Эфавиренз (Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед)

МНН: Эфавиренз
Производитель: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Efavirenz
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023633
Информация о регистрации в РК: 04.05.2018 - 04.05.2023
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Эфавиренз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Эфавиренз

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 600 мг эфавиренз,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (РН 102), натрий лаурилсульфаты, магний стеараты,

қабығының құрамы: Опадрай 03В52055 сары (Opadry 03В52055 Yellow) (гипромеллоза, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль)

Сипаттамасы

Капсула тәрізді пішінді, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «ML 12» өрнегі бар, екінші жағы тегіс таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.

Нуклеозид еместер – кері транскриптаза тежегіштері. Эфавиренз

АТХ коды J05AG03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренз қан плазмасындағы ең жоғарғы 1.6–9.1 мкМ концентрациясы препаратты 100 мг-ден 1600 мг дейінгі дозаларда ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін 5 сағаттан соң жетті. Ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) дозаға тәуелді жоғарылауы және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) артуы 1600 мг дейінгі дозаларын қабылдаған кезде байқалған. Жоғары дозаларында препарат толықтай сіңірілмегендіктен, дозасын арттырған кезде ол көрсеткіштердің жоғарылауы пропорционал болмады. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияларына жету уақыты (3–5 сағат) препаратты бірнеше рет қабылдағаннан кейін өзгермеген, ал қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрацияларына 6–7 күннен соң жеткен.

АИТВ-инфекциясын жұқтырған бар пациенттерде ең жоғарғы (Cmax) және ең төменгі (Cmin) концентрациясы мен AUC тұрақты күйдегі орташа мәндері тәуліктік 200 мг, 400 мг және 600 мг дозаларында дозасына тәуелді болды. Эфавирензді тәулігіне 1 рет 600 мг дозада қабылдаған 35 пациентте тұрақты күйдегі Cmax 12.9 µM, тұрақты күйдегі Cmin – 5.6 µM, AUC – 184 µM құрады.

Ас ішудің әсері. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренздің майлылығы жоғары тамақпен бірге қолданылған бір реттік 600 мг дозасының биожетімділігі  аш қарынға қабылданған 600 мг дозасының биожетімділігімен салыстырғанда, 28 % және 79 %-ға артқан.

Таралуы. Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен тығыз (шамамен 99.5–99.75 %), көбінесе альбуминдермен байланысады. АИТВ‑1 инфекциясын жұқтырған (n=9), эфавирензді кемінде бір ай бойы тәулігіне 1 рет 200-ден 600 мг дейінгі дозаларда қабылдаған пациенттерде, жұлын сұйықтығындағы концентрациясы қан плазмасындағы сәйкесінше концентрациясының 0.26-дан 1.19 %-ға дейінгісін құраған (орташа алғанда – 0.69 %). Бұл пайыздық көрсеткіш эфавиренздің қан плазмасындағы ақуыздармен байланыспаған (бос) фракциясының көрсеткішіне қарағанда шамамен 3 есе жоғары.

Биоөзгерісі. Адам бауырының микросомаларына жүргізілген клиникалық зерттеулер мен in vitro зерттеулер, эфавиренздің негізінен, P450 цитохромы жүйесі арқылы, гидроксилденген метаболиттерін түзе отырып, ары қарай ол гидроксилденген метаболиттерінің глюкуронидануымен метаболизденетінін көрсетті, негізінен АИТВ-1-ге қатысты белсенді емес. In vitro зерттеулер, CYP3A4 пен CYP2B6 эфавиренз метаболизміне жауап беретін негізгі изоферменттер болып табылатындығын, және эфавиренз Р450 цитохромы жүйесінің 2C9, 2C19, және 3A4 изоферменттерін тежейтінін көрсетті. In vitro зерттеулерде эфавиренз CYP2E1 тежемеген, CYP2D6 мен CYP1A2 тек, клиникалық тәжірибеде қолданылатынынан едәуір жоғары концентрацияларында тежеген.

Эфавиренздің қан плазмасындағы экспозициясы CYP2B6 изоферментінің генетикалық нұсқасы гомозиготалы G516T бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Мұндай өзара байланыстың клиникалық мәні белгісіз; алайда, эфавирензбен астасқан жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының жоғарылауы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Эфавиренз P450 цитохромы жүйесінің ферменттерін индукциялайды, бұл оның өзінің метаболизмінің индукциялануына алып келеді. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде бірнеше реттік 10 күн бойғын тәулігіне 200-400 мг дозалары жинақталуының болжанғаннан төменірек болуына (22-42 %-ға төмен), және бір реттік дозасын қабылдаумен салыстырғанда жартылай шығарылуының ақырғы кезеңінің қысқарақ болуына алып келген.

Шығарылуы. Эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңі салыстырмалы түрде ұзақ, бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 52 сағат және бірнеше реттік дозаларынан кейін 40–55 сағат. Несеппен эфавиренздің радиоактивті-таңбалы дозасының шамамен 14–34 %-ы және өзгеріссіз күйдегі эфавиренз дозасының 1 %-ынан азы шығарылады.

Пациенттердің жекелеген топтары

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью бойынша С класы) бір пациентте Эфавирензді бір рет тағайындағаннан кейін эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңінің 2 есе ұзарғаны туралы мәліметтер бар, бұл ондай пациенттерде эфавиренздің жинақталу дәрежесінің жоғарырақ екендігін білдіруі мүмкін. Бірнеше реттік дозаларын қолданып зерттеулер, бақылау тобымен салыстырғанда бауыр функциясының ауырлығы жеңіл дәрежедегі (Чайлд-Пью бойынша А класы) бұзылулары бар пациенттерде эфавиренз фармакокинетикасына елеулі әсері жоқтығын көрсеткен. Бауыр функциясы бұзылуының орташа және ауыр түрлерінің (Чайлд-Пью бойынша В немесе С класы) эфавиренз фармакокинетикасына әсерін анықтау үшін мәліметтер жеткіліксіз.

Жыныс, нәсіл, жас шамасы. Азия ұлтының өкілдері саналатын әйелдер мен Тынық мұхиты аралдарының тұрғындары эфавиренздің әсеріне көбірек ұшырайтыны туралы жекелеген хабарламалар бар, әйтсе де, препараттың аталған топтардағы көтерімділігінің нашарлығы мәліметтер жоқ туралы. Егде жастағы пациенттерде фармакокинетикасы зерттелмеген.

Балалар. Эфавиренздің балалардағы тұрақты күйдегі фармакокинетикалық параметрлеріне популяциялық фармакокинетикалық моделінің негізінде болжам жасалған және 1 кестеде келтірілген.

1 кесте. АИТВ инфекциясы бар балалардағы эфавиренздің болжамды тұрақты фармакокинетикасы*.

Дене салмағы

Дозасы

Орташа AUC(0-24),

µM·сағ

Орташа Cmax,

µг/мл

Орташа Cmin, µг/мл

3.5-5 кг

100 мг

220.52

5.81

2.43

5-7.5 кг

150 мг

262.62

7.07

2.71

7.5-10 кг

200 мг

284.28

7.75

2.87

10-15 кг

200 мг

238.14

6.54

2.32

15-20 кг

250 мг

233.98

6.47

2.3

20-25 кг

300 мг

257.56

7.04

2.55

25-32.5 кг

350 мг

262.37

7.12

2.68

32.5-40 кг

400 мг

259.79

6.96

2.69

>40 кг

600 мг

254.78

6.57

2.82

* Дене салмағы 40 кг аз пациенттерге арналған дозасы тек ақпарат беру үшін көрсетілген.

Эфавирензді дене салмағына сәйкес, баламалы 600 мг дозада қабылдаған 49 педиатриялық пациентке жүргізілген зерттеулерден, Cmax 14.1 μM, Cmin - 5.6 μM, AUC – 216 μM/сағатты құрағаны анықталды. Педиатриялық және ересек пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы бірдей.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Эфавиренз – бұл адамдағы 1 типті иммунтапшылығы вирусының (АИТВ-1) кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренздің белсенділігіне адамдағы иммунтапшылығы вирусының кері транскриптазасы (КТ) ферментін тікелей бөгеуі арқылы болады. Эфавиренз адамдағы 2 типті  иммунтапшылығы вирусының КТ (АИТВ-2) мен адамдағы ДНҚ-полимеразасына (α, β, γ немесе δ) елеулі тежегіштік әсер бермейді.

Вирусқа қарсы белсенділігі. Эфавиренздің жабайы штамдардың немесе зидовудин-резистентті зертханалық және клиникалық штамдардың in vitro 90-95 % бәсеңдету үшін қажетті бос концентрациясы, шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларындағы (ШҚМЖ) және макрофагтық/моноцитарлық өсірінділердегі лимфобластты жасуша желілерінде 0.46 мен 6.8 нМ аралығында ауытқып отырады.

Резистенттлігі. Жасуша өсіріндісіндегі эфавиренздің КТ-дағы 48, 108, 179, 181 немесе 236 позициялардағы аминқышқылды алмасуларымен немесе АИТВ-1 протеазасындағы аминқышқылды алмасуларымен АИТВ-1 штамдарына қарсы тиімділігі вирустың жабайы штамдары үшін байқалғанға ұқсас. Жасуша өсіріндісіндегі эфавирензге ең жоғарғы резистенттілікке алып келетін бір реттік алмасулар, 100 позициядағы лейциннің изолейцинге (L100I, резистенттілігінің 17-22 есе жоғарылауы) және 103 қалпында лизиннің аспарагинге алмасуына (K103N, резистенттілігінің 18-33 есе жоғарылауы). алмасуына сәйкес келген. КТ-дағы басқа аминқышқылды алмасуларға қосымша K103N экспрессиялайтын АИТВ мутацияларында сезімталдықтың 100 еседен көп азайғаны байқалған .

K103N мутациясы индинавирмен немесе зидовудин+ламивудинмен біріктірілген эфавиренздің клиникалық зерттеулері барысында қайталанулар байқалған пациенттердің вирустық штамдарында айтарлықтай жиі кездеседі. Бұл мутация эфавирензді қабылдаған, 90 % вирусологиялық тиімсіздікке ұшыраған пациентте байқалған. Сонымен қатар, ОТ 98, 100, 101, 108, 138, 188, 190 немесе 225 позицияларында алмасулар байқалған, бірақ жиілігі төменірек болған, көбінесе, олар тек K103N-мен бірігіп қана байқалған. КТ-дағы эфавирензге резистенттілікпен байланысты аминқышқылды орынбасу мутациясы эфавирензбен кешенді түрде пайдаланылатын басқа антиретровирустық препараттарға тәуелді болмаған (АРВП).

Айқаспалы резистенттілік. Жасуша өсіріндісіндегі эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы резистенттілік бейіндері, АИТВ-1 K103N мутациясының барлық үш КТНЕТ сезімталдықтың жоғалуымен қатар жүретіндігін көрсетті. Сыналған, делавирдинге резистентті үш клиникалық штамның екеуі эфавирензге айқаспалы резистентті болып шықты және оларда K103N мутациясы болды. КТ 236 позициясында алмасуы бар үшінші штамм эфавирензге айқаспалы резистентті болған жоқ.

Эфавиренздің клиникалық сынақтарына қатысқан, емдеу нәтижесі сәтсіз болған (вирустық жүктеменің жоғарылауы тұрғысынан), пациенттердің ШКМЖ бөлініп шыққан вирустық штамдардың КТНЕТ сезімталдығы бағаланды. Бұрын эфавирензге резистенттілер ретінде сипатталған он үш штамм да невирапин мен делавирдинге резистентті болып шықты. Аталған КТНЕТ-резистентті штамдардың бесеуінде КТ-дағы 108 (V108I) позициясында K103N немесе валин–изолейцин алмасуы бар. Эфавирензбен емдеу нәтижесінің сәтсіздігіне алып келген, зерттеліп отырған штаммдардың үшеуі жасуша өсіріндісіндегі эфавирензге сезімтал күйінде қалған және невирапин мен делавирдинге сезімталды болды.

Түрлі нысана-ферменттердің болуы салдарынан, эфавиренз бен протеазалар тежегіштері (ПТ) арасындағы айқаспалы резистенттілік ықтималдығы төмен болып табылады. Нысанамен байланысатын түрлі бөліктердің болатындығы салдарынан, эфавиренз бен КТ нуклеозидтік тежегіштері арасында айқаспалы резистенттілік болуының да ықтималдылығы аз.

Қолданылуы

  • ересектер, жасөспірімдер мен 6 жастан асқан балалардағы АИТВ-1 инфекциясында вирусқа қарсы біріктірілген емнің құрамында

Қазіргі кезде Эфавиренздің АИТВ инфекциясының асқынған сатысы бар пациенттерде, CD4 саны <50 жасуша/мм3 немесе протеазалар тежегішімен (ПТ) емдеу тиімсіз болған кезде қолданылуы жөнінде мәлімет жоқ. Эфавиренз бет ПТ арасындағы айқаспалы резистенттілік ықтималдығы дәлелденбеген, сондықтан, Эфавирензбен емдеу тиімсіз болып шыққаннан кейін ПТ біріктіріп емдеудің тиімділігі белгісіз.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИТВ инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Біріктірілген антиретровирустық ем (БАРЕ). Эфавиренз басқа АРВП біріктіріп тағайындау керек. Эфавирензді аш қарында қабылдау ұсынылады. Эфавиренз концентрацияларының, Эфавирензді тамақтану кезінде қолданғаннан кейін байқалған жоғарылаулары, жағымсыз реакцияларының туындау жиілігінің артуына алып келуі мүмкін. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлеріне қатысты көтерімділігін жақсарту үшін, препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.

Ересектер. Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) протеазалар тежегіштерімен (ПТ) немесе оларсыз біріктірілген Эфавиренздің ұсынылған дозасы тәулігіне 1 рет ішке қабылданатын 600 мг құрайды.

Дозаларын түзету. Эфавирензді вориконазолмен бірге қолданған жағдайда, вориконазолдың дозасы 400 мг дейін (әр 12 сағат сайын) арттырылуы, ал Эфавиренздің дозасы тәулігіне екі рет 300 мг дейін азайтылуы тиіс. Вориконазолмен емдеу тоқтатылған жағдайда, Эфавиренздің дозасы бастапқы дозасына дейін қалпына келтірілуі тиіс. Эфавиренз дене салмағы ≥ 50 кг пациенттерде рифампицинмен брге тағайындалған жағдайда, Эфавиренздің дозасын тәулігіне 800 мг дейін арттыруға болады.

Балалар мен жасөспірімдер (6 жас пен 17 жас аралығындағы, дене салмағы ≥40 кг). Эфавиренздің ПТ және/немесе КТНТ біріктіріп ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. Таблеткалар түріндегі эфавирензді тек, оңай жұтуға қабілетті балалар мен жасөспірімдерге ғана тағайындау керек.

Балалар мен жасөспірімдер (6 жас пен 17 жас аралығындағы, дене салмағы <40 кг). 6 жастан 17 жасқа дейінгі, дене салмағы 40 кг аз балалар мен жасөспірімдер таблеткалар түріндегі Эфавирензді 200 мг және 50 мг-ден қабылдауына болады. Таблеткалар түріндегі эфавирензді таблетканы жұта алатын балаларға тағайындау керек.

Эфавиренз таблеткаларын 3 жасқа дейінгі балалар мен дене салмағы 13 кг аз балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі белгісіз.

Жағымсыз әсерлері

Туындау жиіліктеріне қарай жіктелген жағымсыз реакциялары. Жиілігі былай белгіленген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1000, <1/100); сирек (≥1/10000, <1/1000).

Өте жиі

- бөртпе

Жиі

  • қышыну

  • іш ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея

  • шаршау, депрессия

  • бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейін қоюдың нашарлауы және әдеттен тыс түстер көру, зейін қоюдың бұзылуы, бас ауыруы, мишықтық қимыл-қозғалыс үйлесімі мен тепе-теңдіктің бұзылуы

  • гипертриглицеридемия

Жиі емес

  • экссудативті полиморфты эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • жедел гепатит, панкреатит

  • аффективті орнықсыздық, сананың шатасуы, эйфориялық көңіл-күй, елестеулер, психоз, суицидтік идеялар, озбыр мінез-құлық, параноидтық реакциялар, маниакальді реакциялар

  • ажитация, амнезия, атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, құрысулар, патологиялық ойлар, тремор

  • көру жітілігінің нашарлауы

  • құлақтағы шыңыл, вертиго

  • бет терісіне қан тебулер

  • гинекомастия (ерлер мен әйелдерде)

  • гиперхолестеринемия

Сирек

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • сандырақтау, невроз, аяқталған суицид

  • фотоаллергиялық дерматит

  • біріктірілген антиретровирустық ем АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде шеткері және беттегі май қабатының жоғалтылуын, құрсақішілік және висцеральді май қабаттарының ұлғаюын, сүт бездерінің гипертрофиясын және мойынның артқы бөлігінде май қатпарларының жинақталуын (бизон өркешін) қоса, май қатпарларының қайта таралуымен (липодистрофия) астасады

  • инсулинге резистенттілік, гипергликемия және гиперлактацемия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

– бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы)

– эфавиренздің CYP3А4 бәсекелесе байланысуының және жүрек аритмиясын, седативті әсерінің ұзақтығын немесе тыныстың тарылуын қоса, күрделі немесе өмірге қауіп төндіретін жағдайларға алып келуі мүмкін метаболизмінің тежелуі салдарынан эфавирензді терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бір мезгілде қабылдау

– құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен бір мезгілде қабылдау (эфавиренздің қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуі немесе клиникалық тиімділігінің азаюы мүмкіндігіне байланысты)

– жүктілік және лактация кезеңі

– 6 жасқа толмаған, дене салмағы 40 кг аз балалар

– тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежегіштері немесе индукторлары. Эфавиренздің плазмадағы концентрациялары CYP3A4 субстраттарының, тежегіштерінің немесе индукторларының әсерінен өзгеруі мүмкін. Өз кезегінде, Эфавиренз CYP3A4 немесе CYP2B6 изоферменттерінің индукциялануы салдарынан, аталған изоферменттер үшін субстраттар болып табылатын препараттардың плазмадағы концентрацияларын өзгертуге қабілетті. Эфавирензді CYP3A4 субстраттарымен бірге қабылдағанда, препараттар деңгейлері концентрациясының жоғарылауы мен ауыр және өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың (жүрек аритмиясы, ұзаққа созылатын седативті әсері, тыныстың тарылуы) даму қаупінің жоғарылауы салдарынан емдеудің алғашқы күндері сақтық шараларын сақтау қажет. Эфавирензді қастауыш туындылары (дигидроэрготамин, эргоновин, эрготамин, метилэргоновин) сияқты препараттармен, мидазоламмен, триазоламмен, бепридилмен, цизапридпен және пимозидпен бірге қолданғанда сақтық таныту керек.

Ретровирустарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қабылдау

Кальций фосампренавирі/ритонавир. Кальций фосампренавирін медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет.

Атазанавир. Эфавиренз атазанавирдің әсерін азайтады. Эфавирензбен бірге тағайындалуын ретке келтіру үшін, атазанавирді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет.

Индинавир/ритонавир. Эфавирензбен біріктіріп тағайындағандағы индинавирдің оңтайлы дозасы белгісіз. Индинавирдің дозасын әр 8 сағат сайын 1000 мг дейін арттыру эфавирензді қабылдаудың себебінен индинавир метаболизмі жоғарылауының орнын толтырмайды. Индинавирдің жоғары дозасын (әр 8 сағат сайын 1000 мг) эфавирензбен (тәулігіне 1 рет 600 мг) қабылдағанда, индинавирдің AUC мен Cmax орташа алғанда, тек бір ғана индинавирді қабылдаумен (әр 8 сағат сайын 800 мг) салыстырғанда, 33-46 %-ға және 39-57 %-ға төмендеген. Тәулігіне 1 рет 600 мг Эфавирензді тәулігіне 2 рет 800/1000 мг индинавирмен/ритонавирмен қабылдағанда АИТВ-1 вирусы бар пациенттерде (n=6), индинавир мен эфавиренздің фармакокинетикасы тұтас алғанда , инфекция жұқтырмаған еріктілерден алынған мәліметтемен салыстырымды болды. Эфавирензді индинавирмен немесе индинавирмен/ритонавирмен бірге тағайындағанда, эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Лопинавир/ритонавир. лопинавир/ритонавир біріктірілімін Эфавирензбен бірге қабылдағанда, тек лопинавир/ритонавир біріктірілімін қабылдлаумен салыстырғанда, лопинавирдің Cmin едәуір төмендегені байқалады. Сондықтан, Эфавирензен біріктірген кезде, 500/125 мг дейінгі таблеткалар түріндегі немесе ерітінді (4 капсула немесе 6.5 мл) түріндегі лопинавир/ритонавир біріктірілімінің тағайындалатын дозасын тәулігіне 2 рет тамақпен бірге ішуге арналған 533/133 мг дейін арттыру қажет. Бұл біріктірілімнің Эфавирензбен бірге тағайындалуын түзету үшін, лопинавирді/ритонавирді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу керек.

Дарунавир/ритонавир. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) дарунавирмен/ритонавирмен (тәулігіне 1 рет 800/100 мг) біріктіріп қабылдағанда, дарунавирдің қан плазмасындағы оңтайлы Cmin жуықтығы байқалды. Сондықтан, дарунавирді/ритонавирді Эфавирензбен біріктіріп қолданғанда, дарунавир/ритонавирді тәулгіне 2 рет 600/100 мг дозада тағайындау керек. Эфавирензбен бірге тағайындалуын ретке келтіру үшін, дарунавирді/ритонавирді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет.

Маравирок. Маравирокты (тәулігіне 2 рет 100 мг) Эфавирензбен (тәулігіне 1 рет 600 мг) бірге тағайындағанда, AUC12 мен Cmax сәйкесінше 45 % және 51 %-ға төмендеді. Эфавирензбен бірге қолданылуын ретке келтіру үшін, маравирокты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет.

Ралтегравир. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) ралтегравирмен (400 мг бір реттік дозасы) біріктіріп қолданғанда ралтегравирдің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC), қан плазмасындағы ең жоғарғы және ең төменгі концентрациясының (Cmax және Cmin) сәйкесінше 36 %, 36 % және 21 %-ға төмендегені білінді. Өзара әрекеттесу механизмі эфавиренздің бауырдағы UGT1A1 изоферменттерін индукциялауына негізделеді. Ралтегравир үшін дозасын түзету қажет емес.

Ритонавир. 600 мг Эфавиренз (тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында) бен 500 мг ритонавирдің (әр 12 сағат сайын) инфекция жұқтырмаған еріктілерде бір мезгілде қолданылуын зерттеу, бұл біріктірілімнің жағымсыз болғанын және клиникалық жағымсыз құбылыстар (соның ішінде, бас айналуы, жүрек айнуы, парестезия) мен зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары (бауыр ферменттерінің жоғарылауы) жиілігінің артуына алып келгенін көрсетті. Эфавирензді ритонавирмен бірге қолданғанда бауыр ферменттері деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу ұсынылады.

Саквинавир. Саквинавирді (тәулігіне 3 рет 1200 мг жұмсақ желатинді капсулалар түрінде) Эфавирензмен қабылдағанда, саквинавирдің AUC пен Cmax сәйкесінше 62 % және 45-50 %-ға төмендеген. Эфавирензді жалғыз ПТ ретінде саквинавирмен біріктіріп қолдану ұсынылмайды.

Эфавиренз. Дозаларын түзету қажет жағдайларда болмаса (мысалы, рифампицинмен бірге қолданғанда), Эфавирензді құрамында эфавиренз бар басқа препараттармен (мысалы, Атрипла) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

С гепатиті вирусы протеазасының тежегіштері

Боцепревир. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) боцепревирмен (тәулігіне 1 рет 800 мг) қабылдағанда боцепревирдің қан плазмасындағы қалдықтық концентрациясы төмендейді (Cmin ↓44 %). Бұл төмендеуінің клиникалық маңызы белгісіз.

Телапревир. Телапревир мен эфавирензді бір мезгілде қолдану телапревир мен эфавиренз экспозициясының төмендеуіне алып келеді. Әр 8 сағат сайын 1125 мг телапревир мен тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензді бірге қолданғанда, әр 8 сағат сайын тек 750 мг телапревирді қолданумен салыстырғанда, телапревирдің AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 18 %, 14 % және 25 %-ға азайған. Эфавиренздің AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 18 %, 24 % және 10 %-ға азайған. Телапревир мен эфавиренздің бірге қолданылуы туралы қосымша ақпарат алу үшін, телапревирді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығу қажет.

Симепревир. Симепревирді эфавирензбен бірге тағайындау эфавиренздің P3A цитохромын индукциялауы салдарынан, симепревирдің қан плазмасындағы концентрацияларының едәуір төмендеуіне алып келеді, ол симепревирдің емдік әсерінің жоғалтылуына алып келуі мүмкін. Симепревирді Эфавирензбен бірге енгізу ұсынылмайды. Толығырақ ақпаратты симепревирді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.

Микробқа қарсы препараттар

Рифампициндер. Рифампицин инфекция жұқтырмаған 12 еріктіде эфавиренздің AUC 26 %-ға және Cmax 20 %-ға төмендетті. Рифампицинмен қабылдағанда, дене салмағы 50 кг және одан асатын пациенттерде Эфавиренздің дозасын тәулігіне 800 мг дейін арттыру қажет. Эфавирензбен қабылдағанда рифампициннің дозасын түзету қажет емес.

Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренз рифабутиннің Cmax мен AUC сәйкесінше 32 % және 38 %-ға төмендетті, және рифабутиннің клиренсін арттырды. Рифабутин эфавиренз фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді. Эфавирензбен бірге қолданылғанда, рифабутиннің тәуліктік дозасы 50 %-ға арттырылуы тиіс. Рифабутинді (аптасына 2-3 рет) Эфавирензбен бірге тағайындағанда, рифабутиннің дозасын 50 %-ға арттыруға болады.

Кларитромицин. Тәулігіне 1 рет 400 мг Эфавирензді жеті күн бойы 500 мг дозадағы (әр 12 сағат сайын) кларитромицинмен бір мезгілде қолдану кларитромициннің фармакокинетикасына елеулі әсер етеді. Кларитромициннің AUC және Cmax сәйкесінше 39 % және 26 %-ға азайды, алайда, Эфавирензбен бір кешенде қолданылғанда кларитромициннің гидроксиметаболитінің AUC пен Cmax сәйкесінше 34 % және 49 %-ға артты. Аталған өзгерістердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Инфекция жұқтырмаған 46 % еріктіде Эфавиренз бен кларитромицинді қабылдағанда, бөртпе пайда болған. Эфавирензді кларитромицинмен бірге қолданғанда Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. Кларитромицинді басқа препаратқа алмастыруға болады.

Зеңге қарсы препараттар

Вориконазол. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 400 мг) вориконазолмен (әр 12 сағат сайын ішке 200 мг) бірге қолдану екіжақты өзара әрекеттесуге алып келген. Вориконазолдың тұрақты күйіндегі AUC пен Cmax сәйкесінше 77 % және 61 %-ға төмендеді, ал эфавиренздің тұрақты күйдегі AUC мен Cmax сәйкесінше 44 % және 38 %-ға жоғарылады. Эфавиренздің стандартты дозалары мен вориконазолды бірге қолдануға болмайды.

Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 300 мг вориконазолмен (тәулігіне 2 рет 300 мг) бірге енгізгеннен кейін, тек вориконазолдың AUC мен Cmax вориконазолды тәулігіне 2 рет 200 мг дозада қабылдаумен салыстырғанда, сәйкесінше 55 % және 36 %-ға төмендеген; эфавиренздің AUC баламалы болған, бірақ Cmax тек қана эфавирензді тәулігіне 1 рет 600 мг дозада қабылдаумен салыстырғанда, 14 %-ға төмендеген.

Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 300 мг) вориконазолмен (тәулігіне 2 рет 400 мг) бірге енгізгеннен кейін, тек вориконазолды тәулігіне 2 рет 200 мг дозада қабылдаумен салыстырғанда, вориконазолдың AUC 7 %-ға төмендеді және Cmax 36 %-ға артты. Мұндай өзгешеліктер клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылған жоқ. Тек эфавирензді тәулігіне 1 рет 600 мг дозада қабылдаумен салыстырғанда, Эфавиренздің AUC 17 %-ға артты, ал Cmax баламалы болды.

Эфавирензді вориконазолмен бірге қолданғандан, вориконазолдың демеуші дозасын тәулігіне 2 рет 400 мг дейін арттыру қажет, ал Эфавиренздің дозасын 50 %, яғни, тәулігіне 1 рет 300 мг дейін азайту қажет. Вориконазолмен емдеуді тоқтатқан жағдайда, Эфавиренздің бастапқы дозасын қалпына келтіру қажет.

Итраконазол. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) итраконазолмен (әр 12 сағат сайын ішке 200 мг) бірге қолдану итраконазолдың сәйкесінше AUC, Cmax, және Cmin тұрақты деңгейін 39 %, 37 % және 44 %-ға, ал гидроксиитраконазолдың дәл осындай көрсеткіштерін тек итраконазолды қабылдаумен салыстырғанда, сәйкесінше 37 %, 35 % және 43 %-ға төмендетті. Эфавиренздің фармакокинетикасына әсері болған жоқ. Итраконазолды дозалау жөнінде ұсынымдар беруге болмайтындықтан, зеңге қарсы басқа препараттың баламалы нұсқасын қодануды қарастыру қажет.

Позаконазол. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 400 мг) позаконазолмен (тәулігіне 2 рет ішке 400 мг) бірге қолдану, тек позаконазолды қабылдаумен салыстырғанда, позаконазолдың AUC мен Cmax сәйкесінше 50 % және 45 %-ға төмендетті. Егер пациент үшін пайдасы қаупінен аспайтын болса, позаконазол мен Эфавирензбің бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек.

Безгекке қарсы заттар

Атоваквон және прогуанил гидрохлориді. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) с атоваквонмен және прогуанилмен (тәулігіне 1 рет 250/100 мг) бірге қолдану AUC мен Cmax сәйкесінше 75 % және 44 %-ға, және атоваквон мен прогуанила үшін AUC, глюкуронидациялануын индукциялау арқылы 43 %-ға төмендетті. Кез келген мүмкін жағдайда, атоваквонның/прогуанилдің Эфавирензбен бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек.

Артеметер-люмефантрин. Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) 20 мг артеметер / 120 мг люмефантрин таблеткаларымен бір мезгілде қолдану (3 күн бойы 4 таблеткадан 6 рет) артеметер, дигидроартемизинин (артеметердің белсенді метаболиті) мен люмефантрин экспозициясының шамамен, сәйкесінше 51 %, 46 %, және 21 %-ға төмендеуіне алып келді. Эфавиренздің экспозициясы айтарлықтай өзгерген жоқ. Эфавирензбен бірге қолданғанда, артеметердің, дигидроартемизинин мен люмефантриннің концентрациясының төмендейтіндігі салдарынан, безгекке қарсы әсері төмендеуі мүмкін екендігін ескеру қажет.

Гиполипидемиялық заттар

Эфавирензді гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктаза тежегіштерімен: аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бірге қолдану, инфекция жұқтырмаған еріктілерде қан плазмасындағы статин концентрациясының төмендегенін көрсетті. Холестерин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу қажет. Статиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Аторвастатин. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) аторвастатинмен (тәулігіне 1 рет ішке 10 мг) бірге қолдану тек аторвастатинді қабылдау режимімен салыстырғанда, аторвастатиннің тұрақты күйіндегі AUC мен Cmax сәйкесінше 43 % және 12 %-ға, , 2-гидрокси-аторвастатинде - сәйкесінше 35 % және 13 %-ға, 4- гидрокси-аторвастатинде - сәйкесінше 4 % және 47 %-ға, және гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаның жалпы тежегіштерінде - сәйкесінше 34 % және 20 %-ға төмендетті.

Правастатин. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) правастатинмен (тәулігіне 1 рет ішке 40 мг) бірге қолдану, тек правастатинді қабылдау режимімен салыстырғанда, правастатиннің тұрақты күйдегі AUC мен Cmax сәйкесінше 40 % және 18 %-ға төмендетті.

Симвастатин. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) симвастатинмен (тәулігіне 1 рет 40 мг) бірге қолдану, тек симвастатинді қабылдау режимімен салыстырғанда, симвастатиннің тұрақты күйдегі AUC мен Cmax сәйкесінше 69 % және 76 %-ға, белсенді симвастатин қышқылы сияқты метаболиттерінікін - сәйкесінше 58 % және 51 %-ға, гидроксиметилглутарил-кофермент A-редуктазаның (ГМГ-КоА редуктазаның) жалпы белсенді тежегіштерінікін - сәйкесінше 60 % және 62 %-ға, ал ГМГ-КоА редуктазаның жалпы тежегіштерінікін - сәйкесінше 60 % және 70 %-ға төмендетті. Эфавирензді аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бірге қолдану эфавиренздің AUC немесе Cmax мәндеріне әсер етпеген. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Антикоагулянттар

Варфарин/аценокумарол. Варфарин/аценокумарол мен Эфавиренздің өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ, әйтсе де, варфарин мен аценокумаролдың плазмадағы концентрациясы мен тиімділігі артуы немесе азаюы ықтимал. Сондықтан, варфарин мен аценокумаролдың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Құрысуға қарсы препараттар

Карбамазепин. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде Эфавирензді (тәулігіне 1 рет ішке 600 мг) карбамазепинмен (тәулігіне 1 рет 400 мг) бірге қолдану екіжақты өзара әрекеттесуіне алып келген. Карбамазепиннің тұрақты күйдегі AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 27 %, 20 % және 35 %-ға төмендеген, ал Эфавиренздің тұрақты күйіндегі AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 36 %, 21 %, және 47 %-ға төмендеген. Карбамазепин-эпоксидтің (белсенді метаболиті) тұрақты күйіндегі AUC, Cmax және Cmin өзгеріссіз қалған. Карбамазепиннің плазмадағы деңгейлерін мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет. Эфавиренздің немесе карбамазепиннің жоғарырақ дозаларын қолдану туралы мәлімет жоқ; сол себепті, дозасына қатысты ұсынымдар беруге болмайды, сонымен қатар, құрысуға қарсы баламалы емді қарастыру қажет.

Құрысуға қарсы басқа да препараттар. Эфавиренздің фенитоинмен, фенобарбиталмен және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын құрысуға қарсы басқа препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы туралы мәлімет жоқ. Эфавирензді ондай препараттармен бір мезгілде қолданғанда әр заттың плазмадағы концентрациялары төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін; соған орай, олардың плазмадағы мөлщерлерінің деңгейлеріне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу қажет. Эфавиренздің вигабатринмен немесе габапентинмен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулерінің болуы күтілген жоқ, өйткені вигабатрин мен габапентин өзгеріссіз күйінде несеппен ғана шығарылады және олардың Эфавиренз метаболизмінің ферменттері мен шығарылу жолдарына ұқсас метаболизм ферменттері мен шығарылу жолдары үшін бәсекелесу ықтималдығы аз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Гормональді контрацептивтер

Оральді. Оральді контрацептивтер (тәулігіне 1 рет 0.035 мг этинилэстрадиолды / 0.25 мг норгестиматты) мен Эфавирензді (тәулігіне 1 рет 600 мг) 14 күн бойы бірге қолданғанда, Эфавиренз этинилэстрадиол концентрациясына әсер еткен жоқ. Норгестиматтың белсенді метаболиттері норэлгестромин мен левоногестрелдің плазмадағы концентрациялары эфавиренз кірістірілген кезде едәуір төмендеген. Норэлгестроминнің AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 64 %, 46 % және 82 %-ға төмендеген, және левоногестрелдің AUC, Cmax және Cmin сәйкесінше 83 %, 80 % және 86 %-ға төмендеген. Бұл әсерлерінің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Этинилэстрадиолдың/норгестимататың плазмадағы Эфавиренз концентрациясына әсері байқалмаған.

Инъекциялар. Эфавиренз бен инъекциялық гормональді контрацепцияға қатысты ақпарат шектеулі. Депо-медроксипрогестерон ацетаты (ДМПА) мен Эфавиренздің өзара дәрілік әрекеттесуіне жүргізілген үш айлық зерттеуде, плазмадағы прогестерон деңгейлері барлық субъектілер үшін овуляцияның бәсеңдеуін ескергенде, 5 нг/мл төмен күйінде қалған.

Имплантаттар. Этоногестрел мен Эфавиренз арасындағы өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Эфавирензді қабылдаған пациенттерде этоногестрелмен контрацепция әдістерінің тиімсіздігі туралы маркетингтен кейінгі жекелеген хабарламалар бар. CYP3A4 изоферменті индукциясының есебінен, этоногестрелдің әсері төмендеуі мүмкін.

Иммунодепрессанттар. CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммунодепрессанттарды (мысалы, циклоспоринді, такролимусты немесе сиролимусты) эфавирензбен қолданғанда, CYP3A4 индукциясы салдарынан иммунодепрессанттар әсерінің төмендеуін күтуге болады. Иммунодепрессанттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавирензбен емдеудің басында және емдеуді тоқтатқаннан кейін, кемінде 2 апта бойы (тұрақты концентрацияларына жеткенше) иммунодепрессанттардың концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Метадон. АИТВ инфекциясын жұқтырған, инъекциялық есірткілерді тұтынушылардың қатысуымен жүргізілген зерттеуде эфавирензді метадонмен бірге қолдану плазмадағы метадон концентрациясының төмендеуіне және абстиненция симптомдарының дамуына алып келді. Абстиненция симптомдарын жеңілдету үшін, метадонның дозасын орташа алғанда 22 %-ға арттыру қажет болды. Пациенттерге мониторинг жүргізу қажет және абстиненция симптомдары болған жағдайда, метадонның дозасын арттыру қажет.

Антидепрессанттар. Пароксетин мен Эфавирензді бірге қолданғанда, фармакокинетикалық параметрлеріне клиникалық тұрғыдан маңызды әсерлері болмаған. Эфавиренз бен пароксетинді бірге қолданғанда, препараттардың дозасын түзету қажет емес. Сертралин эфавиренздің фармакокинетикасын болар-болмас өзгертеді. Эфавирензбен бірге қолданғанда сертралиннің Cmax, Cmin және AUC сәйкесінше 28.6-46.3 %-ға төмендеген. Сондықтан, эфавирензбен бірге қолданғанда эфавиренздің сертралин метаболизмін индукциялауының орнын толотыру үшін сертралина дозасын арттыру қажет. Сертралин дозасын арттыру клиникалық жауапқа байланысты анықталады. Эфавирензбен (тәулігіне 600 мг 1 рет) бірге қолданылғанда, баяу босап шығатын бупропионның (тәулігіне 1 рет 150 мг) AUC пен Cmax сәйкесінше 55 % және 34 %-ға төмендегені байқалған, гидроксибупропионның AUC өзгермеген, ал Сmax CYP2B6 индукциясы салдарынан 50 %-ға артқан. Бупропион дозасын арттыру қажеттілігі клиникалық жауапқа байланысты анықталады және ұсынылған ең жоғарғы дозасынан аспауы тиіс. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Цетиризин. Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлеріне цетиризиннің клиникалық тұрғыдан маңызды әсері болмайды. Эфавиренз цетиризиннің Cmax 24 %-ға төмендеткен, бірақ цетиризиннің AUC өзгерткен жоқ. Мұндай өзгерістер клиникалық маңызы бар өзгерістер ретінде қарастырылмайды. Эфавиренз бен цетиризинді бірге қолданғанда, препараттардың дозасын түзету қажет емес.

Лоразепам. Эфавиренз лоразепамның Cmax пен AUC сәйкесінше 16.3 % және 7.3 %-ға арттырды. Эфавиренздің лоразепаммен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің клиникалық маңызды болуы ықтималдығы аз. Эфавиренз бен лоразепамды бдірге қолданғанда, препараттардың дозасын түзету қажет емес.

Кальций антагонистері. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде дилтиаземмен (тәулігіне 1 рет ішке 240 мг) бірге қабылдағанда Эфавиренздің дозасын түзету (тәулігіне 1 рет 600 мг), тек дилтиаземді енгізумен салыстырғанда, дилтиаземнің AUC, Cmax, Cmin сәйкесінше 69 %, 60 % және 63 %-ға; дилтиазем дезацетилінде сәйкесінше 75 %, 64 % және 62 %-ға; дилтиазем N-монодезметилінде сәйкесінше 37 %, 28 % және 37 %-ға төмендеуіне алып келген. Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлері аздап жоғарыласа да (11 %-16 %), ондай өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды деп қарастырылмайды, сондықтан, дилтиаземмен бірге енгізген кезде эфавиренздің дозасын түзету қажет емес.

Эфавиренздің CYP3A4 фермент субстраттарынан басқа, кальций антагонистерімен (мысалы, верапамил, фелодипин, нифедипин, никардипин) өзара әрекеттесуінің күтілетіндігі туралы мәлімет жоқ. Эфавирензді осы препараттардың біреуімен бір мезгілде қолданғанда, қан плазмасындағы кальций антагонисінің концентрациясы төмендеуі ықтимал. Кальций антагонистерінің дозасын түзету қажеттілігі клиникалық жауапқа байланысты анықталады.

Каннабиоидтармен өзара әрекеттесуін зерттеу. Эфавиренз каннабиоидтық рецепторлармен байланыспайды. Инфекция жұқтырмаған, Эфавирензді қабылдаған еріктілерде, несептегі каннабиоидтарға талдаудың жалған оң нәтижелері байқалған. Оң нәтижелерді растау үшін, анағұрлым спецификалық газды хроматография/масс-спектрометрия әдісін пайдалану керек.

Айрықша нұсқаулар

Эфавиренз АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған жалғыз препарат ретінде пайдаланылмауы тиіс, өйткені емнің тиімсіздігіне алып келеді.

Эфавирензбен бірге тағайындалатын дәрілік препараттардың нұсқаулықтарын оқып шығу қажет.

Егер біріктірілген емнің құрамына кіретін қандай-да бір АРВП қабылдау, жағымсыздық туындауына күдікке байланысты тоқтатылса, барлық АРВП бір мезгілде тоқтату туралы мәселені мұқият қарастыру қажет. Көтерімсіздік симптомдары жойылғаннан кейін, АРВП бір мезгілде қолдануды қайта бастау керек. Аталған препараттарға төзімді мутанттық штамдардың түзілуі ықтималдығының жоғарылауына байланысты, үзік-үзік монотерапия және бірізділікпен АРВП қайта тағайындау ұсынылмайды.

Эфавирензді, дозасын түзету қажет жағдайларды, мысалы рифампинмен біріктірілген жағдайын қоспағанда, құрамында эфавиренз бар препараттармен бірге енгізу ұсынылмайды.

Тері бөртпесі. Эфавиренздің клиникалық зерттеулерінде жеңіл немесе орташа дәрежедегі бөртпе пайда болған жағдайлар туралы хабарланды, ол әдетте, емдеуді жалғастырған кезде басылған. Антигистаминдік препараттарды және/немесе кортикостероидтарды тағайындау емнің көтерімділігін жақсартуы және бөртпенің жойылуын жеделдетуі мүмкін. Эфавирензді қабылдап жүрген науқастарда күлбіреуіктер, сулы десквамация пайда болған немесе ойық жаралар түзілген 1 %-дан аз жағдайы туралы хабарланды. Полиморфты эритема немесе Стивенс–Джонсон синдромы туындаған жағдайлар 0.14 % құрады. Бөртпелердің күлбіреуіктер түзілуімен, десквамациямен, шырышты қабықтардың қамтылуымен немесе қызбамен қатар жүретін ауыр дәрежесі бар науқастарда, Эфавирензді тоқтату керек. Эфавиренз өмірге қауіп төндіретін тері реакциялары (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы) байқалған пациенттерге ұсынылмайды. Эфавирензбен емдеу тоқтатылған жағдайда, резистентті вирустардың пайда болуын болдырмау үшін, басқа АРВП емдеуді де тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек,.

Орташа ұзақтығы 123 күнге созылған, балаларда Эфавирензді қабылдағаннан кейінгі бөртпелердің даму жиілігін анықтауға арналған зерттеулерде терідегі бөртпелер 182 баланың 58-інде білінген (32%). 6 балада ауыр дәрежедегі бөртпелер байқалған. Пациенттерді 3-1507 күн бойы қадағалаған кезде, бөртпе элементтері 27 күні толықтай басылған. Балаларға Эфавирензбен емдеу басталғанға дейін профилактикалық мақсатта антигистаминдік препараттарды тағайындау ұсынылады.

Психикалық симптомдар. Анамнезінде психика бұзылулары болған пациенттер психоэмоционалдық жүйе тарапынан күрделі жағымсыз реакциялардың дамуы қаупіне көбірек ұшырайды. Сонымен қатар, ауыр депрессия, суицид салдарынан болған өлім, сандырақтау және психоз тәрізді мінез-құлық туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар бар, әйтсе де мұндай симптомдардың дамуы мен эфавирензді қолданудың арасында тікелей байланыс жоқ. Пациенттерге ондай симптомдар туындаған жағдайда, олар симптомдардың туындауының эфавирензді қолданумен өзара байланыстылығына баға беру үшін, дереу өздерінің дәрігеріне қаралуы, және өзара байланыстылығы расталған жағдайда, ары қарай емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасын анықтау керек.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар. Клиникалық зерттеулерде эфавирензді тәулігіне 600 мг дозада қабылдаған пациенттердегі бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейін қоюдың бұзылуы және патологиялық түстер көру сияқты жағымсыз құбылыстар туралы жиі хабарланды. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулардың симптомдары әдетте, емдеудің алғашқы немесе екінші күні ішінде көрініс бере бастайды және әдетте, алғашқы 2-4 аптадан соң басылады. Ондай жалпы симптомдар пайда болған жағдайда, пациенттерге олардың емді жалғастырған кезде басылатынын және ары қарай, басқа, сирек кездесетін, психоэмоционалдық бұзылулардың ізашар белгілері болып табылмайтындығын хабарлап айту керек.

Эпилепсия ұстамалары. Эфавирензді қабылдаған пациенттерде, құрысулар сирек, негізінен, анамнезінде эпилепсия ұстамалары бар болған жағдайда байқалған. Бастапқыда бауырда метаболизденетін, құрысуға қарсы препараттарды, мысалы фенитоин, карбамазепин және фенобарбиталды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге, аталған дәрілік препараттардың қан плазмасындағы деңгейін тұрақты түрде бақылау қажет. Карбамазепинді Эфавирензбен бірге қолданғанда, карбамазепиннің қан плазмасындағы концентрациясы азайған, сондықтан да, эфавирензді анамнезінде эпилепсия ұстамалары бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет.

Ас ішудің әсері. Эфавирензді тамақпен бірге қабылдау эфавиренздің әсерін күшейтуі және жағымсыз әсерлерінің туындау жиіліктерінің артуына алып келуі мүмкін. Эфавирензді аш қарынға, дұрысы ұйықтар алдында қабылдауға кеңес беруге болады.

Иммунитет реактивациясы синдромы. Иммунитет реактивациясы синдромы Эфавирензді қоса, біріктірілген антиретровирустық емді (БАРЕ) қабылдаған пациенттерде байқалды. Емдеудің бастапқы сатысында иммундық жүйесі БАРЕ реакция берген пациентте латентті немесе қалдықтық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы дамуы мүмкін. Ондай реакцияларды дер кезінде анықтау және сәйкесінше ем тағайындау керек.

Аутоиммундық аурулардың (Грейвс ауруы сияқты) дамуы иммунитет реактивациясы синдромының салдары болды, алайда, бұл аурулар емдеудің түрлі кезеңдерінде, тіпті, емдеу басталғаннан кейін бірнше ай өткен соң да пайда болып отырды.

Айрықша топтар

Бауыр функциясының бұзылулары. Эфавиренз метаболизмі Р450 цитохромы жүйесі арқылы жүзеге асады. Эфавирензді бауыр аурулары бар науқастарда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі, сондықтан да, бауыр жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр дәрежесі бар пациенттерге Эфавирензді қабылдау ұсынылмайды.

Созылмалы В немесе С гепатитін қоса, бауыр аурулары бар, БАРЕ қабылдаған пациенттерде ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал асқынулардың туындау қаупі жоғары. Маркетингтен кейінгі шолуларда, бұрын бауыр ауруларының диагнозы қойылмаған пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің туындағаны туралы мәліметтер бар.

Бүйрек функциясының бұзылулары. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелмеген. Несеппен эфавиренздің тек 1 %-ы ғана шығарылады, сондықтан, бүйрек функциясының төмендеуі эфавиренздің шығарылуында үлкен рөл атқармайды. Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.

Педиатрияда қолданылуы. Эфавиренздің әсері 3 айға толмаған немесе дене салмағы 3.5 кг аз балаларда зерттелген жоқ. Ерітінді түріндегі Эфавирензді 3 жасқа толмаған балаларға тағайындамау керек, өйткені, аталған жас тобында эфавиренздің фармакокинетикасы өзгеруі мүмкін. 3 жастан 6 жасқа дейінгін, дене салмағы ≥ 13 кг балалар ерітінді түріндегі препаратты қабылдауына болады. 6 жас пен 17 жас аралығындағы, дене салмағы 40 кг аз балалар мен жасөспірімдер таблеткалар түріндегі Эфавирензді 200 мг және 50 мг-ден қабылдауына болады.

Егде жастағы пациенттерде қолданылуы. Эфавиренздің егде жастағы пациенттердегі клиникалық зерттеулерінің мәліметтері, жас шамасының эфавирензді қолдануға ықпалын анықтау үшін жеткіліксіз.

Бауыр ферменттері. В немесе С гепатиті диагнозы қойылған, анамнезінде аталған инфекциялардың бар екендгіне күдік туындаған, гепатоуытты әсер беретін дәрілік препараттарды қабылдап жүрген пациенттердің бауыр ферменттерінің функциясын бақылау қажет. Сарысудағы трансаминазалар тұрақты түрде, жоғарғы қалып шегінен 5 еседен артық жоғарылаған жағдайда, аталған пациенттерде емдеуді жалғастырудың пайдасын бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупімен салыстырып қарау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Эфавиренз тағайындалған жануарларда даму ақаулары дамыған туралы хабарламалар бар, сондықтан, Эфавирензді қабылдап жүрген пациент әйелдерге, жүктіліктен сақтану керек. Контрацепцияның басқа әдістеріне қосымша, мысалы, пероральді немесе басқа гормональді контрацептивтермен бірге, контрацепцияның бөгеттік әдістерін үнемі пайдалану қажет.

Эфавирензді жүктілік кезінде қолданбаған дұрыс. Эфавиренз бала емізетін аналардың емшек сүтіне бөлінеді. АИТВ инфекциясын жұқтырған аналарға, балаға АИТВ жұғуын болдырмау үшін, бала емізу ұсынылмайтындығын ескеру керек.

Қосымша заттары жөніндегі ақпарат

Құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға абайлап тағайындау керек.

Дәрілік препараттың көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эфавирензді қолдану бас айналуын, зейін қоюдың нашарлауын және/немесе ұйқышылдықты туғызуы мүмкін. Пациенттерге ондай симптомдар туындаған жағдайда, автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор жұмыстардан бас тарту керектігін айту қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдардың: бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейін қоюдың бұзылуы мен түс көру патологиясы, бас ауыруының күшейгені байқалады.

Емі: демеуші ем, организмнің өмірлік маңызы бар көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу және пациенттің клиникалық жағдайын қадағалау. Сіңірілмеген препаратты шығару үшін, белсендірілген көмірді пайдалануға болады. Эфавиренздің артық дозалануын емдеуге арналған арнайы антидот жоқ. Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан, препараттың қаннан диализдің көмегімен айтарлықтай шығарылу мүмкіндігінің ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы 30 таблеткадан тығыздығы жоғары (HDPE) ақ түсті полиэтилен контейнерге салынған. 1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Macleods Pharmaceuticals Limited

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен мекенжайы

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Macleods Pharmaceuticals Limited» КАҚ филиалы, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Төлебаев к-сі 38/61, 5 қабат

Тел./факс. +7 727 2734593, 8 7011100343

E-mail: danielt@macleodspharma.com.

Руководитель Департамента

специализированной экспертизы ЛС Дерябин П.Н.

Прикрепленные файлы

Эфавиренз_ИМП_рус.doc 0.18 кб
Эфавиренз_каз.doc 0.24 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту