ХЛОРГЕКСАЗОЛ

МНН: Хлорокрезол+Хлоргексидина биглюконат+Гексамидин диизетионат
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Хлоргексидин в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026380
Информация о регистрации в РК: 25.11.2024 - 25.11.2029

Инструкция

Саудалық атауы

ХЛОРГЕКСАЗОЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гексамидин диизетионаты, хлоркрезол, хлоргексидин диглюконаты

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар. Бигуанидтер және амидиндер. Басқа препараттармен біріктірілген хлоргексидин.

ATХ коды: D08AC52

Қолданылуы

ХЛОРГЕКСАЗОЛ шала туған нәрестелерде, жаңа туған нәрестелерде, емшектегі балаларда, жас балаларда, жасөспірімдер мен ересектерде негізінен бактериялық инфекциялардан зақымдаған тері мен шырышты қабықтарды тазарту үшін немесе салдарлық инфекцияның дамуына әкелуі мүмкін жағдайларда қолдануға арналған.

Ескертпе: антисептикалық препараттар теріні және шырышты қабықтарды стерилизацияламайды, олар микроорганизмдердің санын уақытша азайтады.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- хирургиялық араласым алдында сау теріні антисептикалық өңдеу үшін

(операция аумағының және тесілген, инъекцияланған немесе трансфузияланған жерлердің антисептикасы)

- медициналық және хирургиялық жабдықтарды дезинфекциялау үшін

- препараттың көзге, миға және ми қабықтарына түсуіне жол бермеу керек, сондай-ақ егер есту жарғағы тесілген болса, ол есту жолына түспеуі керек.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Трансдермальді сіңу туралы деректер болмаған жағдайда жүйелік әсерлердің қаупін жоққа шығаруға болмайды. Қайталап қолданған кезде, әсіресе антисептик беткейдің көп бөлігіне қолданылған кезде, оны жабатын киімнің астына қолданған кезде, зақымдалған теріге (әсіресе күйік бетіне), шырышты қабықтарға немесе жаңа туған немесе шала туған балалардың терісіне қолданған кезде (бұл дене беткейінің салмаққа қатынасы жоғары болғандықтан және жөргектердің окклюзиялық әсерінен болады) олардың болу ықтималдығы анағұрлым жоғары.

Гексамидиннен және ерітінді құрамында бар екі толтырғыштан болған жанаспалы дерматиттің (аллергиялық дерматитті қоса) жағдайлары туралы хабарланды. Күрделі симптомдар жағдайында ХЛОРГЕКСАЗОЛДЫ қолдануды тоқтату керек, және пациенттер ХЛОРГЕКСАЗОЛ препаратын одан әрі кез келген қолдану алдында дәрігермен кеңесуі тиіс.

Бұл дәрілік зат әсер еткеннен кейін бірнеше минуттың ішінде пайда болуы ықтимал, хлоргексидиннің болуына байланысты ауыр жайылған аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Антисептикалық препараты бар контейнердің ашылған сәттен бастап микробактериялық ластану ықтималдылығы бар.

Басқа да жуғыш заттар сияқты, пайдаланғаннан кейін сумен мұқият жуып-шаю қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесулер зерттеулері жүргізілген жоқ.Ықтимал өзара әрекеттесуді (антагонизм, белсенділігінің жойылуы және т. б.) ескере отырып, теріге жағуға арналған басқа дәрілерді бір мезгілде немесе бірізді қолданудан аулақ болу керек. Атап айтқанда, бұл өнім кәдімгі сабынмен бір мезгілде қолданылмауы тиіс.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік және лактация кезінде қолдану

Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қолданбас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде ХЛОРГЕКСАЗОЛ преператын қолданудан аулақ болған жөн.

Лактация кезеңі

ХЛОРГЕКСАЗОЛДЫ бала емізу кезеңінде қолдануға болады.

Сақтық шарасы ретінде бала емізу кезінде ХЛОРГЕКСАЗОЛДЫ емшекке жақпау ұсынылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ХЛОРГЕКСАЗОЛ көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Күніне 1-2 рет 7-15 күн бойы.

ХЛОРГЕКСАЗОЛ сұйық сабын ретінде сұйылтылмаған түрінде (концентрацияланған) немесе 1:10 қатынасында сумен сұйылтылғаннан кейін сыртқа қолдануға арналған.

Енгізу әдісі мен жолы

Өңделген жерлерді пайдаланғаннан кейін әрдайым сумен мұқият жуып отыру керек.

Сұйылтылмаған түрде: ХЛОРГЕКСАЗОЛ шағын зақымдану ошақтарына жағу арқылы сұйылтылмаған түрде қолданылады. Жағыңыз және сумен жақсылап шайыңыз.

Сұйылтылған түрде: ХЛОРГЕКСАЗОЛ ванна қабылдағанда терінің инфекцияланған жерлерін дайындалған ерітіндіге батырып немесе душ қабылдағанда терінің инфекцияланған зақымдануларын шаю үшін, сұйылтылған түрінде, сұйық сабын ретінде қолданылады. Қолданғаннан кейін сумен мұқият жуып-шайылады.

Сұйылтылған ерітіндіні сақтауға болмайды, оны дереу пайдалану керек.

ТЕК СЫРТҚА ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН. ИНЪЕКЦИЯЛЫҚ ЕНГІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ. ІШКЕ ЖҰТУҒА БОЛМАЙДЫ.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар болған жоқ.Емі

Байқаусызда жұтып қойған жағдайда асқазанды шаюға болмайды, өйткені ол көбік түзуші препарат. Дәрігерлер жалпы демеу шараларын қабылдауы керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар 

ХЛОРГЕКСАЗОЛ жағымсыз әсерлер туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

  • анафилаксиялық шок٭

  • аса жоғары сезімталдық٭

  • жанаспалы дерматит٭٭

  • көздің тітіркенуі٭٭٭

  • қолданған жердегі реакциялар (ауырсыну, қышыну, терінің ашытуын сезіну, терінің құрғауы, қызаруы, әсіресе қайталап қолданғанда)

٭Анафилаксиялық шокқа әкелуі мүмкін хлоргексидинге жайылған аллергиялық реакцияның қаупі. Егер жедел медициналық көмек көрсетілмесе, анафилаксиялық реакция өмірге қауіпті болуы мүмкін. Оның симптомдары мыналар болуы мүмкін: тыныс алудың қиындауы, беттің ісінуі, терінің қарқынды бөртпесі. Егер пациентте хлоргексидинге аллергиялық реакция пайда болған жағдайда, ол препаратты қолдануды дереу тоқтатып, тиісті медициналық көмекке жүгінуі тиіс.

٭٭ Гексамидинді қолдану аясында жанаспалы дерматит гуморальді иммунологиялық механизмдердің қатысуымен байқалатын Артюс реакциясын көрсететін спецификалық симптомдарды туындатады. Гексамидин сенсибилизацияны туындатуы мүмкін. Оның жиілігі терінің зақымдану дәрежесіне байланысты өзгереді. Оның клиникалық көрінісі әдетте жанаспалы экземаның қалыпты көрінісінен ерекшеленеді: бөртпе жиі инфильтрленеді және оқшауланған немесе топтастырылған жартылай сфералық папулалардан немесе папула-везикулярлы зақымданулардан тұрады. Антисептикті қолдану орнында өте көп және коалесцирлеуші бұл зақымданулар содан кейін жеке элементтерге таралады. Бұл реакциялар баяу регрессияға ұшырайды. Постмаркетингтік кезеңде тіркелген жанаспалы дерматит жағдайлары кокамидопропилбетаинмен және копро майлы қышқылдарының диэтаноламидімен, ерітіндідегі екі қосымша затпен байланысты болуы мүмкін.

Жанаспалы экзема (хлоргексидинге жергілікті аллергия қаупі), әсіресе зақымдалған теріге, шырышты қабықтарға немесе аяқтың ойықжараларына қолданған жағдайда. Жанаспалы экзема суперинфекциямен асқынуы мүмкін.

٭٭٭Көздің тітіркенуі: көзге кездейсоқ тигенде.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: гексамидин диизетионаты 0.1 г

хлоркрезол 0.3 г

хлоргексидин диглюконаты (20% ерітінді) 0.535 г (0.10 г)

қосымша заттар: динатрий эдетаты, кокамидопропилбетаин, кокодиэтаноламид, қылқан хош иістендіргіші, сүт қышқылы, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден ашық-сарғыш түске дейінгі, өзіне тән иісі бар тұтқыр сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл ерітінді тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыға құйылады.

Бір құтыдан өлшеуіш қақпағымен және медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., СП 289 (А), РИИКО Индл. Ареа Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Телефон: +91-1493-516561

Факс: +91-1493-516562

Электрондық пошта: info@kusum.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

Д-158A, Окхла Индастриал Ареа, Фаза-I, Нью-Дели 110020, Үндістан

Тел: +91-11-41005147

факс: +91-11-40527575

Электрондық пошта: info@kusum.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Қажы Мұқан көш., 22/5, «Хан Тәңірі» БО.

Тел/факс: 8(727) 295-26-50 

Тел/факс: 8(727) 295-26-50 

Электрондық пошта: phv@kusum.kz

Прикрепленные файлы

проект_ЛВ_Хлоргексазол.docx 0.05 кб
ЛВ_Хлоргексазол_каз._._._.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту