Хондрофлекс

МНН: Глюкозамин, Хондроитина сульфат
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013471
Информация о регистрации в РК: 06.05.2019 - 06.05.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Хондрофлекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

1 капсуланың құрамында

белсенді заттар – хондроитин сульфаты – 200 мг

глюкозамин гидрохлориді – 250 мг,

қосымша заттар: магний стеараты, лактоза,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы Е-171, глицерин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты, күн батар түстес сары Е-110, желатин

Сипаттамасы

Түбі жартылай сфералық цилиндр пішінді, корпусы ақ түсті және қызыл сары түсті қақпақшасы бар, № 0 қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – сарғыш реңді ақ түстен сұрғылт реңді ақшыл-сары түске дейінгі кристалды және аморфты ұнтақтар қоспасы.

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М09АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде АІЖ 90 -ы сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы – 3-4 сағаттан кейін, синовиальді сұйықтықта – 4-5 сағаттан кейін пайда болады.

Синовиальді сұйықтыққа қатысты биожетімділігі: хондроитин үшін – 13, глюкозамин үшін – 25 (бауыр арқылы «алғаш өту» әсері білінеді). Тіндерге таралған кезде барынша жоғары концентарциясы бауырда, бүйректе және буын шеміршегінде анықталған. Қабылданған дозаның 30 жуығы сүйек пен бұлшықет тіндерінде ұзақ уақыт персистирленеді. Т1/2 – 6-8 сағат. Көбінесе өзгермеген күйінде несеп арқылы, ішінара – нәжіс арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Хондрозаминнің фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін хондроитин сульфаты және глюкозамин гидрохлоридімен қамтамасыз етіледі.

Хондроитин сульфаты сүйек және шеміршек негізгі заттарының ажырамайтын компоненті болып табылады. Глюкозамин гексозаминнің ізашары, гликозаминогликандар синтезі үшін қажет.

Хондроитин сульфаты және глюкозамин гидрохлориді ауыру синдромы айқындығының азаюы мен буындар қызметтік қабілетінің жақсаруына ықпал етеді.

Хондроитин сульфаты мен глюкозамин гидрохлоридінің біріктірілімі айқын және ұзақ клиникалық әсерді қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

    • I-III дәрежелі біріншілік және екіншілік остеоартритте, остеопорозда, пародонтопатияда

    • иықжауырын периартритінде, остеохондрозда, спондилезде, тізе үстінің хондромаляциясында

    • сынықтарда (сүйектік мүйізгектің пайда болуын жылдамдату үшін)

    • буындар мен омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер аздаған су мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды, емнің басында – 2 капсуладан тәулігіне 2-4 рет, бір ай емдегеннен кейін дозаны тәулігіне 1-2 рет 2 капсулаға дейін азайтуға болады.

Дозалаудың тиімді тәртібін дәрігер белгілейді. Қабылдау ұзақтығы – 1,5-3 ай.

Тұрақты емдік әсеріне кем дегенде 6 ай қабылдағанда қол жетеді.

Жағымсыз әсерлері

    • АІЖ функциясының бұзылуы (жүрек айнуы, іш тұсының ауыруы, метеоризм, диарея/іштің қатуы)

    • бас айналу

    • терінің аллергиялық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

    • препараттың кез келген компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар)

    • фенилкетонурия

    • бүйрек қызметінің айқын бұзылуы

    • 18 жасқа дейінгі балалар

    • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Біріктіріп қолданған кезде АІЖ-ден тетрациклиндердің сіңуін күшейтеді және пенициллиндер мен хлорамфениколды азайтады. ҚҚСД және глюкокортикоидтармен үйлесімді. Қабылдау фонында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге қажеттілік төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Дәрігер ұсынған дозалардан асырмау керек. Пародонтопатияның әр түрлі формаларында емдеу курсын кем дегенде 3 айға жалғастырған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: АІЖ қызметінің бұзылуы (жүрек айнуы, іш тұсының ауыруы, метеоризм, диарея/іштің қатуы), бас айналу, терінің аллергиялық реакциялары

Емі: симптоматикалық, асқазанды шаю

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 15оС-ден 25оС-ге дейінгі температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қаласы, а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Рахметова» ЖК, ҚР, 050026, Алматы қ., Байзақов к-сі, 116 үй, 35 пәтер

тел.: +7 777324-23-37

e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

 

Прикрепленные файлы

865509531477976796_ru.doc 47.5 кб
179657261477977962_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники