Стопангин

МНН: Гексэтидин
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hexetidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010014
Период регистрации: 07.10.2016 - 07.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Стопангин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 30 мл спрей

Құрамы

30 мл ерітінді құрамында

белсенді зат0.0577 г гексетидин,

қосымша заттар: анис эфир майы, эвкалипт эфир майы, апельсин ағашы (Нероли) гүлдерінен алынған эфир майы, бұрыш жалбызының эфир майы, левоментол, метилсалицилат, натрий сахаринат моногидраты, 85% глицерин, 96% этанол.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар және дәмі тәттілеу, мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы ауруларында жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы препараттар.

АТХ коды А01АВ12

Фармакологиялық қасиеттері

Стопангин орташа жансыздандыратын әсері бар антисептикалық дәрі болып табылады. Препараттың негізгі әсер етуші заты - гексетидиннің бактерицидтік және фунгицидтік әсері бар. Микробқа қарсы әсері микробты жасушалардың тотықтырғыш реакцияларын бәсеңдету жолымен іске асады. Гексетидин эфир майларымен кешенде антисептикалық әсерді орташа жергілікті жансыздандыруымен толықтырады.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен көмейдің қабыну ауруларында:

- баспада, тонзиллитте, фарингитте, стоматитте, афталарда, глосситте, пародонтозда, пародонтопатияда, альвеолаға жұқпа жұққанда

- ауыз қуысы мен көмейдің зеңдік ауруларында (ауыз уылуында)

- операциялық араласуларға дейін және одан кейін

- ауыз қуысы мен көмейдің жарақаттануларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 8 жастан асқан балалар

Спрейді ауыз қуысындағы инфекция жұқтырылған беткейге 1-2 секунд демді ұстап тұрып шашыратады. Емшараны күніне 2-3 рет тамақтан кейін жасайды.

Препаратты 7 күннен асырмай қолданады.

Жағымсыз әсерлері

- ауыз қуысының шырышты қабығын уақытша күйдіруді сезіну

- сезімталдығы жоғары адамдарда айрықша жағдайларда аллергиялық реакциялар, оның ішінде ларингоспазм болуы мүмкін

- жүрек айнуы (препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық,

- атрофиялық типтегі құрғақ фарингит,

- 8 жасқа дейінгі балалар

- жүктіліктің I триместрі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ішке деммен тартуға болмайды. Препарат көзге тимеуі тиіс.

Құрамында 64% этанол бар.

Жүктілік және лактация,

Препараттың жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданылуы туралы жеткілікті деректер жоқ, сондықтан оны сақтықпен және тек оны қолданудың болжамды пайдасы қауіпті қатерінен асып түссе ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Стопангин көлік құралдарын және жоғары зейін қоюды талап ететін қызметті басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Сипатталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Механикалық шашыратқышпен және шашыратқышты сақтандыратын қақпақпен жабдықталған 30 мл пластмасса құты. Әрбір құты аппликатормен жиынтықта медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, +250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Тева Чех Кәсіпорындары с.р.о.,

Опава-Комаров, Остравска, 29,

Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Ltd., Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19

Нұрлы Тау бизнес орталығы, 1Б корпусы, 603 кеңсе

Тел, факс: (727) 311 09 15, 311 07 34

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19

Нұрлы Тау бизнес орталығы, 1Б корпусы, 603 кеңсе

Тел, факс: (727) 311 07 08

E-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

177313271477975725_ru.doc 44.5 кб
383160401477977436_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники