Фосфоглив® форте

МНН: Фосфолипиды, кислоты глицирризиновой тринатриевая соль
Производитель: Фармстандарт-Лексредства ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний печени
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020423
Информация о регистрации в РК: 18.11.2019 - 18.11.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Фосфоглив® форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Бір капсуланың құрамында

Белсенді заттар - фосфолипидтер (Липоид ППЛ-400) – 400 мг

(100% затқа шаққанда) (73-79% фосфатидилхолиннің негізгі компоненті) - 300 мг, глицирризин қышқылының тринатрий тұзы (натрий глицирризинаты) - 65 мг,

қосымша заттар: бутилгидрокситолуол, этил спирті сорты «люкс» (этанол), күнбағыс майы.

Капсула қабығының құрамы:

Қатты желатинді капсулалар №0

корпусы және қақпағы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы бояғышы (Е 172), темірдің қара тотығы бояғышы (Е 172), темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172), желатин

Сипаттамасы

Қатты желатинді капсулалар №0; капсуланың корпусы және қақпағы – қоңыр түсті. Капсуланың ішіндегісі – өзіне тән әлсіз иісі бар ақшыл сарыдан қызыл сары-қоңыр түске дейінгі майлы паста тәрізді масса.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың компоненттері тұтас молекула түрінде де, гидролизінің биобелсенді өнімдері түрінде де (қанықпаған май қышқылдары, холин, глициррет қышқылы) ішекте жақсы сіңеді, олар ішек қабырғасы арқылы сіңгеннен кейін бауырға, өкпеге, теріге және басқа ағзаларға оңай өтеді.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген дәрі. Жарғақша тұрақтандыратын және гепатопротекторлы әсер етеді.

Фосфатидилхолин (фосфолипидтердің әсер етуші заты) жасушалық және жасушаішілік жарғақшалардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады, зақымданған кезде цитопротекторлы әсер ете отырып, олардың құрылымы мен қызметін қалпына келтіруге қабілетті.

Ақуыздық және липидтік алмасуларды қалыпқа түсіреді, ферменттердің және басқа да белсенді заттардың гепатоциттер арқылы жойылуына жол бермейді, бауырдың уытсыздандыру қызметін қалпына келтіреді, бауыр фиброзы мен циррозының пайда болу қаупін төмендете отырып, дәнекер тіннің түзілуін тежейді.

Глицираттың (глицирризин қышқылы және тұздар) қабынуға қарсы әсері бар, бауырда және басқа да ағзаларда интерферондардың өндірілуін көтермелеу, фагоцитозды жоғарылату, табиғи киллер-жасушалар белсенділігін арттыру есебінен вирустар репродукциясын бәсеңдетеді. Антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандыру белсенділігінің арқасында гепатопротекторлы әсер көрсетеді. Бауырдың жұқпалы емес зақымдануларында қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер етумен эндогенді глюкокортикостероидтар әсерін қуаттандырады.

Тері зақымданған кезде компоненттерінің жарғақша тұрақтандыратын және қабынуға қарсы әсер етуінің есебінен ауру үдерісінің таралуын шектейді және оның кері дамуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- вирусты гепатитте (жедел және созылмалы)

- бауырдың майлы дегенерациясында (стеатоз)

- бауырдың басқа зақымдануларында (дәрілік, алкогольдік, уытты)

- бауыр циррозында

- псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанған кезде аздаған сұйықтық мөлшерімен іше отырып, ішке қабылдайды. Ересектерге 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет, 12 жастан асқан балаларға 1 капсуладан тәулігіне 3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы 3 айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- жекеше сезімталдық жоғарылағанда препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалатын тері бөртпесі пайда болуы ықтимал

- тәуліктік дозалар арттырылғанда сирек, натрий мен сұйықтықтың іркілуі болуы мүмкін, бұл шеткергі ісінулер және артериялық қысымның көтерілуімен, гипокалиемиямен байқалады

Аталған симптомдар пайда болған кезде, олардың айқындылығына қарай, препарат дозасын азайту және/немесе тәулігіне 50-100 мг спиронолактон тағайындау қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Портальді гипертензиясы бар науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс әсер етуі жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.

Препарат құрамына кіретін глицирризин қышқылы үлкен дозаларда қанда глюкокортикостероидтар мен минералокортикоидтар деңгейінің жоғарылауы түрінде болатын жалған кортикостероидты әсер туындатуы мүмкін. Бұл организмде натрий іркілісіне және калийдің азаюына, және соның салдары ретінде артериялық қысым деңгейінің көтерілуіне, организмдегі судың іркілуіне әкеп соқтырады.

Емі: артық дозалану жағдайында симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Фармстандарт-Лексредства” ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13, www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармстандарт-Лексредства” ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Фармстандарт-Лексредства” ААҚ, 305022,

Ресей, Курск қ., 2-ші Агрегатная к-сі, 1а/18

Тел./факс: (4712) 34-03-13

Е-mail: www.pharmstd.ru

 

 

Прикрепленные файлы

857255231477976748_ru.doc 52 кб
543683291477977914_kz.doc 60 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники