Симепар™

МНН: Кальция пантотенат, Никотинамид, Пиридоксин, Расторопши пятнистой плодов экстракт, Рибофлавин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Acino Pharma AG
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011374
Информация о регистрации в РК: 26.12.2012 - 26.12.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Симепар™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: шұбар алатікен құрғақ сығындысы 90.00-133.00 мг

( 70 мг силимаринге баламалы)

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) 4 мг

В2 витамині (рибофлавин) 4 мг

никотинамид 12 мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді) 4 мг

кальций пантотенаты 8 мг

В12 витамині (цианокобаламин) 1.2 мкг

қосымша заттар: тальк, лактоза моногидраты

қабықтың құрамы: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Корпусы мен қақпағы күңгірт қоңыр түсті, «Simepar mepha» деген жазуы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде - ақшыл қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар біріктірілімі.

АТХ коды А05С

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Силимарин

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін шұбар алатікеннің белсенді заты – силимарин жоғары концентрацияда бауырда, аз мөлшерде бүйректерде, өкпеде және басқа да ағзаларда табылады. Силимарин негізінен өт арқылы, бауырішілік жүйеден өте отырып, шығарылады. Өтте шамамен 20-40% глюкуронидаттар немесе сульфаттар түрінде анықталады. Препарат негізінен өт арқылы конъюгаттар түрінде (қабылданған дозаның 35%), шамалы мөлшерде – несеппен шығарылады.

Тиамин гидрохлориді (B1 витамині)

Ішке қабылдағаннан кейін жалпы сіңірілетін мөлшері шектеулі, шамамен 4-8 мг. Тиамин организмнің тіндерінде кеңінен таралады. Тиаминнің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 24 сағатты құрайды. Тиамин бауырда метаболизденеді. Тиаминнің өзгермеген аз мөлшері бөлінеді немесе ол физиологиялық дозада тағайындағаннан кейін несепте болмайды.

Пиридоксин гидрохлориді (B6 витамині)

Ішке қабылдағаннан кейін ішектен тез сіңеді. Бауырда фармакологиялық белсенді метаболиттер – пиридоксальфосфат және пиридоксаминфосфат түзе отырып, метаболизденеді. Пиридоксин негізінен бұлшықетте, бауырда және ОЖЖ жинақталады. Пиридоксин метаболизмінің соңғы өнімі - 4-пиридоксил қышқылы, ол организмнен бүйректер арқылы шығарылады.

Рибофлавин (B2 витамині)

Коэнзимге, рибофлавин-5-фосфатқа (флавин мононуклеотиді, ФМН) конвертацияланады. ФМН өз ретінде флавин аденин динуклеотидіне (ФАД) конвертацияланады. ФМН және ФАД организмнің тіндерінде, асқазан-ішек жолдарының шырышты жасушаларын, эритроциттер және бауырды қоса, кеңінен таралады. Рибофлавин бауырда, көкбауырда, бүйректерде және жүректе, негізінен ФАД түрінде жинақталады. Қанда шамамен ФАД және ФМН 60 % ақуыздармен байланысады. Рибофлавиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 66-84 минутты құрайды. Рибофлавин өзекшелік сөлініс және шумақтық сүзіліс көмегімен шығарылады.

Никотинамид

Никотинамид тіндермен толық қармалып, никотинамид аденин динуклеотидінің (НАД) және никотинамид аденин динуклеотид фосфаты (НАДФ) коэнзимі факторларының синтезі үшін негізінен бауырда утилизацияланады. Никотинамид бауырда N-метилниацинамидке, басқа N-метилденген туындыларға және никотин қышқылына метаболизденеді. Бұл метаболиттер несеппен шығарылады.

Кальций пантотенаты

Пантотен қышқылы, негізінен коэнзим A (КоА) түрінде организм тіндерінде кеңінен таралады. Ең жоғары концентрациялары бауырда, бүйрек үсті безінде, жүректе және бүйректерде анықталады. Пантотен қышқылының ішілген дозасының шамамен 70 % өзгермеген күйінде несеппен және шамамен 30 % нәжіспен шығарылады.

Цианокобаламин витамині (B12)

В12 витаминін 3 мг-ден төмен дозада ішке қабылдағаннан кейін оның плазмадағы ең жоғары концентрацияларына 8-12 сағат ішінде жетпейді. Ол қанда плазма ақуыздарымен тез байланысады, негізінен арнайы тасымалдағыш ақуыз β-глобулинмен, транскоболамин II (сонымен бірге, транскоболамин I және III); аздаған мөлшері (1-10 %) бос болуы немесе әлсіз байланысуы мүмкін. B12 витамині бауырда, сүйек кемігінде және плацентаны қоса басқа да тіндерге таралады. Плазмада жартылай ыдырау кезеңі тағайындалған дозаға тәуелді өзгереді. Организмнен негізінен өтпен және несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Симепар™ гепатопротекторлы дәрілерге жатады. Препараттың құрамында витаминдер кешені мен құрамында силимарин - фенилхроман құрылымды флавоноидты қосылыстар тобы изомерлері: силибидин, силиданин және силикристин бар шұбар алатікен жемістерінің сығындысы кіреді.

Силимарин гепатоциттерді гепатоуытты агенттерінің әсерінен қорғайды, жасушалар жарғақшалары деструкциясының алдын алады. Жасушалық метаболизмді жақсартады. Жедел және созылмалы интоксикацияларда гепатопротекторлық және бауыр тіндеріндегі бос радикалдармен байланысуы нәтижесінде антиоксидантты әсер көрсетеді, жарғақша тұрақтандыратын белсенділікке ие, ақуыз синтезін күшейтеді, гепотоцитттердің регенерациясына көмектеседі. Препарат құрамындағы витаминдер әртүрлі көмірсу және ақуыз алмасу реакцияларында коферменттер қызметін атқарады және бауырдың зақымданған жасушаларының қалпына келуін жылдамдатады. Сонымен қатар, организмдегі витаминдер тапшылығының толықтырылуын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

- бауырдың уытты және қабынбалы зақымдарында (созылмалы гепатиттер, стеатогепатиттерді қоса алғанда, бауырдың майлы дистрофиясы) кешенді ем құрамында

- бауырдың уытты зақымдануының алдын алуда (ішімдіктің немесе дәрілік заттардың әсері нәтижесінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге

Капсулаларды тамақтан кейін, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен қабылдайды.

Егер басқа нұсқаулар болмаса, онда препараттың әдетте ұсынылатын емдік дозасы күніне 3 рет 1 капсуланы құрайды.

Ұзақ уақыт қолданғанда және бауырдың уытты зақымдануының алдын алу үшін препарат дозасын күніне 2 рет 1 капсулаға дейін төмендетуге болады.

Ұсынылған дозадан асырмаған жөн.

Емдеу ұзақтығы 1-3 ай.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру

- жүрек айну, диарея

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері, қышыну)

- буындардың ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі жайлы деректер жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі жайлы деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан препаратты тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ұрпақ өрбіту қызметіне әсер етуі жайлы деректер жоқ. Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты дәрігердің бақылауымен, егер ананы емдеудің пайдасы ұрық пен нәрестеге төнетін қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады.

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Симепартм препаратының көрсетілген қызмет түрілеріне жағымсыз әсерлері туралы деректер белгісіз.

Артық дозалануы

Байқалған жоқ. Артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю және симптоматикалық ем көрсетіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Acino Pharma AG, Aesch BL, Швейцария

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail: teva@teva.co.il

Прикрепленные файлы

106211981477976923_ru.doc 51.5 кб
381925261477978075_kz.doc 86 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники