Тиогамма® (600 мг)

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Тиогамма®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 600 мг тиокт қышқылы
қосымша заттар: метилгидроксипропилцеллюлоза 5-6 mPAs, коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий карбоксиметилцеллюллозасы, тальк пен симетиконнан тұратын тальк силиконы (диметикон және жоғары дисперстік кремнийдің қостотығы 94:6), магний стеараты,
қабықтың құрамы: макрогол 6000, метилгидроксипропилцеллюлоза 6 mPAs, тальк, натрий додецилсульфаты.
Сипаттамасы
Екі жағында да сызығы бар, ақ таңдақтары бар ақшыл-сары түсті капсула тәрізді пішінді, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Асқазан-ішек жолының ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТЖ коды А16АХ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылдағанда тиокт қышқылы ағзада тез сіңеді. Тіндерге тез таралуының арқасында, тиокт қышқылының плазмадағы жартылай ыдырау кезеңі шамамен 25 минутты құрайды. Плазмадағы 4 мкг/мл деңгейіндегі ең жоғары концентрациясы 0,6 г тиокт қышқылын ішу арқылы қабылдағаннан кейін 0,5 сағаттан соң байқалады. Препараттың шығарылуы көбінесе бүйрек арқылы, 80-90 %-ы – метаболиттер түрінде жүреді.
Фармакодинамикасы
Тиокт (альфа-липой) қышқылы эндогенді антиоксидант болып табылады және альфа-кетоқышқылдардың тотықтырғыш декарбоксилденуінде коэнзимнің рөлін атқарады. Қандағы қант деңгейінің азаюына және бауырдағы гликоген құрамын арттыруға, сондай-ақ инсулинге резистенттіліктен арылуға ықпал етеді. Қандағы пирожүзім қышқылының концентрациясын өзгертеді. Тиокт қышқылы фармакологиялық қасиеттері бойынша В тобының витаминдеріне жақын.
Липид және көмірсу алмасуының реттелуіне қатысады, холестерин алмасуын көтермелейді, бауыр қызметін жақсартады. Гепатопротекторлық, гиполипидемиялық, гипохолестеринемиялық, гипогликемиялық әсер береді. Нейрондардың трофикасын жақсартады.
Қолданылуы
- шеткергі (сенсорлық-моторлық) диабеттік полинейропатияда
Қолдану тәсілі мен дозалары
1 таблеткасын бірінші ас ішкенге дейін 30 минут бұрын күніне бір рет қабылдау керек. Ашқарынға, шайнамай және азғантай су мөлшерімен ішіп қабылдау керек. Ас ішумен біріктіру тиокт қышқылының сіңуін төмендетуі мүмкін.
Емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер жекелей анықтайды.
Дегенмен, диабеттік нейропатия созылмалы ауру болғандықтан, Тиогамма® препаратының 600 мг таблеткаларын ұзақ уақыт бойы қабылдауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- жүрек айнуы, құсу, асқазан мен ішектің ауыруы, іш өтуі
- тері бөртпесі, есекжем, қышыма
- бас айналуы, тершеңдік, бас ауыруы, қандағы қант деңгейінің төмендеуің салдарынан көру арқылы қабылдаудың өзгеруі
Сирек
- дәм өзгеруі
Препаратпен емдеуден глюкозаның сіңірілуі жақсаратын болғандықтан, қандағы қант деңгейі төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар бас айналуы, қатты терлеу, бас ауыруы және көру арқылы қабылдаудың өзгеруі сияқты гипогликемия симптомдары дамуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тиокт қышқылына немесе аталған дәрілік заттың кез-келген құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдықта
- лактация кезеңінде
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуінде
Тиогаммамен® бір мезгілде тағайындағанда цисплатиннің тиімділігі төмендегені байқалған. Препаратты темір, магний, калий препаратарымен бір мезгілде тағайындамаған дұрыс, бұл препараттарды қабылдау арасындағы уақыт аралығы 5 сағаттан кем болмауы тиіс. Инсулиннің немесе диабетке қарсы ішілетін дәрілердің қант түсіретін әсері күшеюі мүмкін, қандағы қант деңгейін ұдайы, әсіресе Тиогаммамен® емдеудің басында бақылау ұсынылады. Гипогликемия белгілерін болдырмау үшін қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Препаратпен емдеу кезінде алкоголь қолдануға болмайды.
Сирек тұқым қуалайтын глюкозаны көтере алмаушылығы бар, глюкоза мен галактозаның сіңуі бұзылған емделушілерге қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Жүкті әйелдерге тиокт қышқылымен емдеуді тек қолданудың дұрыстығын пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, мұқият бағалағаннан кейін және дәрігердің қатаң қадағалауымен ғана жүргізуге болады. Препараттың ана сүтіне енетіні жөнінде мәлімет жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.
Артық дозаланғанда
Белгілері: жайылған құрысулар, лактоацидозға апарып соқтыратын қышқыл-сілтілік теңгерімнің ауыр бұзылуы, қан ұюының ауыр бұзылулар.
Емі: белгілеріне қарай, арнайы у қайтарғысы жоқ.
Тиогаммамен® уыттанудың азғантай болса да ықтималдығына қауіптенгенде, детоксикация бойынша жалпы емдеу шараларын жүргізе отырып, дереу ауруханаға жатқызу керек (жасанды құстыру, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір).
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 3 немесе 6 блистерден мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Драгенофарм Апотекер Пюшль ГмбХ», Германия
Вёрваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ үшін,
Кальвер штрассе 7, 71034 Беблинген, Германия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы Вёрваг Фарма ГмбХ и Ко. КГ өкілдігі,
050022, Алматы қ-сы, Бөгенбай батыр к-сі 148, 303 кеңсе
тел./факс: (727) 255 83 48, 255 85 18
e-mail: woerwag@mail.ru