Стомагель

МНН: Лидокаин, Метилурацил (Диоксометилтетрагидропиримидин)
Производитель: ЛМП ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для местного применения при заболеваниях полости рта
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004116
Информация о регистрации в РК: 07.12.2012 - 07.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Стомагель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат: 5 мг метилурацил, 20 мг лидокаин гидрохлориді

қосымша заттар: қылқанжапырақ эфир майының ауыр фракциясы, лецитин, силбиол, α-токоферол, метилпарагидроксибензоат, ундецилен қышқылының моноэтаноламиді, триэтаноламин (троламин), этил спирті, карбомер, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қылқанжапырақтың жеңіл иісі бар ақшыл-сары біртекті гель тәріздес масса.

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысы ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды А01AD11

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат гиперемияны, ісінуді, ауыруды, қабынуды, құрғауды, ауыздың ашытуын сезінуді азайтады, тіндер регенерациясы мен эпителизациясын көтермелейді.

Қолданылуы

- ауыз қуысы шырышты қабығының қабыну және некротикалық үдерістерінде: жедел стоматит, гингивит, пародонтит

- микробтар немесе зең жұқпаларына байланысты ауыздың құрғауы мен күйдіру сезімінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ауыз қуысының зақымданған жерлеріне күніне 3-4 рет жағу керек. Қолдану ұзақтығы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда жергілікті аллергиялық реакциялар, жеңіл бас ауыруы мен бас айналуы болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • лейкоздың жедел және созылмалы лейкемиялық түрі
  • лимфогрануломатоз

  • сүйек кемігінің қатерлі аурулары

  • бауырдың ауыр аурулары

  • амид тектес жергілікті анестезия дәрілеріне немесе гель компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 3 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гель строфантиннің әсерін үдетіп, антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттардың әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Көзге гельді тигізуге болмайды, өйткені оның көздің шырышты қабығын жеңіл тітіркендіретін қасиеті бар. Гель көзге тиіп кеткенде, көп мөлшердегі жылы сумен жуу керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде, егер анасы үшін күтілетін пайдасы ұрыққа және балаға төнетін қауіптен жоғары болса, қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Гельдің артық дозалану жағдайлары байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

„ЛМП” ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.

Тел.: (+371) 67040788

Тіркеу куәлігінің иесі

„ЛМП” ЖШҚ, Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия.

Тел.: (+371) 67040788

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: „ЛМП” ЖШҚ

Виеталвас к-сі 1, Рига, LV-1009, Латвия

Телефон: +371 67040788 

Факс: +371 67040787

Электронды поштасы: info@lmp.lv

 

Прикрепленные файлы

299216941477976978_ru.doc 46 кб
595252221477978143_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники