Сульфацил-натрий (30 %, Белмедпрепараты РУП)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Сульфацил-натрий
Халықаралық патенттелмеген атауы
Сульфацетамид
Дәрілік түрі
Көзге тамызатын дәрі 30 %, 5 мл
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат - Натрий сульфацетамиді (натрий сульфацилі) – 1500 мг,
қосымша заттар: натрий тиосульфаты, хлорсутек қышқылы 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Сульфонамидтер.
АТХ коды S01АВ04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Көз тіндері мен сұйықтықтарына өтеді. Қабынған конъюнктива арқылы жүйелі қан айналымына сіңеді. Жергілікті қолданған кезде мөлдір қабықтағы, алдыңғы камера сұйықтығындағы және нұрлы қабықтағы сульфацетамидтердің ең жоғарғы концентрациясына аппликациядан кейін алғашқы 30 минуттан кейін жетеді. Кейбір мөлшері көз алмасы тіндерінде 3-4 сағат сақталады. Мөлдір қабықтың эпителийі зақымданғанда сульфацетамидтің пенетрациясы күшейеді.
Фармакодинамикасы
Сульфацил-натрий – сульфаниламидті кең ауқымды микробқа қарсы әсері бар препарат. Бактериостатикалық әсерге ие. Әсер ету механизмі пара-аминобензой қышқылымен (ПАБҚ) бәсекелес антагонизмімен және дигидроптероатсинтетазаны бәсеңдетуімен байланысты бұл пуриндер мен пиримидиндердің синтезіне қажетті тетрагидрофол қышқылының синтезінің бұзылуына әкеледі. Escherichia coli, Shigella spp., Vibrio cholerae, Clostridium perfringens, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Yersinia pestis, Chlamydia spp., Actinomyces israelii, Toxoplasma gondii грамоң және грамтеріс кокктарға қатысты белсенді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- конъюнктивитте, блефаритте
- мөлдір қабықтың іріңді ойық жараларында
- көздің гонореялық ауруларында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге кешенді ем құрамында: конъюнктивитте, блефаритте, мөлдір қабықтың іріңді ойық жараларында, көздің гонореялық ауруларында препаратты зақымданған көзге 1-2 тамшыдан тәулігіне 4-6 рет тамызады. Емдеу курсы 5-7 күн.
Жағымсыз әсерлері
- аз уақыт күйдіріп-ашыту
- көрудің бұлыңғырлануы, жас ағуы
- көздің қызаруы, ашып ауыруы
- көздің қышынуы
- жергілікті аллергиялық реакциялар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- сульфаниламид препараттарына жеке жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Прокаинмен және тетракаинмен бірге қолдану сульфацил-натрийдің бактериостатикалық әсерін төмендетеді. Күміс тұздарымен бірге қолданғанда сульфацил-натрийдің үйлесімсіздігі байқалады.
Айрықша нұсқаулар
Фуросемидке, тиазидтік диуретиктерге, сульфонилмочевина туындыларына немесе карбангидраза тежегіштеріне жеке жоғары сезімталдығы бар пациенттерде сульфацил-натрийге жоғары сезімталдық байқалуы мүмкін.
Тамшуыр-қақпағымен құтыларды қолдану жөніндегі ұсынымдар: препаратты қолданар алдында құтыдан алюминий қалпағын алып тастаңыз және резеңке тығынын ашып, құтыны қаптамадан алдын ала босатылған тамшуыр-қақпақпен жабу керек. Содан кейін тамшуыр-қақпақтан қалпағын шешіп, құтыны төңкеріп, препараттың қажетті мөлшердегі тамшысын тамызу керек. Қолданғаннан кейін құтыны тікейтіп қойып тамшуыр-қақпаққа қалпағын кигізу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Сульфацетамид жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды емдеуде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға және балаға деген қауіптен жоғары болса қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Егер пациентте препаратты қабылдағаннан кейін уақытша көру қабілеті төмендесе ол қалпына келгенше автомобильді басқаруға және жоғары зейінді және реакцияны талап ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: ашып ауыруы, көздің күйдіріп-ашытуы, көздің қызаруы, қабақтың ісінуі, жас ағуы.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бейтарап шыныдан жасалған, резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақпен қаусырылған құтыларда 5 мл-ден. Құты тамшылатқыш -қақпақпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Ашылған құтыны жарықтан қорғалған жерде 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада 4 апта ішінде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/қаптаушы
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:
220007, Минск қ-сы, Фабрициус к-сі, 30,
т./ф.: (+375 17) 220 37 16, e-mail: medic@belmedpreparaty.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:
«КазБелМедФарм» ЖШС
Заңды мекенжайы/Нақты мекенжайы:
040923, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, Жастар көшесі, 22
Телефонның/факстың нөмірлері: 8(727) 225-59-98, 378-52-74
Электрондық мекенжайы: info@kbmf.kz