ЦитраФлит

МНН: Лимонная кислота, Магния оксид, Натрия пикосульфат
Производитель: Casen Recordati, S.L.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Натрия пикосульфат в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023958
Информация о регистрации в РК: 18.07.2024 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 11205/22
Информация о регистрации в РБ: 27.12.2022 - 27.12.2027
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

ЦитраФлит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ

Құрамы

Бір сашенің ішінде

Натрий пикосульфаты 10.0 мг

Жеңіл магний тотығы 3.500 г

Сусыз лимон қышқылы 10.970 г

Қосымша заттар түйіршіктелген калий гидрокарбонаты, натрий сахарині, лимон хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Лимон дәмі және иісі бар ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жүйесі және зат алмасу. Іш қатуларын емдеуге арналған препараттар. Жанаспалы іш жүргізетін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген натрий пикосульфатыАТХ коды A06AB58

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Әсер етуші заттың екеуі де жуан ішекте жергілікті әер етеді және олардың бірі де қандай да бір анықталатындай мөлшерде сіңірілмейді. Бүйрек функциясы қатты төмендеген пациенттерде плазмада магний жинақталуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

ЦитраФлиттің белсенді компоненттері - натрий пикосульфаты, жуан ішекте жергілікті әер ететін іш жүргізетін дәрі және магний цитраты, ол жуан ішекте ылғалды ұстай отырып, осмостық іш жүргізгіш ретінде әсер етеді. Препараттың әсер ету механизмі радиография, колоноскопия немесе хирургиялық операция алдында ішекті тазарту үшін перильстатиканы көтермелеумен біріктірілімде қатты «шайылуда» болып табылады. Препарат іш жүргізетін дәрі ретінде тұрақты қолдануға арналмаған.

Қолданылуы

- ішектің тазартылуын талап ететін диагностикалық емшаралар алдында ішекті тазарту үшін: колоноскопия немесе рентгендік тексеру.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пероральді қолдану.

18 жастағы және одан үлкен ересектерге (егде пациенттерді қоса).

Бір сашені емшара қарсаңында кешке, екінші сашені – егер емшара сол күнге жоспарланса емшара жасалатын күні таңертең қабылдайды. Бірінші сашеден кейін кемінде 5 стақан мөлдір сұйықтық (мөлдір сорпаны, шырын және басқа да сұйықтықты қоса) ішу қажет. Екінші сашені қабылдағаннан кейін кемінде 3 стақан сұйықтық қажет.

Егер емшара ерте таңға жоспарланса 1 сашені кешкі 18.00-де, ал екінші сашені кешке түнге қарай қабылдайды.

Екі сашені қабылдау арасында кемінде 5 сағат өтуі тиіс.

Сұйылту тәсілі: Бір сашенің ішіндегісін бір шыны суда (150 мл-ге жуық) сұйылтады. Алынған ерітінді – бұлыңғыр. 2-3 минут бойы араластырып, ішіңіз. Егер ол ыстық болса, ішу үшін жеткілікті салқындағанға дейін күтіңіз.

Жағымсыз әсерлер

Өте жиі

- іштің ауыруы

Жиі

- ұйықының бұзылуы

- бас ауыруы

- ауыздың құрғауы, жүрек айнуы

- іш кебуі, анустың жайсыздығы, прокталгия

Жиі емес

- бас айналуы

- ортостаздық гипотензия

- құсу

- нәжісті ұстай алмау

Сирек

- анафилактоидтық реакциялар

- жоғары сезімталдық

Өте сирек

- гипонатриемия- эпилепсия, үлкен құрысу ұстамалары, құрысулар, сананың шатасуы- ішек кебуі - бөртпе (эритематоздық және макуло-папулёздік бөртпені қоса), уртикарлық бөртпе, қышыну, гемморагиялық бөртпе

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарататың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.

- жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, қатты сусыздану, гипермагниемия

- асқазанда іркілу, асқазан-ішек ойықжарасы, уытты колит, уытты мегаколон, жүрек айнуы және құсу, асцит,

- құрсақ қуысының жедел хирургиялық аурулары, жедел аппендицит,

ішектің бітелуі

- ас қорыту жолының жедел қабыну аурулары

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іш жүргізетін дәрі ретінде ЦитраФлит астың асқазан-ішек жолымен тасымалдау жылдамдығын жоғарылатады. Ішке қабылданатын басқа препараттардың (мысалы, құрысуға қарсы дәрі, контрацептивтер, диабетке қарсы препараттар, антибиотиктер) сіңірілуі ЦитраФлитті қолдану кезінде өзгеруі мүмкін. Тетрациклиндік антибиотиктер және фторхинолондер, сондай-ақ пеницилламинді магниймен хелацияға жол бермеу үшін ЦитраФлитті қолданудан кемінде 2 сағат бұрын және 6 сағат кейін қабылдау керек.

ЦитраФлиттің тиімділігі ішек ішіндегісінің көлемін ұлғайтатын іш жүргізгіштердің әсерімен төмендейді.

Гипокалиемия туындатуы мүмкін препараттар (мысалы, диуретиктер немесе кортикостероидтар немесе гипокалиемияда ерекше қауіп төндіретін препараттар, мысалы, жүрек гликозидтері) қабылдаған пациенттерге қатысты сақтық таныту керек. Сондай-ақ ЦитраФлитті ҚҚСП немесе диурезге қарсы гормонның адекватты емес секрециясы синдромын туындатуы мүмкін дәрілік препараттар, мысалы, трициклдық антидепрессанттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, антипсихоздық препараттар және карбамазепин қабылдайтын пациенттерге де сақтық таныту керек, өйткені бұл препараттар суды ұстап қалуды және/немесе электролиттік теңгерімсіздіктің туындау қаупін арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

ЦитраФлитті іш жүргізетін дәрі ретінде үнемі қолданбаған жөн.

Сирек жағдайларда ЦитраФлит әлсіреген немесе егде пациенттерде ауыр немесе потенциальді өлімге әкелетін электролиттік теңгерімнің бұзылуына әкелуі мүмкін. Осылайша, қауіп тобындағы пациенттерде ЦитраФлитпен емдеуді бастар алдында пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет.

ЦитраФлитті пациенттерге белгілі қарсы көрсетілімдерге қатысты тағайындағанда ерекше назар аудару керек және жойылған сұйықтықтың тиісінше орнын толтыру маңыздылығына және қауіп тобындағы пациенттерде - электролиттердің бастапқы деңгейін бақылау және емдеуден кейінгі электролиттер деңгейін бақылау маңыздылығына ерекше көңіл аудару керек.

Егде және әлсіреген пациенттер, сондай-ақ гипокалиемия немесе гипонатриемия қаупі бар пациенттер ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

ЦитраФлит су және/немесе электролиттік теңгерімінің бұзылғаны белгілі пациенттерде және су және/немесе электролиттік теңгерімге ықпал етуі мүмкін қандай да бір дәрілік препараттар, мысалы, диуретиктер, кортикостероидтар, литий қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Препаратты сондай-ақ, аз уақыт бұрын асқазан-ішек жолына хирургиялық операция жасалған немесе бүйрек жеткіліксіздігі, жеңіл немесе орташа дәрежедегі сусыздануы, гипотензиясы немесе жүрек ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Ішекті тазарту кезеңі 24 сағаттан аспауы тиіс, өйткені ұзақ дайындау су және электролиттік теңгерімнің бұзылу қаупін жоғарылатуы мүмкін.

ЦитраФлит жүйелі қабылданатын пероральді препараттардың сіңірілуін өзгертуі мүмкін, сондықтан оны сақтықпен қолдану керек, мысалы, бұрын эпилепсиясы бақыланған құрысуға қарсы препараттар қабылдаған пациенттерде сирек құрысу жағдайлары туралы хабарланды.

Бұл препараттың құрамында бір сашеде 5 ммоль (немесе 195 мг) калий бар. Мұны бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге немесе калий мөлшері бақыланатын диетадағы пациенттерге қатысты ескеру қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

ЦитраФлит шаршауды және бас айналуын туындатуы мүмкін, ол сусыздану нәтижесінде болуы ықтимал және бұл жеңіл немесе орташа дәрежеде көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Артық дозалануы

ЦитраФлитпен немесе натрий пикосульфаты және магний цитраты сияқты ұқсас біріктірілімдермен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбады. Алайда, оның әсер ету режиміне байланысты ЦитраФлитпен артық дозалану сусызданумен және электролиттердің жойылуымен болатын профузиялық диареяны туындатуы мүмкін. Сусыздану сондай-ақ ортостаздық гипотензияға және бас айналуына әкелуі мүмкін. Сусыздану және электролиттік теңгерімнің бұзылуын сұйықтық пен электролиттер арқылы жою қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат үш қабатты пакеттерге салынады.

2 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2,5 жыл

Сұйылтқаннан кейін жылдам пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Casen Recordati, S.L., Испания

Autovia de Logrono, km. 13,300

50180 UTEBO (Zaragoza) Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Casen Recordati, S.L., Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан

тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25

e-mail: fic_kz@ficmedical.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_ЦитраФлит_рус.doc 0.05 кб
ИМП_Цитрафлит_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ