Тенофовира дизопроксила фумарат и Эмтрицитабин
Инструкция
-
русский
-
қазақша
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті»
РММ төрағасының
20__ж. «____»____________
№ ______________бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
- Дәрілік препаратқа қауіпсіздігі туралы жаңа мәліметтерді жылдам анықтауға ықпал ететін қосымша мониторинг өткізеді. Бұл қауіпсіздігі жөніндегі жаңа ақпаратты қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау өтінімімен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жүгінеміз.
Саудалық атауы
Тенофовир дизопроксилі фумараты және Эмтрицитабин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Қатысты емес
Дәрілік түрі, дозасы
Үлбірлі қабықпен қапталған 300мг/200мг таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. АИТВ инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар, біріктірілімдер. Тенофовир дизопроксилі және эмтрицитабин.
АТХ коды J05AR03
Қолданылуы
-АИТВ-1 инфекциясын емдеуге арналған басқа антиретровирустық дәрілермен үйлесімде
-АИТВ-1 инфекциясының жыныстық жолмен берілу қаупін төмендету мақсатында ҚҚДП үшін контрацепция тәсілдерімен үйлесімде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- креатинин клиренсі 30 мл/мин аз бүйрек жеткіліксіздігі
-АИТВ-1 кезінде ҚҚДП АИТВ-1 статусы белгісіз немесе оң адамдарға қолдануға болмайды.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза/лактоза көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Тенофовир дизопроксилі фумаратын және Эмтрицитабинді 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Эмтрицитабинмен, Тенофовир дизопроксилі фумаратымен және Эмтрицитабинмен ұқсастығына байланысты ламивудин сияқты цитидиннің басқа аналогтарымен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Бекітілген біріктірілім болып табылатын Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді оның компоненттері бар басқа дәрілік заттармен, эмтрицитабинмен немесе тенофовир дизопроксилі фумаратымен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді адефовир дипивоксилімен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Диданозин
Тенофовир дизопроксилі фумаратын және Эмтрицитабинді диданозинмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек арқылы шығарылатын дәрілік заттар
Нефроуытты дәрілік заттарды (мысалы, аминогликозидтер, амфотерицин B, фоскарнет, ганцикловир, пентамидин, ванкомицин, цидофовир және интерлейкин - 2) бір мезгілде немесе жақында Тенофовир дизопроксилі фумаратымен және Эмтрицитабинмен қолданудан аулақ болу қажет.
Басқа өзара әрекеттесулер.
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабиннің компоненттері арасындағы өзара әрекеттесу төменде 1–кестеде келтірілген (ұлғаюы «↑», азаюы– «↓», өзгерістердің болмауы – «АЖ», тәулігіне екі рет – «b.i.d.» және тәулігіне бір рет - «q.d.»). Егер 90% деректер бар болғанда, сенім аралығы жақшада көрсетілген.
1-кесте. Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабиннің жекелеген компоненттері арасындағы басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу
Емдеу бағыттары бойынша дәрілік зат (мг-дағы доза) |
Препарат деңгейіне әсері, орташа пайыздық өзгеріс Деректер болған кезде AUC, Cmax, Cmin 90% сенімді аралықпен (механизм) |
Тенофовир дизопроксилі фумаратымен және Эмтрицитабинмен (200 мг эмтрицитабин, 300 мг тенофовир дизопроксилі фумараты) бір мезгілде енгізуге қатысты ұсыным |
ИНФЕКЦИЯҒА ҚАРСЫ |
||
Антиретровирустық |
||
Протеаза тежегіштері |
||
Атазанавир/ Ритонавир/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (300 мг q.d./100 мг q.d./300 мг q.d.) |
Атазанавир: AUC: ↓ 25 % (↓ 42 - ↓ 3) Cmax: ↓ 28 % (↓ 50 - ↑ 5) Cmin: ↓ 26 % (↓ 46 - ↑ 10) Тенофовир: AUC: ↑ 37 % Cmax: ↑ 34 % Cmin: ↑ 29 % |
Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының артуы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. |
Атазанавир/ Ритонавир/ Эмтрицитабин |
Өзара әрекеттесу зерттелмеген. |
|
Дарунавир/ Ритонавир/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (300 мг q.d./100 мг q.d./300 мг q.d.) |
Дарунавир: AUC: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 22 % Cmin: ↑ 37 % |
Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының артуы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. |
Дарунавир/ Ритонавир/ Эмтрицитабин |
Өзара әрекеттесу зерттелмеген.
|
|
Лопинавир/ Ритонавир/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (400 мг b.i.d./100 мг b.i.d./300 мг q.d.) |
Лопинавир/Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 32 % (↑ 25 - ↑ 38) Cmax.: АЖ Cmin: ↑ 51 % (↑ 37 - ↑ 66) |
Дозаны түзету ұсынылмайды. Тенофовир экспозициясының артуы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовирмен байланысты жағымсыз құбылыстарды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.
|
Лопинавир/ Ритонавир/ Эмтрицитабин |
Өзара әрекеттесу зерттелмеген.
|
|
Кері транскриптаза нуклеозидті тежегіштері |
||
Диданозин / Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді бір мезгілде енгізу диданозинге жүйелік экспозицияның 40-60% артуына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін. Сирек, кейде өлімге әкелетін, панкреатит және лактоацидоз жағдайлары туралы хабарланды. Тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді тәулігіне 400 мг дозада бір мезгілде қолдану CD4 жасушалары санының едәуір азаюымен байланысты болды, мүмкін жасушааралық өзара әрекеттесуге байланысты, бұл фосфорланған (яғни белсенді) диданозинді арттырады. Тенофовир дизопроксилі фумаратымен бір мезгілде қолданылатын 250 мг диданозиннің азайтылған дозасы АИТВ-1 инфекциясын емдеу үшін бірнеше зерттелген біріктірілімде вирусологиялық сәтсіз емнің жоғары жиілігі туралы хабарламалармен байланысты болды. |
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Диданозин/ Эмтрицитабин |
Өзара әрекеттесу зерттелмеген. |
|
Ламивудин/Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Ламивудин: AUC: ↓ 3% (↓ 8% - ↑ 15) Cmax: ↓ 24% (↓ 44 - ↓ 12) Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↓ 4% (↓ 15 - ↑ 8) Cmax: ↑ 102% (↓ 96 - ↑ 108) Cmin: АЖ |
Ламивудин мен Тенофовир дизопроксилі фумаратын / Эмтрицитабинді бір мезгілде тағайындауға болмайды. |
Эфавиренз/Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Эфавиренз: AUC: ↓ 4% (↓ 7 - ↓ 1) Cmax: ↓ 4% (↓ 9 - ↑ 2) Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↓ 1% (↓ 8 - ↑ 6) Cmax: ↑ 7% (↓ 6 - ↑ 22) Cmin: АЖ |
Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
Микробқа қарсы |
||
В вирусты гепатитінің вирусқа қарсы препараттары (HBV) |
||
Адефовир дипивоксилі / Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Адефовир дипивоксилі: AUC: ↓ 11% (↓ 14 - ↓ 7) Cmax: ↓ 7% (↓ 13 - ↓ 0) Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↓ 2% (↓ 5 - ↑ 0) Cmax: ↓ 1% (↓ 7 - ↑ 6) Cmin: АЖ |
Адефовир дипивоксилі мен Тенофовир дизопроксилі фумаратын / Эмтрицитабинді бір мезгілде тағайындауға болмайды. |
С вирусты гепатитінің вирусқа қарсы препараттары (HCV) |
||
Ледипасвир/ Софосбувир (90 мг/400 мг) + Атазанавир/ Ритонавир (300мг/100мг) + Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) 1 |
Ледипасвир: AUC: ↑ 96% (↑ 74 - ↑ 121) Cmax: ↑ 68% (↑ 54 - ↑ 84) Cmin: ↑ 118% (↑ 91 - ↑ 150) Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 42% (↑ 34 - ↑ 49) Атазанавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 63% (↑ 45 - ↑ 84) Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 45% (↑ 27 - ↑ 64) Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: АЖ Cmax: ↑ 47% (↑ 37 - ↑ 58) Cmin: ↑ 47% (↑ 38 - ↑ 57) |
Тенофовир дизопроксилі фумаратты, ледипасвир/софосбувир мен атазанавир/ритонавирді бірге енгізу нәтижесінде тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды арттыруы мүмкін. Тенофовир дизопроксилі фумаратының қауіпсіздігі ледипасвирмен/софосбувирмен пайдаланғанда және фармакокинетикалық энхансерде (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) анықталған жоқ.
|
Ледипасвир/ Софосбувир (90 мг/400 мг) + Дарунавир/ Ритонавир (800мг/100мг) + Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) 1 |
Ледипасвир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Софосбувир: AUC: ↓ 27% (↓ 35 - ↓ 18) Cmax: ↓ 37% (↓ 48 - ↓ 25) GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Дарунавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 48% (↑ 34 - ↑ 63) Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 50% (↑ 42 - ↑ 59) Cmax: ↑ 64% (↑ 54 - ↑ 74) Cmin: ↑ 59% (↑ 49 - ↑ 70) |
Тенофовир дизопроксилі фумаратты, ледипасвир/софосбувир мен атазанавир/ритонавирді бірге енгізу нәтижесінде тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды арттыруы мүмкін. Тенофовир дизопроксилі фумаратының қауіпсіздігі ледипасвирмен/софосбувирмен пайдаланғанда және фармакокинетикалық энхансерде (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) анықталған жоқ. |
Ледипасвир/ Софосбувир (90 мг/400 мг) + Эфавиренз / Эмтрицитабин / Тенофовир дизопроксилі фумараты (600мг/200мг/300мг) |
Ледипасвир: AUC: ↓ 34% (↓ 41 - ↓ 25) Cmax: ↓ 34% (↓ 41 - ↑ 25) Cmin: ↓ 34% (↓ 43 - ↑ 24) Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS‑3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эфавиренз: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 98% (↑ 77 - ↑ 123) Cmax: ↑ 79% (↑ 56 - ↑ 104) Cmin: ↑ 163% (↑ 137 - ↑ 197) |
Дозаны түзету қажет емес. Тенофовирдің жоғары әсері, бүйрек бұзылыстарын қоса, Тенофовир дезопроксилінің фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. |
Ледипасвир / Софосбувир (90 мг/400 мг) + Эмтрицитабин/ Рилпивирин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/25 мг/300мг) |
Ледипасвир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Рилпивирин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 40% (↑ 31 - ↑ 50) Cmax: АЖ Cmin: ↑ 91% (↑ 74 - ↑ 110) |
Дозаны түзету қажет емес. Тенофовирдің жоғары әсері, бүйрек бұзылыстарын қоса, Тенофовир дезопроксилінің фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. |
Ледипасвир/Софосбувир (90мг/400мг) + Долутегравир (50 мг) + Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг / 300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072 AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Ледипасвир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Долутегравир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 65% (↑ 59 - ↑ 71) Cmax: ↑ 61% (↑ 51 - ↑ 72) Cmin: ↑ 115% (↑ 105 - ↑ 126) |
Дозаны түзету қажет емес. Тенофовирдің жоғары әсері, бүйрек бұзылыстарын қоса, Тенофовир дезопроксилінің фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. |
Софосбувир/ Велпатасвир (400мг/100мг) + Атазанавир/ Ритонавир (300 мг/100 мг) + Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 42% (↑ 37 - ↑ 49) Велпатасвир: AUC: ↑ 142% (↑ 123 - ↑ 164) Cmax: ↑ 55% (↑ 41 - ↑ 71) Cmin: ↑ 301% (↑ 257 - ↑ 350) Атазанавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 39% (↑ 20 - ↑ 61) Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↑ 29% (↑ 15 - ↑ 44) Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: АЖ Cmax: ↑ 55% (↑ 43 - ↑ 68) Cmin: ↑ 39% (↑ 31 - ↑ 48) |
Тенофовир дизопроксилі фумаратты, софосбувир/велпатасвир мен атазанавир/ритонавирді бірге енгізу нәтижесінде тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовир дизопроксилі фумаратпен байланысты жағымсыз реакцияларды арттыруы мүмкін. Софосбувир/велпатасвир және фармакокинетикалық энхансермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланғанда тенофовир дизопроксилі фумаратының қауіпсіздігі анықталған жоқ. Біріктірілімді бүйректің жиі мониторингінде сақтықпен пайдалану керек. |
Софосбувир / Велпатасвир (400мг/100мг) + Дарунавир/ Ритонавир (800мг/100мг) + Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: ↓ 28% (↓ 34 - ↓ 20) Cmax: ↓ 38% (↓ 46 - ↓ 29) GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Велпатасвир: AUC: АЖ Cmax: ↓ 24% (↓ 35 - ↓ 11) Cmin: АЖ Дарунавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin:АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 39% (↑ 33 - ↑ 44) Cmax: ↑ 55% (↑ 45 - ↑ 66) Cmin: ↑ 52% (↑ 45 - ↑ 59) |
Тенофовир дизопроксилі фумараты, софосбувир /велпатасвир мен дарунавирді/ритонавирді бірге енгізу нәтижесінде тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы, бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды арттыруы мүмкін. Софосбувир/велпатасвир және фармакокинетикалық энхансермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланғанда тенофовир дизопроксилі фумаратының қауіпсіздігі анықталған жоқ. |
Софосбувир/ Велпатасвир (400мг/100мг) + Лопинавир/ Ритонавир (800мг/200мг) + Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: ↓ 29% (↓ 36 - ↓ 22) Cmax: ↓ 41% (↓ 51 - ↓ 29) GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Велпатасвир: AUC: АЖ Cmax: ↓ 30% (↓ 41 - ↓ 17) Cmin: ↑ 63% (↑ 43 - ↑ 85) Лопинавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Ритонавир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: АЖ Cmax: ↑ 42% (↑ 27 - ↑ 57) Cmin: АЖ |
Тенофовир дизопроксилі фумаратты, софосбувир/велпатасвир мен лопинавир/ритонавирді бірге енгізу нәтижесінде тенофовирдің плазмадағы жоғары концентрациясы бүйрек бұзылыстарын қоса, тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды арттыруы мүмкін. Софосбувир/велпатасвир және фармакокинетикалық энхансермен (мысалы, ритонавир немесе кобицистат) бірге пайдаланғанда тенофовир дизопроксилі фумаратының қауіпсіздігі анықталған жоқ. |
Софосбувир/Велпатасвир (400мг/100мг) + Ралтегравир (400мг) + Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Велпатасвир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Ралтегравир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: ↓ 21% (↓ 58 - ↑ 48) Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 40% (↑ 34 - ↑ 45) Cmax: ↑ 46% (↑ 39 - ↑ 54) Cmin: ↑ 70% (↑ 61 - ↑ 79) |
Дозаны түзету қажет емес. Тенофовирдің жоғары әсері, бүйрек бұзылыстарын қоса, Тенофовир дезопроксилінің фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. |
Софосбувир/ Велпатасвир (400мг/100мг) +Эфавиренз/ Эмтрицитабин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (600мг/200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: ↑ 38% (↑ 14 - ↑ 67) GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Велпатасвир: AUC: ↓ 53% (↓ 61 - ↓ 43) Cmax: ↓ 47% (↓ 57 - ↓ 36) Cmin: ↓ 57% (↓ 64 - ↓ 48) Эфавиренз: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 81% (↑ 68 - ↑ 94) Cmax: ↑ 77% (↑ 53 - ↑ 104) Cmin: ↑ 121% (↑ 100 - ↑ 143) |
Софосбувир/велпатасвир мен эфавирензді қатарлас енгізу плазмадағы велтапасвир концентрациясының төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Софосбувир/велпатасвирді эфавиренз бар режимдермен бірге енгізу ұсынылмайды. |
Софосбувир/ Велпатасвир (400мг/100мг) + Эмтрицитабин/ Рилпивирин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты (200мг/25 мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: АЖ GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Велпатасвир: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Рилпивирин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 40% (↑ 34 - ↑ 46) Cmax: ↑ 44% (↑ 33 - ↑ 55) Cmin: ↑ 84% (↑ 76 - ↑ 92) |
Дозаны түзету қажет емес. Тенофовирдің жоғары әсері, бүйрек бұзылыстарын қоса, Тенофовир дезопроксилінің фумаратымен байланысты жағымсыз реакцияларды күшейтуі мүмкін. Бүйрек функциясын мұқият бақылау керек. |
Софосбувир (400мг) +Эфавиренз/ Эмтрицитабин/Тенофовир дизопроксилі фумараты (600мг/200мг/300мг) |
Софосбувир: AUC: АЖ Cmax: ↓ 19% (↓ 40 - ↑ 10) GS-3310072: AUC: АЖ Cmax: ↓ 23% (↓ 30 - ↑ 16) Эфавиренз: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: АЖ Cmax: АЖ Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: АЖ Cmax: ↑ 25% (↑ 8 - ↑ 45) Cmin: АЖ |
Дозаны түзету қажет емес. |
Рибавирин / Тенофовир дизопроксилінің фумараты |
Рибавирин: AUC: ↑ 26% (↑ 20 - ↑ 32) Cmax: ↓ 5% (↓ 11 - ↑ 1) Cmin: АЖ |
Рибавирин дозасын түзету қажет емес. |
Герпес вирусының вирусқа қарсы препараттары |
||
Фамцикловир / Эмтрицитабин |
Фамцикловир: AUC: ↓ 9% (↓ 16 - ↓ 1) Cmax: ↓ 7% (↓ 22 - ↑ 11) Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: ↓ 7% (↓ 13 - ↓ 1) Cmax: ↓ 11% (↓ 20 - ↑ 1) Cmin: АЖ |
Фамцикловир дозасын түзету қажет емес. |
Зеңге қарсы |
||
Рифампицин/ Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Тенофовир: AUC: ↓ 12% (↓ 16 - ↓ 8) Cmax: ↓ 16% (↓ 22 - ↓ 10) Cmin: ↓ 15% (↓ 12 - ↓ 9) |
Дозаны түзету қажет емес. |
Оральді контрацептивтер |
||
Норгестимат / Этинилэстрадиол/ Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Норгестимат: AUC: ↓ 4% (↓ 32 - ↑ 34) Cmax: ↓ 5% (↓ 27 - ↑ 24) Cmin: АЖ Этинилэстрадиол: AUC: ↓ 4% (↓ 9 - ↑ 0) Cmax: ↓ 6% (↓ 13 - ↑ 0) Cmin: ↓ 2% (↓ 9 - ↑ 6) |
Норгестимат / этинилэстрадиол дозасын түзету қажет емес. |
Иммунодепрессанттар |
||
Такролимус/Тенофовир дизопроксилінің фумараты / Эмтрицитабин |
Такролимус: AUC: ↑ 4% (↓ 3 - ↑ 11) Cmax: ↑ 3% (↓ 3 - ↑ 9) Cmin: АЖ Эмтрицитабин: AUC: ↓ 5% (↓ 9 - ↓ 1) Cmax: ↓ 11% (↓ 17 - ↓ 5) Cmin: АЖ Тенофовир: AUC: ↑ 6% (↓ 1 - ↑ 13) Cmax: ↑13% (↑ 1 - ↑ 27) Cmin: АЖ |
Такролимус дозасын түзету қажет емес. |
Апиындық анальгетиктер |
||
Метадон/ Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Метадон: AUC: ↑ 5% (↓ 2 - ↑ 13) Cmax: ↑ 5% (↓ 3 - ↑ 14) Cmin: АЖ |
Метадон дозасын түзету қажет емес. |
1 Ледипасвир/софосбувир көмегімен бір мезгілде дозалау кезінде алынған деректер. Осындай нәтижелерді сатылы енгізу (12 сағат) берді.
2 Софосбувирдің айналымдағы басым метаболиті.
Арнайы ескертулер
Барлық пациенттер Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді қабылдағанға дейін немесе қабылдау кезінде созылмалы В гепатит вирусының (HBV) болуына тексерілуі тиіс.
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді қабылдауды тоқтатқан ВВГ жұқтырған пациенттер емдеуді тоқтатқаннан кейін кем дегенде бірнеше ай бойы клиникалық және зертханалық жағдайларда мұқият бақылауда болуы тиіс. Қажет болса, әсіресе бауырдың үдемелі ауруы немесе циррозы бар пациенттерде В гепатитіне қарсы емнің басталуы ақталуы мүмкін, себебі емдеуден кейін гепатиттің өршуі бауыр декомпенсациясына және бауыр жеткіліксіздігіне әкеп соғуы ықтимал.
Сүйектің минералды тығыздығы
Тенофовир дизопроксилі фумараты-СМТ және биохимиялық маркерлердегі байланысты өзгерістердің ұзақ мерзімді сүйек денсаулығына және болашақ сыну қаупіне әсері белгісіз. СТМТ-ны бағалау анамнезінде сүйектің патологиялық сынуы немесе остеопороздың даму немесе сүйек массасының жоғалу қаупінің басқа факторлары бар ересектер мен педиатриялық пациенттер үшін қаралуы тиіс. Егер сүйек ауытқуларына күдік туындаса, тиісті кеңес алу керек.
Лактоацидоз
Тенофовир дизопроксилі фумаратымен және Эмтрицитабинмен емдеуді лактоацидозды немесе айқын гепатоуыттылықты куәландыратын клиникалық немесе зертханалық деректер дамитын кез келген пациентте тоқтата тұру керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бастапқы креатинин клиренсі < 50 мл/мин пациенттер үшін Тенофовир дизопроксилі фумаратының дозалау аралығын реттеу қажет. Бүйрек функциясы әлсіз бұзылған (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) пациенттер үшін дозаны реттеу талап етілмейді, бірақ есептелген креатинин клиренсі мен сарысудың фосфорына әдеттегі мониторинг жүргізу қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Шектелген деректер эмтрицитабинмен және тенофовир дизопроксилі фумаратымен байланысты болатын шаранаға/жаңа туған нәрестеге даму ақауларының немесе уытты әсерінің жоқтығын көрсетеді. Қажет болса, жүктілік кезінде Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді қолданудың орындылығын қарастыруға болады.
Зерттеулер Эмтрицитабин мен тенофовирдің емшек сүтіне бөлінетінін көрсетті. Эмтрицитабин мен тенофовирдің жаңа туған нәрестелерге/сәбилерге әсері туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Жалпы, АИТВ жұқтырған әйелдерге АИТВ-ның балаға берілуін болдырмау үшін емізу ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуге қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Пациенттерді эмтрицитабинмен және тенофовир дизопроксилі фумаратымен емдегенде бас айналуы туралы хабарламалардың болуы туралы хабардар ету керек.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Салмағы кемінде 35 кг ересектерге: күніне бір рет бір таблеткадан тамақпен бірге немесе онсыз.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабинді бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге тағайындаған кезде препарат әсерінің едәуір артуы байқалады. Осыған байланысты фондық креатинин клиренсі 30-49 мл/мин пациенттерде Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабин дозаларын қабылдау арасындағы аралықты 2-кестеде келтірілген ұсынымдарға сәйкес түзету керек. Мұндай пациенттерді емдегенде емге деген клиникалық реакцияны және бүйрек функциясын бақылау керек. Креатинин клиренсінің деңгейі 50-80 мл/мин болатын пациенттер үшін дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бұл пациенттерде креатинин клиренсі мен қан сарысуындағы фосфаттар деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу қажет.
2-кесте. Креатинин клиренсі өзгерген пациенттерде дозаны түзету
|
Креатинин клиренсі (мл/мин)1 |
|||
|
³50 |
30–49 |
< 30 (гемодиализді қажетсінетін пациенттерді қоса) |
|
Қабылдаулар арасындағы ұсынылатын аралық |
Әр 24 сағат сайын |
Әр 48 сағат сайын |
Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабин препаратын тағайындауға болмайды |
|
|
Креатинин клиренсі (мл/мин) 1 |
Гемодиализде жүрген пациенттер |
||
|
≥ 50 |
30-49 |
10-29 |
|
300 мг дозалар арасындағы ұсынылған аралық |
Әр 24 сағат сайын |
Әр 48 сағат сайын |
Әр 72-96 сағат сайын |
Әр 7 күн сайын немесе диализден кейін шамамен 12 сағаттан кейін 2 |
1 Мінсіз дене салмағына арналған. 2 Әдетте аптасына шамамен 4 сағатқа созылатын үш гемодиализ сеансы өткізіледі. Тенофовир дизопроксилі фумаратын диализ аяқталғаннан кейін енгізу керек. |
Есептеу кезінде мінсіз дене салмағы қолданылды.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Егде жастағы пациенттер
Бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясы бұзылуының үлкен жиілігін, сондай-ақ қатарлас ауруларды немесе басқа дәрілік заттарды қабылдауды ескере отырып, егде жастағы пациенттер үшін дозаны сақтықпен таңдау керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі (бас айналу, диарея, жүрек айну, құсу, аллергиялық реакция (ентігу, бөртпе, қышыну, есекжем және т.б.).
Емі: стандартты демеуші емді ұстану керек. Гемодиализ арқылы эмтрицитабин дозасының 30% - ына дейін және тенофовир дозасының 10% - ына дейін шығарылады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
АИТВ және В гепатиті вирусын ко-жұқтырған пациенттерде Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабин емін тоқтату гепатиттің ауыр күрт өршуімен астасуы мүмкін.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Тенофовир дизопроксилі фумараты және Эмтрицитабин компоненттерімен емдеуге ықтимал қатынасы бар жағымсыз реакциялар төменде органдар жүйелерінің класы мен жиілігі бойынша келтіріледі. Жиілігі бойынша әрбір топ шеңберінде жағымсыз құбылыстар ауырлықтың кему тәртібімен келтірілген. Жиілігі бойынша жағымсыз реакциялар: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін) және сирек (≥1/10 000-нан < 1/1000-ға дейін) ретінде анықталады.
3-кесте. Клиникалық зерттеу және постмаркетингтік талдау негізінде Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабиннің жекелеген компоненттерімен байланысты жағымсыз реакциялар туралы қысқаша деректер.
Жиілігі |
Эмтрицитабин |
Тенофовир дизопроксилі фумараты |
Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
||
Жиі: |
нейтропения |
|
Жиі емес: |
анемия2 |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
||
Жиі: |
аллергиялық реакция |
|
Тамақтану және зат алмасу тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі: |
|
гипофосфатемия1 |
Жиі: |
гипергликемия, гипертриглицеридемия |
|
Жиі емес: |
|
гипокалиемия1 |
Сирек: |
|
лактоацидоз |
Психиканың бұзылуы |
||
Жиі: |
ұйқысыздық, аномальді түс көру |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі: |
бас ауыру |
бас айналу |
Жиі: |
бас айналу |
бас ауыру |
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі: |
диарея, жүрек айну |
диарея, құсу, жүрек айну |
Жиі: |
панкреатиндік амилазаның жоғары деңгейін, сарысу липазасының жоғары деңгейін, құсу, іштің ауыруы, диспепсияны қоса алғанда, амилазаның жоғары деңгейі |
іштің ауыруы, ентігу, метеоризм |
Жиі емес: |
|
панкреатит |
Бауыр және өт жолдары тарапынан бұзылулар |
||
Жиі: |
сарысудағы аспартатаминотрансферазаның (АСТ) жоғары деңгейі және/немесе сарысудағы аланинаминотрансферазаның (АЛТ) жоғары деңгейі, гипербилирубинемия |
трансаминаза деңгейінің жоғарылауы |
Сирек: |
|
бауырдың майлы дистрофиясы, гепатит |
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі: |
|
бөртпе |
Жиі: |
везикулобуллезді бөртпе, пустулярлы бөртпе, макулопапулезді бөртпе, бөртпе, қышыну, уртикарлы бөртпе, тері пигментациясының бұзылуы (күшейтілген пигментация)2 |
|
Жиі емес: |
ангионевроздық ісіну3 |
|
Сирек: |
|
ангионевроздық ісіну |
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
||
Өте жиі: |
креатинкиназаның жоғары деңгейі |
|
Жиі емес: |
|
рабдомиолиз1, бұлшықеттің босаңдығы1 |
Сирек: |
|
остеомаляция (сүйектің ауыруы ретінде білінеді және жиі сыну себептерінің бірі болып табылады)1, 3, миопатия1 |
Бүйрек және несеп шығару жолының тарапынан бұзылулар |
||
Жиі емес: |
|
креатинин деңгейінің жоғарылауы, протеинурия, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (оның ішінде Фанкони синдромы) |
Сирек: |
|
бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы), жедел тубулярлы некроз, нефрит (оның ішінде жедел интерстициальді нефрит)3, нефрогенді қантсыз диабет |
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар |
||
Өте жиі: |
|
астения |
Жиі: |
ауырсыну, астения |
|
1 бұл жағымсыз реакция проксимальді бүйрек тубулопатиясына байланысты дамуы мүмкін. Бұл жағдай болмаған кезде тенофовир дизопроксилі фумаратымен себепті байланысы бар деп есептелмейді.
2 Балаларда эмтрицитабинді қолданған жағдайда анемия туралы хабарлар жиі, ал тері пигментациясының бұзылуы (күшейтілген пигментация) туралы хабарлар өте жиі келіп түсті.
3 Бұл жағымсыз реакция постмаркетингтік бақылау барысында анықталды, бірақ ересектердегі рандомизацияланған бақыланатын клиникалық зерттеулерде немесе АИТВ жұқтырған балалардағы эмтрицитабинге қатысты клиникалық зерттеулерде немесе рандомизацияланған бақыланатын клиникалық сынақтарда немесе тенофовир дизопроксилі фумаратына қатысты тенофовир дизопроксилі фумаратымен емдеуге қол жеткізудің кеңейтілген бағдарламасында анықталған жоқ.
Іріктелген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Бүйрек жеткіліксіздігі: Тенофовир дизопроксилі фумараты мен Эмтрицитабин бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін болғандықтан, бүйрек функциясына мониторинг жасау ұсынылады. Проксимальді бүйрек тубулопатиясы әдетте тенофовир дизопроксилі фумаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады немесе жақсарады. Бүйрек жеткіліксіздігі қаупі бар пациенттер (бүйрек қаупінің базалық факторлары бар пациенттер, АИТВ инфекциясының дамыған сатылары немесе қатарлас нефроуытты препараттар алатын пациенттер сияқты) тенофовир дизопроксилі фумаратымен емді тоқтатуға қарамастан, бүйрек функциясының толық қалпына келмеуінің жоғары қаупіне ұшырайды.
Диданозинмен өзара әрекеттесу: тенофовир дизопроксилі фумараты мен диданозинді бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл диданозиннің жүйелік әсерінің 40-60% - ға артуына әкеледі, бұл диданозинмен байланысты жағымсыз реакциялар қаупін арттыруы мүмкін. Панкреатит және кейде өлімге әкеп соғатын, лактоацидоз туралы сирек хабарланады. Метаболизмдік параметрлер: антиретровирустық ем кезінде липидтердің, қандағы глюкозаның салмағы мен деңгейі артуы мүмкін.
Иммундық реактивация синдромы: ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем басталған кезде асимптоматикалық немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: Эмтрицитабин, сусыз затқа шаққанда
200.00 мг,
Тенофовир дизопроксилі фумараты, сусыз затқа шаққанда 300.00 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, лактоза моногидраты, магний стеараты,
қабықтың құрамы: Опадрай көк II 31К80956 (лактоза моногидраты, HPMC 2910/гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, FD&C көк №2/Индигокармин алюминий лагы (Е 132)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «М117» өрнегі бар және екінші жағы тегіс таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, алюминий жарғақшамен тығыз дәнекерленген, ақ мөлдір емес бұралатын қақпақты ақ мөлдір емес құтыға салынады. Құтының ішінде ылғал сіңіргіш бар.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босату шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Mylan Laboratories Limited, Үндістан
F-4& F-12, MIDC, Malegaon, Sinnar,
Nashik – 422 113, Махараштра, Үндістан
Тел: +91-2551-304309
Факс: +91-2551-230924
Электронды пошта: uday.kasbekar@mylan.in
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Mylan Laboratories Limited, Үндістан
F-4& F-12, MIDC, Malegaon, Sinnar,
Nashik – 422 113, Махараштра, Үндістан
Тел: +91-2551-304309
Факс: +91-2551-230924
Электронды пошта: uday.kasbekar@mylan.in
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):
«MEDA Pharmaceuticals Switzerland GmbH» өкілдігі
050051, Алматы қ., Достық даңғ., 97, 8 кеңсе
Тел: 8 (727) 264-17-94, факс: 8 (727) 264-17-71
E-mail: info.safety@meda-cis.com