Ципоксил (Ciclopirox)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Ципоксил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циклопирокс
Дәрілік түрі, дозалануы
Тырнаққа арналған дәрілік лак 80 мг/г, 3 г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Тері ауруларын емдеуге арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Жергілікті қолдануға арналған басқа да зеңге қарсы препараттар.Циклопирокс.
АТХ D01AE14
Қолданылуы
Матрикстің (тырнақ ұясының) қатысуынсыз және дерматофиттер және/немесе Циклопирокске сезімтал басқа зеңдерден туындайтын әлсізден орташа дәрежедегі онихомикозды емдеудегі бірінші кезектегі зат.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді компонентке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Әр қолданғаннан кейін ерітіндінің булануын болдырмас үшін Циклопирокс лагы бар бөтелкені тығыз жабық сақтау керек. Тығын бөтелкеге жабысып қалмас үшін, бөтелкенің бұрандалы ойықтарына лак ерітіндісінің тиуін болдырмау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы ескертулер
Циклопироксты тек тырнаққа жағу керек. Көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмау керек.
Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.
Онихомикозды жергілікті емдеудің барлық әдістеріне бірнеше тырнақтар әсер етсе (> 5 тырнақ), немесе тырнақтың тырнақ табақшасының үштен екісінен көп бөлігі зақымдалса немесе қант диабеті және иммунитеттің әлсіреуі сияқты факторлар болса, жүйелік емді қосудың мүмкіндігін қарастыру керек.
Ауру тарихында инсулинге тәуелді қант диабеті немесе диабеттік нейропатиямен ауыратын пациенттерде аяқтағы зақымдалған тырнақты денсаулық саласындағы маман немесе өңдеу жасағанда пациенттің өзі қайтымсыз алып тастау қаупін мұқият қарастырған жөн.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ципоксил препаратын жүктілік және емшек емізу кезінде пациенттердің осы тобында клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ципоксил препараты тек ересектерге арналған.
Балаларда қолдану тәжірибесі жоқ.
Жергілікті қолдануға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Егер басқаша көрсетілмесе, Ципоксилді бірінші ай бойы екі күнде бір рет қолдану ұсынылады. Екінші айда қолдануды кем дегенде аптасына екі ретке дейін азайтуға болады; үшінші айдан бастап лак аптасына бір рет жағылады.
Препарат зақымдалған тырнаққа жұқа қабатпен жағылады, бұл тырнақтың белсенді ингредиентпен қанығуын қамтамасыз етеді.
Емдеуді бастар алдында зақымдалған тырнақтардың өсіп кеткен бөліктерін тырнаққа арналған тістеуікті, тырнаққа арналған егеуішті немесе қайшыны пайдаланып алып тастау ұсынылады.
Емдеу курсы бойы дәрілік лак тырнақтардан аптасына кем дегенде бір рет лакты кетіруге арналған құралмен толығымен алынып тасталуы керек, өйткені ұзақ емдеу кезінде бұл белсенді ингредиенттің енуіне кедергі келтіруі мүмкін. Бұл кезде зақымданған тырнақтың өскен бөліктерін де, өсу қарқынына қарай алып тастау ұсынылады.
Инфекция жұққан тырнақтарға арналған гигиеналық материалды, әсіресе егеуішті, қайта пайдалану ұсынылмайды, әсіресе сау тырнақтарға.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу клиникалық және микологиялық тұрғыдан тырнақтар сау болып көрінгенге дейін толық емделгенге дейін ұзартылуы керек. Емдеу ұзақтығы зақымдану дәрежесіне байланысты, бірақ алты айдан асырмау ұсынылады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Белгісіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемесіне және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Препаратты ұзақ уақыт пайдалану жергілікті реакциялардың байқалуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек. Өте сирек жағдайларда, Циклопирокспен тікелей байланыста болатын ауру тырнақтың айналасындағы терінің қызаруы және қабыршақтануы хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір грамм құрамында
белсенді зат - циклопирокс 80 мг,
қосымша заттар: этилацетат, изопропанол, метоксиэтен.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссізден ақшыл-сары түске дейін, этил ацетатына тән иісі бар өте ұшпа мөлдір ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
3 г препараттан тырнаққа лак жағуға арналған жаққышы бар қақпақпен тығындалған мөлдір, түссіз шыны құтыда.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 6 ай бойы пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
Лабораториоз СЕРРА ПАМИЕЗ, С.А.
Кастельвель тас жолы, 24, 43206 Реус (Таррагона), Испания
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ИНТЕЛИ ГЕНЕРИКС НОРД» ЖАҚ
Шейминишкю к-сі 3, LT-09312, Вильнюс қ., Литва
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«TV-Pharma» ЖШС
Алматы қ., Жетісу 3 ы.а., 1 үй, 7 пәтер
Тел/факс: + 7 (727) 376-8082
Эл. пошта: Valera.tv.pharma@gmail.com