қарсы әсер ету деңгейін қысқартты. Эфервен сондай-ақ кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (делавирдин және невирапин) және кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (абакавир, диданозин және эмтрицитабин, ламивудин, ставудин, тенофовир, залцитабин, зидовудин, плюс ампренавир, индинавир, лопинавир, нелфинавир, ритонавир, саквинавир) тобының препараттарымен біріктіргенде жасушалық өсіріндіде АИВ-1 қарсы цитоуыттылықсыз вирусқа қарсы қосымша белсенділік көрсетті. Жасушалық өсіріндіде атазанавирмен бірге вирусқа қарсы қосымша антагонистік белсенділік байқалды.

Төзімділігі

Жасушалық өсіріндіде эфавирензге сезімталдығы төмен АИВ-1 изоляттары (EC90 мәнінде 380-орташа еселеніп өсуі) таблетканың қатысуымен тез білінеді. Осы вирустардың генотиптік сипаттамасы кері транскриптазада амин қышқылдарының дара L100I немесе V179D орын алмастыратынын, қос есе L100I/V108I орын алмастыратынын, үш есе L100I/V179D/Y181C орын алмастыратынын көрсетті.

Айқаспалы төзімділігі

Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштерінің арасында айқаспалы төзімділік байқалды. Бұрын эфавирензге төзімді ретінде сипатталатын клиникалық изоляттар да, бастапқы тізбекпен салыстырғанда, жасушалық өсіріндіде делавирдинге және невирапинге фенотиптік тұрғыдан да төзімді болды. Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштерінің (A98G, L100I, K101E/P, K103N/S, V106A, Y181X, Y188X, G190X, P225H, F227L, немесе M230L) тұрақты орын алмастыруымен делавирдинге және невирапинге төзімді клиникалық вирустық изоляттары жасушалық өсіріндіде эфавирензге сезімталдығының азайғанын көрсетті. Жасушалық өсіріндіде төзімді клиникалық вирустық изоляттардың 90%-дан астамы эфавиренз препаратына сезімталдығын сақтайды.

Қолданылуы

- АИВ-1 жұқпасында (біріктірілген антиретровирустық ем құрамында)

Қолдану тәсілі және дозалары

Эфервеннің фармакокинетикасына тағамның әсерін барынша азайту үшін, капсуланы ашқарынға, кем дегенде, тамақтанудан 1,5 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдаған жөн. Препаратты тағаммен бірге қабылдағаннан кейін Эфервен препаратының жоғары концентрациясы жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкеп соғуы мүмкін.

Емдеу АИВ жұқпаларын емдеу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Эфервенді антиретровирустық препараттармен біріктіріп қабылдау қажет.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерге шыдамдылықты жақсарту үшін, емдеудің алғашқы төрт аптасы ішінде препаратты ұйқыға жатар алдында қабылдау керек.

Ересектерге Эфервеннің кері транскриптазаның нуклеозидті аналогтарының тежегіштерімен біріктірілген немесе протеаза тежегіштерінсіз ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет пероральді түрде 600 мг.

Дозаны түзету

Егер Эфервен вориконазолмен бірге тағайындалса, онда вориконазолдың демеуші дозасын әрбір 12 сағат сайын 400 мг-ға дейін арттыру қажет, ал Эфервен дозасын, альтернативтік дәрілік түрлерді пайдалана отырып, күніне бір рет 300 мг-ға дейін азайту қажет. Егер вориконазолмен емдеу тоқтатылса, Эфервеннің бастапқы дозасын қалпына келтіру қажет.

Егер Эфервен рифампицинмен бір мезгілде қабылданса, салмағы 50 кг және одан астам емделушілерде Эфервен дозасын тәулігіне бір рет 800 мг-ға дейін арттыру керек.

Жасөспірімдерде және 12 жастан асқан және салмағы 32,5 кг-нан 40 кг-ға дейінгі балаларда Эфервеннің кері транскриптазаның нуклеозидті аналогтарының тежегіштерімен біріктірілген немесе протеаза тежегіштерінсіз ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет пероральді түрде 400 мг, ал 40 кг-нан астам салмақта – тәулігіне бір рет 600 мг.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

  • тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу

  • жалпы әлсіздік, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық

  • терінің қызаруы, қышуы, бөртпелер, терінің түлеуі

Сирек

  • бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, гепатит, панкреатит

  • амилазаның сарысулық деңгейінің жоғарылауы

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия

  • май тіндерінің қайта таралуы/жиналуы, гинекомастия

  • озбырлық реакциясы, елестеулер, қозу күйі, сандырақ идеялар, көңіл-күйдің құбылмалылығы, маниакальді синдром, невроздық бұзылулар, паранойя, психоздар, депрессия, суицидальді ойлар

  • астения, үйлесімнің бұзылуы, атаксия, құрысулар, гипестезия, парестезия, нейропатия, тремор

  • көрудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы
  • ентігу, жүрек лүпілінің жиілеуі
  • ыстықтау сезімі, қызба

  • іш қату

  • мультиформалы эритема, аллергиялық дерматит, фотосенсибилизация

  • артралгия, миалгия, миопатия

  • Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эксфолиативтік дерматит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • эфавирензге немесе препараттың қосымша заттарына асқын сезімталдық

  • бауыр қызметі жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі

  • 12 жасқа дейінгі және дене салмағы 32,5 кг-нан төмен балалар

  • вориконазолмен, терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготаминмен, дигидроэрготаминмен, эргоновинмен және метилэргоновинмен), шілтерлі шайқурай шөбінің препараттарымен бір мезгілде қабылдау

  • тұқым қуалайтын галактоза/лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

CYP3A немесе CYP2B6 субстраттары болып табылатын компоненттер, эфавирензбен бір мезгілде қабылданғанда төмен плазмалық концентрацияда болуы мүмкін. Эфавиренз CYP2C9, 2C19 және 3A4 изоферменттерін эфавиренздің плазмалық концентрацияларында байқалатын диапазонында тежейді. Эфавирензді негізінен осы изоферменттермен метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қабылдау, бірге қабылданатын препараттың плазмалық концентрацияларының өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан осы препараттар үшін дозаны тиісінше түзету қажет болуы мүмкін.

CYP3A белсенділігін индукциялайтын препараттар (мысалы, фенобарбитал, рифампицин, рифабутин), плазмалық концентрациялардың төмендеуіне әкелетін эфавиренз клиренсін шамамен арттырады.

Дәрілердің анықталған және басқа да потенциалды маңызды дәрілік өзара әрекеттесулері: дозаларды немесе қабылдау режимін дәрілердің өзара әрекеттесуін немесе болжамды өзара әрекеттесуін зерттеу негізінде өзгертуге болады.

 

Қатарласқан препараттар класы:

Препараттың атауы

Әсері

Клиникалық комментарийлер

Антиретровирустық дәрілер

Кальций фосампренавирі

↓ампренавир

Фосампренавир: деректер жоқ. Фосампренавир/ритонавир эфавирензбен бірге қабылданғанда тәулігіне 100 мг (жалпы 300 мг) ритонавирді қосымша қабылдау керек. Эфавирензді фосампренавирмен бірге плюс ритонавирді күніне екі рет қабылдағанда ритонавирдің дозасын өзгерту қажет емес.

Атазанавир

↓атазанавир

Дәрілік ем қабылдамаған емделуішілер: эфавирензбен қатарластыра енгізгенде, атазанавирдің ұсынылатын дозасы 400 мг және 100 мг ритонавирді құрайды (тамақтану кезінде күніне бір рет бірге), ал эфавиренз - 600 мг (ашқарынға күніне бір рет, түнге қарай дұрыс). Дәрілік ем қабылдаған емделушілер: атазанавирді және эфавирензді қатар енгізуге болмайды.

Индинавир

↓индинавир

Эфавирензбен біріктіріп тағайындаған кездегі индинавирдің тиімді дозасы белгісіз. Индинавир дозасын әрбір 8 сағат сайын 1000 мг-ға дейін арттыру, эфавирензді қабылдағандықтан, индинавирдің жоғары метаболизмінің орнын толтырмайды. Индинавирдің жоғары дозасын (әрбір 8 сағат сайын 1000 мг) эфавирензбен (тәулігіне бір рет 600 мг) енгізген кезде, индинавирдің қисық астындағы ауданы және ең жоғары плазмалық концентрациялары, бір ғана индинавирді (әрбір 8 сағат сайын 800 мг) қабылдаумен салыстырғанда, орта есеппен 33-46%- және 39-57%-ға төмендеді.

Лопинавир/ритонавир

↓лопинавир

Лопинавир/ритонавир таблеткасын тәулігіне бір рет эфавирензбен біріктіріп қабылдамаған жөн. Антиретровирустық препаратты қабылдамаған емделушілер, лопинавир/ритонавир таблеткаларын күніне екі рет эфавирензбен, дозасын түзетпей-ақ, біріктіріп қабылдай алады. Лопинавир/ритонавир таблеткаларының дозасын күніне екі рет 600/150 мг-ға дейін (3 таблетка) арттыруды ем қабылдаудан өткен, лопанавирге сезімталдығының төмендегеніне күдікті (ауру тарихынан немесе зертханалық деректерінен) емделушілер эфавирензбен біріктіріп қабылдағанда қарастыруға болады. Тамақтану кезінде эфавирензбен біріктіріп, лопинавир/ритонавирдің пероральді ерітіндісінің дозаларын күніне екі рет 533/133 мг-ға (6,5 мл) дейін арттыруға болады.

Ритонавир

↑ритонавир

↑эфавиренз

Эфавирензді ритонавирмен біріктіріп қабылдаған жағдайда бауыр ферменттерін бақылау керек. 500 мг ритонавирді әрбір 12 сағат сайын күніне бір рет 600 мг эфавирензбен бірге енгізгенде, соңғысының жағымсыз әсерлері (бас айналу, жүректің айнуы, парестезия) жиілігінің жоғарылағаны және зертханалық деректердің ауытқығаны (бауыр ферменттерінің жоғарылауы) байқалды.

Саквинавир

↓саквинавир

Эфавирензбен біріктірілген протеазаның жалғыз ғана тежегіші ретінде пайдаланылмауы тиіс.

Ко-рецептор антагонисі CCR5:

Маравирок

↓маравирок

Эфавирензбен бірге қолдануға қатысты мәлімдеме алу үшін маравирок препаратының нұсқаулығын қараңыз.

Дарунавир/ритонавир/эфавиренз (тәулігіне екі рет 300 мг*/тәулігіне екі рет 100 мг/тәулігіне бір рет 600 мг)

*ұсынылатын дозадан төмен

↓Дарунавир

↑Эфавиренз

Өзгерістерің клиникалық маңыздылығы анықталған жоқ. Осыған ұқсас нәтижелер дарунавир/ритонавирдің мақұлданған дозасы тәулігіне екі рет 600/100 мг деп шамаланады.Осы біріктірілімді сақтықпен пайдалану қажет.

Ралтегравир/Эфавиренз

(400мг бір реттік доза/ -)

Ралтегравир:

AUC: ↓36%

С12: ↓21%

Cmax: ↓36%

(UGT1A1 индукциялану)

Ралтегравир үшін дозаны түзету қажет емес.

Басқа препараттар

Варфарин

↑ немесе ↓ варфарин

Варфариннің плазмадағы концентрациясы және оның әсері эфавиренздің жәрдемімен потенциальді түрде артады немесе азаяды.

Карбамазепин

 

Дифенин

Фенобарбитал

↓карбамазепин

↓эфавиренз

↓антиконвульсант

↓эфавиренз

Эфавиренз дозасына қатысты нұсқаулар беру үшін деректер жеткіліксіз. Альтернативті антиконвульсияға қарсы ем қолданылуы тиіс.

Антиконвульсанттың және/немесе эфавиренздің плазмалық деңгейін төмендету үшін потенциал; антиконвульсанттың плазмадағы деңгейіне әлсін-әлсін бақылау жүргізу қажет.

Бупропион

↓ бупропион

Бупропионның әсер етуіне эфавиренздің ықпалы метаболизмінің индукциялануы себебінен болады деп болжанады. Бупропион дозасын артыру клиникалық тиімділігіне негізделуі тиіс, бірақ бупропионның ең жоғары ұсынылатын дозасы арттырылмауы тиіс.

Сертралин

↓сертралин

Сертралин дозасын арттыру клиникалық тиімділігіне негізделуі тиіс.

Вориконазол

↓вориконазол

↑эфавиренз

Эфавиренз және вориконазолды стандартты дозаларда біріктіріп пайдалануға болмайды. Эфавиренз вориконазолдың плазмадағы концентрациясын едәуір азайтады, және олардың бірге қолдану вориконазолдың емдік тиімділігін төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ вариконазол плазмадағы эфавиренз концентрациясын едәуір арттырады, бұл эфавирензбен байланысты жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін. Вориконазолды эфавирензбен бірге қолданғанда, вариконазолдың демеуші дозасы әрбір 12 сағат сайын 400 мг-ға дейін арттырылуы тиіс, ал альтернативті түрде қолданғанда эфавиренз дозасы күніне бір рет 300 мг-ға дейін азайтылуы тиіс.

Итраконазол

↓итраконазол

↓гидроксиитраконазола

Итраконазол үшін дозаны ұсынуға болмайтындықтан, зеңге қарсы альтернативтік емді қарастыру қажет.

Кетоконазол

↓кетоконазол

Эфавиренз бен кетоконазолдың өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Эфавиренз кетоконазолдың плазмалық концентрациясын төмендету потенциалына ие.

Посаконазол

↓посаконазол

Пайдасы қаупінен басым болатын жағдайлардан басқасында, бір мезгілде қолдануға болмайды.

Кларитромицин

↓кларитромицин

↑14-ОН метаболит

Кларитромициннің плазмадағы концентрациясы азаяды; клиникалық маңыздылығы белгісіз. Кларитромицинмен бірге тағайындағанда, эфавиренз дозасын түзету қажет емес. Кларитромицинге баламаны, мысалы, азитромицинді, ескеру қажет. Басқа, мысалы, эритромицин сияқты макролидтік антибиотиктер эфавирензбен біріктіріп зерттелген жоқ.

Рифабутин

↓рифабутин

Рифабутиннің тәуліктік дозасын 50%-ға арттыру керек. Рифабутин аптасына 2 немесе 3 рет енгізілетін режимдерде рифабутин дозасын екі еселеуді қарастыру керек.

Рифампин

↓эфавиренз

Дене салмағы 50 кг немесе одан астам емделушілерге эфавирензді рифампинмен бірге енгізгенде, эфавиренз дозасын тәулігіне бір рет 800 мг-ға дейін арттыру керек.

Дилтиазем

↓дилтиазем

↓дезацетил дилтиазем

↓N-монодезметил дилтиазем

Дилтиазем дозасын түзеткенде клиникалық тиімділігін басшылыққа алу қажет (дилтиаземнің толық нұсқаулығын-қосымша бетін қараңыз). Дилтиаземмен бірге қабылдағанда эфавиренз дозасын түзету қажет емес.

Басқалар (мысалы., фелодипин, никардипин, нифедипин, верапамил)

↓кальций өзекшелерінің блокаторы

CYP3A субстраттары болып табылатын кальций өзекшелерінің басқа блокаторларымен эфавиренздің өзара әрекеттесуі жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Кальций өзекшелері блокаторларының плазмалық концентрациясын төмендетуі мүмкін. Дозаны түзету клиникалық тиімділігіне қарай жүзеге асырылуы тиіс (кальций өзекшелерінің блокаторы үшін препараттың қолданылуы жөнінде толық нұсқауларды қараңыз).

HMG-CoA редуктаза тежегіштері:

Аторвастатин

Правастатин

Симвастатин

↓аторвастатин

↓правастатин

↓симвастатин

Аторвастатиннің, правастатиннің және симвастатиннің плазмалық концентрациялары төмендеген. Дозасын анықтау үшін ақпарат алу үшін, HMG-CoA препаратты қолдану жөніндегі толық нұсқаулармен танысыңыз.

Гормональді контрацептивтр:

Пероральді

Этинилэстрадиол/ норгестимат

↓норгестиматтың белсенді метаболиттері

Гормональді контрацепцияға қосымша бөгегіш контрацепция әдісі пайдаланылуы тиіс. Эфавиренз этинилэстрадиолдың концентрациясына ықпалын тигізбейді, алайда прогестин (норэлгестромин және левоноргестрел) деңгейі едәуір азайған. Этинилэстрадиол/норгестиматтың плазмадағы эфавиренз концентрациясына ықпалы байқалған жоқ.

Имплантацияланатын этоногестрел

↓этоногестрел

Гормональді контрацепцияға қосымша бөгегіш контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс. Этоногестрел мен эфавиренздің өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Этоногестрел әсерінің төмендегенін күтуге болады. Эфавиренз қабылдап жүрген емделушілерде этоногестрелдің контрацептивтік әсерінің жоқтығы жөнінде мәлімдемелер бар.

Иммунодепрессивтік дәрілер:

циклоспорин, такролимус, сиролимус және басқа да метаболизиенген CYP3A

↓Иммуно-депрессивтік дәрілер

CYP3A енгізуге байланысты иммунодепрессивтік дәрілер әсерінің төмендегені күтілуі мүмкін. Осы иммунодепрессивтік дәрілер эфавиренздің әсеріне ықпалын тигізбейді деп шамаланады. Иммунодепрессивтік дәрілердің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавирензді пайдаланып емдеуді бастағанда немесе оны тоқтатқанда кем дегенде 2 апта бойы иммунодепрессивтік дәрілердің концентрацияларын бақылауға алу керек (тұрақты концентрацияға қол жеткізілгенше).

Есірткелік аналгетик: метадон

↓метадон

Көктамыр ішіне есірткілік дәрілерді қабылдап жүрген, АИВ жұқтырған емделушілерге қатарластыра енгізу метадон деңгейінің төмендеуіне және есірткілік заттарды тоқтату белгілерінің пайда болуына әкелді. Метадонның дозасы тоқтату синдромы бәсеңдегенше орта есеппен 22%-ға дейін арттырылды. Емделушілерде тоқтату синдромы белгілерінің бар-жоқтығын бақылау қажет, ал қажет болғанда тоқтату синдромын жеңілдету үшін метадонның дозасын арттыру керек.

Басқа да препараттар

Эфавиренздің, ламувидин мен зидовудиннен айырмашылығы бар, кері транскриптазаның нуклеозидтік емес басқа тежегіштерімен дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер күтілмейді, өйткені кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерінің эфавирензден айырмашылығы – басқа жолмен метаболизденеді, және сол метаболизмдік ферменттермен және енгізу жолымен бәсекелесу ықтималдығы аз.

Канабиноидтармен өзара әрекеттесуіне талдама

Эфавиренз канабиноидтардың рецепторларымен байланыспайды. Эфавиренз қабылдап жүрген, АИВ жұқтырмаған ерікті емделушілердің несебіндегі канабиноидтарға жүргізілген талдамада жалғаноң нәтижелер байқалды. Айғақтайтын егжей-тегжейлі талдау жүргізгенде теріс нәтижелер алынды.

Айрықша нұсқаулар

Эфервен АИВ жұқпасын емдеу үшін жалғыз ғана препарат ретінде пайдаланылмауы тиіс. Кері транскриптазаның нуклеозидтік емес басқа да тежегіштері жағдайындағы сияқты, эфавирензбен монотерапияда вирустың төзімділігі тез пайда болады. Эфавирензбен біріктіріп қолдануға арналған жаңа антиретровирустық препараттарды таңдаған кезде вирустың айқаспалы төзімді болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Эфервен кейбір препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін; сондықтан тағайындалған басқа да дәрілерді немесе рецептісіз алынған немесе дәрілік шөптерді, әсіресе шайқурайды, пайдаланғаны жөнінде өз дәрігеріне мәлімдеуге кеңес берілуі тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эфавиренздің плазмадағы концентрациясын CYP3A субстраттары, тежегіштері және индукторлары өзгертуі мүмкін. Бұдан басқа, эфавиренз CYP3A немесе CYP2B6 метаболизденетін препараттардың плазмалық концентрациясын өзгертуі мүмкін. Дәрілік заттарды Эфервенмен бірге тағайындағанда препаратты қолдану жөнінде тиісті нұсқауларды қарау қажет.

Төзімділігі

Эфавирензді АИВ-1 жұқпасын емдеуге арналған жалғыз ғана дәрі ретінде пайдалануға болмайды. Егер эфавиренз монотерапия түрінде тағайындалса, төзімді вирус тезірек пайда болады. Эфавирензбен антиретровирустық препараттарды біріктіріп пайдаланғанда вирустық айқаспалы төзімділік потенциалын ескерген жөн. Егер біріктірілген сызбада қандай да бір антиретровирустық дәрілік препаратты қабылдау жағымсыз деп болжам жасалғандықтан тоқтатылса, барлық антиретровирустық дәрілік препараттардың қабылдануын бір мезгілде тоқтатуға дұрыстап көңіл бөлу қажет. Антиретровирустық дәрілік препараттарды қабылдауды жақпау симптомдары жоғалғаннан кейін қайта бастау қажет. Вирустың төзімді түрлерінің іріктелу потенциалының жоғарылауына байланысты, үзік-үзік монотерапия және антиретровирустық дәрілерді үздіксіз қайталап енгізу ұсынылмайды.

Жұғуы

Ағымдағы антиретровирустық терапияның, эфавирензді қоса есептегенде, АИВ-нің басқа адамға жыныстық қатынас немесе қан арқылы жұғу қаупіне жол бермеуіне айғақтаманың жоқтығын емделушілерге ескерту қажет. Тиісті сақтық шараларын пайдалануды жалғастыру қажет.

Тағамның ықпалы

Эфавирензді тағаммен бірге тағайындау эфавиренздің әсерін арттыруы және жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкелуі мүмкін. Эфавирензді ашқарынға, дұрысы түнге қарай қабылдау керек.

Психиатриялық симптомдар

Ауыр жағымсыз психиатриялық құбылыстар эфавиренз қабылдаған емделушілерде байқалды. Психиатриялық симптомдар зерттеу деректерінің көп факторлы талдамасындағы топ ретінде біріктірілгеннен немесе солай баға берілгеннен кейін, эфавирензбен емдеу осы психиатриялық симптомдардың пайда болу жиілігінің артуымен байланысты болды. Осы психиатриялық симптомдардың пайда болу жиілігінің артуымен байланысты басқа факторлар мыналар болды: сыртартқыдағы инъекциялық нашақорлық, сыртартқыдағы психиатриялық аурулар және зерттеудің бас кезінде психиатроптық препараттарды қабылдау; осыған ұқсас тәуелділіктер эфавирензді қабылдау тобында да, бақыланатын топта да байқалды. Жарияланған зерттеулерде, жаңа ауыр психиатриялық симптомдардың пайда болуы бүкіл зерттеу барысында эфавирензбен емдеу тобында да, сондай-ақ бақыланатын препараттармен емдеу тобында да білінді. Эфавирензді қабылдаған емделушілердің бір пайызы, осы психиатриялық симптомдардың біреуіне немесе бірнешеуіне байланысты, тоқтатылды немесе үзілді. Сондай-ақ постмаркетингтік тәжірибеде өзіне қол жұмсау себебінен болған өлім, сандырақтау және психозға ұқсас мінез-құлық жөнінде, осы есептерден эфавирензді қолданумен себеп-салдарлық байланысын анықтауға болмаса да, эпизодтық тұрғыдан мәлімделді. Ауыр психикалық жағымсыз құбылыстары бар емделушілер симптомдардың эфавирензді пайдалануымен байланысты екендігіне баға беру үшін медициналық жәрдемге дереу жүгінуі қажет, және де егер осылай болса, онда үздіксіз емдеудің пайдасынан қаупінің басымдығы/басым еместігін анықтау қажет.

Ауыр психикалық симптомдар, ауыр депрессияны, суицид әрекетін, агрессивтік мінез-құлықты, сандырақты, паранойяны және психозға ұқсас симптомдарды қоса есептегенде, эфавирензді қабылдап жүрген емделушілерде білінетіндігін емделушілер білуі қажет. Егер емделушілер ауыр психикалық құбылыстарды бастан өткерсе, олардың дереу дәрігерге қаралуы қажет. Емделушілер сыртартқысында жан-күйзеліс ауруларының болғанын немесе алкогольді, есірткіні шамадан тыс пайдаланғанын дәрігерге айтуы тиіс.

Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар

Симптомдар әдетте емнің алғашқы немесе екінші күні пайда болады және әдетте емдеудің алғашқы 2-4 аптасынан кейін жоғалады. 4 апта емдегеннен кейін, жүйке жүйесі тарапынан кемінде ауырлығы орташа симптомдардың таралуы эфавирензді қабылдаған емделушілердің 5%-дан 9%-ға дейінін, және бақыланатын препараттарды қабылдаған емделушілердің 3%-дан 5%-ға дейінін құрайды. Үздіксіз емделгенде осы жалпы симптомдар жақсаруы мүмкін екендігін емделушілерге ескерту қажет және әрі қарай психиатриялық симптомдар жиілігінің аз пайда болатындығы алдын ала болжанбайды. Препаратты ұйқыға жатар алдында қабылдау жүйке жүйесі тарапынан осы симптомдардың жағымдылығын жақсартуы мүмкін.

Эфавиренз қабылдап жүрген емделушілерге, егер эфавиренз алкогольмен немесе психотроптық препараттармен бір мезгілде қабылданып жүрсе, орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын аддитивтік әсерлер жөнінде ескерту қажет.

Емделушілерге, бас айналуды, ұйқысыздықты, зейінді жұмылдырудың әлсіздігін, ұйқышылдықты және қалыптан тыс түс көруді қоса, орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдарды әдетте эфавирензбен емдеудің алғашқы аптасы ішінде тіркелетінін мәлімдеу қажет. Препаратты түнге қарай қабылдау үздіксіз емделу кезінде жақсаруы мүмкін осы симптомдардың жағымдылығын жақсартуы мүмкін. Емделушілерге эфавирензді алкогольмен немесе психотроптық дәрілермен бір мезгілде пайдаланғанда ықтимал аддитивтік әсерлер жөнінде алдын ала ескерту қажет. Емделушілер жүйке жүйесі тарапынан симптомдар пайда болғанда, автомобильді жүргізу немесе машина құралдарын басқару сияқты қауіпті тапсырмаларды тоқтатуы қажет екендігінен хабардар болуы тиіс.

Репродуктивтік қауіп потенциалы

Эфавиренз қабылдап жүрген әйелдер жүкті болып қалудан сақтануы қажет. Бөгегіш контрацепцияның сенімді түрлерін контрацепцияның басқа тәсілдерімен, пероральді немесе басқа да гормональді контрацепцияны қоса есептегенде, әрдайым пайдалануы қажет. Эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты, эфавирензді қабылдауды тоқтатқаннан кейін 12 апта бойы контрацепцияның тиімді дәрілерін пайдалану керек. Әйелдер эфавирензді қабылдау кезінде жүкті екендігін немесе жүкті болуды жоспарлап жүргенін өз дәрігеріне мәлімдеуі тиіс. Егер бұл препарат жүктіліктің алғашқы триместрі ішінде пайдаланылса, немесе егер осы препаратпен емделу кезінде жүкті болып қалса, оған мұның эмбрион үшін зиян екендігін айту қажет.

Жүкті әйелдерде талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Эфавирензді жүктілік кезінде, егер ұрық үшін потенциалды пайдасы потенциалды қаупінен басым болса ғана, сондай-ақ әйелдің басқа емдеу түрлерін таңдау мүмкіндігі болмаса, пайдалануы қажет.

Бөртпе

Бөртпе әдетте эфавирензбен емдеуді бастағаннан кейін алғашқы 2 апта ішінде пайда болатын жеңіл немесе орташа макулопапулезді тері бөртпесі болып табылады (ересектерде бөртпенің пайда болуына дейін уақыты орташа 11 күнді құрайды), ал эфавирензбен емдеуді жалғастырып жүрген емделушілердің көбісінде бөртпе алғашқы ай ішінде тоқтайды (орташа ұзақтығы 16 күн). Эфавиренз курсы бөртпенің пайда болуына байланысты тоқтатылған емделушілерде қайта басталуы мүмкін. Эфавирензді көпіршіктердің пайда болуымен, десквамациямен, шырышты қабықтардың зақымдануымен немесе қызбамен қатар жүретін бөртпенің ауыр түрлері пайда болған емделушілерде тоқтату қажет. Тиісті антигистаминдік препараттар және/немесе кортикостероидтар жағымдылықты жақсартуы және бөртпенің тоқтауын жылдамдатуы мүмкін.

Балаларда бөртпе пайда болғанға дейінгі орташа уақыт 8 күнді құрайды. Эфавирензбен емдеуді бастар алдында балаларда тиісті антигистаминдік препараттармен профилактика қажет.

Емделушілерді жалпы жағымсыз әсердің бөртпе екендігінен хабардар ету қажет. Бөртпе әдетте емдеуде қандай да бір өзгерулерсіз кетеді. Алайда, бөртпе ауыр да болуы мүмкін болғандықтан, емделушілер бөртпе пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралуы қажет.

Құрысулар

Құрысулар эфавиренз қабылдап жүрген емделушілерде, көбіне, белгілі сыртартқыда құрысулар бар болғанда, байқалды. Сыртартқысында құрысулары болған кез келген емделушіде сақ болу қажет. Құрысуға қарсы дәрілердің, негізінен бауырда метаболизденетін дифенин немесе фенобарбитал сияқты препараттарды қатар қабылдап жүрген науқастарда, плазмадағы деңгейлерін әлсін-әлсін бақылап отыру қажет болуы мүмкін.

Липидтердің жоғарылауы

Эфавирензбен емдеу жалпы холестерин мен триглицеридтер концентрациясының артуына әкелуі мүмкін. Эфавирензбен емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде холестерин мен триглицеридтерді әлсін-әлсін тексеріп отыру қажет.

Иммунитеттің қалпына келу синдромы

Иммунитеттің қалпына келу синдромы біріктірілген антиретровирустық ем, соның ішінде эфавиренз қабылдаған емделушілерде білінді. Біріктірілген антиретровирустық емнің алғашқы сатысы ішінде иммундық жүйесі реакция беретін емделушілерде әлсіз немесе қалдық оппортунистік жұқпаларға (мысалы, Mycobacterium avium жұқпасы, цитомегаловирус, пневмония Pneumocystis jiroveci (РСР) немесе туберкулез) қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін, бұл әрі қарай тексеруді және емделуді қажет етуі мүмкін.

Майдың қайта таралуы

Антиретровирустық ем қабылдаған емделушілерде организмде майдың қайта таралуы/жиналуы, орталықтан болатын семіздікті, дорсоцервикальді семіздікті (бұқа өркеш), шеткергі арықтауды, беттің арықтауын, кеуде шаршысының ұлғаюын және «сыртқы келбеттің кушингоидтық типін» қоса есептегенде, байқалды. Осы құблыстардың механизмі және ұзақ мерзімдік салдарлары қазіргі таңда белгісіз. Себеп-салдарлық байланысы анықталған жоқ.

Остеонекроз

Этиологиясы көп факторлы (кортикостероидтарды пайдалануды, алкогольді шамадан тыс пайдалануды, ауыр иммуносупрессияны, дене салмағы индексінің жоғарылығын қоса есептегенде) деп саналса да, остеонекроз жағдайлары әсіресе АИВ аурулары асқынған және/немесе біріктірілген антиретровирустық ем ұзақ әсер еткен емделушілерде байқалды.

Егер буындарында ауыру және сырқырап ауыру байқалса, буындары күшпен қозғалса немесе қимыл-қозғалуы қиындаса, емделушілерге медициналық жәрдем алуға кеңес беру қажет.

Педиатрия

Емнің 48 аптасы ішінде кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерін қабылдап жүрген 57 емделуші бала қамтылған жарияланған үздіксіз ашық зерттеулерде, жағымсыз құбылыстардың типі және жиілігі тұтастай алғанда, ересектердің 26%-мен салыстырғанда бала емделушілердің 46%-да (26/57) білінген бөртпесі бар және ересек емделушілердің 0,9%-мен салыстырғанда бала емделушілердің 5%-да (3/57) 3 немесе 4 дәрежелі бөртпелер жоғары жиілікте білінген емделушілердің көбісін қоспағанда, ересек емделушілердегідей болды.

Гериатрия

Эфавиренздің жарияланған клиникалық зерттеулерінде сынаққа 65 жастағы және одан үлкендердің саны, олардың сынақтағы жастау адамдарға қарағанда басқаша реакция беретін-бермейтіндігін анықтау үшін, жеткілікті қамтылған жоқ. Жалпы алғанда, егде жастағы емделушілер үшін дозаны таңдау, бауыр, бүйрек және жүрек қызметтерінің төмендеуі жиілігінің өте жоғарылығын, қатар жүретін ауруларды және басқа да емдеу курстарын ескеріп, сақтықпен жүзеге асырылуы тиіс.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Бауырдың созылмалы ауруы бар емделушілерде эфавиренздің Р450 цитохромы арқылы жүретін метаболизмінің экстенсивтілігін және клиникалық тәжірибесінің шектеулілігін ескеріп, эфавирензді бауыр қызметінің жеткіліксіздігі жеңіл емделушілерге тағайындағанда сақ болу қажет. Дозаға байланысты жағымсыз реакциялар пайда болатындықтан, әсіресе жүйке жүйесі тарапынан болатын симптомдарда емделушілерді мұқият қадағалау қажет. Бауыр ауруына баға беру үшін белгілі бір аралықтардан кейін зертханалық сынамалар жүргізу қажет.

Созылмалы В немесе С гепатиті бар емделушілер, сондай-ақ біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген емделушілер ауыр жоғары қауіпке бейім және бауырдың өлімге әкелетін жағымсыз ракциялары орын алуы мүмкін. Бауырдың, В немесе С гепатитін қоса есептегенде, жасырын аурулары бар емделушілерде, трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы айқын емделушілерде, және гепатоуыттылығына байланысты басқа да препараттарды қабылдап жүрген емделушілерде емге дейін және ем кезінде бауыр ферменттерін бақылау керек. Постмаркетингтік есептердің кейбіреулері бұрын болған бауыр аурулары жоқ немесе басқа да қауіпті деп танылған факторлары жоқ емделушілерде бауыр қызметі жеткіліксіздігінің пайда болғаны жөнінде мәлімделді, сондықтан оларда да бауыр ферменттерін бақылау қажет. Сарысулық трансаминаза қалыпты диапазонның жоғарғы шегінен бес еседен астамға тұрақты түрде жоғарылаған емделушілерде эфавирензбен ұзақ емдеудің пайдасын бауырдың елеулі уыттылығының белгісіз қауіптерімен салыстыру қажет.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелген жоқ; алайда эфавиренздің 1%-дан азы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады, сондықтан бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің эфавиренздің шығарылуына ықпалы барынща аз болады.

Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде пайдалану тәжірибесі жоқ, сондықтан осы топта қауіпсіздігін мұқият қадағалау керек.

Еркектер мен әйелдер үшін контрацепция

Бөгегіш контрацепцияны ұдайы контрацепцияның басқа әдістерімен (мысалы, пероральді немесе басқа да гормональді контрацептивтер) біріктіріп пайдалануы қажет. Эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болғандықтан, эфавирензді қабылдауды тоқтатқаннан кейін 12 апта бойы тиісті контрацептивтерді пайдалануы керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті болып қалуы мүмкін әйелдер препаратты қабылдар алдында жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау үшін тест жасатуы қажет.

Жарияланған деректерден жүктіліктің 718 жағдайының (эфавирензбен емдеу алғашқы триместрде өтті), олардың 604 жағдайында балалардың тірі туғанының тіркелгені белгілі. Бір нәрестеде жүйке түтікшесінің ақауы байқалды, ал іштен туа болған басқа ақаулардың жиілігі және сипаты эфавирензсіз емделген, сондай-ақ АИВ-теріс бақыланатын топтардағы балаларда байқалған ақауларға ұқсас болды. Жүйке түтікшесіндегі ақаулардың пайда болуы жалпы топтарда тірі туған 1000 балаға жағдайдың 0,5-1 жағдайға дейін өзгеріп отырады. Жалпы алғанда, алғашқы триместрде құрамында эфиверензі бар препараттармен ем қабылдаған аналарда жүйке түтікшелерінің ақауларына сәйкес келетін, менингомиелоцелені қоса есептегенде, нәтижелерімен алты ретроспективтік есеп болды.

Эфавиренздің адамның емшек сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз, алайда эфавирензбен емделу кезінде емшек емізуді тоқтату қажет. АИВ жұқтырған әйелдер, АИВ-ні балаларына жұқтырып алмауы үшін, ешқандай да жағдайда емшек емізбеуі керек.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Эфервен бас айналуды, зейіннің төмендеуін және орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа да жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Емделушілер, егер осындай симптомдар пайда болса, автомобиль немесе машина құралдарын басқару сияқты қауіпті тапсырмаларды орындауды тоқтата тұруы керек екендігінен хабардар болуы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі

Емі: шұғыл медициналық жәрдем беру шараларын жүргізу керек. Өзіне тән ерекше у қайтарғысы жоқ. Сіңбеген препаратты шығару үшін белсенділендірілген көмір қабылдау керек. Эфавиренз ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысатын болғандықтан, диализдің препаратты қаннан едәуір дәрежеде шығару ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрап жабылатын пластик қақпағы бар, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға 90 капсуладан салынған.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd

Paonta Sahib, District Sirmour, Himachal Pradesh – 173025, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Sun Pharmaceutical Ind Ltd» ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас көшесі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл.адрес: regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

047197581477976855_ru.doc 157.5 кб
515377601477978013_kz.doc 179 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники