Фторурацил-Дарница

МНН: Фторурацил
Производитель: Дарница Фармацевтическая фирма ЧАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluorouracil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009779
Информация о регистрации в РК: 12.12.2011 - 12.12.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Фторурацил-Дарница

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фторурацил

Дәрілік түрі

5% 5 мл инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 50 мг фторурацил,

қосымша заттар: натрийдің гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары.

АТЖ коды L01B C02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гематоэнцефалдық кедергіні қоса, гистогематикалық кедергілер арқылы оңай өтеді және ағзаның тіндері (ісіктер, сүйек кемігі, бауыр) мен сұйықтарында (жұлындық, жасушадан тыс) таралады. Көктамыр ішіне енгізгенде фторурацилдің плазмадан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 16 минут (8-20 минут кеңдігінде) құрап, енгізілген дозаға байланысты болады. Тыныс алу жолдары арқылы (60-80%-ы көміртегі қостотығы түрінде) және бүйрекпен (шамамен 7-20%-ы өзгермеген күйде, 90%-ы бір сағат ішінде) шығарылады. Бір реттік дозаның 20%-дан азы 6 сағат ішінде өзгермеген күйде несеппен шығарылады (көктамырішілік енгізу). Фторурацилдің аздаған мөлшері өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Фторурацил пиримидиннің құрылымдық аналогтарына жатады және нуклеин алмасу антиметаболиті ретінде ісікке қарсы белсенділік танытады.

Ісікке қарсы белсенділігі фторурацилдің тіндерде белсенді метаболиттерге, соның ішінде 5-фтордезоксиуридинге және 5-фторуридинге айналуымен шартталған. 5-фтордезоксиуридин тимидилатсинтетазаны тежейді және дезоксиуридил қышқылының тимидилге айналу реакциясын бөгейді, бұл тимидин тапшылығына және ДНҚ синтезінің тежелуіне әкеледі. 5-фторуридин уридин орынына РНҚ-да орналасады, бұл РНҚ процессингінің және ақуыз синтезінің бұзылуына әкеледі.

Фторурацил эпителийлік жаңа түзілімдердің көбеюін бәсеңдетіп, аздаған шамада бездік тектегі ісіктерге әсер етеді.

Қолданылуы

- бірқатар қатерлі ісіктерді, соның ішінде тоқ ішектің және сүт безінің обырын басқа цитостатиктермен паллиативті моно- немесе біріктіріп емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Фторурацил-Дарницаны көктамырішілік инъекциялар немесе көктамырішілік инфузиялар немесе интраартериялық инфузиялар жолымен енгізеді.

Ересектер

Емнің тиісті дозасы мен сызбасын емделушінің ахуалына, емделуге тиіс обырдың түрі мен орналасуына, сондай-ақ Фторурацил-Дарницаның монотерапия ретінде немесе емнің басқа түрлерімен біріктіріп қолданылуына қарай әркімге жеке белгілейді.

Емдеуді стационар жағдайларында бастау қажет. Жалпы тәуліктік доза 1 г-ден аспауға тиіс.

Әдетте дозаны емделушінің 1 кг дене салмағына есептеу арқылы анықтайды, алайда едәуір шамадан артық дене салмағы, ісінулері, асциті мен ағзадағы сұйықтықтың аномалиялық іркілісінің басқа түрлері бар науқастарда дозаны дененің таза салмағының 1 кг-сіне есептеп белгілейді.

Науқастарға келесі жағдайларда дозаны азайту ұсынылады:

1. Кахексия.

2. Алдағы 30 күн ішіндегі ауыр хирургиялық операция.

3. Сүйек кемігі қызметінің нашарлауы.

4. Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылуларының болуы.

Ересектерге арналған дозалар

Фторурацил-Дарницаны монотерапия түрінде қолдану үшін ұсынылатын режим.

Емдеудің басталуы.

Фторурацил-Дарницаны емнің бастапқы курсы кезінде инфузия немесе инъекция жолымен енгізуге болады. Инфузия дұрыс, өйткені осы енгізу тәсілінде уыттану әсерлері аз білінеді.

Көктамырішілік инфузия

1 кг дене салмағына15 мг, бірақ инфузияға 1 г-ден көп емес, 500 мл 5% глюкоза ерітіндісінде немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, 4 сағат бойы минутына 40 тамшыдан көктамырішілік инфузия жолымен енгізеді.

Баламалы тәуліктік дозаны 30-60 минут бойы инфузия арқылы немесе үздіксіз 24-сағаттық көктамырішілік инфузия арқылы енгізуге болады. Келесі күндері препаратты дәл сол дозада уыттану әсерлері пайда болғанша немесе жалпы доза 12-15 г-ге жеткізілгенше енгізеді.

Көктамырішілік инъекция

Фторурацил-Дарница 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен сұйылту қажет.

Фторурацил-Дарницаны басқа препараттармен бір инфузиялық ерітіндіде араластыруға болмайды. Көктамыр ішіне 2-3 минут ішінде баяу енгізеді. 3 күн бойы 1 кг дене салмағына 12 мг-ден күнделікті енгізуге болады. Уыттану әсерлерінің нышандары болмағанда тағы 3 күн бойына келесі үш дозада 1 кг дене салмағына 6 мг дозада енгізуді баламалы жалғастыруға болады.

Баламалы режим – аптасына 2 рет бір реттік көктамырішілік енгізілетін 1 кг дене салмағына 15 мг.

Интраартериялық инфузия

1 кг дене салмағына тәуліктік 5-7,5 мг дозаны үздіксіз 24-сағаттық интраартериялық инфузия арқылы енгізеді.

Демеуші ем

Демеуші емді препараттың уытты әсерлері жоғалғаннан кейін ғана бастауға болады. Фторурацил-Дарницамен емдеудің бастапқы курсын соңғы дозаны алғаннан кейін 4-6 аптадан соң қайталауға немесе баламалы емделуді әріқарай аптасына дене салмағына 5-15 мг/кг көктамырішілік енгізумен жалғастыруға болады.

Осы бірізділік емдеу курсын құрайды. Кейбір емделушілер курсына препараттың 30 г-сіне дейін, тәулігіне 1 г-ден (ең жоғары тәуліктік доза) алған. Ең қазіргізамандық баламалы әдіс бүкіл емдеу курсы бойына аптасына 1 рет көктамырішілік 1 кг дене салмағына 15 мг дозаны қолдану болып табылады. Бұл препаратты күн сайын қолдану қажеттілігін жояды.

Радиотерапиямен біріктіргенде

Емделушілердің өкпесінде метастаздың кейбір түрлері болғанда және қайталанған операбельді емес жаңа түзілімдер туғызған ауыруды басу үшін препараттың стандартты дозаларын радиотерапиямен біріктіріп қолдануға болады.

Егде жастағы емделушілер

Дозаны реттеу қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Ең көп кездесетін жағымсыз әсерлері диарея, жүрек айну болып саналады. Лейкопения да өте жиі байқалады. Төменде ұнамсыз әсерлері сипатталған.

Жиілігінің бағалануы: өте жиі ( 1/10), жиі ( 1/100,  1/10), жиі емес ( 1/1000,  1/100), сирек ( 1/10 000,  1/1000), өте сирек ( 1/10 000).

Өте жиі

- жұқпалар

- лейкопения, миелосупрессия, нейтропения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, анемия, панцитопения

- иммуносупрессия, шартты патогенді жұқпалардың дамуы

- диарея, жүрек айну, құсу, шырышты қабықтың қабынуы, стоматит

- алопеция, алақан-табан эритродизестезиясы

- қызба, қажығыштық

Жиі

- конъюнктивит

- кеуденің ауыруы, тахикардия,ЭКГ өзгерістері, стенокардия

Жиі емес

- сепсис

- гиперурикемия

- сілекейдің көп ағуы, дакриостеноз (мұрын-жас ағу өзегінің тарылуы), көрудің нашарлауы, фотофобия, диплопия, көрудің төмендеуі, блефарит, эктропион (қабақтың айналып кетуі), көру жүйкесінің невриті

- мұрыннан қан кету, диспноэ, бронх түйілуі, мұрын сүйектерінің некрозы

- асқазанның ойық жарасы, асқазан-ішектік қан кетулер және тесілулер

- бауыр қызметінің бұзылуы

- дерматит, гиперпигментация, гипопигментация, тырнақ қабаттарының өзгеруі, тырнақтар депигментациясы мен гиперпигментациясы, тырнақтар дистрофиясы, тырнақ көбесінің қабынуы, тырнақ дегенерациясы, тырнақ көбесінің ауыруы, тырнақтардан ішінара айырылу, онихолизис, экзантема, есекжем, фотосезімталдық, құрғау, жарылу, эрозиялар және тері қышымасы

- тромбофлебит, дегидратация, көктамырлардың кеңеюі

Сирек

- агранулоцитоз

- тироксиннің (Т4) жалпы мөлшерінің артуы, трийодтирониннің (Т3) жалпы мөлшерінің жоғарылауы

- сананың шатасуы

- атаксия, экстрапирамидалық бұзылулар, мишық бұзылыстары, церебральді бұзылулар, қыртыстық бұзылулар, нистагм, бас ауыруы, вертиго, паркинсон тәрізді синдром, пирамидалық белгілер, эйфория, лейкоэнцефалопатия, сөйлеудің бұзылуы, афазия, құрысулар, кома, көру жүйкесінің зақымдануы, шеткергі нейропатия

- аритмия, миокард инфарктісі, миокардит, жүрек жеткіліксіздігі, кардиомиопатия, жедел жүрек жеткіліксіздігі, жүрек соғуын сезіну, жүректің тоқтауы, жүректен болатын оқыс өлім; васкулит, Рейно синдромы, ми ишемиясы, қарыншалық ишемия, шеткергі ишемия, тромбоэмболия

- бауыр некрозы

Өте сирек

- анафилактикалық реакциялар, анафилактикалық шок.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- фторурацилге немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- сәулелі емнен кейін немесе басқа ісікке қарсы дәрілермен емдеуден кейін сүйек кемігінің сарқылуы немесе бәсеңдеуі

- шеткергі қан құрамының айқын өзгерістері: лейкоциттер деңгейі 4х109/л төмен, тромбоциттер деңгейі 150х109/л төмен

- бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

- мальабсорбция синдромы

- ауыр жұқпалы аурулар

- ауыз қуысы және асқазан-ішек жолы шырышты қабығының ойық жаралануы

- жалған жарғақшалы колит

- ауыр диарея

- қатты жүдеу

- қан плазмасындағы билирубиннің 85 мкмоль/л-ден көп деңгейі

- фторурацилмен емделу кезеңіндегі белсенді вакцинация

- қандай да бір орналасымнан қан кету

- қатерсіз ісіктерді емдеу үшін

- бривудинмен, соривудинмен немесе олардың аналогтарымен бір мезгілде қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік кезең

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вирусқа қарсы препараттар: бривудин, соривудин және олардың аналогтары – фторурацилді бұзатын дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) ферментінің тежегіштері.

Ісікке қарсы басқа препараттар, кальций фолинаты, хлордиазепоксид, дисульфирам, гризеофульвин, изониазид – бір мезгілде қолданғанда фторурацилдің тиімділігі мен уыттылығы артады.

Митомицин – бір мезгілде ұзақ қолдану гемолитико-уремиялық синдромның даму қаупін күшейтеді.

Микробқа қарсы және ойық жараға қарсы препараттар – бір мезгілде қолданғанда фторурацилдің метаболизмін тежейді және плазмалық концентрациясын, әсер ету ұзақтығын және уыттылығын ұлғайтады.

Метотрексат, метронидазол, лейковорин, аллопуринол, алонуринен, циметидин – бір мезгілде қолданғанда фторурацилдің ісікке қарсы әсері мен уыттылығын биохимиялық тұрғыда түрлендіреді.

Циметидин – қан плазмасындағы фторурацил концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.

Варфарин – фторурацилмен бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының және халықаралық қалыптанған арақатынастардың (INR) ұлғаюы байқалады.

Фенитоин – фторурацилмен бір мезгілде қолданғанда фенитоиннің уыттылығы артады.

Флуоракрил – агранулоцитоздың даму қаупі артатындықтан фторурацилмен қолданбау керек.

Левамизол – фторурацилдің гепатоуыттылығын күшейтуі мүмкін.

Тиазидтер – ісікке қарсы препараттардың миелоуыттылығын күшейтуі мүмкін.

Гемцитабин – фторурацилдің жүйелі көрінісін жоғарылатуы ықтимал.

Фторурацилді басқа цитоуытты препараттармен (циклофосфамидпен, винкристинмен, цисплатинмен, доксорубицинмен), α-интерферонмен немесе фолин қышқылымен қосып қолданған жағдайда емнің тиімділігі мен уыттылығы артады.

Фторурацилмен емдеудің алдында немесе емдеу кезінде аминофеназон, фенилбутазон және сульфонамидтер қабылдауға болмайды.

Фторурацил-Дарницамен емделген кезде науқастың өзіне де, онымен байланыста болатын тұлғаларға да тірі вирустық вакцинамен вакцинациялау жүргізуге болмайды, нәтижесінде иммуносупрессия жағдайында вирус белсенділеніп кетуі мүмкін.

Кальций фолинатымен, карбоплатинмен, цисплатинмен, цитарабинмен, диазепаммен, доксорубицинмен, дроперидолмен, галлий нитратымен, метотрексатпен, метоклопрамидпен, морфинмен, ондансетронмен, парентеральді қоректенуге арналған өнімдермен, винорельбинмен, антрациклиндермен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

Фторурацил-Дарницамен емдеу антиметаболиттерді қолдану тәжірибесі бар білікті онколог-дәрігердің бақылауымен атқарылуға тиіс.

Науқастар стационар жағдайларында емделу керек.

Фторурацил-Дарницамен талапқа сай емдегенде, әдетте, лейкопения дамиды. Лейкоциттердің аздаған мөлшері, әдетте, емдеудің алғашқы курсының 7-ші және 14-ші күні арасындағы кезеңде білінеді, бірақ кейде 20 күннен кейін де аздап байқауға болады. Лейкоциттер мөлшері, әдеттегіше, 30-күнге қарай қалпына келеді.

Тромбоциттер мен лейкоциттер мөлшерін күн сайын бақылап, тромбоциттер мөлшері 100109/л-ден аз, лейкоциттер 3109/л-ден аз деңгейге азайған жағдайда емдеуді тоқтату ұсынылады. 2109/л-ден аз лейкоциттер мөлшері азайғанда, әсіресе гранулоцитопения болғанда емделушілерді ауруханалық оқшаулағышқа жатқызып, жүйелі жұқпалардың дамуын болдырмау шараларын қабылдау ұсынылады.

Стоматиттің немесе ауыз қуысындағы шырышты қабық ойық жарасының, ауыр диареяның, ас қорыту жолы ойық жарасының, асқазан-ішек жолынан қан кетудің алғашқы нышандары пайда болғанда, сонымен қатар кез келген орналасымдағы қан кетулер мен қан құйылуларда да емдеуді тоқтату қажет. Емдік және уытты дозалар арасындағы айырмашылық көп емес. Аздаған уытты әсерсіз емдік әсерге қол жеткізу ықтималдығы аз, сондықтан емделушілерді емге мұқият таңдап, дозаны іріктеу қажет.

Фторурацил-Дарницаны бүйрек немесе бауыр қызметінің бұзылулары, сондай-ақ сары ауруы бар науқастарға абайлап тағайындау керек. Препаратпен емдегенде баспа, ЭКГ өзгерістері, сирек сипатта миокард инфарктісі пайда болды. Алдыңғы емдеу курстары кезінде кеудесінің ауыруы пайда болған емделушілерді, сондай-ақ сыртартқысында кардиологиялық аурулары бар науқастарды емдегенде де сақ болу қажет.

Дегидропиримидиндегидрогеназа ферментінің тапшылығы бар науқастарда уыттану әсерлерінің ұлғаюы жөнінде хабарламалар болды.

ДПД ферменті Фторурацил-Дарницаның ыдырауында маңызды рөл атқарады. Бривудин мен соривудин сияқты нуклеозид аналогтары 5-флуороурацил немесе уыттану әсерлерімен қатар жүретін плазмадағы кез келген флуоропиримидин концентрацияларының жедел жоғарылауына себеп болуы мүмкін. Осы себептен Фторурацил-Дарницаны қолданудың және бривудин мен соривудинді, сондай-ақ олардың аналогтарын қолданудың арасындағы аралық 4 апта құрауға тиіс.

Фторурацил-Дарницамен емделіп жүрген емделушілерге бривудинді кездейсоқ қолданған жағдайда Фторурацил-Дарницаның уыттылығын азайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажет. Шұғыл емханаға жатуға кеңес беріледі. Барлық шаралар жүйелі жұқпаларды және дегидратацияны болдырмауға бағытталуға тиіс.

Фторурацилм-Дарницамен бір мезгілде фенитоинді қабылдайтын емделушілерді ұдайы бақылау орнату керек, өйткені плазмадағы фенитоиннің жоғарылау мүмкіндігі бар.

Жүктілік, лактация

Препаратты қолдану жүктілік кезеңінде қолдануға мүлде болмайды. Емделу кезінде бала емізуді тоқтату қажет.

Балалар.

Балаларды емдеуге қатысты нұсқаулар жоқ, сондықтан препаратты педиатриялық тәжірибеде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлікті басқаруды және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жеделдігін талап ететін қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен айналысуды қоя тұру қажет.

 

Артық дозаланғанда

Белгілері: жүрек айну, құсу, диарея, асқазанның ойық жарасы және қан кету, сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі (тромбоцитопенияны, лейкопенияны және агранулоцитозды қоса).

Емі: арнайы у қайтарғысы белгісіз. Артық дозалануға ұшыраған емделушілерге 4 апта ішінде қан талдауын жүргізу қажет. Егер артық дозалану белгілерінің көріністері жалғаса берсе, тиісінше ем жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден жарықтан қорғалатын шыныдан жасалған ампулаларда.

5 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге полистиролды лентадан немесе поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға (таспаға) салады. Екі пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салады.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулаларды ашуға арналған ампулалық пышақпен бірге гофрланған қосымша беттері бар қорапқа салады.

Түсті сындыру сақинасы немесе түсті сындыру нүктесі бар ампулаларды қаптағанда ампулаларды ашуға арналған пышақты салмауға болады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада.

Ескерту: Препаратты сақтау барысында шөгінді тұнуы мүмкін. Бұл жағдайда ампуланы қатты сілкіп жіберіп, 60 0С температураға дейін қыздыру керек, сонан соң препаратты 35 0С температураға дейін салқындату қажет. Егер шөгінді ерісе және ерітінді мөлдір болса, препарат қолдануға жарамды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ

Украина, 02093, Киев қ., Бориспольская к-сі, 13.

 

Тіркеу куәлігінің иесі

«Дарница» фармацевтикалық фирмасы» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

телефон/факс: (+ 380 44) 207 73 27

е-mail: vigilance@darnitsa.kiev.ua

http://www.darnitsa.kiev.ua

 

Прикрепленные файлы

516636071477977178_ru.doc 79.5 кб
675382871477978341_kz.doc 102.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники