Терафлю® от гриппа и простуды

МНН: Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Фенилэфрин, Фенирамин
Производитель: Фамар Орлеанс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010932
Информация о регистрации в РК: 28.09.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

ТераФлю, суық тиюден және тұмаудан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшiн ерiтiндi дайындауға арналған дозаланған ұнтақ

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді заттар: 325 мг парацетамол

20 мг фенирамин малеаты

10 мг фенилэфрин гидрохлориді

50 мг аскорбин қышқылы,

қосымша заттар: натрий цитратының дигидраты, алма қышқылы, хинолинді сары (104), «Күн батар түстес» сары (Е110), сахароза, титанның қостотығы (Е 171), лимонды хош иістендіргіш 3201, үшнегізді кальций фосфаты, сусыз лимон қышқылы.

Сипаттамасы

Ірі дәнді, сусымалы, цитрус иісті сары теңбілдері бар түйіршіктелген ақ ұнтақ. Ішінде жұмсақ кесектердің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен біріктірілген парацетамол (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02 ВЕ51

Фармакологиялық қасиеттері

Біріктірілген препарат, ыстық түсіретін, қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, ауыруды басатын, аллергияға қарсы әсері бар.

Қолданылуы

- жоғары температурамен, қатты қалтыраумен, дененің сынып ауыруымен, бас және бұлшықеттердің ауыруымен, тұмаумен, мұрынның бітуімен, түшкірумен қатар жүретін жұқпалы-қабыну ауруларын (ЖРВЖ, тұмау)

қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. қайнаған 1 стақан ыстық суға бір пакеттшенің ішіндегісін еріту қажет. Ыстық күйінде ішу керек. Қажеттілігіне қарай қант қосуға болады.

әр 4-6 сағат сайын (24 сағат ішінде 3 дозадан асырмай) дозаны қайталап қабылдауға болады.

Суық тию мен тұмауға қарсы ТераФлюді тәуліктің кез-келген мезгілінде қолдануға болады, бірақ препаратты ұйықтар алдында, түнге қабылдау ең жақсы тиімділік береді. Егер препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күн ішінде симптомдарының жеңілдеуі байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну)

- жоғары қозғыштық

- психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі

- шаршау сезімі

- ауыздың құрғауы

- несептің іркілуі

- жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, іштің қатуы, диарея, метеоризм

- тахикардия, жүрек қағысының жиілеуі, артериялық қысымның жоғарылауы

- ұйқышылдық, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқының бұзылуы

- мидриаз, аккомодация парезі, көзішілік қысымның көтерілуі.

Парацетамолдың болуы ескеріліп: қан жүйесінің бұзылуы сирек байқалады (анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз); жоғары дозаларды ұзақ қабылдағанда гепатоуытты және нефроуытты әсер, гемолитикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения, демікпе ұстамасы болуы мүмкін; фениэфрин рефлекторлық брадикардия, мидриаз туғызуы мүмкін; фенирамин несеп шығарудың қиындауын, көздің құрғақтығын тудырады, орталық жүйке жүйесі тарапынан мінез-құлықтың өзгеруі, пароксизм, дискинезия, кома дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың жекелеген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының ауыр дәрежесі

- қан аурулары, туа біткен гипербилирубинемиялар (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротер синдромдары)

- портальді гипертензия, артериялық гипертензия

- бауыр немесе бүйректің ауыр аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі

- қант диабеті

- жабық бұрышты глаукома

- өкпе аурулары (соның ішінде бронх демікпесі)

- қуық асты безінің аденомасында несеп шығарудың қиындауы

- қуық мойнының контрактурасы (стенозы)

- пилородуоденальді стеноз

- ойық жара ауруы

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы

- эпилепсия

- маскүнемдік

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштерімен емдеу кезінде препаратты қабылдаудан аулақ болу ұсынылады. Парацетамолдың гепатоуытты әсерінің қаупі барбитураттарды, дифенинді, карбамазепинді, рифампицинді, зидовудинді және бауырдың басқа микросомалық ферменттері индукторларын бір мезгілде тағайындағанда артады.

Тыныштандыратын дәрілердің, этанолдың әсерін күшейтеді. Этанол фенираминнің тыныштандыратын әсерін күшейтеді. Антидепрессанттар, паркинсон ауруына қарсы және антипсихотикалық дәрілер, фенотиазин туындылары несептің іркілуінің, ауыздың құрғауының, іш қатуының даму қаупін арттырады.

Парацетамол мен қабынуға қарсы стероидты емес (ҚҚСП) препараттарды бір мезгілде қабылдау бүйрекке ҚҚСП тудыратын жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттыруы мүмкін.

Фенилэфериннің моноаминооксидаза тежегіштерімен, α және β-блокаторлармен, фенотиазин типті антигистаминдермен, бронхолитикалық адреномиметиктермен, үшциклдық антидепрессанттармен, гуанетидинмен немесе атропинмен, дигиталиспен, раувольфия алкалоидтарымен, индометацинмен, метилдопамен, ОЖЖ стимуляторларымен және теофиллинмен өзара әрекеттесуі жағымсыз болуы мүмкін. Оксиуытты дәрілермен үйлестірілгенде прессорлық әсерінің жоғарылағаны байқалуы мүмкін. Кейбір жалпы әсері бар жансыздандыратын дәрілерді пайдаланғанда аритмия сирек дамуы мүмкін.

Фенирамин сияқты бірінші буын антигистаминдері орталық жүйке жүйесі депрессанттарының (моноаминоксидаза тежегіштерінің, үшциклдық антидепрессанттардың, алкогольдің, Паркинсон ауруына қарсы препараттардың, барбитураттардың, транквилизаторлардың және есірткілердің) әсерін арттыруы мүмкін.

Фенирамин антикоагулянттардың әсерін бәсеңдетеді және прогестеронмен, резерпинмен және тиазидтік диуретиктермен өзара әрекеттеседі. Ішу арқылы қолданылатын контрацептивтер антигистаминдердің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бүлінген пакеттердегі дәріні пайдаланбау керек, ұсынылған дозасынан арттыруға және препаратты 3 күннен артық қабылдауға болмайды.

Бауырдың уытты зақымдануын болдырмау мақсатында препаратты алкогольді ішімдіктермен бірге қолданбау керек.

Парацетамолдың ұзақ уақыт бойы қабылданған жоғары дозалары қайтымсыз бауыр жеткіліксіздігімен анальгетикалық нефропатия туғызуы мүмкін.

Қуықасты безінің гипертрофиясы мен қалқанша без аурулары бар болса, препаратты сақтықпен қабылдау керек.

Фэнилэфрин спортшыларда допинг бақылауын жүргізгенде жалған оң нәтиже беруі мүмкін.

Фэнилэфриннің тамырды тарылтатын әсері болуы мүмкін болғандықтан, бұл препаратты 70 жастан асқан емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдау кезінде автокөлік немесе басқа механизмдерді басқару ұсынылмайды, өйткені препарат транквилизаторлар мен тыныштандыратын дәрілерді енгізген кезде күшейетін ұйқышылдықты тудыруы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, үрейлі қозу, көру бұзылыстары, бас ауыруы, қанайналым бұзылыстары, құрысулар, мінез-құлық өзгерістері, артериялық қысымның жоғарылауы, брадикардия, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аймағындағы ауырулар, гепатоуытты және нефроуытты әсерлер, ауыр жағдайларда бауыр жеткіліксіздігі, энцефалопатия және коматозды ахуал дамиды.

Емі: бастапқы 6 сағат ішінде асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, артық дозаланғаннан кейін 8-9 сағаттан соң SH-топтары донаторлары мен глутатион-метионин синтезі ізашарларын және 12 сағаттан соң N-ацетилцистеинді енгізу. Белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ұнтақты біріктірілген материалдан (қағаз/полиэтилентерефталат/ тығыздығы төмен полиэтилен/алюминий фольга/ тығыздығы төмен полиэтилен) немесе (полиэтилентерефталат/ тығыздығы төмен полиэтилен/алюминий фольга/ тығыздығы төмен полиэтилен) жасалған пакеттерге салады

10 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Фомар Орлеанс, Франция

45071 Орлеанс Седе 02, Франция

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Новартис Консьюмер Хелс СА, Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Фомар Орлеанс, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Новартис Фарма Сервисез АГ» филиалы

Алматы қ., Луганский к-сі, 96

тел.: (727) 258-33-03

факс: (727) 258-33-03

Прикрепленные файлы

930165771477976794_ru.doc 51.5 кб
634194181477977956_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники