Шалфей (Фито-чай)

МНН: Шалфея лекарственного листья
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019177
Период регистрации: 18.05.2016 - 18.05.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Сәлбен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 г фито-шай

Құрамы

Бір сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат - 1 г сәлбеннің майдаланған жапырақтары

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 2 мм електен өтетін және тесіктерінің диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін жасыл, сұрғылт – жасыл немесе күміс жапырақтарының ақ ірі ұнтағы. Хош иісті. Дәмі ащы-татымды, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А01АD11

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрі. Құрамында эфир майлары (негізгі компоненттер – альфа-туйон, бета-туйон, 1,8-цинеол, камфора, борнеол, изобутил ацетаты, камфен, линалоол, альфа- және бета-пинен, виридифлорол, альфа- және бета-кариофиллен); кофеин қышқылы мен оның туындылары (розмарин қышқылы, хлороген қышқылы); дитерпендер (басты компоненттері – карносол қышқылы, розманол, саффисинолид); флавоноидтар (апигенин- және лютеолин-7-глюкозоидтерді, метоксилденген агликиндер қатарын, оның ішінде генкванин-6-метил эфирін қоса алғанда;) тритерпендер (басты компонент – урсолик қышқылы) бар.

Сәлбен қабынуға қарсы, дезинфекциялайтын, тұтқырлайтын, қан тоқтататын, қақырық түсіретін, антисептикалық қасиеттерді иеленген.

Қолданылуы

Мыналардың кешенді ем кезінде шаю үшін

- ауыз қуысы ауруларында

- ларингиттерде

- трахеиттерде

- фарингиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

1-2 сүзгі – пакетке 150-200 мл қайнаған су құйып, 15-20 минут тұндырады. Күніне 5 рет 2-3 сағат сайын шаю керек.

Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

1 г препараттан өндіруші кәсіпорынның тауар белгісімен жазбасы бар бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакетке салынған.

Бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакеттің полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған пакетке салынуына жол беріледі.

20 сүзгі - пакет немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған пакеттердегі 20 сүзгі-пакет медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынады.

Қорапша полипропилен үлбірмен немесе полиэтиленнен немесе полимер және біріктірілген материалмен жабындалып, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

470749571477976227_ru.doc 48 кб
087850241477977478_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники