Смектит Э (Diosmectite)

МНН: Смектит диоктаэдрический
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Diosmectite
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025869
Информация о регистрации в РК: 06.06.2022 - 06.06.2027
Номер регистрации в РБ: 20/04/2290
Информация о регистрации в РБ: 22.04.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Смектит Э

Халықаралық патенттелмеген атауы

-

Дәрілік түрі, дозалануы

Ішке қабылданатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ 3000 мг.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жүйесі және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішекке арналған қабынуға қарсы/ микробқа қарсы препараттары. Ішек адсорбенттері. Басқа ішек адсорбенттері. Диосмектит.

АТХ коды: А07ВС05

Қолданылуы

2 жастан бастап балалар үшін:

- пероральді регидратацияға арналған ерітіндімен кешенді емде жедел диареяны симптоматикалық емдеу.

Ересектер үшін:

- пероральді регидратацияға арналған ерітіндімен кешенді емде ересектердегі жедел диареяны симптоматикалық емдеу;

- созылмалы диареяны симптоматикалық емдеу;

- сэзофагогастродуоденальді және ішек ауруларымен байланысты іштің ауырсынуын симптоматикалық емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- Диоктаэдриялық смектитке немесе дәрілік заттың бір компонентіне аса жоғары сезімталдық.

- Ішек өтімсіздігі.

- 2 жасқа дейінгі балалар.

- Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Смектит Э препаратын қабылдар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Смектит Э препаратын ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу керек.

Егер 3 күн емделгеннен кейін жедел диарея жағдайында симптомдар сақталса немесе жағдайы нашарласа, сондай-ақ іштің ауыруы қызба немесе құсумен бірге жүрсе, дәрігермен кеңесу керек.

Смектит Э дәрілік заты анамнезінде созылмалы іш қатуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс.

2 жастан асқан балалардағы жедел диареяны емдеуде препарат дегидратацияның дамуын болдырмау үшін регидратациялық емді ерте тағайындаумен бірге қолданылады.

Ересектерде регидратация қажет болған жағдайда тағайындалады.

Регидратацияның ұзақтығын және оны жүргізу тәсілін (пероральді немесе вена ішіне) аурудың жасына және клиникалық көрінісіне байланысты емдеуші дәрігер анықтауы тиіс.

Пациент келесі туралы хабардар болуы керек:

- диареяға байланысты сұйықтықтың жоғалуын өтеу үшін тұзды немесе тәтті ерітінділермен регидратацияны жүргізу қажет (ересектерге арналған сұйықтықтың күнделікті мөлшері 2 литрге дейін);

- диарея кезінде тамақтану рационын бақылау: шикі жемістер мен көкөністерді, ащы және қуырылған тағамдарды, консервіленген тағамдар мен сусындарды тағамнан шығару керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдеуші дәрігерге не қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе басқа дәрі-дәрмектерді қабылдауға кірісуіңіз мүмкін екенін айтыңыз.

Басқа дәрілік заттың сіңу жылдамдығына және/немесе дәрежесіне әсер етуі мүмкін дәрілік заттың едәуір сіңіргіш қасиеттерін ескере отырып, Смектит Э қабылдағанға дейін немесе одан кейін біраз уақыт бұрын басқа дәрілік затты қабылдау ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Дәрілік заттың құрамында глюкоза бар. Дәрілік затты глюкозаның сіңу бұзылған немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар (сирек кездесетін тұқым қуалайтын аурулары) пациенттерде қолдану ұсынылмайды.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға абайлап тағайындалсын.

Педиатрияда қолдану

Смектит Э препаратын тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер санының жеткіліксіздігі салдарынан 2 жастан кіші балаларға бермеу керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Әрқашан осы препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес толық қабылдаңыз. Күмән пайда болған кезде емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Жедел диареяны емдеу.

Балаларға арналған:

- 2 жастан бастап: 3 күн ішінде күніне 4 пакет, содан кейін 4 күн ішінде күніне 2 пакет.

Ересектер үшін:

- күніне орта есеппен 3 пакет.

Емдеудің басында тәуліктік дозаны екі есеге арттыруға болады.

Басқа көрсеткіштер.

Ересектер үшін:

- күніне орта есеппен 3 пакет.

Ұсынылатын емдеу курсы - 3-7 күн.

Бір немесе бірнеше дозаны өткізіп алған кезде дәрілік затты қабылдауды әдеттегі режимде дозаны екі еселемей жалғастыру керек.

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат ішуге арналған.

Қолданар алдында пакеттің ішіндегісін суспензия алынғанша суда ерітіңіз.

Дәрілік затты:

- эзофагит кезінде тамақ ішкеннен кейін;

- басқа көрсеткіштермен тамақтану арасындағы аралықта қолданған жақсы.

Балаларға арналған:

- пакеттің ішіндегісін 50 мл суда ерітіп, күн бойы бірнеше қабылдауға бөліңіз немесе сорпа, компот, пюре, балалар тағамы сияқты жартылай сұйық өніммен мұқият араластырыңыз.

Ересектер үшін:

- пакеттің ішіндегісін жарты стакан (100 мл) суда ерітіңіз.

Емдеу ұзақтығы

Ұсынылатын емдеу курсы - 3-7 күн.

Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Егер сіз дәрілік препараттың артық дозасын қабылдаған болсаңыз, іш қату пайда болуы мүмкін, ол әдетте дәрілік затты қолдануды тоқтатқан кезде жойылады. Қажеттілігі болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз дәрілік препараттың кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алған болсаңыз, қолдануды әдеттегі режимде жалғастыру керек.

Өткізіп алған заттың орнын толтыру мақсатында қос дозаны қабылдамаңыз!

Препаратты қолдану тәсілі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Барлық дәрілік препараттар сияқты, Смектит Э жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.

Балалар мен ересектерде дәрілік затты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар жағдайлары туралы хабарланды. Бұл жағымсыз әсерлер әдетте шамалы, қысқа мерзімді және негізінен ас қорыту жүйесіне байланысты болды.

Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі жіктеуге сәйкес анықталады:

жиі (≥1/100, бірақ < 1/10), сирек (≥1/1 000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10 000, бірақ < 1/1 000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Жиі: іш қату, әдетте, дәрілік заттың дозасын түзеткеннен кейін өтеді, бірақ кейбір жағдайларда емдеуді тоқтату қажет болды.

Жиі емес: метеоризм, құсу.

Тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар

Жиі емес: терідегі бөртпелер.

Сирек: есекжем.

Жиілігі белгісіз: ангионевроздық ісіну, қышыну.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық.

Егер қандай да бір жағымсыз симптомдар, оның ішінде нұсқаулықта сипатталмаған кез келген ықтимал жағымсыз әсерлер пайда болса дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір пакетте

белсенді зат: диоктаэдриялық смектит - 3000,0 мг;

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий сахарині (Е954), «Апельсин» хош иістендіргіші, ванилин.

«Апельсин» хош иістендіргішінің құрамы: декстроза, дәмді хош иісті компонент (құрамында табиғи дәмді хош иісті заттар мен препараттар бар), бақылауға қарсы агент: кремнийдің қостотығы Е551 (5 %), натрий хлориді.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Апельсиннің жеңіл иісі бар ақ дерлік түстен ашық сарғыш түске дейінгі ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3,760 г препараттан дәнекерленген ұштары бар аралас материалдан жасалған пакеттерде (ТШ BY 190591166.002-2005 немесе ТШ РБ 28632061.002-98).

10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 0C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Суспензия тікелей қолданар алдында дайындалады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Экзон» ашық акционерлік қоғамы

Беларусь Республикасы, 225612, Брест облысы, Дрогичин қ., Ленин к-сі, 202

Тел.: +375 1644 3 07 29, +375 1644 3 65 68

Факс: + 375 1644 3 07 29

Электронды пошта: director@ekzon.by

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Экзон» ашық акционерлік қоғамы

Беларусь Республикасы, 225612, Брест облысы, Дрогичин қ., Ленин к-сі, 202

Тел.: +375 1644 3 07 29, +375 1644 3 65 68

Факс: + 375 1644 3 07 29

Электронды пошта: director@ekzon.by

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Селмур-Фармация» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Жібек жолы к-сі, 135/10а

Тел.: 8 701 746 0421

Электронды пошта: g.bilimbaeva@selmur-pharm.kz

Прикрепленные файлы

20_04_2290_p.pdf 0.57 кб
20_04_2290_s.pdf 0.61 кб
7._ИМП_Смектит_Э_07_.06_.2021_.docx 0.04 кб
7._ИМП_Смектит_Э_07_.06_.2021_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ