Тобросопт
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тобросопт
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тобрамицин
Дәрілік түрі
Көз тамшы дәрісі, 3 мг/мл, 5 мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 3.0 мг тобрамицин,
қосымша заттар: бор қышқылы, натрий хлориді, сусыз натрий сульфаты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі1, тазартылған су
1 – 0.1 мг 100% бензалконий хлоридіне сәйкес келеді
Сипаттамасы
Түссіз немесе ашық-сары түсті, мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Микробтарға қарсы препараттар.
Антибиотиктер. Тобрамицин.
АТХ коды S01AA12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Конънктивалық қалтаға жасалған инстилляциядан кейін тобрамициннің тек аздаған мөлшері ғана мөлдір қабық арқылы өтеді.
Фармакодинамикасы
Тобрамицин аминогликозидтер тобының антибиотигі болып табылады. Бактериостатикалық әсер етеді (рибосомалар 30S суббірлігін бөгейді және ақуыз синтезін бұзады). Ол келесі бактериялардың сезімтал штаммдарына қатысты in vitro белсенділік танытады: Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Enterobacter aerogenes, Proteus mirabilis (индол-оң және индол-теріс штаммдар), Proteus species, Haemophilus influenzae және H. aegyptius, Moraxella lacunata, Acinetobacter calcoaceticus (Herellea vaginacola), кейбір Neisseria Staphylococcus - S. aureus және S. epidermidis штаммдары (коагулазо-оң және коагулазо-теріс штаммдар), соның ішінде пенициллинге төзімді штаммдар, Streptococcus түрінің кейбір бактериялары (төзімді түрлер пайда болуы мүмкін).
Кейбір жағдайларда гентамицинге төзімді микроорганизмдер тобармицинге сезімтал күйінде қалатыны анықталды.
Қолданылуы
-
Көздің және оның қосалқыларының тобрамицинге сезімтал штаммдардан, әсіресе көптеген басқа антибиотиктерге, негізінен Pseudomonas aeruginosa-ға төзімді штаммдардардан туындаған сыртқы жұқпаларын емдеуге
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрілік препарат тек жергілікті қолдануға – конъюнктивалық қалтаға ғана арналған.
Препаратты қолданған кезде, микробтармен ластануға жол бермеу үшін, тамшылатқыш дозатордың ұшын қандай да болсын беткейге тигізіп алмаған жөн.
Дәрілік препаратты тамызар алдында қолды мұқият жуған жөн. Қақпағын ашып, дәрілік затты конъюнктивалық қалтаға енгізу керек. Егер тамшы конъюнктивалық қалтаға түспесе, келесі тамшыны тамызған жөн. Көзді жыпылықтатпай, абайлап жұмып, препарат сіңуі үшін, көзді шамамен 2 минут бойы ашпай тұрады. Содан кейін препараттың қалдығын жою үшін қолды жуып, құтыны жабу керек.
Емдеудің дәрігер тағайындаған бүкіл кезеңі ішінде дәрілік препаратты, тіпті көз (көздер) жұқпаларының симптомдары ерте жоғалса да, жүйелі түрде тамызып тұру керек.
Барысы жеңіл жұқпалар: әдетте конъюнктивалық қалтаға әрбір 4 сағат сайын 1 немесе 2 тамшыдан.
Барысы ауыр жұқпалар: әдетте конъюнктивалық қалтаға, жақсарғанға дейін бір сағат аралықпен, 2 тамшыдан, содан кейін препаратты тоқтатар алдында дозаны біртіндеп төмендеткен жөн.
Жағымсыз әсерлері
-
жергілікті уытты әсер және жоғары сезімталдық реакциялары: ісіну, шаншу, конъюнктивалар гиперемиясы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
тобрамицинге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
8 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Тобросоптты және басқа да жүйелік әсер беретін аминогликозидтермен бір мезгілде жергілікті қолданған жағдайда, қажетті емдік концентрацияны сақтау үшін, олардың қан сарысуындағы жалпы концентрациясын бақылап отыру қажет.
Басқа офтальмологиялық препараттарды қатарластыра қолданған жағдайда екі дәрілік препарат арасындағы кем дегенде 10 минуттық аралықты сақтау қажет.
Айрықша нұсқаулар
Препарат көзішілік инъекцияға арналмаған.
Тобрамицинді ұзақ уақыт жергілікті қолдану төзімді микроорганизмдердің, соның ішінде саңырауқұлақтардың шамадан тыс пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан емдеуді бастар алдында және тиімділігі қанағаттанарлық болмаған жағдайда оны аяқтағаннан кейін бактериялық сеппе жүргізу керек. Салдарлық жұқпа байқалған жағдайда тиісті ем жүргізу қажет.
Кейбір емделушілерде ісіну, шаншу, конъюнктивалар гиперемиясы түріндегі жоғары сезімталдық реакциялары (аллергия) пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Тобросоптта консервирлеуші зат ретінде бензалконий хлориді бар, сондықтан жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линза киетіндер, оларды көз тамшыларын инстилляциялау алдында алып қойып, қайтадан орналастырар алдында, кем дегенде 15 минут күте тұруы тиіс. Бензалконий хлориді көзді тітікендіруі мүмкін және жанаспалы линзаның түсін өзгертеді.
Сондай-ақ басқа антибиотиктер жағдайындағыдай, микроорганизмдердің тобрамицинге сезімталдығына тиісті зерттеу жүргізу қажет.
Көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Препарат механикалық көлік құралдарын басқару және машиналармен қызмет көрсету қабілетіне ықпалын тигізбейді.
Артық дозалануы
Препаратпен артық дозаланғанда клиникалық симптомдар пайда болуы мүмкін.
Симптомдары: нүктелі кератит, гиперемия, көзден жас ағудың күшеюі, ісіну, қабақтардың қышуы.
Емі: Артық дозаланған жағдайда көзді (көздерді) стерильді жылы натрий хлоридінің изотониялық (0,9%) ерітіндісімен жуып-шаю қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Кепілдендірілген сақинасы бар қақпақпен жабылған тамызғышы бар полиэтилен құтыда 5 мл-ден бар.
1 құты қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде.
Құты тығыз тығындалып, түпнұсқалық қаптамасында сақталуы керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолданылу кезеңі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ
Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ, Польша
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Adalan» ЖШС
050057, Алматы қ-сы , Тимирязев к-сі 42, пав. 23, 202 кеңсе
тел. + 727 269 54 59, электронды поштасы: reg@adalan.kz