Эменд (150 мг)

МНН: Фосапрепитант
Производитель: ДСМ Фармасьютикалс Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aprepitant
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019099
Информация о регистрации в РК: 12.06.2017 - 12.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Эменд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фосапрепитант

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 150 мг лиофилизат

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат – 245,3 мг фосапрепитант димеглюмині (150 мг фосапрепитанттың бос қышқылына баламалы) бар,

қосымша заттар: динатрий эдетаты, полисорбат 80, сусыз лактоза, натрий гидроксиді, хлорлы сутек қышқылы, инъекцияға арналған су, азот

Сипаттамасы

Ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі аморфты ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Құсуға қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды A04AD12.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Фосапрепитант, апрепитант дәрісінің ізашары, көктамыр ішіне қолданған кезде апрепитантқа тез айналады. Фосапрепитанттың плазмалық концентрациялары көктамыр ішіне құю аяқталған соң 30 минуттан кейін анықталған деңгейден төмен болады.

Фосапрепитантты енгізгеннен кейінгі апрепитант

20 минуттық инфузия түрінде енгізілген 150 мг фосапрепитанттың көктамырішілік бір реттік дозасынан кейін, апрепитанттың қисық астындағы ауданының (AUC0-∞) орташа мәні 35,0 мкг•сағ./мл болды және апрепитант концентрациясының орташа ең жоғары мәні 4,01 мкг/мл болды.

Таралуы

Апрепитанттың плазма ақуыздарымен байланысуы жоғары, орта есеппен 97%. Апрепитанттың тепе-тең жағдайда таралуының орташа геометриялық көлемі (Vdss), фосапрепитанттың 150 мг көктамырішілік бір реттік дозасы бойынша есептегенде, адамда шамамен 82 л құрайды.

Биоөзгерісі

Экспериментальді зерттеулер көптеген тіндерде, бауырды, бүйректі, өкпені және мықын ішекті қоса есептегенде, фосапрепитанттың апрепитантқа тез және толық дерлік өзгеретіндігін көрсетті. Адамдарда көктамыр ішіне енгізілген фосапрепитант инфузия аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апрепитантқа тез айналды.

Апрепитант қарқынды метаболизмге ұшырайды. Адам плазмасында апрепитанттың 12 метаболиті анықталды. Апрепитант морфолинді сақина және оның бүйір тізбектерінің оксидациясы жолымен метаболизденеді, ал нәтижесінде пайда болған метаболиттер тек апта бойы ғана белсенді.

Шығарылуы

Апрепитант өзгермеген күйінде несеппен бірге бөлініп шықпайды. Метаболиттері несеппен бірге және өт арқылы нәжіске шығарылады. [14С]-фосапрепитанттың көктамырішілік бір реттік 100 мг  дозасынан кейін дені сау еріктілерде таңбаланған препараттың 57%-ы несептен және 45%-ы нәжістен табылады.  

Апрепитанттың фармакокинетикасы клиникалық дозалар диапазонында дозаға байланысты емес. Фосапрепитанттың көктамырішілік 150 мг дозасынан кейін апрепитанттың соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 11 сағатты құрайды. Фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік 150 мг дозасынан кейін апрепитанттың орташа геометриялық плазмалық клиренсі – шамамен минутына 73 мл.

Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Апрепитанттың фармакокинетикасында емделушінің дене салмағының индексіне, жасына және жынысына байланысты клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар болады деп күтілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Фосапрепитант бауырдан тыс көптеген тіндерде метаболизденеді, сондықтан бауыр функциясының бұзылуы фосапрепитанттың  апрепитантқа айналуына ықпалын тигізбейді деп есептеледі. Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью, А класы) апрепитанттың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, демек, дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Апрепитанттың фармакокинетикасы бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью, В және С класы) бар емделушілерде аз зерттелді.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Клиникалық зерттеулер бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі жағдайында, сондай-ақ гемодиализді қажет ететін бүйрек ауруларының терминальді сатысындағы емделушілерде дозаны өзгертудің қажеті жоқ екендігін көрсетті.

Концентрациясы мен әсері арасындағы өзара байланыс

Фосапрепитант – апрепитанттың ізашар дәрісі. NK1-рецептордың спецификалық жоғары изотоптарын пайдалана отырып, позитронды-эмиссиондық томография (ПЭТ) жәрдемі арқылы зерттеу апрепитантты ішке қабылдағаннан кейін дені сау жас еркектерде апрепитанттың миға өтетіндігін және дозасы мен концентрациясына байланысты NK1 рецепторларымен байланысатындығын көрсетті. Үш күн пероральді түрде қабылданатын сызбаны қолданған кезде плазмада қол жеткізілген апрепитант концентрациясы мидың NK1 рецепторларының 95%-дан астамының байланысуын қамтамасыз етеді деп болжам жасалады. Фосапрепитанттың концентрациясы мен әсерінің арасында байланыс анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Фосапрепитант апрепитант дәрісінің белсенді емес түрі болып табылады және оны көктамыр ішіне енгізген кезде ол апрепитантқа тез айналады.

Апрепитант адамның Р субстанциясының адамның нейрокинин-1 (NK1) рецепторларына ұқсастығы жоғары селективті антагонист болып табылады.

Апрепитанттың NK1 рецепторларға селективтілігі және спецификалығы, иондық өзекшелердің немесе рецепторлық аймақтардың тасымалдаушыларының, химиялық емдеумен байланысты жүректің айнуы мен құсуды емдеудің бұрыннан бар әдістері үшін мақсатты болып табылатын допаминдік және серотониндік рецепторларды қоса есептегенде, тасымалдаушы басқа ферменттерге қарағанда, кем дегенде, 3 000 есе жоғары.

Фосапрепитанттың антиэметикалық әсерінің механизмін білуге арналған зерттеулер әлі де жалғасуда, бірақ апрепитанттың ұзақ орталық әсері бар, құсудың жедел де, сонымен бірге кейінгі фазаларына да ықпалын тигізеді, сондай-ақ дексаметазонның және 5-НТ3 антагонистерінің құсуға қарсы әсерін күшейтеді.

Қолданылуы

- ересек емделушілерде эметогендік дәрежесі жоғары немесе орташа болатын ісікке қарсы препараттармен химиялық емдеуден туындайтын жедел және кейін пайда болатын жүректің айнуы мен құсуға жол бермеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы

Эмендтің 150 мг-ын 1-ші күні ғана, химиотерапиядан шамамен 30 минут бұрын жасалатын, ұзақтығы 20-30 минуттық көктамырішілік енгізу түрінде тағайындайды. Эмендті төмендегі кестеде көрсетілгендей, кортикостероидпен және 5-НТ3антагонистімен бірге тағайындаған жөн. Емдеуді бастар алдында таңдап алынған 5-НТ3 антагонисінің медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулығын оқып шығу керек.

Обырға жоғары эметогенді химиотерапия жүргізумен байланысты болатын жүректің айнуы мен құсуға жол бермеу үшін емдеудің келесі режимі ұсынылады.

 

1-күн

2-күн

3-күн

4-күн

Эменд

150 мг

көктамыр ішіне

Жоқ

Жоқ

жоқ

Дексаметазон

12 мг

пероральді түрде

8 мг пероральді түрде

8 мг

күніне екі рет пероральді түрде

8 мг

күніне екі рет пероральді түрде

5‑HT3 антагонисі

5-HT3 антогонисі препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Дексаметазонды 1-ші күні химиотерапиялық емнен 30 минут бұрын және 2-ші күннен 4-күнге дейін таңертең қабылдаған жөн. Дексаметазонды сондай-ақ 3-ші және 4-ші күні кешке қабылдаған жөн. Дәрілермен өзара әрекеттесуінің пайда болуы дексаметазонның дозасына байланысты.

Орташа эметогендік терапиядағы ем сызбасы

 

1-күн

Эменд

Көктамыр ішіне 150 мг

Дексаметазон

Пероральді түрде 12 мг

5‑HT3 антагонисі

5-HT3 антогонист препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз

Дексаметазонды 1-ші күні химиотерапиялық емнен 30 минут бұрын енгізген жөн. Дәрілік өзара әрекеттесудің пайда болуы дексаметазонның дозасына байланысты. Глюкокортикостероидтармен өзара әрекеттесуі жөніндегі қосымша мәліметтер дәрілермен өзара әрекеттесуі тарауында айтылған.

Емделушілердің ерекше топтары

Дозаны жасқа, жынысқа, нәсілге, дене салмағының индексіне байланысты түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін немесе гемодиализді керек ететін, терминальді сатыдағы емделушілер үшін дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратты қолдану жөнінде деректер шектеулі, мұндай жағдайларда Эмендті сақтықпен қолданған жөн.

Балаларға және жасөспірімдерге қолданылуы

Эменд препаратының балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін қауіпсіздігі және тиімділігі зерттелген жоқ.

Препаратты сұйылту

150 мг Эменд препараты көктамыр ішіне енгізіледі және оны бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізбеген жөн. 20-30 минут бойы үздіксіз көктамырішілік инфузия арқылы енгізу қажет.

1. Инъекцияға арналған 5 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін (9 мг/мл), көбіктің түзілуіне жол бермеу үшін, ішінде Эменд бар құтының қабырғасы бойымен енгізіңіз. Құтының ішіндегісін абайлап араластырыңыз. Сілкілемеңіз, шайқамаңыз!

2. Ішінде инъекцияға арналған 145 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі толтырылған инфузияға арналған пакетті дайындаңыз.

3. Құтыдағы ерітіндінің барлығын, 150 мл жалпы көлем алу үшін, ішінде 145 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісі бар инъекцияға арналған пакетке ауыстырыңыз. Пакетті 2-3 рет ақырын аударып-төңкеріңіз.

Дәрілік затты физикалық және химиялық үйлесімділігі анықталмаған басқа ерітінділермен араластыруға және қалпына келтіруге болмайды.

Дайын ерітіндінің сыртқы түрінің еріткіштің сыртқы түрінен айырмашылығы жоқ.

Енгізер алдында қалпына келтірілген және сұйылтылған медициналық өнімде бөгде бөлшектердің бар-жоқтығын және түсінің өзгерген-өзгермегендігін көзбен тексеріп қараған жөн.

Сұйылтылғаннан және еріткеннен кейін ерітінді 25°C температурада 24 сағат бойы тұрақты, алайда микробиологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда препаратты дереу қолданған жөн. Егер дереу қолданылмаса, сұйылтылған препараттың пайдалану алдындағы сақтау мерзімі және шарттары тұтынушының жауапкершілігінде болады, және ол 2оС - 8°C температурада 24 сағаттан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Фосапрепитанттың апрепитантқа айналуына байланысты, оны қолданған кезде апрепитанттың жағымсыз әсерлерін күткен жөн.

Жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі топ бойынша орнастырылған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1,000, <1/100); сирек (≥1/10,000, <1/1,000) өте сирек (<1/10,000), белгісіз (постмаркетингтік кезеңде алынған кездейсоқ мәлімдемелер негізінде)

Апрепитанттың жағымсыз әсерлері

Жұқпалы асқынулар: сирек - кандидоз, стафилококктық жұқпалар

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі емес – фебрильді нейтропения, анемия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: белгісіз – асқын сезімталдық реакциялары, анафилактикалық реакцияларды қоса еспетегенде

Метаболикалық бұзылулар: жиі – тәбеттің төмендеуі, сирек – полидипсия

Психикалық бұзылулар: жиі емес – үрейленушілік, сирек – бағыттан адасу, эйфория

Жүйке жүйесінің бұзылулары: жиі – бас ауыру, жиі емес – бас айналу, ұйқышылдық, сирек – когнитивтік бұзылулар, летаргия, дәмнің бұзылуы

Көрудің бұзылуы: сирек – конъюнктивит

Есту және вестибулярлы бұзылулар: сирек – құлақтың шыңылдауы

Жүрек-қантамыр бұзылулары: жиі емес – жүректің лүпілдеуі, ысынулар, сирек – брадикардия, жүрек-қантамырлық бұзылулар

Тыныс алу жүйесінің және көкірек ортасы ағзаларының бұзылулары: жиі – ықылық, сирек – тамақтың ауыруы, түшкіру, жөтел, мұрын-жұтқыншақтың ісінуі, аңқаның қабынуы.

Асқазан-ішектік бұзылулар: жиі – іш қату, диспепсия, жиі емес – кекіру, жүректің айнуы, құсу, гастро-эзофагеальді рефлюкс, іштің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы, метеоризм, сирек: перфоративті дуоденальді ойық жара, стоматит, іштің желденуі, тұрақты іш қату, нейтропениялық колит

Тері және теріасты шел майы тарапынан: жиі емес – бөртпе, акне, сирек – фотосезімталдық, тершеңдік, себорея, терінің зақымдануы, қышытатын бөртпе, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз, белгісіз – қышыну, есекжем

Қаңқа-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің бұзылулары: сирек – бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілулері

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі емес – дизурия, сирек – несептің жиі бөлініп шығуы

Жалпы бұзылулары және енгізген жердегі реакциялар: жиі – шаршау, жиі емес – астения, дімкәстік, сирек – ісіну, кеудеде жайсыздық, жүріс мәнерінің бұзылуы.

Зертханалық тест көрсеткіштерінің ауытқулары: жиі – АЛТ жоғарылауы, жиі емес – АСТ жоғарылауы, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, сирек – нейтропения, несепте эритроциттердің болуы, несепте глюкозаның болуы, гипонатриемия, диурездің ұлғаюы.

*Химиялық емдеуден кейін алғаш 5 күн емдегенде жүректің айнуы және құсу тиімділік параметрлері болды және осы кезеңнен кейін ғана жағымсыз құбылыстар ретінде мәлімделді.

Фосапрепитант

Клиникалық зерттеу деректері бойынша көктамыр ішіне 150 мг Эмендті бір күндік үлгі бойынша қабылдап жүрген емделушілердегі жағымсыз әсерлер бейіні апрепитантты үш күндік үлгі бойынша қабылдап жүргендердегі осындайға ұқсас.

Төменде тек фосапрепитантқа ғана тән жағымсыз әсерлер берілген.

Қантамырлық бұзылулар: жиі емес: қызару, тромбофлебит (көбіне енгізілген жердегі көктамыр зақымдануымен)

Тері және теріасты шелмайы тарапынан бұзылулар: жиі емес – эритема

Жалпы бұзылулары және енгізген жердегі реакциялар: жиі емес – енгізген жердің қызаруы, ауыруы, қышуы, сирек – енгізген жерде индуративті ісіну, белгісіз: шұғыл типті асқын сезімталдық реакциялары, қызаруды, эритеманы, диспноэні қоса есептегенде

Физикальді зерттеулер: жиі емес – артериялық қысымның жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • пимозидпен, терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, өсімдік текті шайқурай препараттарымен бір мезгілде қабылдау

  • тұқым қуалайтын лактозаны, сахарозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

  • бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша ≥ 9 балл)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фосапрепитант, бір реттік 150 мг дозада CYP3A4-тің әлсіз тежегіші болып табылады. Фосапрепитант немесе апрепитант P-гликопротеиннің тасымалдаушысымен өзара әрекеттеспейді, бұл пероральді түрде қабылданатын апрепитанттың дигоксинмен өзара әрекеттесуінің жоқтығымен дәлелденді.  Фосапрепитант пероральді түрде қолданылатын апрепитантқа қарағанда, CYP2C9, CYP3A4-тің аз немесе көп индукциясына және глюкуронидацияға әкеп соқтыруы мүмкін деп күтіледі. CYP2C8 және CYP2C19-ға ықпалына қатысты деректер жоқ.

Фосапрепитанттың басқа препараттардың фармакокинетикасына ықпалы

CYP3A4 ингибициясы

CYP3A4 әлсіз тежегіші ретінде, фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасы CYP3A4 арқылы метаболизденетін, бір мезгілде қолданылатын препараттардың плазмалық концентрацияларын транзиторлы түрде арттыруы мүмкін. Фосапрепитантты көбіне CYP3A4 қатысуымен метаболизденетін немесе емдік диапазоны қысқа белсенді заттармен, мысалы, циклоспоринмен, такролимуспен, сиролимуспен, эверолимуспен, алфентанилмен, диэрготаминмен, эрготаминмен, фентанилмен, хинидинмен және квинидинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болған жөн. Бұған қосымша, иринотеканмен бір мезгілде қолданғанда аса сақ болған жөн, өйткені бұлай біріктіру уыттылықтың күшеюіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Фосапрепитантты CYP3A4 субстраты болып табылатын қастауыш алкалоидтарының туындыларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасында осы белсенді заттар концентрацияларының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Қастауыш препаратының уыттылығы қаупін ескеріп, сақ болу керек.

Кортикостероидтар

Дексаметазон. Фосапрепитанттың 150 мг дозасымен бір мезгілде қолданған кезде, 1-ші күні дексаметазонның экспозициясын 150 мг фосапрепитант қолданбаған кездегіге ұқсас экспозицияға жеткізу мақсатында, 1-ші және 2-ші күндері дексаметазонның пероральді дозасы шамамен 50%-ға төмендетілуі тиіс.

1-ші күні фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік 150 мг дозасын 1-ші, 2-ші және 3-ші күндері дексаметазонның пероральді бір реттік 8 мг дозасымен бір мезгілде қолданған кезде дексаметазонның (CYP3A4 субстратының) AUC0-24сағ. көрсеткішінің 1-ші күні 100%-ға, 2-ші күні 86%-ға және 3-ші күні 18%-ға жоғарылағаны байқалды.

Метилпреднизолон Эменд, 1-күні 125 мг және 2-ші және 3-ші күндері тәулігіне 80 мг қолдану сызбасы бойынша, метилпреднизолонды 1-ші күні 125 мг дозада көктамыр ішіне және 2-ші және 3-ші күндері пероральді 40 мг дозада бір мезгілде қолданғанда, метилпреднизолонның (CYP3A4 субстраты) AUC көрсеткішін 1-ші күні 1,3 есе және 3-ші күні 2,5 есе арттырады.

Химиотерапиялық препараттар

150 мг дозадағы фосапрепитанттың химиялық препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, алайда апрепитанттың ішу арқылы қабылданатын түрлерінің доцетакселмен және винорелбинмен өзара әрекеттесуін зерттеулердің негізінде, доцетаксел мен винорелбиннің көктамырішілік түрлерімен де өзара дәрілік әрекеттесуі бар деп болжанбайды. Әйтсе де, CYP3A4 жүйесі арқылы метаболизденетін химиялық препараттардың пероральді түрлерімен (мысалы, этопозид, винорелбин) өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды. Осы немесе CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа химиотерапиялық препараттарды бірге тағайындағанда сақ болу және қосымша мониторинг жүргізген жөн. Постмаркетингтік кезеңде апрепитанттың ифосфамидті бірге қолданғаннан кейінгі нейроуыттылық жағдайлары туралы хабарланған.

Иммунодепрессанттар

Фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасынан кейін 2 күн ішінде CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммунодепрессанттардың (мысалы, циклоспорин, такролимус, эверолимус және сиролимус) экспозициясының транзиторлы орташа жоғарылауы, кейін аздап төмендеуі мүмкін деп күтіледі. Экспозициясының қысқа мерзімдік артуын ескеріп, Эменд препаратын қолданған күні және келесі күні (емдік дозасына мониторинг жасай отырып) иммунодепрессанттың дозасын төмендетуге болмайды.

Мидазолам

1-ші күні 150 мг фосапрепитанттың бір реттік көктамырішілік дозасын қолданған кезде 1-ші күні мидазоламның AUC0-∞ көрсеткішінің 77%-ға жоғарылағаны білінді және 1-ші және 4-ші күндері пероральді түрде бір реттік 2 мг доза мидазоламмен бір мезгілде қолданған кезде 4-ші күні ықпалы болған жоқ. 150 мг фосапрепитант – 1-ші күні бір реттік доза ретінде қолданған кезде CYP3A4 әлсіз тежегіш, мұндайда 4-ші күні CYP3A4-тің тежелу немесе индукциясы белгілері байқалмайды.

Мидазоламның немесе метаболизмі CYP3A4 қатысуымен жүзеге асатын басқа да бензодиазепиндердің (алпразолам, триазолам) қан плазмасындағы концентрациялары жоғарылауы мүмкін, осы препараттарды Эменд препаратымен бір мезгілде тағайындаған кезде осыған көңіл бөлген жөн.

Дилтиазем

150 мг фосапрепитанттың және дилтиаземнің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан 150 мг Эменд препаратын дилтиаземмен бірге қолданған кезде 100 мг фосапрепитанттың келесі зерттеуіне көңіл бөлген жөн: артериялық гипертензиясы жеңіл немесе орташа дәрежелі емделушілерде фосапрепитанттың 100 мг дозасымен 15 минут бойы жүргізілетін көктамырішілік инфузияны тәулігіне 3 рет 120 мг дилтиаземмен бір мезгілде қолдану дилтиаземнің AUC көрсеткішінің 1,4 есе жоғарылауына және аздап, бірақ АҚ-ның клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуіне әкелді; жүректің жиырылу жиілігінің немесе PR аралығының клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеруі байқалған жоқ.

CYP3A4 индукциясы

Мидазоламмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерде 1-ші және 4-ші күндері фосапрепитанттың 150 мг бір реттік дозасы CYP3A4 мәнін индукциялаған жоқ. Эменд препараты, 3 күндік сызба бойынша пероральді апрепитантты қолданған кездегіге қарағанда, CYP2C9, CYP3A4-тің аз немесе көп индукциялануына және глюкуронизацияға әкелуі мүмкін деп күтіледі, өйткені апрепитанттың алғашқы дозасынан кейін 6-8 күннен соң ең жоғары әсері бар транзиторлы индукция байқалды. Пероральді апрепитантты 3 күн бойы қабылдау CYP2C9 субстратының AUC мәнінің шамамен 30-35%-ға төмендеуіне әкелді, ал этинилэстрадиолдың ең төмен концентрациясы 64%-ға төмендеді.

CYP2C8 және CYP2C19-ға ықпалына қатысты деректер жоқ. Эменд препаратын варфаринмен, аценокумаролмен, толбутамидпен, фенитоинмен немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа да белсенді заттармен бірге қолданған кезде сақ болған жөн.

Варфарин

Варфаринмен ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген емделушілерде, химиялық емдеуден болған жүректің айнуы мен құсудың алдын алу үшін, Эменд препаратын қолданған кезде және оны қолданғаннан кейін 2 апта бойы протромбинді уақыттың көрсеткіштерін (ХҚҚ) мұқият бақылаған жөн.

Гормональді контрацептивтер

Гормональді контрацептивтердің тиімділігі фосапрепитантпен емдеу кезінде және оны қолданғаннан кейін 28 күн ішінде төмендеуі мүмкін. Фосапрепитантпен емделу кезінде және оны қолданып болғаннан кейін 2 ай бойы контрацепцияның альтернативті және қосымша әдістерін қолданған жөн.

5-HT3 антагонистері

150 мг фосапрепитант пен 5-HT3 антагонистерінің өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ; алайда 125 мг апрепитант ондансетронның, гранисетронның және гидродоласетронның (доласетронның белсенді метаболиті) фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізген жоқ.

Басқа дәрілік препараттардың 150 мг фосапрепитантты енгізгеннен кейін пайда болатын апрепитанттың фармакокинетикасына ықпалы

Фосапрепитантты CYP3A4 белсенділігін төмендететін белсенді заттармен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және протеаза тежегіштері) бірге абайлап қолданған жөн, өйткені бұлай біріктіру плазмада апрепитант концентрациясын бірнеше есе арттыруы мүмкін. Кетоконазол пероральді апрепитанттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңін шамамен 3 есе арттырды.

Фосапрепитантты CYP3A4 белсенділігінің күшті индукторлары болып табылатын белсенді заттармен (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал) бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені мұндай біріктірулер қан плазмасында апрепитант концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл оның тиімділігін төмендетуі мүмкін. Рифампицин пероральді апрепитанттың ақырғы жартылай шығарылу кезеңін 68%-ға төмендетті.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр қызметінің орташа немесе ауыр дәрежелі бұзылулары бар емделушілер

Эмендті бауыр қызметінің орташа және ауыр бұзылуы бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Үйлесімсіздік

Эменд препараты құрамында екі валентті катиондары (мысалы, Ca2+, Mg2+) бар кез келген ерітінділермен, соның ішінде Хартман ерітіндісімен және Рингер лактатымен үйлеспейді. Осы дәрілік препаратты «Қолдану тәсілі және дозасы» тарауындағы Препараттарды сұйылту бөлімінде көрсетілгендерден өзге басқа препараттармен араластыруға болмайды.

Асқын сезімталдық реакциялары

Фосапрепитант инфузиясы кезінде қызару, эритема және ентігумен көрінетін шұғыл түрдегі аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болғанда инфузияны дереу тоқтату және, қажет болғанда, тиісті ем жүргізу керек. Инфузияны қайталамау керек.

Қолданылуы және инфузия жасалған жердегі реакциялар

Эменд препаратын болюстік инъекция түрінде енгізуге болмайды. Препаратты сұйылтқан және көктамырішілік баяу инфузиялар арқылы енгізген жөн. Эменд препаратын бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізбеген жөн. Жоғары дозаларда қолданған кезде инъекция жасалған жерде ауырлығы жеңіл дәрежелі тромбоз байқалды. Жергілікті тітіркену белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде инъекцияны немесе инфузияны тоқтатқан және препаратты басқа көктамырға енгізуді қайта бастаған жөн.

Балалар

Эменд препаратының балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде фосапрепитанттың және апрепитанттың қолданылуы жөнінде клиникалық деректер жоқ. Эменд препаратын жүктілік кезеңінде, нақты қажет жағдайлардан басқасында, қолданбаған жөн.

Лактация

Апрепитанттың адамда емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Сондықтан Эменд препаратымен емделу кезінде емшек емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Эменд препаратының автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда Эменд препаратын қолданғаннан кейін бас айналу мен шаршаудың пайда болуы мүмкін екендігін көлікті және механизмдерді басқарған кезде ескерген жөн.

Артық дозалануы

Артық дозаланған жағдайда фосапрепитантты қолдануды тоқтатқан, симптоматикалық ем жүргізген және бақылауға алған жөн. Эменд препаратының құсуға қарсы қасиеттері салдарынан, құсудың дәрі-дәрмекпен стимуляциялануы тиімсіз болуы мүмкін.

Апрепитант гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларда.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

2ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Қалпына келгеннен және сұйылтылғаннан кейін, ерітінді 25ºС-де 24 сағаттан артық сақталмауы тиіс.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

ДСМ Фармасьютикалс Инк., АҚШ

Қаптаушы

Мерк Шарп және Доум Б.В., Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ» компаниясының өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы, 38, «Кең Дала» бизнес орталығы, 5 қабат

Тел.: + 7 727 330 42 66

Факс: + 7 727 321 60 47

эл. поштасы: anastassiya.kiyan@merck.com

 

Прикрепленные файлы

870452871477977036_ru.doc 132 кб
996453881477978214_kz.doc 137 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники