Хлоргексидин биглюконаты (Хлоргексидин)

МНН: Хлоргексидин диглюконата
Производитель: Мicrohim
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025132
Информация о регистрации в РК: 12.08.2021 - 12.08.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Хлоргексидин биглюконат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі, дозалануы

Сыртқа қолдануға арналған 0,05 % 100 мл ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер. Хлоргексидин

АТХ коды D08AC02.

Қолданылуы

- оториноларингология және стоматологияда жара беткейлерін операциядан кейін өңдеу

- стоматологияда (гингивит, стоматит, күлдіреуіктер, пародонтит, альвеолит), хирургияда, урологияда, акушерлікте және гинекологияда іріңдерді, күйік беттерін өңдеуге, терінің және шырышты қабықтардың бактериялық және зеңдік ауруларында

- жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (хламидиоз, уреаплазмоз, трихомониаз, гонорея, мерез, жыныс герпесі) профилактикасы

- инфекция жұқтырған терінің сыдыруларын және сызаттарын өңдеу үшін

- қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- аллергиялық реакцияларға бейімділік

- дерматиттер

- хлоргексидиннің жекелей жақпаушылығы

- 3 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препараттың миға, ми қабықтарына және барабан қуысына түсу қаупіне байланысты, препаратты ашық бассүйек-ми жарақаты, жұлынның зақымдары бар, барабан жарғақшасы тесілген  пациенттерге қолданбау керек.

Хлоргексидин биглюконаты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Препаратты сыртқа қолданған кезде оны сабын қалдығын мұқият жуып тастағаннан кейін, таза құрғақ теріге жағу ұсынылады.

Хлоргексидин биглюконаты конъюнктиваны өңдеу үшін және дене қуыстарын жуып-шаю, тереңдегі жараларды және күйіктерді өңдеу үшін пайдаланбаған жөн.

Препарат тиіп кеткен киімнің, онда қоңыр дақтардың түзілуі мүмкін болғандықтан, гипохлориттердің және белсенді хлор бөліп шығаратын басқа қосылыстардың әсеріне ұшырауына жол бермеу керек.

Көздің шырышты қабығына тиіп кеткен жағдайда көзді сумен тез және мұқият шайған жөн.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сабынмен, сілтілермен және басқа анионды қосылыстармен (коллоидтар, гуммиарабик, карбоксиметилцеллюлоза) фармацевтикалық үйлесімсіз.

Құрамында катион тобы (бензалконий хлориді, цетримоний бромиді) бар препараттармен үйлесімді. Бактериялардың хлорамфениколға, канамицинге, неомицинге, цефалоспориндерге сезімталдығын арттырады.

Этанол препараттың тиімділігін арттырады.

Егер сіз жоғарыда аталған немесе басқа дәрілік препараттарды (оның ішінде рецептісіз) қолдансаңыз, қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Инвазивті емшаралардан бұрын нәрестелерде хлоргексидин ерітіндісін (сулы немесе алкогольді) терінің антисептикасы ретінде қолдану химиялық күйіктің пайда болуының белгілі бір қаупімен байланысты. Кенеттен болған репортаж және әдеби деректер негізінде шала туған нәрестелерде, әсіресе хлоргексидин өмірінің алғашқы екі аптасында қолданылған 32 аптаға дейін туған балаларда тері реакцияларының жоғары қаупі анықталған. Инвазивті емшараларды бастамас бұрын, хлоргексидинге малынған барлық материалдарды алып тастау керек: бинттер, жаймалар, сүрткілер, халаттар және т.б. Ерітіндінің шамадан тыс мөлшерін пайдаланбаңыз. Пациенттің денесінің астындағы тері қатпарларында баланың терісімен тікелей байланыста болатын материалдарда ерітіндінің жиналуына жол бермеңіз. Егер бұрын хлоргексидинге ұшыраған теріге ауа өткізбейтін таңғыш (окклюзиялық таңғыш) қажет болса, оны қолданар алдында теріде хлоргексидиннің артық ерітіндісі жоқтығына көз жеткізіңіз.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала емізетін әйелдерге және жүкті әйелдерге, аллергиялық реакциялардың қаупі бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек!

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Хлоргексидин биглюконаты, 0,05% ерітіндіні ересектер мен 3 жастан асқан балаларға профилактикалық және емдік дәрі ретінде сыртқа және бүрку, шаю және аппликация түрінде жергілікті қолданады:

ЛОР және стоматология бөлімшелерінде науқастардың операциядан кейінгі күтімінде Хлоргексидин биглюконатын тәулігіне 2-3 рет шаю түрінде тағайындайды

Уретриттер мен уретропростатиттерді кешенді емдеу кезінде Хлоргексидин биглюконатын күніне 1-2 рет 2-3 мл-ден уретраға бүркиді.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

3-тен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге:

- стоматитті, гингивитті, күлдіреуікті, пародонтитті, альвеолитті емдеген кезде ауыз қуысының қабынған шырышты қабығына препаратқа малынған тампонмен тек апликация жасау қажет;

- тері жабындарын, жараларды және ойық жараларды өңдеген кезде тампонмен дымқылдайды және жараға немесе ойық жараға басады;

- қоғамдық орындарға (бассейндер, сауналар) барғаннан кейін бактериялық, зеңдік аурулардың жекелей профилактикасы үшін тампонмен дымқылдайды және сүртеді;

Егде жастағы пациенттер

Деректер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Деректер жоқ

Қолдану тәсілі

Жергілікті, сыртқа.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаған жағдайда емдейтін дәрігермен кеңесіңіз.

Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа немесе жаңа симптомдар туындаса, дәрігермен кеңесу керек.

Препаратты нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес ғана қолданыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін):

- 3-5 мин бойы қол терісінің жабысқақ болуы

Сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін):

- терінің құрғауы және қышуы

- дерматит

- тістердің боялуы

- тіс тастарының жиналып қалуы

- дәмнің бұзылуы (гингивиттерді емдеген кезде)

Өте сирек (<1/10000):

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

- фотосенсибилизация

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - 20% хлоргексидин диглюконаты  ерітіндісі - 0,0025 мл;

қосымша зат - тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссіз мөлдір немесе сәл жылтырайтын, иіссіз сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан шыныдан жасалған немесе бұралатын пластмасса қақпақтары немесе бүріккіш қондырмалары және қорғаныш қалпақшасы бар пластик құтыларда. Құтыларға өзі желімделетін заттаңбаларды немесе қағаздан жасалған заттаңбаларды желімдейді. Құтылар қазақ және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтармен бірге құтылардың саны бойынша гофрленген лентасы немесе бумалық қағаздан жасалған жапсырмасы бар топтық қорапқа немесе полиэтиленді жылу ұстап тұратын үлбірден жасалған топтық қаптамаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: (727) 222-24-96, +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: (727) 222-24-96, +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Microhim» ЖШС, Қазақстан, 050011, Алматы қ., Стасов к-сі. 70, тел.: (727) 222-24-96, +7 777 355 41 30, 572202@mail.ru

Прикрепленные файлы

ЛВ_каз_Хлоргексидин.docx 0.03 кб
ЛВ_рус_Хлоргексидин_170521_(2).docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники