Ревайтл Кальций Д3

МНН: Кальция карбонат, Колекальциферол
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриез Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты кальция в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018447
Информация о регистрации в РК: 16.06.2017 - 16.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Ревайтл Кальций Д3

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 1025.534 мг кальций карбонаты (400 мг кальцийге баламалы) және тұрақталған 3.500 мг холекальциферол (Д3 витамині)

(200 МЕ Д3 витаминіне баламалы),

қосымша заттар: сахароза, маннитол, натрий сахарині, повидон, құрғақ пинаколадтың хош иістендіргіші, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ, бір жағында «S» өрнегімен шеттері дөңгеленген, пішіні төртбұрышты, пинаколад хош иісі бар ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералдық қоспалар. Басқа препараттармен біріктірілген кальций препараттары.

АТЖ коды А12АХ

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Кальций

Асқазан-ішек жолында сіңетін кальций мөлшері қабылданған дозаның 30%-ға жуығын құрайды. Ағзадағы кальцийдің 99%-ы сүйектер мен тістердің қатты құрылымында шоғырланған. Қалған 1% іште – жасуша сыртындағы сұйықтықта болады. Қандағы жалпы кальций мөлшерінің 50%-ға жуығы физиологиялық белсенді иондалған түрде болады, олардың шамамен 10%-ы лимон қышқылының, фосфаттардың және басқа аниондардың кешенді тұзына кіреді, ал қалған 40%-ы ақуыздармен, негізінен, альбуминмен байланысқан. Кальций нәжіс, несеп және тер арқылы шығарылады. Бүйректік шығарылуы кальцийдің шумақтық сүзілуіне және өзекшелік сіңірілуіне байланысты.

Д3 витамині

Д3 витамині аш ішекте оңай сіңеді. Қанда айрықша белгісі бар глобулинмен байланысқан холекальциферол және оның метаболиттері айналысқа түседі. Холекальциферол 25-гидроксихолекальциферолдың белсенді түріне гидроксилдену жолымен бауырда түзіледі. Сосын ол бүйректе кальцийдің сіңуіне жауапты метаболит болып табылатын 1,25 – гидроксихолекальциферол болып түзіледі. Ағзада метаболизденбейтін Д3 витамині май және бұлшықет тіндерінде жиналады. Нәжіспен және несеппен бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Ревайтл Кальций Д3 таблеткалары – құрамында кальций карбонаты мен Д3 витамині біріктірілген препарат, ағзадағы кальций мен фосфор алмасуының реттегіші. Кальций остеопорозға қарсы ықпал етеді. Д3 витамині – остеопорозға қарсы, иммунтүрлендіргіш, обырға қарсы, псориазға қарсы, оксидантқа қарсы әсер ету. Кальций сүйектер мен тістерде болады, жүйке өткізгіштігін, бұлшықеттер жиырылуын реттеуге қатысады және қанның ұю жүйесінің құрамдасы болып табылады. Д3 витамині кальцийдің ішекте сіңуін арттырады.

Ревайтл Кальций Д3 сіңірілуді азайтады және ағзадағы кальций мен Д3 витаминінің жетіспеушілігін толықтырумен сүйек қаңқасы мен тістердің тығыздығын арттарады. Кальций мен Д3 витаминін қолдану паратиреоидтық гормон (ПТГ) өндірілуінің артуын кедергілейді, ол сүйектің сіңірілуін жоғарылататын (сүйектерден кальцийдің шайылып кетуі) көтермелегіш болып табылады.

Қолданылуы

- остеопороздың және оның асқынуларының (сүйектің сынулары) алдын алу және оларды кешенді емдеуде

- тағамдағы мөлшерінің жеткіліксіз болуымен байланысты кальций және/немесе Д3 витамині тапшылығының орнын толтыруда

- жүктілік және бала емізу кезеңінде

- қарқынды өсу кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдерге

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға – күніне 2 рет 1 таблеткадан (таңертең және кешке). Алдын алу мақсатында Ревайтл Кальций Д3 жылына 1-2 рет 3 ай бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан қабылданады. Препаратты тағайындау курсының ұзақтығын дәрігер әркімге жеке белгілейді. Таблеткаларды шайнауға, соруға немесе бүтін жұтуға және тамақтанған кезде қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

- гиперкальциемия, гиперкальциурия

- жүрек айну, іштің ауыруы, метеоризм, іш қатулар, диарея

- тері қышымасы, бөртпе, есекжем

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді заттарына немесе қандай да бір қосымша құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдықта

- сояға немесе жер жаңғаққа жоғары сезімталдықта

- гиперкальциемиямен немесе гиперкальциуриямен қатар жүретін аурулар немесе жай-күйлерде

- нефролитиазда

- Д гипервитаминозында

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтоза жетіспеушілігінде

- ұзақ иммобилизациядан болатын остеопорозда

- туберкулездің белсенді түрінде

- саркоидозда

- 12 жасқа дейінгі балалық кезеңде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кальций

Тиазид диуретиктері: тиазид диуретиктері кальцийдің несеппен бөлініп шығуын төмендетеді. Гиперкальциемияның жоғары даму қаупі бар болғандықтан, тиазид диуретиктерін қатарлас пайдаланған кезде қан сарысуындағы кальцийді ұдайы тексеру қажет. Фуросемид пен басқа ілмекті диуретиктер, керісінше, кальцийдің бүйрекпен шығарылуын арттырады.

Жүйелі кортикостероидтар: жүйелі кортикостероидтар кальцийдің сіңуін азайтады. Қатарлас емде Ревайтл Кальций Д3 дозасын көбейту қажет болуы мүмкін.

Тетрациклин: кальций карбонаты бір мезгілде енгізілген тетрациклин препараттарының сіңірілуін азайта алады. Осы себеппен тетрациклин препараттары кальцийді ішу арқылы қабылдағанға дейін, кем дегенде, 2 сағат бұрын немесе одан кейін 4-6 сағат өткен соң қабылдануға тиіс.

Қымыздық қышқылы және фитин қышқылы: қымыздық қышқылы (шпинатта және рауғашта болады) және фитин қышқылы (бүтін дақылдардан табылды), кальцийдің ерімеген тұздарының түзілуі салдарынан, кальций сіңірілуін тежеуі мүмкін. Емделуші кальций препараттарын қымыздық қышқылы мен фитин қышқылының мөлшері жоғары өнімдерді тұтынғаннан кейін екі сағат ішінде қабылдамауға тиіс.

H2 бөгегіштері (циметидин, фамотидин, мизатидин, ранитидин): H2 бөгегіштерін және кальций карбонатын немесе кальций фосфатын қатарлас пайдалану осы кальций тұздары сіңірілуінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Левотироксин: левотироксин мен кальций карбонатын қатарлас қабылдау левотироксиннің сіңірілуін төмендетіп, сарысудағы тиротропин деңгейін арттырады. Левотироксин қышқылды ортада оның сіңірілуін бөгейтін кальций карбонатымен сіңірілуі мүмкін. Басқа кальций түрлерінің бір мезгілде қабылдағанда левотироксиннің сіңірілуін бөгейтіні жөнінде қандай да бір айғақтар жоқ.

Протон сорғысының тежегіштері (лансопразол, омепразол, рабепразол натрия): протон сорғысының және кальций карбонатының немесе кальций фосфатының тежегіштерін қатарлас пайдалану осы кальций тұздары сіңірілуінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Хинолондар (ципрофлоксацин, гатифлоксацин, левофлоксацин, ломефлоксацин, моксифлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, спарфлоксацин, тровафлоксацин): хинолон мен кальцийді қатарлас пайдалану хинолондардың сіңірілуін азайта алады.

Д3 витаминінің аналогтары (кальцитриол, альфакальцидол): Д3 витамині мен кальцийдің осы аналогтарын қатарлас пайдалану кальций сіңірілуінің артуына әкелуі мүмкін.

Инозитолгексафосфат: инозитолгексафосфат (фитин қышқылы) пен кальцийдің өзара әрекеттесуі кальцийдің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Минералдар (железо, фтор, магний, фосфор): темір мен кальцийді қатарлас пайдалану темірдің сіңуін кедергілейді. Бұдан басқа, фтор, магний, фосфор немесе цинк және кальцийді бір мезгілде пайдалану осы пайдалы минералдардың сіңуін төмендетуі мүмкін. Алайда бұл минералдардың болжамды өзара әрекеттесулері клиникалық мән иеленбейді.

Қорытылмайтын олигосахаридтер (фруктоолигосахаридтер, инулин): осы олигосахаридтер мен кальцийді қатарлас пайдалану кальцийдің тоқ ішекте сіңуін арттыруы мүмкін.

Натрий альгинаты: натрий альгинаты мен кальцийді қатарлас қабылдау кальцийдің сіңуін төмендетуі мүмкін.

Д3 витамині

Ион алмастырғыш шайырлар: холестирамин, холестипол сияқты ион алмастырғыш шайырлармен бір мезгілде пайдалану немесе парафин майы сияқты іш жібіткіш дәрілерді қабылдау Д3 витаминінің асқазан-ішектік сіңірілуін төмендетеді.

Кетоконазол: кетоконазол Д 1,25-дигидроксивитаминінің биосинтезі мен катаболизмін тежеуі мүмкін. Сарысудағы Д 1,25-дигидроксивитамині концентрациясының төмендеуі дені сау ерлерге жеті күн бойы күніне 300-1200 мг кетоконазол енгізгеннен кейін білінген.

Минерал майы: минерал майы мен Д3 витаминін қатарлас пайдалану Д3 витаминінің сіңірілуін төмендетуі мүмкін.

Орлистат: орлистат Д3 витаминінің сіңірілуін төмендетеді.

Фенобарбитал және фенитоин: Д3 витаминінің белсенділігі фенитоинмен немесе барбитураттармен бір мезгілде қолданғанда төмендеуі мүмкін.

Олестра: олестра май алмастырғышы Д3 витаминінің, сондай-ақ, басқа E және K май еріткіш витаминдерінің қорытылуын тежейді. Оның орнын толтыру үшін олестраға А, Д, E (альфатокоферол) және K витаминдері қосылады. Олестра құрамында 12 ХБ (0,3 микрограмм) грамдалған Д3 витамині бар.

Холестирамин препараттарымен немесе минерал әлде өсімдік майы негізіндегі іш жібіткіш дәрілермен бір мезгілде емдеу Ревайтл Кальций Д3 препаратының сіңуін азайтуы мүмкін.

Кальций және Д3 витамині

Жүрек гликозидтері: гиперкальциемия кальциймен және Д3 витаминімен емдегенде жүрек гликозидтерінің уыттылығын арттырады. Емделушілер электрокардиограммадан (ЭКГ) өтіп, қан сарысуындағы кальций деңгейін теусеруге тиіс.

Натрий бисфосфонаты немесе фториді: егер натрий бисфосфонаты немесе фториді бір мезгілде пайдаланылса, аталған препарат Ревайтл Кальций Д3 препаратын қабылдаудың басталуына дейін, кемінде, 3 сағат бұрын қабылдануға тиіс, өйткені асқазан-ішектік сіңірілуі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ревайтл Кальций Д3, Д витаминінің белсенді түріне биоөзгеруінің күшею қаупіне орай, саркоидоздан зардап шегетін емделушілерге тағайындалмайды. Ревайтл Кальций Д3, гиперкальциемия қатерінің ұлғаюымен байланысты, остеопороздан зардап шегетін қозғалмайтын науқастарды емдегенде қолданылмауға тиіс.

Д3 витаминін бүйрек қызметі бұзылған емделушілерді емдеу үшін сақтықпен пайдалану керек, бұл орайда кальций мен фосфат деңгейлеріне әсер етуін қадағалау қажет. Жұмсақ тіндердің кальцификациялану қатерін назарға алу керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда Д3 витамині холекальциферол түрінде қорытылмайды, сондықтан Д витаминінің басқа түрлерін пайдалану қажет.

Жүрек гликозидтерін және/немесе диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын емделушілерде қан сарысуындағы кальций мен креатинин концентрациясын бақылау керек. Қан сарысуындағы кальций мен креатинин концентрациясы жоғарылаған жағдайда препарат дозасын төмендеткен немесе емдеуді уақытша тоқтатқан дұрыс.

Артық дозалануды болдырмау үшін басқа көздерден Д витаминінің қосымша түсуін ескеру керек.

Сахароза препараттың құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады:

Егер Сізге дәрігер, Сіздің кейбір қанттарды көтере алмаудан зардап шегетініңіз жөнінде мәлім етсе, осы препаратты қабылдау алдында өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану жөнінде расталған клиникалық зерттеулер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде тәуліктік доза 1500 мг кальций мен 600 ХБ Д3 витаминінен аспауға тиіс. Д3 витамині және оның метаболиттері емшек сүтіне өтуі мүмкін. Сондықтан ана мен баланы, басқа көздерден кальций мен Д3 витаминінің түсуін есепке алып, медициналық бақылауға алу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ревайтл Кальций Д3 көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: анорексия, шөлдеу, жүрек айну, құсу, іш қатулар, іштің ауырулары, бұлшықет әлсіздігі, шаршау, психикалық бұзылулар, полидипсия, полиурия, сүйектің ауыруы, нефрокальциноз, бүйрек-тас ауруы және ауыр жағдайларда жүрек аритмиясы. Гиперкальциемия өліммен аяқталатын комаға және бүйректің қайтымсыз зақымдалуына, әрі жұмсақ тіндердің әктенуіне әкелуі мүмкін.

Емдеу: Препаратты тоқтату.

Сонымен қатар, тиазид диуретиктерімен, литиймен, А витаминімен және жүрек гликозидтерімен емдеу тоқтатылуға тиіс. Бұл орайда ағзаға мол сұйық мөлшерін енгізу, ілмекті диуретиктерді, кортикостероидтарды, кальцитонинді, бисфосфонаттарды қолдану ұсынылған. Қан сарысуындағы электролиттерге, бүйрек және диурез қызметіне бақылау жүргізу қажет. Ауыр жағдайларда электрокардиограмма (ЭКГ) жасап, артериялық қысымды (АД) қадағалау қажет. Артық дозалану белгілері білінгенде міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жеттпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның елі мен атауы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Industrial Area -3

Dewas – 455 001

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас көшесі 32А, САТ БО, 602 кеңсе

тел.: 8-727-2378450

эл.адрес: regulatory.kz@sunpharma.com

 

Прикрепленные файлы

427479661477977187_ru.doc 64.5 кб
356001961477978342_kz.doc 89.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники