Спрей Золотая звезда

МНН: Ксилометазолин
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Xylometazoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015763
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

«Золотая звезда» спрейі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ксилометазолин

Дәрілік түрі

Мұрын спрейі 0,1% 15 мл

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - 15,0 мг ксилометазолин гидрохлориді

қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Мұрын препараттары. Антиконгестанттар. Антиконгестанттар және жергілікті қолдануға арналған басқа да мұрын препараттары. Ксилометазолин.

АТХ коды R01AA07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда іс жүзінде сіңбейді, плазмадағы концентрациясының аздығы сондай, оларды заманауи талдама әдістерімен анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Альфа - адреностимулятор, шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын кетіре отырып, мұрын қуысы шырышты қабығының қантамырларын тарылтады. Риниттер кезінде мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. Әсері бірнеше минуттан соң басталады және бірнеше сағат бойы жалғасады.

Қолданылуы

- жедел аллергиялық ринитте;

- ринит белгілері бар ЖРА;

- синуситте;

- поллинозда;

- ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін);

- науқасты мұрын қуыстарында жүргізетін диагностикалық манипуляцияларға дайындағанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрын ішіне. Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: әр мұрын жолына 3 бүркуден (қажет кезде қайталауға болады); күніне 3 реттен астам қабылдамау керек. Препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі және/немесе ұзақ қолданғанда болуы мүмкін:

- мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, шаншу, түшкіру, гиперсекреция.

Сирек

- мұрын шырышты қабығының ісінуі;

- жүректің қағуы, тахикардия, аритмия

- бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы

- құсу

- ұйқысыздық, депрессия (жоғары дозада ұзақ қолданғанда)

- көрудің бұзылуы

Симптомдар туындаған кезде препарат пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- артериялық гипертензия, тахикардия

- айқын атеросклероз

- глаукома

- атрофиялық ринит

- ми қабықтарына хирургиялық араласулар (сыртартқыда)

- 12 жасқа дейінгі балалар

- тиреотоксикоз

- жүктілік

- моноаминоксидаза тежегіштерін және үшциклді антидепрессанттарды қолдану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

ЖИА (стенокардия), қуық асты безінің гиперплазиясы, қант диабеті кезінде сақтықпен қолдану керек.

Препаратты созылмалы ринит кезінде тағайындамайды.

Пайдаланар алдында дозалаушы-сорғының қорғайтын қалпақшасын алыңыз. Саусақпен ақырын баса отырып 2 сынамалы бүрку (мұрынға емес) жасаңыз, содан соң мұрынға дәрігер тағайындаған дозалар мөлшерін бүркіңіз. Пайдаланғаннан кейін әрдайым дозалаушы-сорғының қорғайтын қалпақшасын жабыңыз.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды, лактация кезеңінде препаратты сақтықпен қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын басқаруға және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, мұрынның құрғауы, жүрек айну, депрессия, артериялық қысымның жоғарылауы, көрудің қысқа мерзімді бұзылуы.

Емі: препарат қолдануды тоқтату және антагонист-препараттарын қолдану: симпатолитиктер және α-адреноблокаторлар (фентоламин, тропафен), симптоматикалық ем.

Препаратты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда (көбіне балаларда) тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарлауы, ұйқышылдық, сананың шатасуы, тыныс алу депрессиясы немесе тұрақты тыныстамау байқалған.

Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

15 мл препараттан полиэтиленнен жасалған бүріккіші және қорғайтын қалпақшасы бар пластик құтыда.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

Бүріккіші бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Ұялы тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

069950241477976388_ru.doc 51.5 кб
184729531477977590_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники