Экофунгин (150 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Экофунгин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эконазол
Дәрілік түрі
150 мг қынаптық суппозиторийлер,
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында
белсенді зат - 150 мг эконазол нитраты,
қосымша заттар: жартылай синтетикалық глицеридтер
Сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, цилиндр-конусты пішінді суппозиторийлер.
Қимасында бос немесе кеуек стержень және шұңғыл түріндегі ұңғыма болады
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер мен микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындылары.
АТЖ коды G01AF05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эконазол нитраты қынаптық қолдануда аз ғана дәрежеде сіңеді. Қабылданған дозаның 1% азырағы несеппен және нәжіспен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Эконазол – кең ауқымда әсер ететін зеңге қарсы дәрі, имидазол туындылары тобына жатады. Жергілікті зеңге қарсы (фунгицидті) және антибактериялық (бактерицидті) әсер етеді. Патогенді дерматофиттерге – Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton tonsurans, Microsporum canis, Microsporum audouinii, Microsporum gypseum, Epidermophyton floccosum, сондай-ақ Candida albicans, Pityrosporum orbiculare, Corynebacterium minutissimum; зеңденген саңырауқұлақтарға (Aspergillus, Cladosporium, Scopulariopsis brevicautus) және кейбір грамоң бактерияларға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp.) қатысты белсенді.
Зеңге қарсы әсері зеңдердің жасушалық жарғақшаларының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезі тежелуіне, зең жарғақшасының өткізгіштігі өзгерістеріне және жасуша жойылуына байланысты. Емдеуде клиникалық әсері 3 күн ішінде дамиды.
Қолданылуы
- қынаптық және вульвоқынаптық кандидоздарда
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне.
Суппозиторийді пішінді қаптамасынан алдын ала суппозиторий пішіні бойынша үлбірін кесіп, босатып алады, жатқан күйде қынапқа терең енгізеді. 150 мг 1 суппозиторийден тәулігіне бір рет түнге қарай қатарынан үш күн қынап ішіне енгізеді. Стандартты 3 күндік емде тиімділік әсері жеткіліксіз болған жағдайда, емнің 3 күнге жалғасуы мүмкін, 10 күннен кейін курсын қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
- тітіркенуі, қышу, ашыту сезімі, әсіресе емнің бастапқы кезеңінде
- тері бөртпесі
- аллергиялық реакциялар
Егер нұсқаулықта көрсетілген кез келген жағымсыз әсердің өршігені байқалса, немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген жағымсыз әсерді байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабар беріңіз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне немесе имидазолдың басқа да туындыларына асқын сезімталдықта.
- 18 жасқа дейінгі балалық жаста
- жүктілік және лактация кезеңінде
Препаратты қолданар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эконазол нитратын суппозиторий түрінде қынап ішіне қолдануда іс жүзінде жүйелі сіңбейді және басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Айрықша нұсқаулар
Жоғары емдік әсерге қол жеткізу үшін препаратты емдеу сызбасына сай ұдайы қабылдау ұсынылады. Қабылдай алмай қалған дозаны еске түсісімен дереу қабылдау керек, егер келесі доза қабылдайтын уақыт жақын болса алдындағы дозаны қабылдамай-ақ, емді сызба бойынша жалғастыруға да болады. Дозаны қосарлы қабылдау ұсынылмайды.
Емді етеккір аяқталғанннан кейінгі бірінші күні бастау керек. Егер емдеу кезеңі етеккір оралымымен сәйкес келсе, онда препаратты қынап ішіне әдеттегі сызба бойынша енгізеді.
Препаратты пайдалану механикалық контрацепциялардың (құрамында латекс бар заттарды: мүшеқаптар, қынаптық диафрагмалар) сенімділігін төмендетеді және жүктілік туындап қалуы немесе жыныстық жолмен берілетін аурулар жұқпауына кепіл жоқ, сондықтан емдеу кезінде жыныстық қатынастардан бой тарта тұру ұсынылады.
Жыныстық жұп жұқпаланған жағдайда және қайта жұқпалану мүмкіндігін болдырмау үшін жыныстық жұптың екеуін де міндетті түрде бір мезгілде емдейді.
Жоғары сезімталдықтың бірінші симптомдары білінісімен препарат қолдануды тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік жүргізу мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Артық дозалағанда
Қазіргі уақытқа дейін препараттың артық дозаланған жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
150 мг қынаптық суппозиторийлер. Полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 3 дана суппозиторийден.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ,
MD-2028, Молдова Республикасы,
Кишинэу қ., Г. Тудор к., 3
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФАРМАПРИМ» ЖШҚ
Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Фармаприм» ЖШҚ фирмасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,
Алматы қ., Гоголь к., 86, 528 кеңсе, тел. 8-727-2796518,
Emai:l farmaprim.kz@farmaprim.md