Фенотерикс

МНН: Фенотерол гидробромид
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fenoterol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024018
Информация о регистрации в РК: 20.03.2023 - 20.03.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Фенотерикс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенотерол

Дәрілік түрі

Дозаланған ингаляцияға арналған аэрозоль, 100 мкг/доза

Құрамы

Бір ингаляциялық дозаның құрамында

белсенді зат - 100 мкг фенотерол гидробромиді (микрондалған),

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, сусыз этанол, тазартылған су, гидрофторалкан (HFA) 134a3.

Сиаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Адренергиялық, ингаляциялық. Селективті бета2-адреностимуляторлар. Фенотерол.

АТХ коды R03АС04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы

Ингаляция әдісіне және пайдаланылатын ингаляциялық жүйеге байланысты ингаляциядан кейін препараттың аэрозольді түрінен босап шығатын белсенді заттың 10-30%-ға жуығы төменгі тыныс алу жолдарына жетеді, ал қалған бөлігі жоғары тыныс алу жолдарына жиналады және жұтылады. Нәтижесінде ингаляцияланатын фенотеролдың біршама мөлшері асқазан-ішек жолына түседі. Фенотерикстің бір дозасының ингаляциясынан кейін сіңу дәрежесі енгізілген дозаның 17%-ын құрайды. Ингаляциялық қолданудан кейін препараттың сіңуі екі кезеңмен жүреді: фенотерол гидробромидінің 30%-ға жуығы 11 минуттық жартылай шығу кезеңімен тез сіңеді, 70%-ға жуығы 120 минуттық жартылай шығарылу кезеңімен баяу сіңеді.

Пероральді түрде қолданудан кейін сіңу дәрежесі фенотерол гидробромидінің енгізілген дозасының 60%-ын құрайды. Бұл мөлшер жүйеалды метаболизмге белсенді түрде түседі, бұл 1,5%-ға жуық биожетімділікке әкеледі. Сондықтан әсер етуші заттың жұтылған бөлігі ингаляциядан кейін қан плазмасындағы концентрацияға аздаған ғана әсерін тигізеді.

Фенотерол өзгермеген күйінде плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтімен бірге бөлініп шығады.

Метаболизмі

Фенотерол бауырда глюкуронидтерге және сульфаттарға дейін конъюгация жолымен қарқынды метаболизмге ұшырайды. Жұтқан кезде фенотерол, көбіне, сульфаттану жолымен метаболизденеді. Бастапқы заттың метаболизмдік белсенділігінің жойылуы ішек қабырғасында басталады.

Өтпен бөлініп шығуын қоса, биотрансформацияларға препараттың негізгі бөлігі – шамамен 85%-ы ұшырайды.

Шығарылуы

Белсенді емес сульфатты конъюгаттар түрінде несеппен және өтпен шығарылады. Фенотеролдың несеппен бірге (0,27 л/мин) бөлініп шығуы жүйелі түрде қолжетімді дозаның орташа жалпы клиренсінің шамамен 15%-на сәйкес келеді. Бүйректік клиренс көлемі гломерулярлық сіңуге қосымша, фенотеролдың тубулярлық секрециясын айғақтайды.

Дозаланған аэрозольмен ингаляция жасаудан кейін 24 сағат ішінде дозаның 2%-ға дерлігі бүйрек арқылы өзгермеген күйінде бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Фенотерол гидробромиді – β2-адренорецепторлардың селективті стимуляторы. Аденилатциклазаны стимуляторлық Gs-ақуыз арқылы белсендіреді, кейіннен цАМФ-тің түзілуін арттырады, ол өз кезегінде А протеинкиназаны белсендіреді. Соңғысы тегіс бұлшықеттердің жасушаларында ақуыздар нысанын фосфорлайды. Бұл өз кезегінде миозиннің жеңіл тізбегі киназасының фосфорлануына, фосфоинозин гидролизінің тежелуіне және тез кальций-белсендіретін калий өзекшелерінің ашылуына әкеледі.

Осылайша, фенотерол бронхтардың және қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін босаңсытады, сондай-ақ гистамин, метахолин, суық ауа және аллергендер (шұғыл типті реакция) сияқты мұндай бронхоконстрикторлық факторлардың әсерінен болатын бронх түйілуінің дамуына жол бермейді. Препаратты қабылдағаннан кейін қабыну медиаторларының толық жасушаларынан босап шығуы тежеледі. Бұдан басқа, фенотеролдың 0,6 мг дозасын қабылдағаннан кейін мукоцилиарлық тасымалдың күшеюі байқалады. Пероральді немесе жиі, вена ішіне енгізуден кейін қан плазмасындағы препараттың өте жоғары дозалары жатырдың жиырылу қабілетін тежейді. Препараттың жоғары дозаларын қабылдаған кезде зат алмасу деңгейіне әсерлері: липолиз, гликогенолиз, гипергликемия және гипокалиемия байқалады (соңғысы қаңқа бұлшықетінің К+ сіңіруінің жоғарылауымен жүзеге асады).

Жүректің жиырылу жиілігінің артуы және жүректің жиырылғыштығының күшеюі сияқты жүрек бұлшықеттері деңгейіне препараттың бета-адренергиялық әсерлері фенотеролдың қантамырларға әсер етуімен, жүректің β2-адренорецепторларының стимуляциясымен, ал препаратты емдік дозадан артық дозаларда қабылдағанда (мысалы, токолитикалық ем жүргізгенде) β1-адренорецепторлардың стимуляциясымен түсіндіріледі. Басқа бета-адренергиялық дәрілерді қолданған кездегі сияқты, QTc аралығының ұзаруы жөнінде мәлімделді. Дозаланған ингалятордың жәрдемімен енгізілетін фенотерол үшін осы құбылыстар дискретті болды және ұсынылғаннан артық дозаларда байқалды. β-адренорецептор агонистерінің жиі байқалатын әсері тремор болып табылады. Бронхтардың тегіс бұлшықеттеріне әсер етуінен айырмашылығы β-адренорецептор агонистерінің жүйелік әсерлері төзімділіктің дамуымен астасады.

Фенотерол әртүрлі генезді (дене жүктемесі, суық ауа, аллергеннің әсеріне ерте жауап) бронхтың түйілуіне жол бермейді және тез басады.

Әсері ингаляциядан кейін 5 минуттан соң пайда болады, оның ұзақтығы – 3-5 сағат.

Қолданылуы

- демікпенің жедел ұстамаларын симптоматикалық емдеу үшін

- бронх демікпесінің ұстамаларының профилактикасы үшін

- аллергиялық және аллергиялық емес себептерден және/немесе тыныс алу жолдарының қайтымды тарылуымен байланысты басқа аурулар, мысалы, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, асқынған немесе асқынбаған эмфизема салдарынан болған бронх демікпесін симптоматикалық емдеу үшін

Ұзақ емдеу қажет болған кезде қабынуға қарсы қатар жүретін ем тағайындау керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Егер басқаша тағайындалмаса, ересектер және 6 жастан асқан балалар үшін дозалаудың келесі режимі ұсынылады:

Бронхтың жедел түйілуін және кенеттен болатын ентігу ұстамаларын емдеу үшін 100 мкг-ге тең фенотерол гидробромидінің бір дозасымен (1 ингаляциялық доза) дем алады.

Көптеген жағдайларда симптомды тез басу үшін 1 ингаляциялық доза жеткілікті. Егер 5 минут ішінде тыныс алу жеңілдей бастамаса, тағы да бір қосымша ингаляциялық дозаны енгізуге болады. Егер ұстама екінші ингаляциялық дозаның жәрдемімен басуға келмесе, қосымша ингаляциялық дозалар қажет болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда пациенттердің кешікпей дәрігерге қаралғаны жөн.

Ұзақ емдеу қажет болғанда доза күніне 3-4 рет фенотерол гидробромидінің 100 мкг-ден 1-2 ингаляциялық дозаларын құрайды. Қабылдау уақытының және ингаляцияның әрбір дозасын ентігу жиілігіне және ауырлығына (симптоматикалық) байланысты анықтаған жөн. Әсіресе бронх демікпесінде бір мезгілде қабынуға қарсы демеуші ем ұсынылады. Ингаляциялар арасындағы аралық кем дегенде 3 сағат болуы тиіс. Жалпы тәуліктік доза 8 ингаляциядан аспауы тиіс, ал бір реттік ең жоғары доза 4 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені үлкен дозаларды енгізу қосымша емдік әсерге әкелмейді, бірақ күрделі жағымсыз әсерлердің даму ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Бронхтың жедел түйілуін және кенеттен болатын ентігу ұстамаларына профилактика жүргізу үшін, мүмкіндігінше, аллерген байланысудан 10-15 минут бұрын 100 мкг фенотерол гидробромидінің 1-2 ингаляциялық дозалары қолданылады.

Егер басқаша тағайындалмаса, 4-тен 6 жасқа дейінгі балалар үшін келесі дозалау режимі ұсынылады:

Бронхтың жедел түйілуін және кенеттен болатын ентігу ұстамаларын емдеу үшін 100 мкг-ге тең фенотерол гидробромидінің бір дозасымен (1 ингаляциялық доза) дем алады.

Ұзақ емдеу қажет болғанда доза күніне 4 рет фенотерол гидробромидінің 100 мкг-ден 1 ингаляциялық дозасын құрайды. Қабылдау уақытының және ингаляцияның әрбір дозасын ентігу жиілігіне және ауырлығына (симптоматикалық) байланысты анықтаған жөн. Әсіресе бронх демікпесінде бір мезгілде қабынуға қарсы демеуші ем ұсынылады. Ингаляциялар арасындағы аралық кем дегенде 3 сағат болуы тиіс. Жалпы тәуліктік доза 4 ингаляциядан аспауы тиіс, ал бір реттік ең жоғары доза 2 ингаляциядан аспауы тиіс, өйткені үлкен дозаларды енгізу қосымша емдік әсерге әкелмейді, бірақ күрделі жағымсыз әсерлердің даму ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Демікпе ұстамаларына профилактика жүргізу үшін немесе аллергенмен байланысқан деп болжам жасалған кезде, мүмкіндігінше, аллергенмен байланысудан 10-15 минут бұрын (100 мкг фенотерол гидробромидінің) 1 ингаляциялық дозасы қолданылады.

4 жастан кіші балалар үшін дозалаудың осы режимі жарамайды.

Препаратты пайдалану ережесі

Ең жоғары әсерге қол жеткізу үшін дозаланған аэрозольді дұрыс пайдалану қажет. Ингаляцияны отырып немесе түрегеліп тұрып жасаған жөн.

Дозалаған аэрозольді бірінші рет пайдаланар алдында баллонның түбін екі рет басыңыз.

Дозаланған аэрозольді әр пайдаланған кезде келесі ережені орындау қажет:

  • Қорғаныш қалпақшасын алып қою.

  • Демді баяу, толық шығару.

  • Баллонды ұстай отырып, мүштігін ерінмен нығыздап қаусырады. Мұндайда баллонның түбі жоғары қарай бағытталуы тиіс.

  • Барынша терең дем алып, сонымен бір мезгілде бір ингаляциялық доза босағанға дейін баллонның түбін тез басу керек. Дем алуды бірнеше секунд ұстап, содан кейін мүштікті ауыз ішінен шығарып алу және демді баяу шығару керек. Егер ингаляцияны қайталау қажет болса, осы әрекетті қайталайды (2-4 тармақтары).

  • Қорғаныш қалпақшасын кигізу керек.

  • Егер аэрозольді баллон үш күннен артық пайдаланылмаса, қолданар алдында баллонның түбін бір рет басу керек.

  • Баллон мөлдір емес, сондықтан ол қай кезде босайтынын көру мүмкін емес. Баллон 200 ингаляцияға есептелген, осыдан кейін оны алмастырған жөн. Баллонда препараттың біршама мөлшері қалуы мүмкін екендігіне қарамастан, ингаляция кезінде босаған дәрілік заттың мөлшері азаюы мүмкін.

    Сіздің баллоныңыздағы дәрілік заттың мөлшерін былайша анықтауға болады: ингалятордың пластик бөлігінен баллонды шығарып алады және оны сумен толтырылған ыдысқа салады. Препараттың мөлшерін баллонның суда орналасуына қарай анықтайды (1-суретті қараңыз).

    Бос 1/4-ке толтырылған 1/2-ке толтырылған

    3/4-ке толтырылған

    1 сурет

    Ингаляторды аптасына кем дегенде 1 рет жуып-шаю керек.

    Дәрілік препарат оған жиналып қалмауы және аэрозольдің ағынын бөгемеу үшін ингалятордың мүштігінің таза болуы маңызды.

    Тазалау үшін алдымен қорғаныш қалпақшасын алады және ингалятордың пластик бөлігінен баллонды алады, оны содан кейін дәрілік заттың қалдықтары және/немесе ластануы кеткенге дейін жуып-шаяды.

    Ингалятордың пластик бөлігін тазалағаннан кейін сілкілейді және қандай да бір қыздырғыш аспапты пайдаланбай, ауада кептіреді. Ингалятордың пластик бөлігі кепкеннен кейін оған баллонды орналастырады және қорғаныш қалпақшасын кигізеді.

    Ескерту: пластик мүштік Фенотерикс үшін арнайы жасалған және препаратты дәл дозалауға арналған. Мүштік дозаланған басқа аэрозольдармен бірге пайдаланылмауы тиіс. Сондай-ақ Фенотериксті, препаратпен бірге шығарылатыннан басқа, қандай да бір басқа мүштікпен бірге пайдалануға болмайды.

    Баллонның ішіндегісі қысыммен енгізілген. Баллонды ашуға және 50°С-ден жоғарыға қызып кетуіне жол беруге болмайды.

    Жағымсыз әсерлері

    Жағымсыз реакциялар жиілігінің пайдаланылған параметрлері былайша белгіленген: жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес ( 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек ( 1/10000-нан < 1/1000 дейін), жиілігі белгісіз.

    Жиі:

    тремор, бас айналу

    жөтел

    жүректің айнуы

    қатты терлеу

    Жиі емес:

    – гипокалиемия

    үрей тудыратын қозу

    – аритмия, стенокардия, қарыншалық экстрасистолия

    – бронхтың парадоксальді түйілуі

    құсу, қыжыл

    қышыну

    бұлшықеттердің құрысуы

    – несеп шығарудың бұзылуы.

    Сирек:

    – гиперкалиемия (гипокалиемия ксантин туындысын (мысалы, теофиллин), кортикостероидтарды және диуретиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген, бронх демікпесінің ауыр түрлері бар пациенттерде айрықша білінуі мүмкін. Бұдан басқа, гипоксия кезінде гипокалиемияның жүректің ырғағына ықпалы күшеюі мүмкін)

    Жиілігі белгісіз:

    - аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, қышыну, бөртпе, пурпура, тромбоцитопения, беттің ісінуі)

    - күйгелектік (ашушаңдық, аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, елестеулер пайда болуы мүмкін. Бұл реакциялар, негізінен, 12 жасқа дейінгі балаларда байқалды)

    бас ауыру

    миокард ишемиясы, тахикардия, жүрек қағуын сезіну, систолалық артериялық қысымның жоғарылауы, диастолалық артериялық қысымның төмендеуі

    тамақтың тітіркенуі

    тері реакциялары (бөртпе, есекжем)

    бұлшықет спазмы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, тремор

    Қолдануға болмайтын жағдайлар

    - фенотерол гидробромидіне және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    - тахиаритмия

    - гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия

    - 4 жасқа дейінгі балаларға

    Дәрілермен өзара әрекеттесуі

    Бета-адреномиметиктер және антихолинергиялық дәрілер, ксантин туындылары (соның ішінде теофиллин), кромоглиций қышқылы, глюкокортикостероидтар және диуретиктер фенотеролдың әсер етуін және жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.

    Бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданғанда фенотеролдың бронхолитикалық әсері едәуір бәсеңдеуі мүмкін.

    Фенотериксті моноаминооксидаза тежегіштерін және трициклді антидепрессанттарды қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені бұл препараттар фенотеролдың әсерін күшейтуге қабілетті.

    Құрамында галогенделген көмірсутектер бар ингаляциялық наркозға арналған дәрілер (соның ішінде галотан, трихлорэтилен, энфлуран) фенотеролдың жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін күшейтуі мүмкін (аритмиялар дамуы мүмкін). Әсер ету механизмі ұқсас бронхолитиктерді бір мезгілде тағайындау аддитивті әсерге және артық дозалану құбылыстарына әкеледі.

    Айрықша нұсқаулар

    Фенотерикс келесі аурулар бар болған жағдайда қаупі/пайдасына мұқият баға берілгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс: жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр сырқаттары, жақын арада бастан кешірген миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек гликозидтерін қолдану, бақыланбайтын артериялық гипертензия, аневризма, гипертиреоз, декомпенсацияланған қант диабеті, феохромоцитома.

    Басқа симпатомиметикалық бронходилататорларды Фенотерикспен бір мезгілде медициналық бақылаумен ғана тағайындауға болады. Фенотерол және антихолинергиялық бронходилататорлар бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

    Ентігу кенеттен дамыған және тез өршіген жағдайда шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет.

    Препаратты ұзақ уақыт қолдану:

    - бронх демікпесінің ұстамаларын басу препаратты ұдайы қолданғаннан ұтымды болуы мүмкін (симптоматикалық ем);

    - қабынуға қарсы қосымша немесе қарқындырақ емдеу (мысалы, кортикостероидтардың ингаляциясы) қажеттілігін анықтау мақсатында пациенттерге ұдайы тексеру жүргізу қажет.

    Бронхтың обструкциясын басу үшін Фенотерикс сияқты β2-адреномиметиктер ауру барысының бақыланбайтын нашарлауын туындатуы мүмкін. Бронхтың обструкциясы күшейген жағдайда β2-адреномиметиктердің, соның ішінде Фенотерикстің дозасын ұзақ уақыт бойы ұсынылатыннан жай арттыру өзін ақтаған жоқ, сонымен қатар қауіпті де. Ауру барысының нашарлауынан өмірге төнетін қауіпке жол бермеу үшін пациентті емдеу және қабынуға қарсы ингаляциялық кортикостероидтармен адекватты ем жүргізу жоспарын қайта қарау мәселесін қарастырған жөн.

    β2-адреномиметиктерді тағайындағанда күрделі гипокалиемия дамуы мүмкін. Осыған байланысты ауыр демікпеде аса сақтық қажет, өйткені мұндай жағдайда гипокалиемия β2-адреномиметиктерді, ксантин туындыларын, глюкокортикоидтарды және диуретиктерді бір мезгілде тағайындау нәтижесінде туындауы мүмкін. Бұдан басқа, гипоксияда гипокалиемияның жүрек ырғағына ықпалы күшеюі мүмкін.

    Дигоксин қабылдап жүрген пациенттерде гипокалиемия аритмияға жоғары бейімділікті туындатуы мүмкін.

    Қан плазмасындағы калий деңгейіне бақылау жүргізу ұсынылады.

    Симпатомиметикалық дәрілік препараттарды, соның ішінде Фенотериксті қолдану жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін. Бета-адреномиметиктерді қабылдаумен байланысты миокард ишемиясы туындайтын аздаған мүмкіндік бар.

    Фенотерикс қабылдап жүрген, жүректің ауыр сырқаттары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, аритмия немесе жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігі) бар пациенттерге кеудеде ауыру немесе жүрек ауруының басқа да нашарлау симптомдары туындаған жағдайда олардың дәрігерге қаралауы керектігі алдын ала ескертілуі тиіс.

    Кеуденің ауыруы және ентігу сияқты симптомдарға ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені олардың себебі тыныс алу жүйесі тарапынан, сонымен қатар жүректің жұмысы тарапынан бұзылулар болуы мүмкін.

    Қант диабеті бар пациенттерде дәрілік заттардың жоғары дозаларын қабылдаған кезде қандағы қант деңгейі жоғарылауы мүмкін, осыған байланысты қант диабеті бар пациенттерде қандағы қант деңгейі бақылануы тиіс.

    Бронхтың парадоксальді түйілуі басталған кезде дәрілік затты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

    Жүктілік және лактация кезеңі

    Фенотеролды клиникалық қолдану тәжірибесімен бірге клиникаға дейінгі зерттеу нәтижелері жүктілік барысына препараттың ешқандай да теріс ықпалын көрсеткен жоқ. Дегенмен жүктілік кезінде (әсіресе І триместрде) препаратты сақтықпен және ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қаупінен басым болған жағдаларда ғана тағайындаған жөн.

    Жатырдың жиырылғыштық белсенділігіне фенотеролдың тежегіш әсері болуы мүмкін екендігін ескеру керек.

    Клиникаға дейінгі зерттеулер емшек сүтімен бірге фенотеролдың бөлініп шығатындығын көрсетті. Лактация кезеңінде препаратты қолданудың қауіпсіздігі зерттелген жоқ. Лактация кезеңінде, егер ана үшін потенциалды пайдасы емшектегі нәресте үшін ықтимал қаупінен басым болса, препарат қолданылуы мүмкін.

    Дәрілік препараттың көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

    Препаратты қолданудың пациенттің жоғары зейінділікті және психоморлы реакцияларды қажет ететін жұмыстарды орындау қабілетіне ықпалы анықталған жоқ.

    Артық дозалануы

    Симптомдары: бет гиперемиясы, бас айналу, бас ауыру, тахикардия, жүрек қағуының сезілуі, аритмиялар, артериялық гипотензия (соның ішінде шок), артериялық қысымның жоғарылауы, мазасыздық, кеуденің ауыруы, қозу, экстрасистолия, тремор (әсіресе саусақтар, бірақ бүкіл денеде болуы мүмкін). Гипергликемия дамуы мүмкін.

    Ішке қабылдаған кезде артық дозалану орын алғанда асқазан-ішек жолы тарапынан реакциялар: жүректің айнуы, құсу байқалуы мүмкін.

    Фенотеролдің артық дозалануы жасушааралық кеңістікте калий мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін, бұл гипокалиемияны, гипергликемияны, гиперлипидемияны және гиперкетонемияны туындатуы мүмкін.

    Бұдан басқа, фенотеролды қолданғанда тіркелген көрсетілімдері бойынша ұсынылғаннан асып кететін дозаларда метаболизмдік ацидоз байқалды.

    Емі: симптоматикалық. Спецификалық антидот ретінде бета-адреноблокаторлар қолданылуы мүмкін. Алайда бронх демікпесі бар пациенттерде жедел бронх түйілудің даму қаупін ескерген және бета-адреноблокаторлардың дозасын мұқият таңдаған жөн. Бұл сондай-ақ кардиоселективті бета-адреноблокаторларға да қатысты. Жүрек жұмысын бақылау мақсатында ЭКГ жүргізу ұсынылады.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    Дозалайтын клапаны және қорғаныс қалпақша кигізілген мүштігі бар металл баллонда 200 дозадан дозаланған ингаляцияға арналған аэрозоль.

    1 баллон медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

    Сақтау шарттары

    Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші

    «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия

    Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси,

    Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Стамбул

    Тіркеу куәлігі ұстаушысының атауы және елі

    «Уорлд Медицин Лтд.» Грузия

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «TROKA-S PHARMA» ЖШСҚазақстан РеспубликасыАлматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 б

    Тел/факс: 8(7272) 529090

    www.worldmedicine.kz

    Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 222 б

    Ұялы.тел: +7 701 786 33 98 (24 сағат қолжетімді)

    e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz 

    Прикрепленные файлы

    ИМП_Фенотерикс_исправл.doc 0.1 кб
    Фенотериксказ_испр.doc 0.13 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту