Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир

МНН: Тенофовир, Эмтрицитабин, Эфавиренз
Производитель: Стридес Шасун Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Эмтрицитабин, тенофовир дисопроксил и эфавиренз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023679
Информация о регистрации в РК: 31.05.2018 - 31.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг/200 мг/300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: эфавиренз 600 мг, эмтрицитабин 200мг, тенофовир дизопроксилі фумараты 300 мг (тенофовир дизопроксилге баламалы 245 мг)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы (AC-DI-SOL, FMC), натрий лаурилсульфаты, гидроксипропилцеллюлоза (Klucel-LF), магний стеараты, микрокристалды целлюлоза3

үлбірлі қабық

Opadry II көк (85F30602)

Үлбірлі қабықтың құрамы Opadry II көк (85F30602):

Ішінара гидролизделген поливинилді спирт

Макрогол/ПЭГ 3350

Титанның қостотығы (Е171)

Тальк

FD&C Blue#2/индигокармин (Е132)

Сипаттамасы

Капсула пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «TЕЕ» таңбаланған және екінші жағы тегіс, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИТВ-инфекциясын, біріктірілімдерін емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілер. Эмтрицитабин, тенофовир дизопроксил және эфавиренз

АТХ коды J05AR06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерге жеке-дара тағайындалатын эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының жеке фармацевтикалық түрлері эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксилі фумаратының фармакокинетикасын анықтау үшін пайдаланылды.

Сынақ: біріктірілген бекітілген дозасы бар бір таблетка ашқарынға қабылданды.

Стандарт: бір реттік дозадағы 600 мг эфавиренз таблеткасы, 200 мг эмтрицитабин капсуласы және 300 мг тенофовир дизопроксил фумаратының таблеткасы ашқарынға қабылданды.

Сынақ және стандарт үшін орташа мәні (өзгерістер коэффициентінің %).

GMR=геометриялық орташа, ең аз квадраттар әдісімен есептелген, CI=сенім аралығы

Сіңуі: АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттердегі қан плазмасындағы эфавиренз концентрациясының шыңына 5 сағат ішінде қол жеткізілді және тұрақты концентрацияларына 6-дан 7 күнге дейін уақытта қол жеткізілді. Күніне бір рет 600 мг эфавиренз алған 35 пациентте концентрацияның стационарлық шыңы (Cmax) 12,9 ± 3,7 мкМ (29%) [орташа ± стандартты ауытқу (СА) (өзгерістер коэффициенттері (% ӨК))] құрады, тұрақты жай—күй Cmin құрады 5.6 ± 3.2 мкМ (57%), және ҚАА - 184 ± 73 мкМсағ (40%).

Эмтрицитабин доза енгізуден кейін 1–ден 2 сағатқа дейінгі уақытта туындайтын плазмадағы концентрация шыңымен жылдам сіңеді. Көп реттік оральді эмтрицитабин дозасынан кейін АИТВ-инфекциясын жұқтырған 20 пациенттегі анықталған Cmax 1,8 ± 0,7 мкг / мл (орташа ± СА) (39% ӨК) құрады, дозалаудың 24 сағаттық аралығынан кейін орныққан концентрация Cmin 0.09 ± 0.07 мкг/мл (80%) және ҚАА - 10.0 ± 3.1 мкгсағ/мл (31%) құрады.

Дизопроксил фумарат тенофовирдің бір реттік 300 мг дозасын пероральді қабылдағаннан кейін ашқарындағы АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған пациенттерде тенофовир ең жоғары концентрациясына бір сағат ішінде қол жеткізді, ал Cmax және ҚАА (орташа± СА) (%ӨК) 296 ± 90 нг/мл (30%) және 2,287 ± 685 нгсағ/мл (30%) тиісінше мәнін құрады. Тенофовир дизопроксил фумаратын ашқарында пероральді қабылдағанда тенофовирдің бииожетімділігі шамамен 25% құрады.

Ас болғандағы әсері: Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил тамақпен бірге қабылдағанда бағаланбаған.

Капсулалардағы эфавирензді май құрамы жоғары тамақпен бірге қабылдау ашқарында қабылдаумен салыстырғанда эфавиренздің орташа ҚАА және Cmax тиісінше 28% және 79%-ға ұлғайтты. Ашқарында қабылдаумен салыстырғанда, сондай-ақ май құрамы жоғары тамақпен немесе жеңіл тамақтанумен бірге тенофовир дизопроксил фумаратын және эмтрицитабинді дозалау эмтрицитабин әсеріне тиіспей, тенофовирдің ҚАА және Cmax тиісінше 35% және 15% ұлғайтты.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын ашқарынға қабылдау ұсынылады, өйткені тамақ эфавиренз әсерін арттыруы және жағымсыз реакцияларының жиілігі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын ашқарынға қабылдаудан кейін тамақпен бірге қабылданған тенофовир дизопроксил фумаратының жеке компоненттерімен салыстырғанда тенофовирдің әсері шамамен 35%-ға төмен болатыны болжанады.

Таралуы: Эфавиренз адам плазмасының ақуыздарымен негізінен альбуминдермен жоғары (> 99%) байланысады. Зертханалық жағдайларда эмтрицитабиннің адам қаны плазмасындағы ақуыздармен байланысуы 4% азды құрайды және 0.02-ден 200 мкг/мл дейіннен астам концентрацияға тәуелді емес. Вена ішіне енгізуден кейін эмтрицитабиннің таралу көлемі 1,4 л/кг құрады. Эмтрицитабин пероральді қабылдаудан кейін денеге түгел ауқымды тарайды. Плазма/қандағы концентрациясының орташа арақатынасы шамамен 1,0 дейінді және шәуһет/плазма концентрациясының орташа арақатынасы шамамен 4,0 дейінді құрады.

Зертханалық жағдайларда тенофовирдің адам қаны плазмасымен немесе сарысулық ақуызбен байланысуы, тиісінше тенофовирдің 0.01-ден 25 мкг/мл дейінгі концентрация диапазонында < 0.7% және 7.2% құрайды. Вена ішіне енгізуден кейін тенофовирдің таралу көлемі 800 мл/кг құрады. Тенофовирді пероральді қабылдаудан кейін бүкіл денеге кеңінен тарайды.

Биотрансформация: эфавиренз негізінде соңынан осы гидроксилденген метаболиттердің глюкурондануымен гидроксилденген метаболиттерге дейін Р450 жүйесінің цитохромаларымен метаболизденеді. Бұл метаболиттер негізінен АИТВ-1 қарсы белсенді емес. Зертханалық зерттеулер CYP3A4 және CYP2B6 эфавиренз метаболизміне жауапты негізгі ферменттер болып табылатындығын және оның Р450 жүйесінің 2С9, 2С19 және 3А4 изоферменттерін тежейтіндігін болжайды. Зертханалық зерттеулерде эфавиренз клиникада қол жеткізілетіннен елеулі асатын концентрацияларында ғана CYP2E1 изоферментін тежемеді және CYP2D6 және CYP1A2 изоферменттерін тежеді.

Эфавиренздің плазмаға әсері CYP2B6 изоферментінің гомозиготалы G516T генетикалық нұсқасы бар пациенттерде артуы мүмкін. Эфавиренз P450 жүйесі энзимдерін индукцияланатынын көрсетті, бұл оның өзінің метаболитінің индукциялануына әкелді. 10 күн бойына тәулігіне 200-ден 400 мг дейін көптеген дозалар аккумуляциясының болжанғаннан төменірек дәрежесіне (22-ден 42% дейін және төмен ), ал сондай-ақ 40-тан 55 сағатқа дейінгі қысқалау жартылай ыдырау кезеңіне (бір реттік дозаның жартылай ыдырау кезеңі 52-ден 76 сағатқа дейін) әкелді.

Эмтрицитабиннің метаболизмі шектеулі. Эмтрицитабиннің биотрансформациясына 3'-сульфоксид диастереомерлер түзілуі бар (шамамен дозаның 9%-ы) және 2'-О-глюкуронид түзе отырып глюкуронды қышқылмен конъюгациясымен (шамамен дозаның 4%) тиол қалдығы тотығуы жатады.

Зертханалық зерттеулер CYP450 энзимдер үшін тенофовир дисопроксил фумарат та, тенофовир да субстрат болмайтынын анықтады. Зертханалық жағдайда эмтрицитабин де, тенофовир де дәрілік заттардың биотрансформациясына қатысатын адамның негізгі CYP450 изоформаларының кез келгені арқылы жүретін дәрілер метаболизмін тежемеді. Бұдан басқа эмтрицитабин глюкуронизацияға жауапты фермент уридин-5'-дифосфоглукоронил трансферазаны тежемеді.

Шығарылуы: Эфавиренз бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 52 сағат бойына және көп реттік дозадан кейін 40-тан 55 сағатқа дейін ең кемі жартылай шығарылуының ақырғы фазасында салыстырмалы ұзақ кезеңін иеленген. Несеппен эфавиренздің шамамен 14-тен 34 %-ға дейінгісі радиоизотоппен таңбаланған дозасы қалпына келтіріледі және эфавиренздің несеппен 1 %-дан аз дозасы өзгермеген түрінде шығарылады.

Пероральді қабылдағаннан кейін эмтрицитабиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 10 сағатты құрайды. Эмтрицитабин негізінен бүйрекпен дозасы несепте (86%-ға жуық) және нәжісте (14%-ға жуық) толық қалпына келіп шығарылады. Эмтрицитабин дозасының он үш пайызы несепте үш метаболит түрінде қалпына келеді. Эмтрицитабинның жүйелі клиренсі орташа 307 мл/мин құрайды.

Тенофовирді пероральді қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12-ден 18 сағатқа дейінді құрайды. Тенофовир негізінен бүйрекпен сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс жолымен тасымал жүйесімен шығарылады, вена ішіне енгізгеннен кейін несепте дозаның шамамен 70%-дан 80%-ға дейіні ағзадан өзгеріссіз шығарылады. Тенофовирдің болжамды клиренсі орташа 307 мл/мин жуық. Бағалау бойынша бүйрек клиренсі шамамен 210 мл/мин құрайды, бұл шумақтық сүзіліс жылдамдығын арттырады. Бұл белсенді өзекшелік сөлініс тенофовир шығарылуының маңызды бөлігі болып табылатындығын көрсетеді.

Жасы: Эфиваренз, эмтрицитабин немесе тенофовирдің егде жастағы адамдарда (65 жастан асқан) фармакокинетикалық зерттеулері жүргізілмеген.

Жынысы: Эмтрицитабин және тенофовирдің еркек және әйел жынысты пациенттердегі фармакокинетикасы ұқсас. Әйелдердегі эфавиренздің әсері жоғарырақ болатындығын шектеулі деректер айғақтайды, бірақ олардың оған төзімділігі аз емес сияқты.

Этникасы: Азия және Тынық мұхит аралдарының пациенттеріне эфавиренздің әсері жоғарырақ болатындығын шектеулі деректер айғақтайды, бірақ олардың оған төзімділігі аз емес сияқты.

Педиатриялық популяция: балаларда (18 жасқа дейінгі) таблеткадағы эфиваренз, эмтрицитабин немесе тенофовир дипроксил фумаратының фармакокинетикалық зерттеулері жүргізілмеген.

Бүйрек жеткіліксіздігі: Бүйрек жеткіліксіздігі бар АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде жеке-дара фармацевтикалық түрлерін немесе таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын бірге енгізгеннен кейін фармакокинетикасы зерттелмеген.

Әртүрлі дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар АИТВ-инфекциясын жұқтырмаған пациенттерде эмтрицитабин 200 мг немесе тенофовир дизопроксил 245 мг препараттарының жеке дара бір реттік дозаларын енгізгеннен кейін фармакокинетикалық параметрлері анықталды. Бүйрек жеткіліксіздігінің дәрежесі бастапқы креатинин клиренсіне (бүйрек функциясы қалыпты, креатинин клиренсі > 80 мл/мин, орташа бұзылуы бар креатинин клиренсі = 50-ден 79 мл/мин дейін; орташа нашарлауы бар креатинин клиренсі = 30-дан 49 мл/мин дейін және күрделі бұзылулары бар креатинин клиренсі = 10–нан 29 мл/мин дейін) сәйкес анықталды.

Жеңіл, орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты болғандағы эмтрицитабиннің орташа әсері (% ӨК) 12 мкг·сағ/мл (25%) тиісінше 20 мкг·сағ/мл (6%), 25 мкг·сағ/мл (23%) және 34 мкг·сағ/мл (6%) дейін ұлғайған. Жеңіл, орташа және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек функциясы қалыпты болғандағы тенофовирдің орташа әсері 2185 нг·сағ/мл (12%)-ден тиісінше 3064 нг· сағ/мл (30%), 6009 нг·сағ/мл (42%) және 15985 нг·сағ/мл (45%) дейін ұлғайған.

Гемодиализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысында (БЖТС) препараттың диализ арасындағы әсері эмтрицитабиннің 72 сағат ішінде 53 мкг·сағ/мл (19%) дейін және тенофовир үшін 48 сағаттан астам 42857 нг·сағ/мл (29 %) дейін елеулі жоғарылады.

Бүйрек жеткіліксіздігіндегі эфавиренз фармакокинетикасы зерттелмеген. Алайда, эфавиренз дозасының 1% азы организмнен несепте өзгеріссіз шығарылады, сондықтан бүйрек жеткіліксіздігінің эфавиренз әсеріне ықпалының ықтималдығы ең аз болады.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты орташа немесе күрделі бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин шығарылуы < 50 мл/мин) ұсынылмайды.

(Орташа немесе күрделі бүйрек жеткіліксіздігінде эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты дозаларының аралығын түзету талап етіледі, бұған біріктірілген таблеткалар көмегімен қол жеткізу мүмкіндігі жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі: АИТВ-инфекциясын жұқтырған, бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерге эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты таблеткаларын сақтықпен тағайындау керек.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге пайдалануға болмайды және бауыр функциясының орташа бұзылуы бар пациенттер үшін ұсынылмайды. Әртүрлі дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар, В гепатиті вирусын жұқтырмаған пациенттерде эмтрицитабин фармакокинетикасы зерттелмеген.

Тенофовир фармакокинетикасы бауыр жеткіліксіздігі пациенттерде елеулі өзгерген жоқ, бұл пациенттер үшін тенофовир дизопроксил фумаратының дозасын еш түзету талап етілмейтіні болжанған.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық тиімділігі: Эфавиренз – бұл АИТВ-1 КТНЕТ. Эфавиренз АИТВ -1 кері транскриптазасын (КТ) бәсекелес емес тежейді және адам иммун тапшылығы вирусының -2 (АИТВ-2) немесе жасушалық полимераза дезоксирибонуклеинді қышқылының (ДНҚ) полимеразаларын (α, β, γ және δ) КТ елеулі тежемейді. Эмтрицитабин цитидиннің нуклеозидты аналогы. Тенофовир дизопроксил фумараты табиғи жағдайларда тенофовирге, аденозинмонофосфатының аналогы нуклеозид монофосфатына (нуклеотид) өзгереді.

Эмтрицитабин және тенофовир тиісінше эмтрицитабин трифосфатын және тенофовир дифосфатын түзумен жасушалық ферменттермен фосфорланады. Зертханалық зерттеулер эмтрицитабин және тенофовирдің бір-бірімен жасушаларда біріккенде толық фосфорлануы мүмкіндігін көрсетеді. Эмтрицитабин трифосфат және тенофовир дифосфат АИТВ -1 кері транскриптазасын бәсекелес тежейді, бұл ДНҚ тізбегінің үзілуіне әкеледі.

Эмтрицитабин трифосфат және тенофовир дифосфат сүт қоректілердегі ДНҚ-полимеразаның әлсіз тежегіші болып табылады және зертханалық және табиғи жағдайларда митохондрий үшін уыттылықтың ешбір белгілері болмаған.

Зертханалық жағдайлардағы антивирустық белсенділігі: Эфавиренз В (А, АЕ, AG, C, D, F, G, J және N қосалқы түрлері) біртекті емес жинақтың көпшілігіне қатысты вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті, бірақ O тобының вирустарына қатысты вирусқа қарсы белсенділігі төмен. Эмтрицитабин A, B, C, D, E, F және G типті АИТВ -1 жинағына қатысты вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті. Тенофовир A, B, C, D, E, F, G және O типті АИТВ -1 жинағына қатысты вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті. Эмтрицитабин және тенофовир екеуі АИТВ -2 қатысты штамм спецификалық белсенділігін көрсетті және В гепатиті вирусына қатысты вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті.

Қолданылуы

Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксилфумарат таблеткалары [600/200/300 мг] 18 жастағы және одан асқан ересек тұлғаларда адам иммун тапшылығы вирусын-1 (АИТВ-1) емдеу үшін тек толық режим ретінде немесе басқа антиретровирусты препараттармен біріктірілімде пайдалану үшін көрсетілген

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИТВ-инфекциясын емдеуде жеткілікті тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы керек.

Ересектер: Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксилфумараты, таблеткаларының ұсынылатын дозасы - күніне 1 рет пероральді қабылданатын бір таблетка.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын ашқарынға қабылдау ұсынылады, өйткені тамақ эфавиренз әсерін ұлғайтуы мүмкін және жағымсыз реакцияларының жиілігі артуына әкелуі мүмкін. Эфавиренздің жүйке жүйесіне жағымсыз әсерлеріне қатысты жағымдылығын жақсарту үшін препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.

Дозаны түзету: Егер эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты таблеткалары бір мезгілде қолданылса.

Арнайы популяциялар

Егде жастағы пациенттер: Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты, таблеткаларын егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі: Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты, таблеткалары орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин шығарылуы (CrCl) < 50 мл/мин) бар пациенттер үшін ұсынылмайды. Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге біріктірілген таблеткалар көмегімен қол жеткізу мүмкін емес эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының доза аралығын түзету талап етіледі.

Бауыр жеткіліксіздігі: Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының фармакокинетикасы бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде зерттелмеген. Бауыр ауруларының жеңіл түрі (Чайлд-Пью-Туркотт (Child-Pugh-Turcotte) жіктеу жүйесі (CPT), A класы) бар пациенттерді таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының әдеттегі ұсынылатын дозасы көмегімен емдеуге болады. Пациенттерді эфавирензге байланысты жағымсыз реакцияларға, әсіресе жүйке жүйесінің симптомдарына мұқият бақылау керек.

Егер бір мезгілде АИТВ инфекциясы және В гепатиті вирусы бар науқастарда таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдау тоқтатылса, бұл пациенттер гепатиттің өршуіне мұқият бақылануы тиіс.

Балалар: Таблеткадағы эфиваренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроскил фумаратын [600/200/300 мг] 18 жастан кіші пациенттер үшін пайдалану ұсынылмайды.

Қабылдау тәсілі

Эфиваренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроскил фумаратын күніне бір рет сумен толық жұту керек.

Жағымсыз әсерлері

Төмендегі жағымсыз реакциялар компоненттері бойынша аталған препарат қабылдауға байланысты жағымсыз реакциялар:

 

Эфавиренз, эмтрицитабин немесе тенофовир дизопроксил фумаратының таблеткалары

Эфавиренз

Эмтрицитабин

 
     

Тенофовир дизопроксил фумараты

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

 

нейтропения

 

Жиі емес

 

анемия1

 

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

Жиі

 

аллергиялық реакция

 

Жиі емес

аса жоғары сезімталдық

   

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар:

Өте жиі

   

Гипофосфатемия

Жиі

гипергликеридемия

гипергликемия,

гипертриглициридемия

 

Жиі емес

гиперхолестеринемия

 

Гипокалиемия

Сирек

   

Лактоацидоз

Психика бұзылулары:

Жиі

депрессия (ауыр1,6%) , үрейлену, ұйқы бұзылуы, ұйқысыздық

ұйқы бұзылуы, ұйқысыздық

 

Жиі емес

суицидке ұмтылыс, суицидті жоспарлау, психоз, мания, паранойя, елестеулер, эйфория, аффективті бей-жайлық, көңіл-күйдің бәсеңдігі, озбырлану

   

Сирек

суицид жасау, сандырақ идеялар, невроз

   

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар:

Өте жиі

 

бас ауыруы

бас айналуы

Жиі

мишық координациясының және теңгерімінің бұзылуы, ұйқышылдық (2,0%), бас ауыруы (5,7%), зейін қоя алмау (3,6%), бас айналуы (8,5%)

   

Жиі емес

құрысулар, амнезия, патологиялық ойлар, атаксия, координацияның қалыпсыз болуы, үрейлі қозу, тремор

   

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар:

Жиі емес

көрудің бұлыңғырлануы

   

Есту мүшесі мен құлақтың лабиринті

тарапынан бұзылулар:

Жиі емес

құлақтағы шуыл,

бас айналуы

   

Жүрек-қан тамыр қызметі тарапынан бұзылулар:

Жиі емес

ысынулар

   

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар:

Өте жиі

 

диарея, жүрек айнуы

диарея, құсу, жүрек айнуы

Жиі

диарея, құсу, іш аумағының ауыруы, жүрек айнуы

амилазаның жоғары деңгейі, альфа-амилазаның жоғары деңгейі, сарысулық липазаның жоғары деңгейін қоса, құсу, іш аумағының ауыруы, диспепсия

іш аумағының ауыруы, іштің кебуі, метеоризм

Жиі емес

Панкреатит

 

Панкреатит

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар:

Жиі

аспартат-аминотрансфераза (АСТ) деңгейі жоғарылауы, аланин- аминотрансфераза деңгейі жоғарылауы (АЛТ),

гамма-глютамилтрансфера-заның (ГГТ) деңгейі жоғарылауы

қан сарысуындағы АСТ деңгейі жоғарылауы және/немесе қан сарысуындағы АЛТ жоғарылауы , гипербилирубинемия

трансаминаза деңгейі жоғарылауы

Жиі емес

жедел гепатит

   

Сирек

бауыр жеткіліксіздігі

 

майлы гепатоз, гепатит

Тері мен теріасты тіндері тарапынан бұзылулар:

Өте жиі

бөртпе (орташадан ауырға дейін, 11.6%, барлық кластар, 18%)

 

Бөртпе

Жиі

прурит

везикулезді-буллезді бөртпе, пустулезді бөртпе, макулопапулезді бөртпе, бөртпе, прурит, есекжем, тері түсінің өзгерістері (пигментацияның көбеюі)

 

Жиі емес

Стивенс–Джонсон синдромы, полиморфтық эритема, ауыр бөртпе (< 1%)

Квинке ісінуі

 

Сирек

фотоаллергиялық дерматит

Квинке ісінуі

Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар:

Өте жиі

 

креатинкиназаның жоғары деңгейі

 

Жиі емес

   

қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы, миастения

Сирек

   

остеомаляция (сүйектің ауыруы түрінде білінеді және сирек жағдайларда сынуларға әкеледі), миопатия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:

Жиі емес

   

креатининнің жоғары деңгейі, протеинурия, проксимальді бүйрек тубулопатиясы, Фанкони синдромын қоса

Сирек

   

бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы), жедел тубулярлық некроз, нефрит (жедел интерстициальді нефритті қоса), нефрогенді қантсыз диабет

Жыныс органдары және сүт безі тарапынан бұзылулар

 

Жиі емес

Гинекомастия

     

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар

 

Өте жиі

   

Астения

 

Жиі

Шаршағыштық

ауыру, астения

   

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы есеп

Дәрілік препарат тіркелгеннен кейінгі болжамды жағымсыз реакциялары бойынша есеп берудің маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайда және қаупінің теңгеріміне мониторингті жалғастыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне болжанған кез келген жағымсыз реакциялары туралы ұлттық есеп жүйесі арқылы мәлімдеу ұсынылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр зақымдануы (CPT, C класы)

- таблеткадағы эфиваренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроскил фумараты эфавирензге ерте анықталған клиникалық елеулі аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге (мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы, эритема немесе уытты бөртулер) қарсы көрсетілімде

- терфенадин, астемизол, цизаприд, мидазолам, триазолам, пимозид, бепридил немесе қастауыш алкалоидтарын (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилэргоновин) бірге енгізу. Р450 цитохромының (CYP) 3A4 Эфавиренз көмегімен бәсекелесуі метаболизм тежелуіне және күрделі және/немесе өмірге қауіпті (мыс., жүрек аритмиясы, ұзаққа созылған тыныштандыратын жай-күй немесе тынысты бәсеңдету) болуы ықтимал жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін

- вориконазолмен бірге енгізу. Эфавиренз плазмада вориконазол концентрациясын елеулі төмендетеді, бұл арада Вориконазол сондай-ақ плазмадағы эфавиренз концентрациясын елеулі ұлғайтады. Өйткені таблеткадағы эфиваренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроскил фумараты дәрілік препарат ретінде бекітілген доза беріледі, ал эфавиренз дозасын өзгертуге болмайды

- Плазмада концентрациясы төмендеуі қаупінен және Эфавиренздің клиникалық әсері төмендеуінен құрамында шайқурай Hypericum perforatum) бар өсімдік текті препараттармен бірге енгізу

- тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бекітілген біріктірілімі ретінде құрамындағы кез келген компонент - эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Эмтрицитабинмен ұқсастығынан таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын ламивудин сияқты цитидиннің басқа аналогтарымен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын адефовир дипивоксилмен тағайындауға болмайды.

Эфавиренз CYP3A4 изоферменті индукторы және CYP3A4 қоса, кейбір CYP450 изоферменттерінің тежегіші болып табылады. CYP3A4 субстраттары болып табылатын басқа қосылыстар эфавирензбен бірге енгізгенде қан плазмасындағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ эфавиренз әсері CYP3A4 белсенділігіне ықпалы бар дәрілік заттармен немесе тамақпен (мысалы, грейпфрут шырынымен) енгізгенде өзгеруі мүмкін. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулердің зертханалық және клиникалық зерттеулері эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының басқа дәрілік препараттармен CYP450-арқылы болатын өзара әрекеттесулердің ықтималдығын көрсетті.

Каннабиноидтармен өзара әрекеттесулеріне сынақ: Эфавиренз каннабиноидты рецепторлармен байланыспайды. Эфавиренз алатын инфекция жұқтырмаған еріктілерде каннабиноидтарға несептің тестісінің жалған оң нәтижесі тіркелді. Сынақтың жалған оң нәтижесі скрининг үшін пайдаланылатын CEDIA DAU Multi-Level THC талдауында ғана бақыланды және оң нәтижелерді растау үшін пайдаланылатын тесттерді қоса, каннабиноидтарға сынақтың басқа талдаулары бақыланбады.

Бір мезгілде пайдаланудың қарсы көрсетілімдері

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготаминмен, дигидроэрготаминмен, эргоновинмен, және метилэргоновинмен) бірге тағайындауға болмайды, өйткені олардың метаболизмін тежеу күрделі, өмірге қауіпті салдарларға әкелуі мүмкін.

Вориконазол: Эфавиренз және вориконазолдың стандартты дозаларын бірге енгізу қарсы көрсетілімде. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты бекітілген дозадағы біріктірілген препарат болуынан эфавиренз дозасын өзгерту мүмкіндігі жоқ; сондықтан вориконазол және эфавиренз, таблеткадағы эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын бірге қабылдауға болмайды.

Шайқурай (шілтер жапырақты шайқурай): таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын және шілтер жапырақты шайқурай немесе құрамында шайқурай бар өсімдік жинақтарын бірге қабылдау қарсы көрсетілімде. Қан плазмасындағы эфавиренз деңгейі шайқураймен дәрілік-метаболиздеуші ферменттердің және/немесе тасымалдаушы ақуыздардың индукциялануынан бір мезгілде шайқурай қабылдау жолымен төмендетілуі мүмкін. Егер пациент шайқурайды қабылдап жүрсе, оны қабылдауды тоқтату керек, вирустық және егер мүмкін болса эфавиренз деңгейін тексеру керек. Эфавиренз деңгейі шайқурайды тоқтатқанда артуы мүмкін. Шайқурайдың индукциялаушы әсері ем тоқтатылғаннан кейін 2 аптадан кем емес уақыт ішінде сақталуы мүмкін.

Бірге пайдалану ұсынылмайды:

Атазанавир/ритонавир: Атазанавир/ритонавирдің таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратымен үйлесіміндегі дозасын ұсыну үшін деректер жеткіліксіз. Сондықтан атазанавир/ ритонавирді және эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын бірге енгізу ұсынылмайды.

Диданозин: Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын және диданозинді бірге тағайындау ұсынылмайды.

Софосбувир/велпатасвир: Таблеткадағы Эфавиренз/эмтрицитабин/тено-фовир және софосбувир/ велпатасвир дәрілік препаратын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Бүйрекпен шығарылатын медициналық препараттар: Эмтрицитабин және тенофовир негізінен бүйрекпен шығарылатын болғандықтан таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын бүйрек функциясын төмендететін немесе белсенді өзектік секреция (мысалы цидофовир) үшін бәсекелес болатын дәрілік заттармен бірге тағайындау эмтрицитабин, тенофовирдің және/немесе бірге қабылданатын дәрілік заттардың концентрациясының артуына әкелуі мүмкін.

Нефроуытты агенті бар немесе оны жуырда пайдаланудан кейін эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек. Басқаларының арасында кейбір мысалдарда аминогликозидтер, амфотерицин В, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, сидофовир немесе интерлейкин-2 бар.

1 кесте: Дәрілік препараттың жеке-дара компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесулер

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы және басқа дәрілік препараттармен

Емдеу аймағы бойынша дәрілік препараттар

Плазмадағы препараттар концентрациясына қатысты әсері

(AUC пайыздық өзгерістерінің орташа мәні, Сmax мәні, Cmin 90% пайыздағы сенім аралығымен, егер қолданылса (механизм)

Дәрілік препаратпен үйлесімде қолдану бойынша ұсыныстар

(600 мг эфавиренз, 200 мг эмтрицитабин, 300 мг тенофовир дизопроксил фумараты)

инфекциЯҒА ҚАРСЫ препаратТАР

АИТВ емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілік заттар

Протеаза тежегіштері

Атазанавир / ритонавир / Тенофовир дизопроксил фумарат

(300 мг 1 р/ тәулік / 100 мг 1 р/ тәулік / 300 мг 1 р/ тәулік)

Атазанавир:

AUC: ↓25% (↓42 - ↓3)

Сmax: ↓28% (↓50 - ↑5)

Cmin: ↓26% (↓46 - ↓10)

Атазанавир / ритонавирді

Тенофовирмен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы тенофовир құрамының артуына әкеледі.

Тенофовирдің жоғарырақ концентрациясы тенофовир қолдануға байланысты бүйрек функциясының бұзылуын қоса, жағымсыз құбылыстардың жиілігі артуына әкелуі мүмкін.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын атазанавир / ритонавир препаратымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Атазанавир / ритонавир / Эфавиренз

(400 мг 1 p/тәулік / 100 мг 1 р/ тәулік / 600 мг 1 p/ тәулік, барлық препараттарды тамақ ішу кезінде қабылдау керек)

Атазанавир (кешке):

AUC: ↔* (↓9% - ↑10%)

Сmax: ↑17%* (↑8 - ↑27)

Cmin: ↓42%* (↓31 - ↓51)

 

Атазанавир / ритонавир / Эфавиренз

(400 мг 1 p/ тәулік / 200 мг 1 р/ тәулік / 600 мг 1 p/ тәулік, барлық препараттарды тамақ ішу кезінде қабылдау керек)

Атазанавир (кешке):

AUC: ↔*/** (↓10% - ↑26%)

Сmax: */** (↓5% - ↑26%)

Cmin: 12%*/** (↓16 - ↑49)

(CYP 3A4 индукциясы)

* Атазанавир 300 мг / ритонавирмен 100 мг 1 раз/тәулік кешке эфавирензсіз салыстырғанда. Атазанавирдің Cmin көрсеткішінің осылай төмендеуі атазанавирдің тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін.

** Жинақталған деректерге қарағанда.

Эфавирензді атазанавир / ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды

 

Атазанавир / ритонавир / Эмтрицитабин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеген.

 

Дарунавир / ритонавир / Эфавиренз

(300 мг 2 р/ тәулік * / 100 мг 2 р/ тәулік /

600 мг 1 р/ тәулік)

*ұсынылған дозадан төмен; ұсынылған дозаларда қолданғанда осыған ұқсас нәтижелер болжанады.

Дарунавир:

AUC: ↓13%

Cmin: ↓31%

Cmax: ↓15%

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренц:

AUC: ↑21%

Cmin: ↑17%

Cmax: ↑15%

(CYP3A4 тежелуі)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы дәрілік препараты және дарунавир / ритонавирмен 800/100 мг дозада 1 р/тәулік біріктірілімінде дарунавирдің субоптимальді ең аз концентрациясына Cmin. әкелуі мүмкін.

Егер Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблетка препараты дарунавирмен / ритонавирмен біріктірілімінде қолданылса дарунавир / ритонавир 600/100 мг күніне 2 рет сызба емін ұстану керек . Дарунавир / ритонавирді Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы препараты біріктірілімінде ерекше сақтықпен қолдану керек.

Ритонавир тобының препараттарының сипаттамалары бар бөлімді қараңыз. Бүйрек функциясына мониторинг, әсіресе негізгі жүйелі аурулары бар немесе бүйрек аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ нефроуытты препараттарды қолданатын пациенттерде талап етілуі мүмкін.

Дарунавир / ритонавир / Тенофовир дизопроксил фумараты

(300 мг 2 р/ тәулік * / 100 мг 2 р/ тәулік / 300 мг 1 р/ тәулік)

* ұсынылған дозадан төмен

Дарунавир:

AUC: ↔

Cmin: ↔

Тенофовир:

AUC: ↑22%

Cmin: ↑37%

Дарунавир / ритонавир / Эмтрицитабин

Өзара әрекеттесулері зерттелмеген. Шығарылу жолдарының әртүрлілігі себепті, өзара әрекеттесулері болжанбайды.

Фосампренавир / ритонавир / Эфавиренз

(700 мг 2 p/тәулік / 100 мг 2 р/ тәулік / 600 мг 1 р/ тәулік)

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері жоқ.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы және фосампренавир / ритонавир дәрілік препараттары бір мезгілде доза түзетуінсіз қолданылуы мүмкін.

Ритонавир тобының препараттарының сипаттамалары бар бөлімді қараңыз.

Фосампрснавир / ритонавир / Эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Фосампренавир/ритонавир/ Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Индинавир / Эфавиренз

(800 мг әрбір 8 сағ / 200 мг 1 р/тәулік)

Эфавиренз:

AUC: ↔

Сmax: ↔

Cmin: ↔

Индинавир:

AUC: ↓31% (↓8 - ↓47)

Cmin: ↓40%

Қан плазмасындағы индинавир құрамының бірдей төмендеуі

индинавирді 1000 мг әрбір 8 сағат сайын эфавирензбен 600 мг 1 рет/тәулік дозада енгізгенде бақыланды.

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавирензді ритонавирдің төмен дозаларымен протеаза тежегіштерімен біріктірілімде бір мезгілде қолдану туралы төмендегі ритонавир сипаттамасынан қараңыз.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы препаратын қолданғанда индинавир дозалауға қатысты ұсыныстар беру үшін деректер жеткіліксіз.

Индинавир концентрациясының төмендеуінің клиникалық мәні анықталмағандықтан эфавирензді, Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы дәрілік препараты компонентін қолданумен және

индинавирмен ем сызбасын таңдағанда бақыланатын фармакокинетикалық өзара әрекеттесу шамасын ескеру керек.

Индинавир / Эмтрицитабин

(800 мг әрбір 8 сағ /

200 мг 1 р/тәулік)

Индинавир:

AUC: ↔

Сmax: ↔

Эмтрицитабин:

AUC: ↔

Сmax:↔

Индинавир / Тенофовир дизопроксил фумараты (800 мг әрбір 8 сағ /

300 мг 1 р/тәулік)

Индинавир:

AUC: ↔

Сmax: ↔

Тенофовир:

AUC: ↔

Сmax: ↔

Дарунавир/ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты

(300 мг күніне 2 рет */100 мг күніне 2 рет )

*ұсынылғаннан төмен дозада

ҚАА:↔

Смин:↔

Тенофовир:

ҚАА:↑ 22%

Смин:↑37%

Дарунавир/ритонавир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Препараттардың шығарылу жолы әртүрлі болуына байланысты өзара әрекеттесу болжанбайды.

Фосампренавир/ритонавир/эфавиренз

(700 мг күніне 2 рет /100 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері жоқ.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және фосампренавир/ритонавирді доза түзетуінсіз біріктірілімде тағайындауға болады. Төменнен Ритонавир бағанын қараңыз.

Фосампренавир/ритонавир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Фосампренавир/ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Индинавир/эфавиренз

(800 мг әрбір 8 сағат сайын /200 мг күніне 1 рет)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Индинавир:

ҚАА: ↓ 31% (↓ 8 - ↓ 47)

Смин: ↓ 40%

Плазмадағы индинавирдің деңгейінің осыған ұқсас төмендеуі әрбір 8 сағат сайын 1,000 мг индинавирдің эфавирензбен 600 мг күніне 1 рет біріктірілімде қабылдағанда бақыланды,

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавирензді Ритонавирмен аз дозада біріктірілімде протеаза тежегіштерімен үйлесімде тағайындау үшін төмендегі «Ритонавир» бөлімін қараңыз.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде индинавир үшін дозалау бойынша ұсыныстардың толық емес деректері қолжетімді.

Индинавир концентрациясының төмендеуінің клиникалық мәні анықталмағандықтан Эфавирензді, препарат компонентін және

индинавирді қосумен режим таңдағанда бақыланатын фармакокинетикалық өзара әрекеттесу шамасын ескеру керек.

Индинавир/эмтрицитабин

(800 мг әрбір 8 сағат сайын /200 мг күніне 1 рет)

Индинавир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Эмтрицитабин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Индинавир/Тенофовир дизопроксил фумараты

(800 мг әрбір 8 сағат сайын /300 мг күніне 1 рет)

Индинавир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Лопинавир/ритонавир/Тенофовира дизопроксил фумарат

(400 мг күніне 2 рет /100 мг күніне 2 рет /300 мг күніне 1 рет)

Лопинавир/ритонавир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімінде сакинавира/ритонавир үшін дозалау бойынша ұсыныстардың толық емес деректері қол жетімді.

Сакинавир/ритонавир және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасының біріктірілімін тағайындау ұсынылмайды. Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасының сакинавирмен біріктірілімін протеазаның жалғыз тежегіші ретінде сакинавирмен қолдануға болмайды.

 

ҚАА: ↑ 32% (↑ 25 - ↑ 38 дейін)

Смакс: ↔

Смин: ↑ 51% (↑ 37 - ↑ 66 дейін)

Тенофовирдің жоғары концентрациясы бүйрек функциясы бұзылуын қоса, Тенофовирге байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін.

 

Лопинавир/ритонавир жұмсақ капсулалар немесе ішуге арналған ерітінді түрінде /эфавиренз

Лопинавир/ритонавирдің дозасын түзетуді талап ететін плазмадағы лопинавирдің деңгейінің елеулі төмендеуі.

Эфавирензді және екі КТНТ, 533/133 мг лопинавир/ритонавирді (жұмсақ капсулалар түрінде) күніне екі рет біріктірілімде пайдаланғанда плазмадағы лопинавирдің сондай, лопинавир/ритонавирді (жұмсақ капсулалар түрінде) 400/100 мг дозада күніне екі рет

Эфавирензсіз (тарихи деректері) қабылдаған жағдайдағыдай концентрациясына қол жеткен.

 

Лопинавир/ритонавир таблеткада/эфавиренз

(400/100 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

(500/125 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Лопинавир концентрациясы: ↓ 30-40%

Лопинавир концентрациясы: лопинавир/ритонавирдің 400/100 мг күніне екі рет Эфавирензсіз дозасына ұқсас. Эфавирензбен біріктірілгенде лопинавир/ритонавирдің дозасын түзету талап етіледі.

Эфавирензді протеаза тежегіштерімен үйлестіре отырып аз дозадағы Ритонавирмен біріктірілімде тағайындау үшін төмендегі «Ритонавир» бөлімін қараңыз.

 

Лопинавир/ритонавир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

 

Ритонавир/эфавиренз

(500 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Ритонавир:

ҚАА ертеңгілік: ↑ 18% (↑ 6 - ↑ 33 дейін)

ҚАА кешке: ↔

Смакс ертеңгілік: ↑ 24% (↑ 12 -↑ 38 дейін)

Смакс кешке: ↔

Смин ертеңгілік: ↑ 42% (↑ 9 - ↑ 86 дейін)

Смин кешке: ↑ 24% (↑ 3 - ↑ 50 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↑ 21% (↑ 10 - ↑ 34 дейін)

Смакс: ↑ 14% (↑ 4 - ↑ 26 дейін)

Смин: ↑ 25% (↑ 7 - ↑ 46 дейін)

(CYP-арқылы болатын тотығу метаболизмін тежеу)

Эфавирензді Ритонавирмен 500 мг немесе 600 мг дозасында біріктірілімде күніне екі рет қабылдағанда біріктірілімі аса жағымды болмады

(мысалы, бас айналуы, жүрек айнуы, парестезиялар және бауыр ферменттерінің жоғары деңгейінің жағдайлары анықталды). Эфавиренздің Ритонавирмен аз дозадағы (100 мг, күніне 1 рет) біріктірілімінің жағымдылығы туралы толық деректерге қол жетімсіз.

 

Ритонавир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

 

Ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

 

Сакинавир/ритонавир/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Эфавиренз және Ритонавирді аз дозада біріктірілімінде протеаза тежегіштерімен біріктірілімінде тағайындау үшін жоғарыдағы

«Ритонавир» бөлімін

қараңыз.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімінде Сакинавира/ритонавир үшін дозалау бойынша ұсыныстардың толық емес деректері қол жетімді. Сакинавир/ритонавир және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасының біріктірілімін тағайындау ұсынылмайды. Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасының сакинавирмен біріктірілімін протеазаның жалғыз тежегіші ретінде сакинавирмен қолдануға болмайды

Сакинавир/ритонавир/Тенофовир дизопроксил фумараты

Тенофовир дизопроксил фумаратын және Ритонавирмен күшейтілген біріктірілімінде клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер болмады.

Сакинавир/ритонавир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

CCR5 хемокинді рецептордың антагонистері

Маравирок/эфавиренз

(100 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Маравирок:

ҚАА 12сағ: ↓ 45% (↓ 38 - ↓ 51 дейін)

Смакс. : ↓ 51% (↓ 37 - ↓ 62 дейін)

Эфавиренз концентрациясы өлшенбеген, тиімділік әсері жоқтығы күтіледі.

Құрамына Маравирок кіретін дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз.

Маравирок/Тенофовир дизопроксил фумараты (300 мг күніне 2 рет /300 мг күніне 1 рет)

Маравирок:

ҚАА 12сағ: ↔

Смакс: ↔

Тенофовир концентрациясы өлшенбеген, тиімділік әсері жоқтығы күтіледі.

Маравирок/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Интеграза тізбегін ауыстыру тежегіші

Ралтегравир/эфавиренз

(400 мг , бір реттік доза/-)

Ралтегравир:

ҚАА: ↓ 36%

C12сағ: ↓ 21%

Смакс: ↓ 36%

(UGT1A1 индукциясы)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және ралтегравирді доза түзетпей біріктірілімде тағайындау мүмкіндігі бар.

Ралтегравир/Тенофовир дизопроксил фумараты

(400 мг күніне 2 рет /-)

Ралтегравир:

ҚАА: ↑ 49%

C12сағ: ↑ 3%

Смакс: ↑ 64%

(өзара әрекеттесу механизмі белгісіз)

Тенофовир:

ҚАА: ↓ 10%

C12сағ: ↓ 13%

Смакс: ↓ 23%

Ралтегравир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Кері транскриптазаның нуклеозидты және нуклеозидты емес тежегіштері (КТНТ және КТНЕТ)

НИОТ/эфавиренз

Эфавиренз және КТНТ үшін спецификалық өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген – ламивудин, зидовулин және тенофовир дизопроксил

фумараты үшін ғана. Клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер анықталмады және күтілмейді, өйткені

КТНТ Эфавиренз метаболизациясының жолынан басқа жолмен метаболизденеді, және бұл екі препарат метаболизмдік ферменттер және шығарылу жолдары үшін бәсекелес болмауы ықтимал.

Ламивудин және эмтрицитабин компоненттерінің Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткалары компоненттеріне ұқсастығына байланысты

препаратты ламивудинмен біріктірілімде қолдануға болмайды.

     

КТНЕТ/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Екі КТНЕТ қабылдау төмен тиімділік пен қауіпсіздікті көрсеткеннен кейін

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және басқа КТНЕТ біріктірілімін тағайындау ұсынылады.

Диданозин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Тенофовир дизопроксил фумаратын және диданозинді біріктірілімде тағайындау плазмадағы диданозин концентрациясының 40-60% -ға жүйелі артуына әкеледі, бұл диданозинге байланысты жағымсыз реакциялардың қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Панкреатит және лактоацидоздың кейде өлімге соқтыратын сирек жағдайлары туралы хабарланды.

Тенофовир дизопроксил фумаратын және диданозинді біріктірілімде күніне 400 мг дозада тағайындау фосфорланған (яғни белсенді) диданозинді арттыратын

CD4 жасушаларын абсолютті есептегенде елеулі төмендеуі жасушаішілік өзара әрекеттесулеріне

байланысты болуы ықтимал.

Тенофовир дизопроксил фумараты және диданозиннің біріктірілімінің төмендетілген (250 мг) дозалануы жеті зерттелген біріктірілімінің аясында вирустық жауап болмауының жоғары көрсеткіштері туралы есепке байланысты болды.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

диданозин біріктірілімін тағайындау ұсынылмайды.

Диданозин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Диданозин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

С гепатитін емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар

Боцепревир/эфавиренз

(800 мг әрбір 8 сағат сайын /600 мг күніне 1 рет)

Боцепревир:

ҚАА: ↔ 19%*

Смакс: ↔ 8%

Смин: ↓ 44%

Эфавиренз:

ҚАА: ↔ 20%

Смакс: ↔ 11%

(CYP3A индукциясы - боцепревирге әсер ету)

*0-8 сағат

Әсерінің болмауы (↔) арақатынасының орташа бағалануының төмендеуіне тең

≤ 20% немесе арақатынасының орташа бағалануының артуы ≤25%.

Эфавирензбен, компонентпен бірге қабылдағанда плазмадағы боцепревирдің ең аз концентрациясы төмендеген. Боцепревирдің ең аз концентрациясының елеулі төмендеуінің клиникалық аяқталуы тікелей бағаланбаған.

Ледипасвир/Софосбувир (90 мг/400 мг

күніне 1 рет) + Эфавиренз/эмтрицитабин/Тенофовир

дизопроксил фумараты (600 мг/200 мг/300 мг күніне 1 рет)

Ледипасвир:

ҚАА: ↓ 34% (↓ 41 -↓ 25 дейін)

Смакс: ↓ 34% (↓ 41 - ↑ 25 дейін)

Смин: ↓ 34% (↓ 43 - ↑ 24 дейін )

Софосбувир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔ 1

GS-331007:

ҚАА: ↔

Дозаны түзету ұсынылмайды.

Плазмадағы тенофовир құрамының артуы бүйрек функциясының бұзылуын қоса, тенофовир дизопроксил фумаратына байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясына мұқият мониторинг керек.

 

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эмтрицитабин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↑ 98% (↑ 77 - ↑ 123 дейін)

Смакс: ↑ 79% (↑ 56 - ↑ 104 дейін)

Смин: ↑ 163% (↑ 137 - ↑ 197 дейін)

 

Софосбувир/Велпатасвир (400 мг/100 мг күніне 1 рет) + Эфавиренз/эмтрицитабин/Тенофовир

дизопроксил фумараты (600 мг/200 мг/300 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 38% (↑ 14 - ↑ 67 дейін)

GS-3310071:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Велпатасвир:

ҚАА: ↓ 53% (↓ 61 - ↓ 43 дейін)

Смакс: ↓ 47% (↓ 57 - ↓ 36 дейін)

Смин: ↓ 57% (↓ 64 - ↓ 48 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эмтрицитабин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 25% ( ↑ 8 - ↑ 45 дейін)

Смин: ↔

Күтілгендей, Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және софосбувир/велпатасвирді бірге тағайындау плазмадағы велпатасвир концентрациясын төмендетеді.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

софосбувир/велпатасвирді біріктірілімде тағайындау ұсынылмайды.

Софосбувир (400 мг күніне 1 рет) +

Эфавиренз/эмтрицитабин/Тенофовир

дизопроксил фумараты (600 мг/200 мг/300 мг күніне 1 рет)

Софосбувир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↓ 19% (↓ 40 -↑ 10 дейін)

GS-3310071:

ҚАА: ↔

Смакс: ↓ 23% (↓ 30 - ↑ 16 дейін)

Эфавиренз:

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

Софосбувирды доза түзетуінсіз тағайындауға болады.

 

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эмтрицитабин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 25% (↑ 8 - ↑ 45 дейін)

Смин: ↔

 

Телапревир/эфавиренз (1,125 мг әрбір 8 сағат сайын /600 мг күніне 1 рет)

Телапревир (750 мг қатысты әрбір 8 сағат сайын ):

ҚАА: ↓ 18% (↓ 8 - ↓ 27 дейін)

Смакс: ↓ 14% (↓ 3 - ↓ 24 дейін)

Смин: ↓ 25% (↓ 14 -↓ 34 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↓ 18% (↓ 10 - ↓ 26 дейін)

Смакс: ↓ 24% (↓ 15 - ↓ 32 дейін)

Смин: ↓ 10% (↑ 1 -↓ 19 дейін)

(CYP3Aby Эфавирензбен индукциялануы)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

Телапревирді бірге тағайындағанда телапревир 1,125 мг әрбір 8 сағат сайын қолдану керек.

Симепревир/эфавиренз (150 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Симепревир:

ҚАА: ↓ 71% (↓ 67 -↓ 74 дейін)

Смакс: ↓ 51% (↓ 46 - ↓ 56 дейін)

Смин: ↓ 91% (↓ 88 - ↓ 92 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Әсерінің болмауы (↔) арақатынасының ≤ 20% орташа бағалануының төмендеуіне

немесе арақатынасының ≤

25% орташа бағалануының жоғарылауына тең келеді.

(CYP3A4 индукциясы)

Симепревирді Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасының компоненті Эфавирензбен бірге тағайындағанда CYP3Aby Эфавирензбен индукциялануына орай плазмада симепревир концентрациясының елеулі төмендеуіне әкелді, бұл симепревирдің емдік әсерінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Симепревирді және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын біріктірілімде тағайындау ұсынылмайды.

Симепревир/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Симепревир және эмтрицитабиннің әртүрлі жолдармен шығарылуына байланысты клиникалық елеулі өзара әрекеттесу күтілмейді.

 

Симепревир/Тенофовир дизопроксил фумараты (150 мг күніне 1 рет/300 мг күніне 1 рет)

Симепревир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

 
 

Әсерінің болмауы (↔) арақатынасының ≤ 20% орташа бағалануының төмендеуіне

немесе арақатынасының 25% орташа бағалануының жоғарылауына тең келеді.

 

Антибиотиктер

Кларитромицин/эфавиренз

(500 мг күніне 2 рет /400 мг күніне 1 рет)

Кларитромицин:

ҚАА: ↓ 39% (↓ 30 -↓ 46 дейін)

Смакс: ↓ 26% (↓ 15 -↓ 35 дейін)

Кларитромицин 14-гидроксиметаболит:

ҚАА: ↑ 34% (↑ 18 - ↑ 53 дейін)

Смакс: ↑ 49% (↑ 32 - ↑ 69 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 11% (↑ 3 - ↑ 19 дейін)

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренз және кларитромицин қабылдаған инфекция жұқтырмаған еріктілердің 46%-да бөртпе пайда болды.

Плазмадағы

кларитромициннің концентрациясы деңгейінің бұл өзгерістерінің клини калық маңызы белгісіз.

Кларитромицинге баламаны (мысалы, азитромицин) қарастыру керек. Басқа эритромицин сияқты макролидті антибиотиктер Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткамен біріктірілімде зерттелмеген.

Кларитромицин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

 

Кларитромицин/Тенофовир дизопроксил

фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

 

Микобактерияларға қарсы препараттар

Рифабутин/эфавиренз

(300 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Рифабутин:

ҚАА: ↓ 38% (↓ 28 - ↓ 47 дейін)

Смакс: ↓ 32% (↓ 15 - ↓ 46 дейін)

Смин: ↓ 45% (↓ 31 - ↓ 56 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↓ 12% (↓ 24 - ↑ 1 дейін)

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындағанда рифабутиннің күндізгі дозасын 50%-ға ұлғайту керек. Рифабутинді Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде аптасына 2-3 рет қабылдау режимінде дозаны 2 ретке арттыруды қарастыру керек. Дозаны осылай түзетудің клиникалық әсері тиісті түрде бағаланбаған. Доза түзеткенде жеке жағымдылығын және вирустық жауабын қарастыру керек.

Рифабутин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Рифабутин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Рифампицин/эфавиренз

(600 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Эфавиренз:

ҚАА: ↓ 26% (↓ 15 - ↓ 36 дейін)

Смакс: ↓ 20% (↓ 11 - ↓ 28 дейін)

Смин: ↓ 32% (↓ 15 - ↓ 46 дейін)

(CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы мен рифампицинмен бірге тағайындалғанда салмағы 50 кг және одан астам пациентерде рифампицинсіз қабылданғандағы

күндізгі Эфавиренз (600 мг) дозасына тең қосымша 200 мг (қорытындысында 800 мг) күніне Эфавиренз препарат концентрациясына әкелуі мүмкін.

. Бұл доза түзетудің клиникалық әсері тиісті түрде бағаланбады. Доза түзеткенде жеке жағымдылығын және вирустық жауабын қарастыру керек (5.2 бөлімін қараңыз). Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындағанда рифампицин дозасын түзету ұсынылмайды.

Рифампицин/Тенофовир дизопроксил фумараты

(600 мг күніне 1 рет/300 мг күніне 1 рет)

Рифампицин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Рифампицин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Зеңге қарсы препараттар

Итраконазол/эфавиренз

(200 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Итраконазол:

ҚАА: ↓ 39% (↓ 21 - ↓ 53 дейін)

Смакс: ↓ 37% (↓ 20 - ↓ 51 дейін)

Смин: ↓ 44% (↓ 27 - ↓ 58 дейін)

(итраконазол концентрациясы төмендеуі:

CYP3A4 индукциясы)

Гидроксиитраконазол:

ҚАА: ↓ 37% (↓ 14 -↓ 55 дейін)

Смакс: ↓ 35% (↓ 12 - ↓ 52 дейін)

Смин: ↓ 43% (↓ 18 - ↓ 60 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

Итраконазолды бірге тағайындауға қатысты ұсыныстар болмағандықтан, зеңге қарсы препараттармен баламалы ем нұсқасын қарастыру керек.

Итраконазол/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Итраконазол/Тенофовир дизопроксил

фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Позаконазол/эфавиренз

(-/400 мг күніне 1 рет)

Позаконазол:

ҚАА: ↓ 50%

Смакс: ↓ 45%

(UDP-G индукция)

Пациент үшін пайдасы қаупінен астам болған жағдайларды қоспағанда, позаконазол және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын бірге тағайындаудан аулақ болу керек.

Позаконазол/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Позаконазол/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Вориконазол/эфавиренз

(200 мг күніне 2 рет /400 мг күніне 1 рет)

Вориконазол:

ҚАА: ↓ 77%

Смакс: ↓ 61%

Эфавиренз:

ҚАА: ↑ 44%

Смакс: ↑ 38%

(тотығу метаболизмін бәсекелес тежеу)

Эфавиренз және вориконазолдың стандартты дозаларын біріктірілімде тағайындау қарсы көрсетілімде (4.3 бөлімін қараңыз).

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы бекітілген бірктірілімдегі өнім болғандықтан,

Эфавиренз дозасын өзгертуге болмайды; осылайша вориконазол және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын бірге тағайындауға тыйым салынады.

Вориконазол/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Вориконазол/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Безгекке қарсы препараттар

Артеметер/Люмефантрин/эфавиренз

(20/120 мг таблеткада, 6 доза 3 күн бойына 4 таблеткадан/600 мг күніне 1 рет)

Артеметер:

ҚАА: ↓ 51%

Смакс: ↓ 21%

Дигидроартемизин (белсенді метаболит):

ҚАА: ↓ 46%

Артеметер

дигидроартемизин немесе

люмефантриннің төмендеген концентрациясы безгекке қарсы препараттардың тиімділігі төмендеуіне әкелуі мүмкін,

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және артеметер/люмефантринтаблеткаларын бірге тағайындағанда сақ болу ұсынылады.

 

Смакс: ↓ 38%

Люмефантрин:

ҚАА: ↓ 21%

Смакс: ↔

Эфавиренз:

ҚАА: ↓ 17%

Смакс: ↔

(CYP3A4 индукциясы)

Артеметер/Люмефантрин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

Артеметер/Люмефантрин/Тенофовир

дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

Атовакон және прогуанил гидрохлорид/эфавиренз

(250/100 мг, бір реттік доза/600 мг күніне 1 рет)

Атовакон:

ҚАА: ↓ 75% (↓ 62 - ↓ 84 дейін)

Смакс: ↓ 44% (↓ 20 - ↓ 61 дейін)

Прогуанил:

ҚАА: ↓ 43% (↓ 7 - ↓ 65 дейін)

Смакс: ↔

Мүмкіндігінше

атовакон/прогуанилді Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындаудан аулақ болу керек.

Атовакон және прогуанил гидрохлорид /эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

Атовакон және прогуанил гидрохлорид /Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

Карбамазепин/эфавиренз

(400 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Карбамазепин:

ҚАА: ↓ 27% (↓ 20 - ↓ 33 дейін)

Смакс: ↓ 20% (↓ 15 - ↓ 24 дейін)

Смин: ↓ 35% (↓ 24 - ↓ 44 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↓ 36% (↓ 32 - ↓ 40 дейін)

Смакс: ↓ 21% (↓ 15 -↓ 26 дейін)

Смин: ↓ 47% (↓ 41 - ↓ 53 дейін)

(карбамазепин концентрациясының төмендеуі:

CYP3A4 индукциясы;

Эфавиренз концентрациясының төмендеуі:

CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы)

Эфавиренз немесе карбамазепиннің жоғары дозаларын біріктірілімде тағайындау зерттелмеген.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын карбамазепинмен қабылдау үшін дозалау бойынша ұсыныстар жоқ. Құрысуға қарсы баламалы дәрілерді қабылдауды қарастыру керек. Плазмадағы карбамазепин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек.

Карбамазепин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Карбамазепин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ

Фенитоин, Фенобарбитал және изозим CYP субстрат болып табылатын құрысуға қарсы басқа дәрілер

Эфавирензбен,

Эмтрицитабинмен немесе тенофовир дизопроксил

фумаратымен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Плазмада фенитоин, фенобарбитал және изозим CYP субстрат болып табылатын құрысуға қарсы басқа дәрілердің концентрациясын төмендететін немесе жоғарылататын потенциалы бар.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және изозим CYP субстрат болып табылатын құрысуға қарсы дәрілермен бірге тағайындағанда құрысуға қарсы дәрілердің деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек.

Вальпрой қышқылы /эфавиренз

(250 мг күніне 2 рет /600 мг күніне 1 рет)

Эфавиренз фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсері жоқ. Шектеулі деректерге сәйкес

вальпрой қышқылының фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсері жоқ.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

вальпрой қышқылын доза түзетуінсіз біріктірілімде тағайындауға болады.

Пациенттер құрысуды бақылау үшін мониторингтен өтуі тиіс.

Вальпрой қышқылы /эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

Вальпрой қышқылы/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген

Вигабартин/эфавиренз

Габапентин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Вигабартин және

габапентин өзгермеген түрде несеппен толық шығарылатындықтан клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері күтілмейді және бір ғана метаболизмдік ферменттер және шығарылу жолдары үшін Эфавирензбен бәсекелестігі болмауы ықтимал.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы және вигабартин немесе

габапентинді доза түзетуінсіз біріктірілімде тағайындауға болады.

Вигабартин/эмтрицитабин

Габапентин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Вигабартин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Габапентин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

АНТИДЕПРЕССАНТТАР

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіші КҚСТ)

Сертралин/эфавиренз

(50 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Сертралин:

ҚАА: ↓ 39% (↓ 27 -↓ 50 дейін)

Смакс: ↓ 29% (↓ 15 - ↓ 40 дейін)

Смин: ↓ 46% (↓ 31 - ↓ 58 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 11% (↑ 6 - ↑ 16 дейін)

Смин: ↔

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындағанда сертралин дозасы артқанда клиникалық жауапты басшылыққа алу керек.

Сертралин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Сертралин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Пароксетин/эфавиренз

(20 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Пароксетин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эфавиренз:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және пароксетинді доза түзетуінсіз біріктірілімде тағайындауға болады.

Пароксетин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Пароксетин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Флуоксетин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Флуоксетиннің метаболизмдік профилі пароксетинге ұқсастығынан, яғни CYP2D6 тежеудің күшті әсері бар болуынан, флуоксетин үшін осыған ұқсас өзара әрекеттесу жеткіліксіздігі күтіледі.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және флуоксетинді доза түзетуінсіз біріктірілімде тағайындауға болады.

Флуоксетин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Флуоксетин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Норэпинефрин және дофаминді кері қармау тежегіштері

Бупропион/эфавиренз

[150 мг, бір реттік доза (баяу босап шығу)/600 мг күніне 1 рет]

Бупропион:

ҚАА: ↓ 55% (↓ 48 -↓ 62 дейін)

Смакс: ↓ 34% (↓ 21 -↓ 47 дейін)

Гидроксибупропион:

ҚАА: ↔

Смакс: ↑ 50% (↑ 20 -↑ 80 дейін)

(CYP2B6 индукциясы)

Бупропион дозалануы ұлғайғанда клиникалық жауапты басшылыққа алу керек, алайда бұл арада бупропионнің ең жоғары ұсынылатын дозасын жоғарылатуға болмайды.

Эфавиренз үшін доза түзету талап етілмейді.

Бупропион/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Бупропион/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАРЫ ДӘРІЛЕРІ

Кальций өзекшелерінің блокаторлары

Дилтиазем/эфавиренз

(240 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Дилтиазем:

ҚАА: ↓ 69% (↓ 55 - ↓ 79 дейін)

Смакс: ↓ 60% (↓ 50 - ↓ 68 дейін)

Смин: ↓ 63% (↓ 44 - ↓ 75 дейін)

Деказетил дилтиазем:

ҚАА: ↓ 75% (↓ 59 - ↓ 84 дейін)

Смакс: ↓ 64% (↓ 57 - ↓ 69 дейін)

Смин: ↓ 62% (↓ 44 -↓ 75 дейін)

N-монодесметил дилтиазем:

ҚАА: ↓ 37% (↓ 17 - ↓ 52 дейін)

Смакс: ↓ 28% ( ↓ 7 - ↓ 44 дейін)

Смин: ↓ 37% ( ↓ 17 - ↓ 52 дейін)

Эфавиренз:

ҚАА: ↑ 11% (↑ 5 - ↑ 18 дейін)

Смакс: ↑ 16% (↑ 6 - ↑ 26 дейін)

Смин: ↑ 13% (↑ 1 - ↑ 26 дейін)

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлерінің жоғарылауы клиникалық маңызды саналмайды.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындағанда

дилтиазем дозасын түзету үшін клиникалық жауапты басшылыққа алу керек

(Дилтиазем үшін дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз).

Дилтиазем/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Дилтиазем/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Верапамил, Фелодипин, Нифедипин және Никарпидин

Эфавиренз,

эмтрицитабин немесе тенофовир дизопроксил фумаратымен өзара әрекеттесулері зерттелмеген. Эфавирензді CYP3A4 ферменті субстраты болатын кальций өзекшелері блокаторымен біріктірілімде тағайындағанда қан плазмасында кальций өзекшелері блокаторының концентрациясы төмендеуінің ықтималдығы бар.

Кальций өзекшелерінің блокаторларының дозасын түзету үшін Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде тағайындағанда клиникалық жауапты басшылыққа алу керек (Кальций өзекшелерінің блокаторлары үшін дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз)

     

ГИПОЛИПИДЕМИЯЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР

HMG CoA редуктаза тежегіштері

Аторвастатин/эфавиренз

Аторвастатин:

ҚАА

: ↓ 43% (↓ 34 - ↓ 50 дейін)

Смакс: ↓ 12% (↓ 1 - ↓ 26 дейін)

2-гидрокси аторвастатин:

ҚАА: ↓ 35% (↓ 13 - ↓ 40 дейін)

Смакс: ↓ 13% (↓ 0 - ↓ 23 дейін)

4-гидрокси аторвастатин:

ҚАА: ↓ 4% (↓ 0 -↓ 31 дейін)

Смакс: ↓ 47% (↓ 9 - ↓ 51 дейін)

Барлық белсенді HMG CoA редуктаза тежегіштері:

ҚАА: ↓ 34% (↓ 21 - ↓ 41 дейін)

Смакс: ↓ 20% (↓ 2 - ↓ 26 дейін)

Холестерин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек. Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде тағайындағанда аторвастатин дозасына түзету талап етілуі мүмкін (Аторвастатинге арналған дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз).

Аторвастатин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Аторвастатин/Тенофовир дизопроксил

фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Правастатин/эфавиренз

(40 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Правастатин:

ҚАА: ↓ 40% (↓ 26 - ↓ 57 дейін)

Смакс: ↓ 18% (↓ 59 - ↑ 12 дейін)

Холестерин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек. Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде тағайындағанда правастатин дозасына түзету талап етілуі мүмкін (Правастатинге арналған дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз).

Правастатин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Правастатин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Симвастатин/эфавиренз

(40 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Симвастатин:

ҚАА: ↓ 69% (↓ 62 - ↓ 73 дейін)

Смакс: ↓ 76% (↓ 63 - ↓ 79 дейін)

Симвастатин қышқылы:

ҚАА: ↓ 58% (↓ 39 - ↓ 68 дейін)

Смакс: ↓ 51% (↓ 32 -↓ 58 дейін)

Барлық белсенді HMG CoA редуктаза тежегіштері:

ҚАА: ↓ 60% (↓ 52 - ↓ 68 дейін)

Смакс: ↓ 62% (↓ 55 - ↓ 78 дейін)

(CYP3A4 индукциясы)

Эфавирензды аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен біріктірілімде тағайындау Эфавиренздің ҚАА немесе Смакс мәніне әсер етпеді.

Холестерин деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу керек. Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасымен біріктірілімде тағайындағанда симвастатин дозасына түзету талап етілуі мүмкін (Симвастатинге арналған дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасын қараңыз).

Симвастатин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Симвастатин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Розувастатин/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Розувастатин нәжіспен өзгермеген дерлік түрде шығарылады, осылайша

Эфавирензбен өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын және

розувастатинді дозасын түзетпей біріктірілімде тағайындауға болады.

Розувастатин/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Розувастатин/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

ГОРМОНАЛЬДІ КОНТРАЦЕПТИВТЕР

   

Прием внутрь:

Этинилоэстрадиол+Норгестимат/эфавиренз (0.035 мг+0.25 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Этинилоэстрадиол:

ҚАА: ↔

Cмакс: ↔

Cмин: ↓ 8% (↑ 14 - ↓ 25 дейін)

Норелгестромин (белсенді метаболит):

ҚАА: ↓ 64% (↓ 62 - ↓ 67 дейін)

Cмакс: ↓ 46% (↓ 39 - ↓ 52 дейін)

Cмин: ↓ 82% (↓ 79 - ↓ 85 дейін)

Левоногестрел (белсенді метаболит):

ҚАА: ↓ 83% (↓ 79 - ↓ 87 дейін)

Cмакс: ↓ 80% (↓ 77 - ↓ 83 дейін)

Cмин: ↓ 86% (↓ 80 - ↓ 90 дейін)

(метаболизм индукциясы)

Эвафиренз: клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер болмайды.

Бұл әсерлердің клиникалық мәні белгісіз.

Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісін пайдалану керек.

Этинилоэстрадиол/Тенофовир дизопроксил фумараты

(-/300 мг күніне 1 рет)

Этинилоэстрадиол:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Норгестимат/Этинилоэстрадиол/ Эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Инъекция:

Депомедроксипрогестерон ацетат (ДМПА)/эфавиренз

(150 мг бұлшықет ішіне, ДМПА бір реттік дозасы)

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуінің 3 айлық зерттеуінде МПА фармакокинетикалық параметрлерінде елеулі айырмашылық құрамында Эфавиренз бар антиретровирусты ем алатын пациенттерде және антиретровирусты ем алмайтын пациенттерде анықталды.

Екінші зерттеуде плазмадағы МПА деңгейінің ауытқулары біршама белгілі болса да осыған ұқсас нәтижелерді басқа зерттеушілер де алды. Эфавиренз және ДМПА алатын пациенттерде плазмада прогестерон деңгейі екі зерттеуде де төмен болып қалса да, бұл овуляцияны бәсеңдетуін көрсетті.

Ақпарат жеткіліксіздігінен гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісін пайдалану керек.

ДМПА/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

ДМПА/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Имплантацияланатын препарат:

 

Этоногестрел/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Қан плазмасындағы этоногестрел құрамы төмендеуін күтуге болады. (CYP3A4 индукциясы). Тіркеуден кейінгі зерттеулер туралы қайталап берген есептерде қан плазмасында Эфавиренз бар пациенттер этоногестрел қабылдағанда контрацепция әдісінің тиімсіздігі сипатталады.

Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісін пайдалану керек.

Этоногестрел/Тенофовир дизопроксил

фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Этоногестрел/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

ИММУНОДЕПРЕССАНТ-ТАР

   

CYP3A4 метаболизденген иммунодепрессанттар (мысалы, циклоспорин, такролимус,

сиролимус)/эфавиренз

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Қан плазмасында иммунодепрессанттың ↓ концентрациясы күтілуі мүмкін (CYP3A4 индукция). Болжанғандай, бұл иммунодепрессанттар қан плазмасында Эфавиренз концентрациясына әсер етпейді.

Иммунодепрессанттар дозасын түзету талап етілуі мүмкін.

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы препаратымен емнің басында немесе аяғында ең кемі екі апта бойы (тұрақты концентрацияға қол жеткенше) иммунодепрессанттың концентрациясына мұқият мониторинг ұсынылады.

.

Такролимус/эмтрицитабин/

Тенофовир дизопроксил фумараты

(0.1 мг/кг күніне 1 рет/200 мг/300 мг күніне 1 рет)

Такролимус:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

C24сағ: ↔

Эмтрицитабин:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

C24сағ: ↔

Тенофовир дизопроксил фумараты:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

C24сағ: ↔

АПИЫН ПРЕПАРАТТАРЫ

   

Метадон/эфавиренз

(35-100 мг күніне 1 рет/600 мг күніне 1 рет)

Метадон:

ҚАА: ↓ 52% (↓33 - ↓ 66 дейін)

Смакс: ↓ 45% (↓25 - ↓ 59 дейін)

(CYP3A4 индукциясы)

АИТВ-инфекциясын жұқтырған вена ішіне есірткі тұтынушылардың зерттеулерінде Эфавиренздің метадонмен біріктірілімін тағайындау қан плазмасындағы метадон деңгейі төмендеуіне және апиын препараттарының тоқтату белгілеріне әкелді. Метадон дозасы тоқтату симптомдарын жою мақсатында орташа алғанда 22%-ға ұлғайтылды.

Біріктірілген ем құрамында метадон және Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасын қабылдайтын пациенттер тоқтату белгілеріне мониторинг өтуі тиіс. Олар үшін тоқтату симптомдарын ішінара жою мақсатында метадон дозасын қажеттіге дейін жоғарылату керек.

Метадон/Тенофовир дизопроксил фумараты

(40-110 мг күніне 1 рет/300 мг күніне 1 рет)

Метадон:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Смин: ↔

Тенофовир:

ҚАА: ↔

Смакс: ↔

Метадон/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Бупренофрин/наксолон/эфавиренз

Бупренофрин:

ҚАА: ↓ 50%

Hopбупренофрин:

ҚАА: ↓ 71%

Эфавиренз:

Клиникалық елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі жоқ.

Бупренофрин әсерінің төмендеуіне қарамастан пациенттерде тоқтату синдромы болмаған.

Эфавиренз/Эмтрицита-

бин/Тенофовир таблеткасымен бірге тағайындағанда бупренофриннің дозасын түзету міндетті болмауы мүмкін.

Бупренофрин/наксолон/эмтрицитабин

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Бупренофрин/наксолон/Тенофовир дизопроксил фумараты

Өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Сүт қышқылды ацидоз / стеатозды ауыр гепатомегалия

Сүт қышқылды ацидоз / стеатозды ауыр гепатомегалия, өлім жағдайларын қоса, басқа антиретровирусты дәрілермен біріктірілімдегі таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофир дизопроксил фумараты компонентін, тенофовир дизопроксил фумаратын қоса, нуклеозидті аналогтармен пайдалануда тіркелді.

Бұл жағдайлар көбінде әйелдерде болды. Семіздік және нуклеозидтің ұзақ әсері қауіп факторы болуы мүмкін. Бауыр аурулары үшін қауіптің белгілі факторлары бар кез келген пациентке нуклеозидтер аналогтарын тағайындағанда ерекше сақ болу керек; алайда сонымен бірге қауіптің белгісіз факторы бар пациенттер туралы да хабарланды. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қолданумен ем клиникалық немесе зертханалық зерттеулер сүт қышқылды ацидоз немесе айқын гепатоуыттылық (оның ішінде гепатомегалия және стеатоз болуы мүмкін, тіпті трансаминаза деңгейінің елеулі жоғарылауы болмаса да) анықтаған барлық пациенттер үшін тоқтатылуы тиіс.

Бір мезгілдегі АИТВ-1 инфекциясы және "В" гепатиты вирусы бар пациенттер

АИТВ-1 инфекциясы бар барлық пациенттердің антиретровирусты ем бастағанға дейін созылмалы В гепатиті болуына тексерілуі ұсынылады. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты созылмалы "В" гепатиті вирусы инфекциясын емдеу үшін мақұлданбаған, таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының бір мезгілде "В" гепатиті және АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған пациенттердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. В гепатитінің күрделі жедел өршуі гепатит вирусын және АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған және эмтрицитабин немесе тенофовир ДФ, таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының екі компонентін қабылдауды тоқтатқан пациенттерде тіркелген. Эмтрицитабин алған және В гепатитінің вирусы инфекциясын жұқтырған кейбір пациенттерде В гепатитінің өршуі бауырдың декомпенсациясымен және бауыр жеткіліксіздігімен байланысты болды.

АИТВ-1 инфекциясын және В гепатитінің вирусы инфекциясын жұқтырған пациенттерді таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қолданумен емді тоқтатқаннан кейін соңынан ең кемі бірнеше ай бойы бақылаумен клиникалық және зертханалық жолдармен мұқият бақылау керек. Егер қолдану мүмкіндігі болса B гепатиті вирусына қарсы ем басталуы мүмкін. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын HEPSERA® препаратымен (адефовир дипивоксил) тағайындауға болмайды.

Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесулері

Қан плазмасындағы эфавиренз концентрациясы CYP3A изоферментінің субстраттары, тежегіштері немесе индукторлары көмегімен өзгеруі мүмкін. Осыған ұқсас түрде, эфавиренз CYP3A изоферментімен метаболизденетін препараттардың плазмалық концентрациясын өзгертуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қабылдау

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин и тенофовир дизопроксил фумаратын бірге қабылдауға арналмаған байланысты дәрілік препараттарға COMPLERA (эмтрицитабин / Rilpivirine / тенофовир DF), Эмтрива (эмтрицитабин), Сустива (эфавиренз), ТРУВАДУ (эмтрицитабин / тенофовир DF) және Viread (тенофовир DF) жатады, бұлардың құрамында да дәл таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратындағы сияқты белсенді компоненттер бар. Эмтрицитабин және ламивудин арасындағы ұқсастығына байланысты таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин и тенофовир дизопроксил фумаратын Комбивир (ламивудин/зидовудин), Эпивир немесе Эпивир-ВГВ (ламивудин), Эпзиком (сульфат абакавир / ламивудин) немесе Тризивир (абакавир сульфат / ламивудин / зидовудин) қоса, құрамында ламивудин бар препараттармен бірге қабылдауға болмайды

Шартты-патогенді организмдерден туындаған инфекциялар

Таблеткадағы Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир немесе басқа антиретровирустық препараттар қабылдаған пациенттер шартты-патогенді организмдерден туындаған инфекцияларды және АИТВ-инфекциясының басқа асқынуларын одан әрі қарай дамытуы мүмкін, олар осылайша АИТВ инфекциясына байланысты аурулардан зардап шегетін пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігерлердің мұқият клиникалық бақылауында болуы тиіс.

Психиатриялық симптомдар

Эфавиренз алған пациенттерде күрделі психикалық жағымсыз реакциялар тіркелген. Орташа алғанда 1,5 - 2,1 жыл ішінде эфавиренз қолданумен емделген пациенттерде нақты күрделі психикалық бұзылулар туындаған: ауыр депрессия, өзіне қол жұмсау туралы ойлар, өзін өлтіргісі келудің фатальді емес ұмтылыстары, озбыр мінез-құлық, параноидальді реакциялар, маниакальді реакциялар. Психиатриялық симптомдар жоғарыда аталғандарға ұқсас болғанда біріктірілген және деректердің көп факторлы талдауында топ ретінде бағаланды.

Жүйке жүйесінің симптомдары

Эфавиренз алатын пациенттерде орталық жүйке жүйесінің симптомдары (кез келген класты, себептеріне байланыссыз) кездесті. Бұл симптомдарға бас айналуы, ұйқысыздық, зейін қою бұзылуы, ұйқышылдық, аномальді түстер және елестеулер жатады. Басқа симптомдары эйфория, сананың шатасуы, қозу, амнезия, мелшию, дұрыс ойлана алмау және өзін өзі танымау болды. Бұл симптомдардың көпшілігі жеңіл немесе орташа болды; 2% пациенттерде симптомдар күрделі болды. Негізінде нәтижесінде пациенттердің 2,1% -да емді тоқтатты. Бұл симптомдар әдетте емнің бірінші немесе екінші күні ішінде басталады және әдетте емнің алғашқы 2-ші және 4-ші аптасынан кейін жойылады. 4 апталық емнен кейін ең кемі ауырлығы орташа дәрежедегі жүйке жүйесінің симптомдарының таралуы эфавиренз қолданумен ем алған пациенттердің

5%-дан 9%-ға дейінін және бақылау тобының пациенттерінің 3%-дан 5%-ға дейінін құрады. Пациенттерді осы жалпы симптомдардың ұзақ емдегенде жақсаруы мүмкіндігі туралы хабардар ету керек және кейіннен психиатриялық симптомдардың жиілігінің азырақ пайда болуын болжамайды. Препаратты ұйықтар алдында қабылдау жүйке жүйесінің осы симптомдарын көтеруді жақсартуы мүмкін. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдаған пациенттердің ұзақ мерзімді талдауынан деректер алкогольмен немесе психикалық белсенді заттармен бір мезгілде пайдаланылатын таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдағанда орталық жүйке жүйесі үшін аддитивті әсерлер болуы мүмкіндігі туралы ескертілуі тиіс. Бас айналуы, зейін қою бұзылуы және/немесе ұйқышылдық сияқты орталық жүйке жүйесінің симптомдары бар пациенттерге машина жүргізу немесе оның эксплуатациясы сияқты қауіптілігі зор міндеттерден аулақ болу керек.

Жаңасы басталуы және бүйрек жеткіліксіздігінің нашарлауы

Эмтрицитабин және тенофовир негізінен бүйрекпен шығарылады: бұл оның эфавирензден айырмашылығы. Өйткені таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты біріктірілген өнім және дара компоненттерінің дозасы өзгертіле алмайды, креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттерге таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын тағайындауға болмайды.

Тенофовир дизопроксил фумаратын пайдаланғанда жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларын және Фанкони синдромын (ауыр гипофосфатемиясы бар бүйрек өзекшелерінің зақымдануы) қоса, бүйрек функциясы бұзылуы тіркелген.

Барлық пациенттерде ем бастар алдында және таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты пайдаланылған ем кезіндегі клиникалық жағдайларға байланысты креатинин клиренсін есептеу керек. Креатинин клиренсін және қан сарысуындағы фосфорды есептеудің ағымдағы мониторингін бұрын HEPSERA қабылдағанда бүйрек оқиғалары болған пациенттерді қоса, бүйрек функциясы бұзылуының қаупі бар пациенттерде жүргізу керек. Эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын нефроуытты агенттермен немесе оны жуырда пайдаланудан кейін бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек.

Ұрпақ өрбіту функциясы үшін потенциалды қаупі

D санатты жүктілік: Эфавиренз жүкті әйелдің жүктілігінің бірінші триместрінде қабылдау кезінде шарана үшін зиян туындатуы мүмкін. Әйелдерге таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және теновир дизопроксил фумаратын жүктілікте қабылдаудан аулақ болу керек. Ұрықтануға қарсы бөгеттік дәрілер әркез контрацепцияның басқа әдістерімен үйлесімде пайдаланылуы тиіс (мысалы, оральді немесе басқа гормональді контрацептивтер). Эфавиренздің жартылай ұзақ ыдырауы кезеңінен таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және теновир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 12 апта ішінде контрацепцияның тиісті шараларын қолдану керек. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйел таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және теновир дизопроксил фумаратын қабылдауды бастар алдында жүктілікке тест өтуі тиіс.

Егер бұл препарат жүктілігінің бірінші триместрі кезінде пайдаланылса немесе егер әйел осы препаратты қабылдау кезеңінде жүкті болса шарана үшін потенциалды зияны туралы пациент хабардар болуы тиіс. Жүкті әйелдерде таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және теновир дизопроксил фумаратының тиісінше және жақсы бақыланған ешбір зерттеуі жоқ.

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және теновир дизопроксил фумаратының жүктілік кезінде тек егер потенциалды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупін ақтаса ғана, мысалы емнің басқа терапевтік нұсқасы жоқ жүкті әйелдерде пайдалану керек.

Бауыр үшін уыттылығы

Емдеуге дейінгі және ем кезіндегі бауыр ферменттерінің мониторингі В және С гепатиті инфекциясын қоса, қатарлас бауыр аурулары бар пациенттер үшін; айқын трансаминазалары бар пациенттерде; бауыр уыттануына байланысты басқа препараттар қабылдаған пациенттерде ұсынылады. Қандай да бір бұрын болған бауыр ауруларынсыз немесе басқа тиісті қауіп факторларының идентификациясынан туындаған пациенттердегі бауыр жеткіліксіздігі туралы маркетингтен кейінгі бірнеше есеп бар. Сондай-ақ бауыр дисфункциясы бұрын болмаған немесе басқа қауіп факторларынсыз пациенттер үшін бауыр ферменттерінің мониторингін қарастыру керек. Қан сарысуындағы трансаминазаның жоғарғы қалып шегі диапазонынан бес есе жоғары, одан астам тұрақты жоғарылауы бар науқастарда таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын пайдаланып емді жалғастырудың пайдасы бауырдың елеулі уыттылығының белгісіз қаупіне қарсы бағалануы тиіс.

Сүйектің минералдық тығыздығының төмендеуі

Сондай-ақ патологиялық сүйек сыну тарихы бар немесе остеопения қаупіндегі АИТВ-1 инфекциясын жұқтырған пациенттер үшін сүйектің минералдық тығыздығының (СМТ) мониторингін қарастыру керек. Кальций және D дәрумені бар тағамдық қоспалардың әсері зерттелмесе де, бұл қоспалар барлық пациенттер үшін пайдалы болуы мүмкін. Егер сүйек тарапынан ауытқуларға күдік болса, онда тиісті кеңес алу керек.

Құрысулар

Құрысулар әдетте анамнезінде құрысулар болған, эфавиренз қабылдайтын пациенттерде байқалған. Құрысу тарихы бар кез келген пациентке эфавиренз тағайындағанда ерекше мұқият бақылау керек. Фенитоин және фенобарбитал сияқты негізінен бауырда метаболизденетін құрысуға қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер плазмадағы деңгейіне мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізуді қажет етуі мүмкін.

Иммундық қалпына келу синдромы

Иммундық қалпына келу синдромы таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының компоненттерін қоса, біріктірілген антиретровирустық емі бар пациенттерде тіркелген. Иммундық жүйесі реакция беретін пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емнің бастапқы сатысында сылбыр немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға (мысалы, Mycobacterium avium инфекциясы, цитомегаловирус, Pneumocystis jiroveci немесе туберкулез) қабыну жауабы бақылануы мүмкін, бұл одан әрі тексеру мен емді талап етуі мүмкін.

Салмақ және зат алмасу функциясы көрсеткіштері

Салмақ және липидтер және қандағы глюкоза деңгейі артуы антиретровирустық ем жүргізу кезінде туындауы мүмкін. Бұндай өзгерістер ішінара пациенттің ауруын және өмір салтын бақылауға байланысты болуы мүмкін. Бұл арада қандай да бір емнің салмақ артуына қатысты әсеріне сенімді айғақ болмаса да, емнің липидтер деңгейі артуына әсерін растайтын кейбір жағдайлар бар. Липидтер және қандағы глюкоза деңгейін бақылау АИТВ емдеу бойынша бекітілген клиникалық хаттамамен анықталған. Липидтік алмасу бұзылуы клиникалық көрсетілімдерге сәйкес түзетілуі тиіс.

Егде жастағы пациенттер

Эфавиренз/Эмтрицитабин/Тенофовир таблеткасы дәрілік препараты 65 жастан асқан пациенттердің қабылдауы үшін зерттеулерде тексерілмеген. 65 жастан асқан пациенттер дәрілік препаратты ерекше сақтықпен қолдануы тиіс, өйткені пациенттердің бұл тобында бүйрек және бауырдың жеткіліксіздігі дамуының жоғары ықтималдығы бар.

Жүктілік және бала емізу

Бала көтеретін жастағы әйелдер:

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдайтын әйелдерге жүктіліктен аулақ болу керек. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды бастар алдында бала көтеру жасындағы әйелдер жүктілікке тест өтуі тиіс.

Ерлер мен әйелдердегі контрацепция:

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын тағайындаумен емдегенде бөгеттік ұрықтануға қарсы дәрілер әркез контрацепцияның басқа әдістерімен үйлесімде пайдаланылуы тиіс. Эфавиренздің ұзақ жартылай ыдырау кезеңіне байланысты таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 12 апта ішінде контрацепцияның тиісінше шараларын қабылдау ұсынылады.

Жүктілік

Эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты: Жүкті әйелдер туралы деректердің орташа саны (жүктіліктің 300-1000 саны арасында) шарана дамуында ақаудың немесе эмтрицитабинмен және тенофовир дизопроксил фумаратқа байланысты неонатальді уыттылықтың

жоқтығын көрсетеді. Эмтрицитабин және тенофовир дипроксил фумараты бойынша жануарлардағы зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетпеген. Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын егер әйелдің клиникалық жай-күйі осы препараттарды қолданумен емді талап етпесе, жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.

Бала емізу

Эмтрицитабин және тенофовир ана сүтіне бөлінетіні көрсетілген. Эмтрицитабин және тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері туралы ақпарат жеткіліксіз. Егеуқұйрықтардағы зерттеулер эфавиренздің сүтке бөлінетіндігін көрсетті; эфавиренз концентрациясы анасының плазмасындағыға қарағанда елеулі жоғары болды. Нәрестелер үшін қаупі жоққа шығарылуы мүмкін емес. Сондықтан таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумараты бала емізу кезеңінде пайдаланылмауы тиіс.

Әдетте, АИТВ-инфекциясы анасынан сәбиге берілуін болдырмау үшін АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелдерге баланы емізбеу ұсынылады.

Фертильділігі

Таблеткадағы эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының адамға әсері туралы ешбір дерекке қол жетімді емес. Жануарларға зерттеулер эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратының фертильділікке зиянды әсерін көрсетпеген.

Қосымша заттар бойынша ақпарат

Құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты болуынан қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Басқару және пайдалану қабілетіне әсері туралы ешбір зерттеулер жүргізілмеген. Алайда эфавиренз, эмтрицитабин және тенофовир дизопроксил фумаратын пайдаланып емдеу кезінде бас айналу жағдайлары тіркелді. Эфавиренз сондай-ақ зейін қою бұзылуын және/немесе ұйқышылдық туындатуы мүмкін. Пациенттер егер оларда осы симптомдар болса, машинаны жүргізу және пайдалану сияқты қауіптілігі зор міндеттерден аулақ болуы тиістігі туралы хабардар болуы керек.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайда, пациенттің клиникалық жай-күйін бақылау және өмірлік маңызды белгілеріне мониторингті қоса, пациент уытты әсерінің белгілеріне бақылануы тиіс; содан кейін қажет болуына қарай стандартты демеуші емді қолдану керек. Сіңірілмеген эфавирензді шығаруды жеңілдету үшін белсендірілген көмір қабылдау пайдаланылуы мүмкін. Гемодиализ эмтрицитабин және тенофовир ДФ шығаруы мүмкін, бірақ қандағы эфавирензді шығарылуының елеулілігі күмәнді.

Эфавиренз: күніне екі рет кездейсоқ 600 мг қабылдаған кейбір пациенттер жүйке жүйесінің жоғарылауы симптомдары туралы хабарлаған. Бір пациентте еріксіз бұлшықет тартылуы болған.

Эмтрицитабин: эмтрицитабиннің емдік дозаларынан асатын дозалардағы шектеулі клиникалық тәжірибеге қол жетімді. Клиникалық фармакологиядағы бір сынақта 1200 мг эмтрицитабин бір реттік дозасын 11 пациентке енгізген. Ешбір күрделі жағымсыз реакциялар тіркелмеген. Гемодиализ эмтрицитабин дозасын енгізгеннен кейінгі (қан ағынының жылдамдығы 400 мл/мин және диализат ағыны жылдамдығы 600 мл/мин) 1,5 сағаттан соң жүргізілген 3 сағаттық диализ кезеңі ішінде эмтрицитабиннің шамамен 30% дозасын шығарады.Эмтрицитабиннің перитонеальді диализ көмегімен шығарылу-шығарылмауы белгісіз.

Тенофовир дизопроксил фумараты: Тенофовир ДФ 300 мг емдік дозасынан асатын дозалардағы клиникалық тәжірибе шектеулі. 600 мг тенофовир ДФ бір зерттеуінде 28 күн бойына 8 пероральді енгізілген, және ешбір күрделі жағымсыз реакция байқалмаған. Жоғарырақ дозалаудың әсері белгісіз. Тенофовир гемодиализбен 54% шамасындағы жою коэффициентімен тиімді шығарылады. 300 мг тенофор ДФ бір реттік дозасынан кейінгі 4 сағаттық гемодиализ сессиясы енгізілген тенофовир дозасының 10%-ға жуығын жойды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан бірінші ашылуына бақылауы бар бұралып жабылатын ақ түсті қақпағы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен (HDPE) жасалған ақ түсті пластик құтыға салынады. Құтыда ылғал тартқыш силикагель бар.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның және қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Strides Shasun Limited

36/7, Сурагаджакканахалли,

Индлавади Кросс, Анекал Талук,

Бангалор-562 106, ҮНДІСТАН.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Strides Shasun Limited

«Strides House» Bilekahalli,

Bannerghatta Road,

Бангалор – 560 076, ҮНДІСТАН

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Попова Татьяна Александровна» ЖК, 050057 Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұқар Жырау к-сі 65 үй 8 пәтер

Тел.:  +7 771 300 99 07, e-mail: popovakz@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

ЕЕТ_ИМП_рус.doc 0.4 кб
Каз_Эфавиренз.doc 0.51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту