Псориатен

МНН: Berberis aquifolium O V4a
Производитель: Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025874
Информация о регистрации в РК: 07.06.2022 - 07.06.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Псориатен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AХ

Қолданылуы

Гомеопатиялық дәрілік зат Псориатен емдеу үшін пайдаланылады:

- қабыршақтануы бар құрғақ тері бөртпесі, мысалы, псориаздың жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлері

Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе Псориатен препаратының кез келген қосымша заттарына, мысалы, цетостеарилді эмульгацияланатын спиртке (А типі), бензил спиртіне аллергия (аса жоғары сезімталдық)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

- көзге, шырышты қабыққа және ашық жараларға жақпамай түспеуі керек

- жаққаннан кейін қолды мұқият жуу қажет

Болып жатқан шағымдар гомеопатиялық препараттарды қабылдау кезінде уақытша нашарлауы мүмкін (бастапқы гомеопатиялық өршу). Мұндай жағдайларда пациенттерге дәрі қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмаған. Бұл гомеопатиялық дәрілік затты пайдалану басқа дәрілік заттарды қолдануды жоққа шығармайды.

Пациенттерге, егер олар кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсе, таяуда қабылдаған болса немесе қабылдауы мүмкін болса, дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Арнайы ескертулер

Псориатенде цетостеарил спирті бар. Ол жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.

Емдеуді қайта бағалау қажет

- терінің ауыр қабынуы, терінің іріңдеуі немесе қызба жағдайында

- егер жай-күй жақсармаса немесе нашарласа

- егер қосымша шағымдар болса.

Педиатрияда қолдану

Клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Пациенттерге осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Барлық дәрілік препараттар сияқты, Псориатенді жүктілік кезінде және бала емізу пайда мен қауіптің арақатынасын дәрігердің бағалауынан кейін ғана қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Псориатенді зақымданған теріге күніне 3 рет жағу керек.

Гомеопатиялық препараттарды дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдануға болмайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Клиникалық деректердің болмауына байланысты препаратты 1 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Қолданылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қолданылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Қолданылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған.

Жұқа қабатпен, теріге ақырын уқалап жағу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Псориатин - жергілікті қолдануға арналған гомеопатиялық дәрілік препарат. Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Артық дозаланған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Өте сирек (<1/10000) немесе белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):

- жергілікті жақпаушылық пайда болуы ықтимал, мысалы, цетостеарил спирті терінің жергілікті реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит). Мұндай жағдайларда Псориатен пайдалануды тоқтату және тиісті емдеу шараларын қабылдау керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 г жақпамайдың құрамында:

белсенді зат - 10.000 г Berberis aquifolium Ø V4a,

қосымша заттар: цетостеарилді эмульгацияланатын спирт (А типі), сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин, октилдодеканол, тазартылған су, бензил спирті.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сарыдан қоңыр түске дейінгі, спирттің әлсіз иісі бар, біртекті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан алюминий сықпаға салынған.

Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Др. Вильмар Швабе ГмбХ және Ко. КГ

Бунзенштрассе 6-10, 76275 Эттлинген, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7243-10601

E-mail: info@schwabe.de

Сериялар шығарылымына жауапты өндіруші туралы мәліметтер

Др. Густав Кляйн ГмбХ және Ко. КГ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7835-63 55 30

E-mail: info@klein-naturarznei.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Альпен Фарма ГмбХ

Штайненфельд 3, 77736 Целль ам Хармерсбах, Германия

Тел/факс: +49 (0) 7243 200 49 20

E-mail: info.germany@alpenpharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Альпен Фарма» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы обл., Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі,

Көкөзек ауылы, 1044 құрылыс

Тел.: + 7 727 232-34-73

Факс: + 7 727 232-34-74

E-mail: info.kazakhstan@alpenpharma.com

Моб. +7 701 035 70 69

E-mail: pv.kz@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

Псориатен_ИМП_рус_финал.docx 0.05 кб
Псориатен_ЛВ_каз_135713УП_СС.docx 0.02 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту