Тамсулозин Канон (Тамсулозин)

МНН: Тамсулозина гидрохлорид
Производитель: Канонфарма продакшн ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tamsulosin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№026073
Информация о регистрации в РК: 14.11.2022 - 14.11.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Тамсулозин Канон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тамсулозин

Дәрілік түрі, дозасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 0.4 мг

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Простатаның қатерсіз гипертрофиясын емдеуге арналған препараттар. Альфа-адренорецепторлардың антагонистері. Тамсулозин.

АТХ коды G04CA02

Қолданылуы

Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында дизуриялық бұзылуларды емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тамсулозинге және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (ангионевроздық ісінуді қоса)

- ортостаздық гипотензия (оның ішінде анамнезінде)

- ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі,

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- лактаза тапшылығы, галактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Тамсулозин Канон препаратын қабылдауды бастау алдында емдеуші дәрігермен кеңесіп, келесі жағдайларға ерекше назар аудару керек:

- бүйректің созылмалы немесе жедел ауруы болған кезде,

- көз бұршағының бұлдырауына (катаракта) немесе көздегі қысымның жоғарылауына (глаукома) байланысты көз операциясын жоспарлау кезінде.

Офтальмологиялық операцияны жоспарлау жағдайында дәрігерге тамсулозинді қабылдау туралы ескерту қажет. Осыдан кейін дәрігер қолданылатын мерзімге, дәрілік заттарға және хирургиялық әдістерге қатысты тиісті сақтық шараларын қолдана алады.

Балалар мен жасөспірімдер

Препарат балаларға немесе 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ұсынылмайды, өйткені ол осы жас тобында тиімді емес

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бірнеше препаратты қабылдаған кезде ақпаратты емдеуші дәрігерден нақтылау ұсынылады. Бұл Тамсулозин Канон препараты кейбір басқа препараттардың жұмысына әсер етуі мүмкін екеніне байланысты. Одан өзге, кейбір дәрілік заттар Тамсулозин Канон препаратының жұмысына әсер етуі мүмкін.

Атап айтқанда, бұл келесі терапиялық топтардағы дәрілік заттарды қабылдау үшін үлкен маңызға ие:

- верапамил және дилтиазем сияқты артериялық қысымды төмендетуге арналған препараттар

- ритонавир немесе индинавир сияқты АИТВ инфекциясын емдеуге арналған препараттар

- кетоконазол немесе итраконазол сияқты зеңдік инфекцияны емдеуге арналған препараттар

- доксазозин, индорамин, празозин немесе альфузозин сияқты басқа альфа-блокаторлар

- эритромицин, инфекцияны емдеу үшін қолданылатын антибиотик.

Сондай-ақ, операцияны немесе стоматологиялық процедураны орындау алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады, өйткені анестетиктің әсерін өзгерту мүмкіндігі бар.

Арнайы ескертулер

Тамсулозин Канон құрамында лактоза (қант типі) бар. Анықталған немесе ықтимал қант жақпаушылығы кезінде Тамсулозин Канон препаратын қабылдағанға дейін емдеуші дәрігерден ақпаратты нақтылау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезінде

Тамсулозин Канон әйелдерде қолдану үшін тағайындалмаған.

Еркектерде аномальді эякуляция байқалуы мүмкін (эякуляцияның

бұзылуы). Бұл жағдайда сперманың уретра арқылы қуыққа құйылуы

(ретроградтық эякуляция) немесе эякулят көлемінің төмендеуі мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тамсулозин гидрохлоридінің көлік құралдарын басқару немесе жабдықпен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететіні туралы ақпарат жоқ. Алайда, тамсулозин гидрохлориді ұйқышылдықты, анық көрмеуді, бас айналуын және естен айрылуды тудыруы мүмкін екендігі белгілі. Егер бұл симптомдар болса, көлік құралдарын басқаруға немесе жабдықпен жұмыс істеуге кеңес берілмейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Тамсулозин Канон препаратын қабылдау емдеуші дәрігердің тағайындауларына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау қажеттілігіне сенім болмаған жағдайда маманнан қайта кеңес алу қажет.

Енгізу жолы және тәсілі

Препаратты аз мөлшерде сумен іше отырып, ішке қабылдайды.

Дозалау режимі

Ересектер мен егде адамдарға ұсынылатын доза күніне бір таблетка. Тамсулозин Канонды тамақпен бірге немесе онсыз қабылдауға болады. Таблетканы тұтастай жұту керек. Кеміруге және шайнауға болмайды. Қабылдау ұзақтығы мен қосымша тексеруді дәрігер тағайындайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Тамсулозин Канон препаратымен артық дозалануы жағдайында артериялық қысымның күрт төмендеуі, айналуы және жалпы әлсіздік пайда болуы мүмкін. Дереу дәрігерге немесе жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне хабарласу ұсынылады. Тамсулозинге спецификалық антидот жоқ. Жүргізілген емдеу препараттың сіңуін азайтуға және оның организмнен жедел шығарылуына бағытталатын болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Қабылдау уақытын өткізіп алған кезде таблетканы кейіннен әдеттегі кестені сақтай отырып, сол күні қабылдау ұсынылады. Егер қабылдау өткізіп алынса, онда келесі күннен бастап қабылдауды қайта бастауға болады, бұл ретте дозаны түзету талап етілмейді.

Өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру мақсатында қосарлы дозаны қолдануға жол берілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Тамсулозин Канон препаратын қолдану бойынша сұрақтар туындаған кезде оларды емдеуші дәрігерге қою ұсынылады.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Барлық дәрілік препараттар сияқты Тамсулозин Канон препараты жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлық пациенттерде пайда болмайды.

Төменде тізілген күрделі жағымсыз реакциялар пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтатып, шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.

Жиі (10 адамның 1-де ғана туындауы мүмкін):

- бас айналуы

- эякуляцияның бұзылуы (ретроградтық эякуляцияны, эякуляциялық жеткіліксіздікті қоса)

Жиі емес (100 адамның 1-де ғана туындауы мүмкін):

- бас ауыруы

- «жүрек қағуын сезіну»

- ортостаздық гипотензия

- ринит

- іш қату, диарея, жүрек айнуы, құсу

- бөртпе, қышыну, есекжем

- астения

Сирек (1000 адамның 1-де ғана туындауы мүмкін):

- естен тану

- ангионевроздық ісіну

Өте сирек (10000 адамның 1-де ғана туындауы мүмкін):

- Стивенс-Джонсон синдромы

- приапизм

Белгісіз (жиілікті қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес):

- катаракта, глаукома бойынша операция кезінде көздің нұрлы қабығының интраоперациялық тұрақсыздығы (тар қарашық синдромы)

- көрудің бұзылуы, анық көрмеу

- мұрыннан қан кету

- ауыздың құрғауы

- көп формалы эритема, эксфолиативті дерматит

Осы типтегі басқа дәрілік заттарды қабылдау сияқты, ұйқышылдық, анық көрмеу немесе қол мен аяқтың ісінуі мүмкін

Жоғарыда сипатталған жағымсыз реакциялардан басқа, тамсулозин гидрохлоридін пайдалану кезінде жүрекшелер фибрилляциясы, аритмия, тахикардия және ентігу байқалды. Деректер тіркеуден кейінгі кезеңде өздігінен хабарламалар әдісімен алынғандықтан, осы құбылыстардың жиілігін және тамсулозинді қабылдаумен себеп-салдарлық байланысын анықтау қиын болып көрінеді.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - тамсулозин гидрохлориді 0.40 мг.

қосымша заттар: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, құрамында поливинил спирті бар Опадрай II сары 85F32410 үлбірлі қабығы, макрогол (полиэтиленгликоль), тальк, титанның қостотығы, темірдің сары тотығы бояғышы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беткейі дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында – ақ дерлік түсті ядро бар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден, ПВХ/ПВТФЭ үлбірден немесе көп қабатты алюминий фольгадан және лакталған басылған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Екіншілік қаптамада (картон қорапшада) 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей

141100, Мәскеу облысы, Щелково қ., Заречная к-сі, 105-үй.

Тел.: +7 (495) 797 99 54,

Факс: +7 (495) 797 96 63,

www.canonpharma.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей

141100, Мәскеу облысы, Щелково қ., Заречная к-сі, 105-үй.

Тел.: +7 (495) 797 99 54,

Факс: +7 (495) 797 96 63,

www.canonpharma.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«АЛДИМЕД» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 1-үй.

Тел.: +7-701-749-08-99 (24 сағат)

Электронды пошта: anara.kokumbaeva@mail.ru

Прикрепленные файлы

Тамсулозин_Канон_ИМП_(ЛВ)_270122_кз.docx 0.04 кб
п.3_Тамсулозин_Канон_ИМП_(ЛВ)_270122_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники