Пирацетам (капсулы, 0.4 г)

МНН: Пирацетам
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Piracetam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012889
Информация о регистрации в РК: 25.09.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Пирацетам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пирацетам

Дәрілік түрі

Капсулалар, 0,4 г

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат 0,4 г пирацетам,

қосымша заттар: кальций стеараты, негізгі магний карбонат.

капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, титанның қостотығы (Е-171).

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатинді капсулалар. Капсула ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Басқа да психостимуляторлар және ноотропты препараттар. Пирацетам

АТХ коды N06BX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда ас қорыту жолынан жылдам және іс жүзінде толық сіңеді. Биожетімділігі 100% жуықты құрайды. Қандағы ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде жетеді. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, ми тінінде жинақталады.

Басқа тіндерге қарағанда жұлын-ми сұйықтығынан айтарлықтай баяу шығарылады, бұл ми тініне жоғары тропизмді айғақтайды. Организмде пирацетам іс жүзінде биотрансформацияға ұшырамайды. Организмнен жартылай шығарылу кезеңі 4-5 сағатты құрайды, өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Мидың алмасу үдерісін оңтайландырып, церебральді гипоксия кезінде қорғаныш әсерін береді. Мидың ишемияланған бөліктерінде регионарлық қан ағымын және микроциркуляцияны (қантамырларын кеңейтпей) жақсартады. Тромбоциттер, эритроциттер агрегациясын бөгейді, қан тұтқырлығын төмендетеді, эритроциттердің микротамырлар арқылы өтуге қабілеттілігін оңтайландырады. Орталық жүйке жүйесінің жағымсыз әсер етуге төзімділігін арттырады, мидың ми сыңарлары мен неокортикальді құрылымдардағы синапстық өткізгіштік арасындағы байланысты жеңілдетеді, мидың интегративтік қызметін жақсартады. Есте сақтауды жақсартуға ықпал етеді, оқып-үйрену үдерісін жеңілдетеді, церебральдік функцияларды, әсіресе сананы, есте сақтау мен сөйлеуді қалпына келтіреді және тұрақтандырады, сергектік деңгейін жоғарылатады, ақыл-ой жұмысына қабілетін, бейімделу қабілеттілігін арттырады, әлеуметтік оңалтуды жеңілдетеді. Стресс-протекторлық әсер етеді.

Қолданылуы

Ересектер үшін

- симптомдары есте сақтаудың төмендеуін, зейін шоғырландыру қабілетінің және жалпы белсенділігінің кемуін қамтитын психоорганикалық синдромдарды симптоматикалық емдеуде

- коматоздық жағдайдан кейінгі қалпына келу кезеңінде, оның ішінде ми жарақатынан және уыттануынан кейін

- бас айналуы және сонымен байланысты тепе-теңдік бұзылыстары (вазомоторлық және психикалық шығу тегі бар жағдайларды қоспағанда)

- моно- немесе кешенді ем ретінде кортикальді миоклонияда

Балалар үшін

- орақ пішіндес-жасушалық қантамырлық-окклюзиялық криздердің алдын алу және емдеуде

- дислексияны емдеуде (кешенді емде) - 8 жастан бастап

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанудан 30 минут бұрын ішке қабылдайды.

Пирацетамды тәулігіне 3 рет 0,4 г-ден (1 капсула) тағайындап, оны 2,4 г дейін жеткізеді. Емдік әсерінің нәтижесіне қарай (ем басталғаннан кейін 2-3 аптадан соң) дозаны тәулігіне 3-4 рет 0,4 г дейін (1 капсула) төмендетеді.

Кейбір жағдайларда емдеуші дәрігер препараттың клиникалық тиімділігі мен көтерімділігі тұрғысынан тәуліктік дозаны әр адамға жекелей тағайындайды.

Емдеу курсын 2-3 аптадан 2-6 айға дейін жалғастырады. Қажет болса, емдеу курсын қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналуы, экстрапирамидалық бұзылулар, құрысулар, тремор, ұйқының бұзылуы, бас ауыруы, гиперкинезия

- аллергиялық реакциялар

- ашушаңдық, психика аумалылығы, зейін қою қабілетінің кемуі, үрейлену

- сексуалдық қозу

- тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш қатулар немесе диарея

- артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі

- дене салмағының артуы

- егде жастағы науқастарда коронарлық жеткіліксіздіктің өршуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пирацетамға және пирролидон туындыларына аса жоғары сезімталдық

- ми қан айналымының жедел бұзылуы (геморрагиялық инсульт)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (20 мл/мин кем креатинин клиренсі)

- препаратты тағайындау сәтіне психомоторлық қозуы

- Гентингтон ауруы

- 8 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Пирацетам қалқанша без гормондарының, нейролептиктердің, антидепрессанттардың, басқа да бірқатар психотроптық және стимуляциялайтын препараттардың, антиангинальді препараттардың (егде емделушілерде), тікелей емес антикоагулянттар мен ми қан айналымын күшейтетін дәрілік заттардың әсерлерін күшейтеді.

Пирацетам құрысуға қарсы препараттардың әсерін әлсіретеді.

Айрықша нұсқаулар

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда қалдықтық азот және креатининді, бауыр ауруларында – бауырдың функционалдық жағдайын сипаттайтын зертханалық көрсеткіштерін анықтаған жөн.

Ауыр жүрек-қантамыр жүйесінің артериялық гипотензиясы бар ауруларында, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы, гемостаздың бұзылуы, ауқымды хирургиялық араласулар, ауыр қан кетулер кезінде сақ болу керек.

Эпилепсияға қарсы препараттар қабылдайтын науқастарда пирацетам эпилепсияға қарсы препараттармен негізгі емді жалғастыру аясында қолданылуы тиіс, өйткені бейім емделушілерде құрысуға дайындық шегі төмендеуі мүмкін.

Кортикальді миоклониямен емделушілерді емдеуде препаратты күрт тоқтатпаған жөн (ұстамалардың қайталану қаупі бар).

Ұйқының бұзылуы туындаған жағдайда кешкі қабылдауды тоқтатып, осы дозаны күндізгі қабылдауға қосу ұсынылады.

Гемодиализге арналған аппараттардың сүзгілік жарғақшалары арқылы өтеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізуден және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет.

Артық дозалануы

Препараттың уыттылығы аз және үлкен дозада қабылдағанның өзінде жедел улануды туындатпайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Капсулалар 0,4 г-ден. 10 капсуладан пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткенннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

 

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: saparova_zhanna@kmbf.kz

 

 

3

 

Прикрепленные файлы

219901441477976731_ru.doc 54 кб
099740651477977887_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники