Энтерожермина® (суспензия для перорального применения)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Энтерожермина
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия 2 миллиард/5 мл
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат - әр түрлі химиотерапиялық препараттар мен антибиотиктерге полирезистентті Bacillus clausii споралары - 2 миллиард,
қосымша заттар - тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақшылдау бозаңданған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер.
АТХ коды А07FА
Фармакологиялық қасиеттері
Энтерожермина® препараты химиялық зат емес, асқазан-ішек жолында қалуға тиісті бактерия споралары болғандықтан, сіңуі, таралуы, метаболизмі және шығарылуы (ADME зерттеу) бойынша зерттеу жүргізудің қажеті жоқ.
Фармакодинамикасы
Энтерожермина – патогенді әсер етпейтін, әдетте ішекте болатын - Bacillus clausii спораларынан тұратын препарат болып табылады. Химиялық және физикалық заттарға өзінің жоғары төзімділігіне байланысты Bacillus clausii спорасы ішу арқылы қабылдағанда асқазан сөлінің кедергісі арқылы өтеді және зақымдалмаған күйінде ішек жолына жетеді де, онда метаболиялық белсенді вегетативті жасушаларға айналады.
Энтерожерминаны қабылдау, Bacillus clausii қызметі арқасында шығу тегі әр түрлі микробты флораның бұзылуы нәтижесінде өзгерген ішек микрофлорасының қалпына келуіне ықпал етеді. Одан басқа, Bacillus clausii антибиотиктерге жоғары дәрежелі гетерогендік төзімділікті иеленген (жасанды туындатылған), бұл антибиотиктердің, әсіресе әсер ету ауқымы кең антибиотиктердің әсер етуінен кейін ішек микрофлорасы өзгеруінің алдын алу, немесе оның теңгерімін қалпына келтіру үшін емдік негізді қамтамасыз етеді.
Антибиотиктерге осындай төзімділігіне байланысты Энтерожермина® препаратын антибиотиктердің екі дозасы арасындағы аралықта қолдануға болады.
Препараттың пенициллиндерге, цефалоспориндерге, тетрациклиндерге, макролидтерге, аминогликозидтерге, новобиоцинге, хлорамфениколға, тиамфениколға, линкомицинге, изониазидке, циклосеринге, рифампицинге, налидикс қышқылы және пипемид қышқылына қатысты төзімділігі бар.
Антибиотиктер немесе химиотерапиялық дәрілерді қабылдаудан туындаған ішек бактериялық флорасының бұзылуы, негізінен диарея немесе басқа да асқазан-ішек бұзылулары түрінде байқалады. Іn vitro зерттеулері, Bacillus clausii әр түрлі витаминдерді, оның ішінде B тобы витаминдерін өндіруге қабілетті екендігін көрсетіп отыр. Пробиотиктерді қолдану Bacillus clausii метаболикалық әсерімен тығыз байланысты спецификалық емес антигендік және уыттылыққа қарсы әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қолданылуы
- ішек микрофлорасын антибактериялық ем жүргізу нәтижесінде оның өзгеруі кезінде қалпына келтіру үшін адьюванттық емдеуде
- бактериялық немесе вирустық асқазан ішек-жұқпасынан болған жедел диарея кезінде адьюванттық емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге: күніне 2-3 құты; балаларға (емшек жасындағыларды қоса): күніне 1-2 құты.
Препаратты қабылдау арасындағы аралық 3-4 сағат. Құты ішіндегісін сұйылтпай да, сумен немесе басқа да сусындармен (мысалы: сүт, шай, апельсин шырыны) сұйылтып қолдануға болады.
Жедел диарея кезінде препаратты қолдану ұзақтығы 3-5 күн.
Ішек микробтық флорасы бұзылуын және антибактериялық емдеу кезінде болатын диареяны емдеу мен алдын алуда препаратты антибиотикотерапия кезінде, сондай-ақ антибиотиктермен емдегеннен кейін, кем дегенде 1 апта бойы қабылдайды.
Бұл препарат тек ішке қабылдауға арналған. Парентреальді енгізуге және басқа тәсілмен қолдануға болмайды!