Экокс-400

МНН: Этамбутол
Производитель: Macleods Pharmaceuticals Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethambutol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005611
Информация о регистрации в РК: 17.05.2024 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Экокс-400

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этамбутол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 400 мг этамбутол гидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 302, повидон (РVР– 30), стеарин қышқылы, жүгері крахмалы, натрий крахмалының гликоляты (А типі), кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, тазартылған тальк, магний стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза (5 срs), этилцеллюлоза, макрогол 6000, титанның қостотығы Е171.

Сипаттамасы

Екі жақ беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде кертігі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Туберкулезге қарсы басқа да препараттар.

АТЖ коды J04AK02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Этамбутол асқазан-ішек жолынан тез және 80% сіңеді. Дене салмағының әр кг-на шаққанда 15мг дозада қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары концентрацияға 2-4 сағаттан кейін жетеді және 4 мг/л құрайды. Концентрацияның төмендеуі екі кезеңмен жүреді: жартылай шығарылу кезеңі, тиісінше, 4 және 10 сағаттық. Ең төмен басым концентрациясы 1 мкг/л құрайды. Таралу көлемі орта есеппен 3,89 л/кг құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы 10-40%. Этамбутол өкпе тіндерінде жақсы сіңеді, онда оның концентрациясы сарысулық деңгейінен 5-9 есе артық болуы мүмкін. Енгізілген заттың аздаған бөлігі бауырда, басқа тіндерде де метаболизденуі мүмкін. Енгізілген дозаның 50-70%-ға жуығы несеппен бірге карбоксильдік және альдегидтік метаболиттер түрінде шығарылады. Препараттың шығарылуы бүйрек қызметі төмендеген науқастарда кідіреді.

Этамбутол плацента арқылы өтеді. Ұрықтың қанында этамбутолдың концентрациясы ана қанындағы препарат концентрациясының шамамен 30%-ын құрайды. Этамбутол емшек сүтінен табылады.

Фармакодинамикасы

Этамбутол – бұл, стрептомицинге, канамицинге, изониазидке, парааминосалицил қышқылына (ПАСҚ) және этионамидке төзімді штамдарды қоса есептегенде, туберкулездің микобактерияларына қатысты бактериостатикалық әсері бар химиотерапиялық дәрі. Этамбутол бактериялардың жасушалық қабырғаларының синтезін төмендетіп, оған микол қышқылының енуіне жол бермейді. Этамбутол барлық дерлік Mycobacterium tuberculosis, M. bovis штамдарына, сондай-ақ микобактериялардың, мысалы, M. kansasii сияқты басқа да түрлеріне белсенді. Жасушаішілік және жасушадан тыс бактерияларға әсер етеді. Mycobacterium tuberculosis этамбутолға төзімділігі біршама баяу дамиды. Этамбутолға алғашқы төзімділігі емделушілердің 10%-да байқалады.

Қолданылуы

- I категориялы туберкулезі бар науқастарды емдеудің қарқынды сатысы кезінде 2-4 HRZE (S); II категорияда – 3-5 HRZE (S), III категорияда – 2 HRZE сызбасы бойынша жүргізілетін кешенді ем құрамында. II категорияға жататын науқастарда демеуші саты кезінде 5H3R3E3 сызбасы бойынша.

Қолдану тәсілі және дозалары

Этамбутолдың тәуліктік дозасын таңертеңгі астан кейін қабылдайды. Ас қабылдау препараттың сіңуіне ықпалын тигізбейді.

Экокс-400 препаратын кешенді ем құрамында I және II категориялы науқастарға күн сайын былайша тағайындайды: дене салмағы 40 кг-ға дейін болғанда – 600 мг, 50 кг-ға дейін – 800 мг, дене салмағы 50 кг-нан астам – 1200 мг (тәулігіне 15-25 мг/кг) және 70 кг-нан астам болғанда – 1600 мг. Доза тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 30 мг-ға дейін (бірақ 2 г-нан асырмай) арттырылуы мүмкін.

13 жастан асқан балаларға Экокс-400 препаратын тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 15-25 мг есебінен, бірақ 1 г-нан асырмай тағайындайды.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде дозаны былайша таңдайды:

Креатинин клиренсі (КК) 50-25 мл/мин – тәулігіне 25-15 мг/кг, КК 25-10 мл/мин – тәулігіне 15-7,5 мг/кг, КК минутына 10 мл-ден төмен – тәулігіне 5 мг/кг.

Толық емдеу курсы емделушінің категориясына сай ұзартылады. Емдеудің қарқынды сатысында Экокс-400 препаратын I категорияда 4 айға дейін, II категорияда 5 айға дейін және III категорияда 2 ай қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

- көру өткірлігі төмендейтін, көру өрісі тарылатын, орталық немесе шеткергі скотома және дальтонизм пайда болатын көру жүйкесінің ретробульбарлы невриті. Көру жүйкесі тарапынан бұзылулардың пайда болуы емдеу ұзақтығына және көз алмасының бұрыннан бар ауруына байланысты. Осылар пайда болған жағдайда этамбутолды қабылдауды тоқтатқан жөн. Көрудің өзгеруі әдетте қайтымды, емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта немесе ай ішінде өздігінен жоғалады. Алайда төтенше жағдайларда көру жүйкесінің атрофиясына байланысты бұлар қайтымсыз болуы мүмкін

- сананың бұлыңғырлануы, бағдарсыздық, елестеулер, депрессия, бас ауыру, бас айналу

- сарғаю немесе бауыр қызметінің өткінші бұзылулары, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, асқазан-ішектің бұзылулары, мысалы ауыздан тот тату, жүректің айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы

- шеткергі невриттер (қол-аяқтың парестезиялары, ұюы, парезі, қышуы)

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің қышуы; буындардың ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, анафилаксия

- лейкопения, қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, подаграның асқыну, несеп қышқылының диатезі құбылысы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- этамбутолға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- көру жүйкесінің қабынуы, катаракта, диабеттік ретинопатия, басқалар – көздің қабыну аурулары

- бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі

- подагра

- жүктілік және лактация

- 13 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алюминий гидроксидімен бір мезгілде қолданған кезде этамбутолдың асқазан-ішек жолынан сіңуі азаяды. Оны изониазидпен біріктіріп қолданған кезде этамбутолдың әсерінен оптикалық нейропатияның күшеюі мүмкін екендігі жөнінде деректер бар. Этамбутолдың әсер етуімен мырыштың метаболизмі өзгеруі мүмкін.

Туберкулезге қарсы препараттардың әсерін, ципрофлоксациннің, аминогликозидтердің, аспарагиназаның, карбамазепиннің, литий тұздарының, имипенемнің, метотрексаттың, хининнің нейроуыттылығын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Емнің бас кезінде жөтел күшеюі, қақырықтың мөлшері ұлғаюы мүмкін.

Этамбутолды туберкулезге қарсы басқа дәрілермен біріктіріп қана қолданады. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда препараттың организмде жиналып қалуына жол бермеу үшін, этамбутолдың дозасын азайтады.

Емдеуді бастар алдында офтальмологиялық тексеру жүргізген жөн: көз түбін, көру өрісін, көру өткірлігін және түрлі түсті айыруын тексеру керек.

Емдеу барысында көру қызметін, бүйрек пен бауыр қызметін бақылап отыру, қанға жалпы талдама жүргізу қажет.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Этамбутолмен емделу барысында көрудің нашарлауы мүмкін болғандықтан, машинаны және қозғалыстағы механизмдері бар құралдарды басқаруға болмайды.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, елестеулер, полиневрит.

Емдеу: қабылдағаннан кейін алғашқы сағат ішінде – жасанды түрде құстыру және асқазанды шаю. Кейін – диализ. Өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ, сондықтан, негізінен, демеуші, симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 400 мг таблеткалар.

Бір жағы дәнекерленген, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған пакетте 1000 таблеткадан. Пакет алюминий мембранамен тығыз дәнекерленген, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған контейнерде медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

304, Atlanta Arcade, Marol Church Road, Andheri (East), Mumbai – 400 059, India.

Тіркеу куәлігінің иесі

Macleods Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-ғы «Macleods Pharmaceuticals Limited» өкілдігі

ҚР, Алматы қ-сы, Төлебаев к-сі 38, кеңсе 307А

Тел./факс. +7 727 3562832

E-mail: vijay9376@yahoo.com

 

Прикрепленные файлы

442264631477977060_ru.doc 58.5 кб
620831651477978241_kz.doc 61 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники