Череды трава

МНН: Череды трава
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020787
Информация о регистрации в РК: 09.09.2014 - 09.09.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Итошаған шөбі

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп

Құрамы

Препараттың бір пәшкесінің ішінде

белсенді зат: 50,0 г итошаған шөбі

Сипаттамасы

Сүзгі арқылы өтетін диаметрі 7 мм жапырақтардың, сабақшалардың, гүлтүйнектері мен гүлдердің түйірлері. Түсі жасыл, қоңырлау-жасыл немесе жасылдау-күлгін, бозғылт-сары теңбілдері бар. Иісі әлсіз. Дәмі ащылау, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D11AX

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік текті зат; Итошаған шөбінің құрамында мынадай белсенді заттар бар: эфир майы, иіткіш заттар - полифенолдар, аскорбин қышқылы, каротин, флавоноидтар, микроэлемент – атап айтқанда марганец. Итошаған шөбінің несеп айдайтын, тер шығаратын, қабынуға қарсы қсиеттері бар.

Қолданылуы

- балалардағы баздану мен диатездерде

- ересектердегі қышынумен жүретін дерматоздарда

- түрлі тері ауруларында (фурункулездер, аллергиялық сипаттағы тері бөртпелері, экзема, себорея, нейродерматиттер)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған.

10 грамм (2 ас қасық) шикізатты эмаль ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды, қақпағын жабады және су бұлауында 15 минут бойы қыздырады, бөлме температурасында 45 минут бойы салқындатады, сүзіп алады. Қалған шикізатты сығып алады. Алынған тұнба көлемін қайнаған сумен 200 мл дейін жеткізеді. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтайды. Ауырған жерге сулап тарту үшін, бұлау үшін қолданады. Әр 10л суға 1 стақан тұнба қолданылады.

Емдеу курсын дәрігер әр науқас үшін жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек. Қолданар алдында шайқау қажет.

Балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Препараттың автокөлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г дәрілік өсімдік шикізаты полиэтилен пакеттерде, фирмалық картон қорапқа салынған, оларға медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың мәтіні жазылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Жамбыл филиалы,

Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би даңғылы, 3

Тел/ факс 8(7262) 45-63-12

E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ықш. ауд., 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., 18 ықш. ауд., 54/12

Тел/ факс 8(7252) 55-60-82; 55-60-89

Е-mail: office@ecopharm.kz

Прикрепленные файлы

044084941477976653_ru.doc 43 кб
326832431477977797_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники