Эмсибел (капли глазные)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эмсибел
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Көзге тамызатын дәрі 1%
Фармакотерапиялық тобы
Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Басқа офтальмологиялық препараттар
ATX коды: S01XA
Қолданылуы
-көздің алдыңғы камерасына қан кету (емдеу);
-егде жастағы адамдарда склераға қан құйылу белгілері (емдеу және алдын алу);
-қабынудың және қабақтың күйіп қалуының себептері (емдеу және алдын-алу);
-контактілі линзаларды кию кезіндегі асқынулар (емдеу).
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- метилэтилпиридинол гидрохлоридіне немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық;
- жүктілік;
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Кез-келген контактілі линзаларды препаратты тамызар алдында алып тастау керек және одан кейін 20 минуттан ерте емес кию керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Эмсибел препаратын басқа дәрілік препараттармен емдеу аясында қолданғанда жағымсыз көріністер сипатталмаған.
Басқа көз тамшыларын бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда препарат алдыңғы дәрілік препарат толық сіңірілгеннен кейін (кемінде 15 минуттан кейін) соңынан тамызылады.
Эмсибелді басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Арнайы ескертулер
Эмсибел препаратының құрамында натрий бензоаты Е 211 бар. Теріні, көзді және шырышты қабықтарды аздап тітіркендіруі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Педиатрияда қолдану
Жеткілікті деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Эмсибелдің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көз тамшыларын қолданғаннан кейін қысқа мерзімді күйдіру сезімі және қышу болуы мүмкін. Дәрілік препаратты қолданғаннан кейін 15-20 минут ішінде автокөлікті басқарудан бас тарту қажет. Препарат психомоторлық реакциялардың жылдамдығына әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Күніне 2-3 рет 1-2 тамшыдан. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты және дәрігер анықтайды (әдетте 3-30 күн). Қажет болса және жақсы төзімді болса, емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда қайта емдеу курстары 4-6 ай аралықпен жүргізіледі.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті. Препарат конъюнктивалық қапшықта инстилляция түрінде қолданылады.
Қолданар алдында сіз осы бөлімді мұқият оқып, төмендегі мәтінде және 1-6 суреттерінде көрсетілген операцияларды дәйекті түрде орындауыңыз керек.
1. Қаптамадан құтыны алыңыз.
2. Егер құты алюминий қалпақшамен жабылған болса: қайшыны қақпаққа 45 градус бұрышта орналастырыңыз, оның төменгі жиегін жоғары қаратып, алюминий қақпағын резеңке қақпақпен бірге алыңыз (сурет А).
3. Егер құты пластикалық төсемі бар қалпақшамен немесе біріктірілген қалпақшамен тығындалған болса: пластикалық жапсырманы тіліктер жағынан күшпен тартыңыз, оны тігінен көтеріңіз, содан кейін қалпақшаның бүтіндігін бұзу үшін құтының бойымен күрт төмен қарай тартыңыз. Алюминий қақпағын және резеңке тығынды алыңыз (сурет Б 1-2).
4. Тамшылатқышты қаптамасынан алыңыз және оны құтыға тығыз кигізіңіз (сур 3).
5. Ауа көпіршігін кетіру үшін құтыны қатаң түрде тігінен төңкеріп, бірнеше секунд күтіңіз. Көпіршік үлкен болған жағдайда құтыны бастапқы қалпына қайтарыңыз, содан кейін құтының түбін ақырын қағып, әрекетті баяу қайталаңыз (сурет 4).
6. Тамшыларды, сұқ саусағыңызбен және бас бармағыңызбен тамшуырға басып, тамызыңыз (сурет 5).
Тамшуырды көзге немесе басқа беттерге тигізбеңіз – бұл ерітіндінің инфекциялануына әкелуі мүмкін.
7. Құтыны төңкеріп, тамшуырды арнайы тығынмен жабыңыз (сурет 6).
А
Б
Соруды азайту үшін инстилляциядан кейін көздің ішкі бұрышына саусақпен басып, көз арнасын 1-2 минутқа қысу ұсынылады.
Қолдану уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Артық дозаланғанда қабылдау қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер сіз көз тамшыларын тамызуды ұмытып кетсеңіз, оны мүмкіндігінше тез жасаңыз. Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қос дозаны тамызуға болмайды. Егер сіз бірнеше дозаны жіберіп алсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда медицина қызметкеріне жүгіну керек.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болған жағдайда)
Жиілігі белгісіз
- аллергиялық реакциялар
- күйдіру сезімі, қышыну, конъюнктиваның қысқа мерзімді қызаруы, парорбитальды тіндердің тығыздалуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне осы медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде:
белсенді зат – метилэтилпиридинол гидрохлориді, 50 мг,
қосымша заттар: сусыз натрий сульфиті Е 221, натрий бензоаты Е 211, калий дигидрофосфаты, динатрий фосфат дигидраты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сарғыш реңді ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан резеңке тығындармен тығындалған және алюминий немесе аралас қалпақшалармен немесе пластик жапсырмасы бар алюминий қалпақшалармен оралған шыныдан жасалған құтыларға. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.
1 құтыдан тамшылатқыш қақпақпен және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен (қосымша парақпен) бірге қазақ және орыс тілдерінде картон қорапшаға салынады.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ашылған құтыны жарықтан қорғалған жерде, 15 ˚С-ден 25 ˚С-ге дейінгі температурада 4 апта бойы сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт бойынша
Өндіруші туралы мәлімет
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекен-жайы және шағымдарды қабылдау мекен-жайы:
220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,
т./ф.: +375 (17) 220 37 16,
e-mail: medic@belmedpreparaty.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекен-жайы және шағымдарды қабылдау мекен-жайы:
220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,
т./ф.: +375 (17) 220 37 16,
e-mail: medic@belmedpreparaty.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Registrarius» ЖШС
Нақты мекен-жайы: Алматы қ. 050000, Байзақов к-сі, 280, Almaty Towers, БО, Коворкинг-орталық SmArt.Point
Tел: +7 727 313 12 07
Ұялы телефон: + 7 701 746 04 21
24/7 телефон: +7 771 888 77 11
e-mail: info@registrarius.org