Стимол®

МНН: Цитруллина малат
Производитель: Биокодекс
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013390
Период регистрации: 23.07.2014 - 23.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Стимол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пероральді қабылдауға арналған ерітінді, 1г/10мл

Құрамы

1 пакеттің (саше) ішінде

белсенді зат: цитруллин малаты 1.0 г,

қосымша заттар: сангрия табиғи апельсин хош иісімен, натрий гидроксиді (концентрацияланған ерітінді түрінде), тазартылған су.

Сипаттамасы

Апельсин иісі бар түссіз немесе сарғыштау сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы тонус беретін препараттар.

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін препарат АІЖ жылдам сіңеді. Қан плазмасында Cmax орташа алғанда 50 мин кейін жетеді. Плазмадан тез шығарылады.

Плазмадағы концентрациясы 6 сағаттан соң физиологиялыққа жақын болады.

Метаболизмі және шығарылуы

Цитруллин малаты жарғақшалық метаболизм үдерісіне қосылады, оның тек аздаған мөлшері несепте байқалады.

Фармакодинамикасы

Цитруллин – аммиактың бейтараптандыру цикліне қатысатын (бауырда құрамында азот бар қосылыстардың ыдырауы нәтижесінде түзілетін) амин қышқылы. Бауырда аммиактан мочевина түзіледі. Цитруллин мочевина цикліне қатысады, аммоний иондарының шығарылуын жоғарылатады.

Малат Кребс цикліне және глюконеогенезге тартылады, қанда лактат концентрациясын төмендетеді, зат алмасуды қалыпқа түсіруге ықпал етеді, организмнің спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді.

Қолданылуы

- функционалдық астенияны симптоматикалық емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат пероральді қолдануға арналған.

Препаратты тікелей қабылдардың алдында пакеттің ішіндегісін жарты стақан суда еріту керек. Препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Емдеу курсының ұзақтығы мен препараттың дозасын емдеуші дәрігер әр емелуші үшін жекелей анықтайды.

Ересектерге әдетте 10мл (1 пакет) препараттан тәулігіне 3 рет тағайындайды. Әдетте балаларға 6 жастан бастап 10мл (1 пакет) препараттан тәулігіне 2 рет тағайындайды.

Емдеу курсының ұзақтығы әдетте 1 ай болады.

Жағымсыз әсерлері

Бірлі-жарым жағдайларда:

  • асқазан аумағындағы жайсыздық, емнің басында асқазанның ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Стимол® препаратының дәрілермен өзара әрекеттесуі туралы деректер белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Стимол® препаратының құрамында қант болмауына байланысты, препаратты қант диабеті бар емделушілерге тағайындауға болады.

Натрий мөлшері төмен болатын емдәм ұстанып жүрген емделушілерге 10мл (1 пакет) препараттың құрамында 30 мг натрий бар екенін ескерген жөн.

Жағымсыз әсерлер пайда болғанда дәрігердің кеңесі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты Стимол® препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: терідегі бөрту түріндегі аллергиялық реакциялар, асқазан аумағындағы жайсыздық.

Емі: препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл препараттан қағаз-алюминий-полиэтилен кешенінен жасалған пакетте (саше).

18 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биокодекс, Франция

7, авеню Гальени, 94250 Жантилли – Франция

Тіркеу куәлігінің иесі

Биокодекс, Франция

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Казфармпромоушн» ЖШС

Алматы қ., Қабдолов к-сі 22 б, 2 кеңсе

тел.: 7 (727) 356-47-01, 250-72-70

Электронды поштасы bruphbe@brupharm.skynet.be

 

Прикрепленные файлы

609494041477976716_ru.doc 70 кб
681743821477977873_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники