Пиминам
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Пиминам
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1 г ұнтақ
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді заттар:
500.00 мг имипенемге баламалы имипенем моногидраты,
500.00 мг циластатинге баламалы натрий циластатині,
қосымша зат – 20.00 мг натрий гидрокарбонаты.
Сипаттамасы
Ақ түсті немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Микробтарға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар.
Бактерияларға қарсы басқа да бета-лактамдық препараттар.
Карбапенем. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген имипенем.
АТЖ коды J01DH51
Фармакологиялық әсерлері
Фармакокинетикасы
Сіңімділігі
Ішу арқылы қабылданғаннан кейін имипенем айтарлықтай сіңбейді. Пиминам ерітіндісін көктамыр ішіне (к/і) енгізгеннен кейін екі компоненттің де плазмада ең жоғары концентрацияға жету уақыты (TСmax) 20 минутты құрайды. Мұндайда ең жоғары концентрация (Сmax) имипенемде 21мкг/мл-ден 58 мкг/мл-ге дейінгі мәнге, циластатинде 31 мкг/мл-ден 49 мкг/мл-ге дейінгі мәнге жетеді.
Көктамыр ішіне 1000 мг-нан енгізгеннен кейін, плазмада 36 мкг/мл-ге жуық ең жоғары деңгейлер байқалады, олар 4-6 сағаттың ішінде 1 мкг/мл-ге және одан төменге азаяды. Көп реттік доза имипенемнің де, сондай-ақ циластатиннің де фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, және де олардың жиналып қалуы байқалмайды.
Таралуы
Имипенем плазма ақуыздарымен 20% және циластатин 40% байланысады. Таралу көлемі препараттың екі компонентінде де 10 л құрайды.
Метаболизмі
Имипенем негізінен бүйректің проксимальді өзекшелерінде І дегидропептидаза арқылы, несептегі имипенем концентрациясы салыстырмалы түрде төмен болатын, ашық сақиналы белсенді емес метаболитке метаболизденеді. Имипенемнің жүйелік метаболизмі 30%-ға жуықты құрайды. Циластатин, осы ферменттің тежегіші, имипенемнің бүйректік метаболизмін тиімді түрде болдырмайды, бұл имипенемнің несептегі концентрациясының артуына әкеледі. Циластатин бүйректерде N-ацетил-циластатинге ішінара метаболизденеді.
Шығарылуы
Имипенемнің плазмалық клиренсі минутына 225 мл, ал циластатинде минутына 200 мл-ге жуықты құрайды. Бір мезгілде қолдану имипенемнің плазмалық клиренсін минутына 195 мл-ге дейін төмендетеді, және бүйректік клиренсті арттырады, несепті және несептің концентрациясын қалпына келтіреді. Циластатин плазмалық клиренске әсерін тигізбейді. Жартылай шығарылу кезеңі имипенемде, сондай-ақ цисплатинде де 1 сағатқа жуық. Имипенемнің енгізілген дозасының шамамен 70%-ы және циластатин дозасының 70-80%-ға жуығы несеппен бірге өзгеріссіз бөлініп шығады.
Фармакодинамикасы
Пиминам әсер ету өрісі ауқымды бета-лактамды антибиотик болып табылады.
Пиминам екі компоненттен тұрады: имипенем, бета-лактамды антибиотиктердің, тиенамициндердің алғашқы жаңа тобы; және натрий циластатині, бүйректерде имипенемнің метаболизмін тежейтін ферменттің өзіне тән ерекше тежегіші, демек, несеп шығару жолдарында өзгермеген имипенемнің концентрациясын арттырады.
Имипенем, әсер ету өрісі ауқымды бета-лактамды антибиотик, бактериялардың жасушалық қабырғасының синтезін басады және аэробтық және анаэробтық грамоң және грамтеріс микроорганизмдерге бактерицидтік әсер етеді.
Имипенем - тиенамицин туындысы, карбапенемдер тобына жатады.
Циластиннің өзінің бактерияларға қарсы белсенділігі жоқ, бактериялардың бета-лактамазасын баспайды.
Пиминам Pseudomonas aeruginosa, Staphylococcus aureus, Streptococcus faecalis және Bacteroides fragilis-ке қатысты белсенді.
Бактериялық бета-лактамазамен бұзылуына төзімді, бұл оны бета-лактамдық антибиотиктердің көбісіне төзімді көптеген, мысалы, Pseudomonas aeruginosa, Serratia spp. және Enterobacter spp. сияқты микроорганизмдерге тиімді етеді.
Пиминамның бактерияларға қарсы өрісіне клиникалық тұрғыдан маңызды патогендік микроорганизмдер қамтылмайды.
Төменде олардың Пиминамға қатысты әдетте in vitro тиімділері берілген.
Грамтеріс аэробтық бактериялар |
Грамоң аэробтық бактериялар |
Грамтеріс анаэробтық бактериялар |
Achromobacter spp. Acinetobacter spp. (бұрын Mima-Herellea) Aeromonas hydrophila Alcaligenes spp.Bordetella bronchicanis Bordetella bronchiseptica Bordetella pertussis Brucella melitensis Campylobacter spp. Capnocytophaga spp. Citrobacter spp. Citrobacter diversus Citrobacter freundii Eikenella corrodens Enterobacter spp. Enterobacter aerogenes Enterobacter agglomerans Enterobacter cloacae Escherichia coli Gardnerella vaginalis Haemophilus ducreyi Haemophilus influenzae (бета-лактамаза түзетін штамдарды қоса есептегенде) Haemophilus parainfluenzae Hafnia alvei Klebsiella spp. Klebsiella oxytoca Klebsiella ozaenae Klebsiella pneumoniae Moraxella spp. Morganella morganii (бұрын Proteus morganii) Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназа түзетін штамдарды қоса есептегенде) Neisseria meningitidis Pasteurella spp.Pasteurella multocida Plesiomonas shigelloides Proteus spp. Proteus mirabilis Proteus vulgaris Providencia spp. Providencia alcalifaciens Providencia rettgeri (бұрын Proteus rettgeri) Providencia stuartii Pseudomonas spp.** Pseudomonas aeruginosa Pseudomonas fluorescens Pseudomonas pseudomallei Pseudomonas putida Pseudomonas stutzeri Salmonella spp. Salmonella typhi Serratia spp. Serratia proteamaculans (бұрын Serratia liquefaciens) Serratia marcescens Shigella spp. Yersinia spp. (бұрын Pasteurella) Yersinia enterocolitica Yersinia pseudotuberculosis ** Xanthomonas maltophilia (бұрын Pseudomonas maltophilia) және Pseudomonas cepacia кейбір штамдары, жалпы алғанда Пиминамға сезімтал емес |
Bacillus spp. Enterococcus faecalis Erysipelothrix rhusiopathiae Listeria monocytogenes Nocardia spp. Pediococcus spp. Staphylococcus aureus (пенициллиназа штамдарын қоса есептегенде) Staphylococcus epidermidis (пенициллиназа штамдарын қоса есептегенде) Staphylococcus saprophyticus Streptococcus agalactiae Streptococcus C тобы Streptococcus G тобы Streptococcus pneumoniae Streptococcus pyogenes Viridans streptococci тобы (альфа- және гамма-гемолитикалық штамдарды қоса есептегенде) Enterococcus faecium және метициллинге төзімді стафилококтар Пиминамға сезімтал емес. |
Bacteroides spp. Bacteroides distasonis Bacteroides fragilis Bacteroides ovatus Bacteroides thetaiotaomicron Bacteroides uniformis Bacteroides vulgatus Bilophila wadsworthia Fusobacterium spp. Fusobacterium necrophorum Fusobacterium nucleatum Porphyromonas asaccharolytica (бұрын Bacteroides asaccharolyticus) Prevotella bivia (бұрын Bacteroides bivius) Prevotella disiens (бұрын Bacteroides disiens) Prevotella intermedia (бұрын Bacteroides intermedius) Prevotella melaninogenica (бұрын Bacteroides melaninogenicus) Veillonella spp.
|
Грамоң анаэробтық бактериялар |
Басқа бактериялар |
Actinomyces spp. Bifidobacterium spp. Clostridium spp. Clostridium perfringens Eubacterium spp. Lactobacillus spp. Mobiluncus spp. Microaerophilic streptococcus Peptococcus spp. Peptostreptococcus spp. Propionibacterium spp. (P. аcnes қоса есептегенде) |
Mycobacterium smegmatis Іn vitro тәжірибелер имипенемнің аминогликозидтік антибиотиктермен кейбір Pseudomonas aeruginosa изоляттарына қарсы синергиялық әсер ететіндігін көрсетеді. |
Қолданылуы
-
құрсақішілік жұқпаларда
-
төменгі тыныс алу жолдарының жұқпаларында
-
гинекологиялық жұқпаларда
-
сепсисте
-
несепжыныс жұқпаларында
-
сүйектер мен буындардың жұқпаларында
-
тері және жұмсақ тін жұқпаларында
-
эндокардитте
-
операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алуға.
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамырішілік инфузия үшін ерітінді дайындау тәсілдері
Көктамырішілік инфузияға арналған Пиминам құтыларға салынған стерильді ұнтақ түрінде шығарылады.
Көктамырішілік инфузияға арналған Пиминам 6,5-тен 8,5-ке дейінгі диапазонда болатын рН бар ерітінді алу үшін натрий гидрокарбонатымен буферленген, егер инфузияға арналған ерітінді нұсқау бойынша дайындалса және қолданылса, онда оның рН-да елеулі өзгеріс болмайды. Инфузиялық ерітінді дайындау үшін еріткіштерді (0.9% NaCl ерітіндісі, 5% декстрозаның судағы ерітіндісі, 10% декстрозаның судағы ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі және 0.9% NaCl ерітіндісі және т.б.). Алынған ерітіндідегі имипенем концентрациясы 5 мг/мл құрайды. Көктамырішілік инфузия үшін Пиминам ерітіндісі стерильді ұнтақтан 1-кестеде берілген нұсқауларға сай дайындалады. Алынған ерітіндіні мөлдір сұйықтық түзілгенше сілкіп араластыру қажет. Ерітіндінің сары түстен түссізге дейін боялуы дәрілік препараттың белсенділігіне әсерін тигізбейді.
1-кесте |
||
Көктамырішілік инфузия үшін Пиминам ерітіндісін дайындау |
||
Пиминам дозасы |
Қосылатын еріткіш көлемі (мл) |
Ерітіндідегі шамамен алғандағы концентрация (мг/мл имипенем) |
1000 |
100 |
5 |
Назар аударыңыз: көктамырішілік инфузияға арналған Пиминам сүт қышқылының тұзымен (лактатпен) химиялық тұрғыдан үйлесімді емес, оны құрамында лактат бар еріткіштер негізінде дайындауға болады. Алайда көктамыр ішіне Пиминам құрамында лактат бар ерітіндідегідей инфузиялық жүйе арқылы енгізілуі мүмкін.
Көктамырішілік инфузияға арналған Пиминамды басқа антибиотиктермен араластыруға немесе қосуға болмайды.
100 мл стерильді физиологиялық ерітіндімен сұйылтқаннан кейін, ерітінді бөлме температурасында 10 сағат бойы және тоңазытқышта сақтағанда 48 сағат бойы тұрақты болады. Егер басқа еріткіштер қолданылса, тұрақтылығы кемуі мүмкін. Дайындалған ерітіндіні мұздатып қатыруға болмайды.
2-кесте, таңдап алынған инфузиялық ерітінділермен еріткен кезде Пиминамның тұрақтылық кезеңін және бөлме температурасында немесе тоңазытқышта сақтау қажеттілігін көрсетеді.
2-КЕСТЕ |
||
Қалпына келтірілген Пиминам ерітіндісінің тұрақтылығы |
||
ЕРІТКІШ |
Бөлме температурасында (25°C) |
Салқындатқан кезде (4°C) |
Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі |
4 сағ. |
24 сағ. |
Судағы 5% декстроза |
4 сағ. |
24 сағ. |
Судағы 10% декстроза |
4 сағ. |
24 сағ. |
5% декстроза және 0,9% NaCl |
4 сағ. |
24 сағ. |
5% декстроза және 0,45% NaCl |
4 сағ. |
24 сағ. |
5% декстроза және 0,225% NaCl |
4 сағ. |
24 сағ. |
5% декстроза және 0,15% KCl |
4 сағ. |
24 сағ. |
5% және 10% маннитол |
4 сағ. |
24 сағ. |
Қолданылуы
Пиминамды көктамыр ішіне тамшылату арқылы енгізеді. Препаратты емделушіге тағайындар алдында оған осы науқаста ауруды тудырған микрофлораның сезімталдығын анықтап алған дұрыс. Пиминамды көктамыр ішіне енгізу жолы бактериялық сепсисті, эндокардитті және басқа да ауыр және өмірге қатер төндіретін жұқпаларды, соның ішінде тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің Pseudomonas aeruginosa-дан болған жұқпаларын емдеудің бастапқы сатыларында, және ауыр асқынулар жағдайында қолданылғаны дұрысырақ.
Пиминамды дозалау жөніндегі нұсқаулар енгізілетін имипенем мөлшеріне байланысты. Сондай-ақ циластатиннің баламалы мөлшері болуы тиіс.
Пиминамның жалпы тәуліктік дозасын және енгізу әдісін таңдаған кезде жұқпаның ауырлық дәрежесіне негізделу және бір немесе бірнеше патогендік микроорганизмдердің сезімталдық дәрежелерін, бүйрек қызметін және дене салмағын ескере отырып, тепе-тең дозаларда бірнеше рет қабылдауға бөлу қажет.
Бүйрек қызметі қалыпты ересек емделушілерге арналған дозалау үлгісі
3-кестеде келтірілген дозалар бүйрек қызметі қалыпты (креатинин клиренсі минутына > 70 мл/1,73 м2) және салмағы ≥70 кг емделушілерге есептелген. Креатинин клиренсі минутына ≤70 мл/1,73 м2 (4-кестені қараңыз) және/немесе дене салмағы 70 кг-нан аз болғанда дәрілік препараттың дозасын төмендету қажет. Дозаны әсіресе салмағы 70 кг-нан едәуір төмен, және/немесе бүйрек қызметінің орташа немесе ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі бар емделушілерде дене салмағына байланысты төмендету маңызды.
Көптеген жұқпаларды Пиминамның 3—4 қабылдауға бөліп қабылданатын (3-кесте) 1—2 г тәуліктік дозасында емдеуге келеді. Ауырлығы орташа дәрежелі жұқпаларды емдеу үшін дәрілік препарат күніне екі рет 1 г дозада қолданылуы мүмкін. Сезімталдығы аз микроорганизмдерден болған жұқпалар жағдайында Пиминамның тәуліктік дозасы күніне ең жоғары 4 г дозаға дейін немесе 50 мг/кг дозасын көктамыр ішіне енгізген кезде арттырылуы мүмкін.
Көктамырішілік инфузияға арналған Пиминамның 500 мг-нан аз әрбір дозасын көктамыр ішіне 20—30 минут ішінде енгізу қажет. 500 мг-нан көбірек әрбір дозаны көктамыр ішіне 40—60 минут бойы енгізу қажет. Инфузия кезінде жүректің айнуы пайда болған емделушілерде дәрілік препаратты енгізу жылдамдығын баяулатқан жөн.
3-кесте. Бүйрек қызметі қалыпты және салмағы ≥70 кг ересек емделушілерге дозалау тәртібі*
Жұқпаның ауырлығы |
Бір реттік доза |
Дозалау аралығы |
Күн сайынғы жалпы доза |
Жеңіл |
250 мг |
6 сағат |
1 г |
Орташа |
500 мг |
6-8 сағат |
1.5- 2.0 г |
Ауыр (толық сезімтал) |
500 мг |
6 сағат |
2.0 г |
Сезімталдығы аз микроорганизмдерден болған ауыр және/немесе өмірге қатер төндіретін (ең алдымен P. Aeruginosa кейбір штамдарынан болған) |
1000 мг |
8 сағат |
3.0 г |
|
|||
1000 мг |
6 сағат |
4.0 г |
* Дене салмағы <70 кг емделушілер үшін әрі қарай дозаны пропорционалды түрде төмендету қажет.
Микробқа қарсы белсенділігінің жоғары болуына байланысты Пиминамның ең жоғары тәуліктік жалпы дозасы күніне 50 мг/кг-нан немесе 4 г-нан аспауы тиіс. Алайда бүйрек қызметі қалыпты, муковисцидозы бар емделушілер күніне бірнеше қабылдауға бөлінген 90 мг/кг доза Пиминаммен ем қабылдады, әрі жалпы доза күніне 4 г-нан асырылған жоқ.
қолданылуы
Бүйрек қызметі бұзылған ересектер үшін дозалау үлгісі
Бүйрек қызметі бұзылған ересек емделушілерді емдеген кезде дәрілік препараттың дозасын төмендетуді есептеу үшін мыналар қажет:
-
Жұқпалардың сипатын негізге ала отырып, дәрілік препараттың жалпы тәуліктік дозасын 3-кестеден таңдау керек;
-
4-кестеден дәрілік препараттың тиісті азайтылған дозасын, тәуліктік дозасынан (3-кесте) және осы емделушінің креатинин клиренсінен шығара отырып, таңдау керек.
4-КЕСТЕ
Бүйрек қызметі бұзылған және салмағы ≥70 кг ересек емделушілерге көктамырішілік инфузия үшін Пиминам дозасын азайту*
1-кестеден алынған күнделікті жалпы доза
Креатинин клиренсі (мл/мин/ 1.73 м2)
41-70
21-40
6-20
күніне 1.0 г
8 сағаттан кейін 250мг
12сағаттан кейін 250мг.
12 сағаттан кейін 250мг
күніне 1.5 г
6 сағаттан кейін 250мг
8 сағаттан кейін 250мг
12 сағаттан кейін 250мг
күніне 2.0г
8 сағаттан кейін 500мг
6 сағаттан кейін 250мг
12 сағаттан кейін 250мг
күніне 3.0 г
6 сағаттан кейін 500мг
8 сағаттан кейін 500мг
12 сағаттан кейін 500мг
күніне 4.0 г
8 сағаттан кейін 750мг
8 сағаттан кейін 500мг
12 сағаттан кейін 500мг
* Дозаны әрі қарай пропорционалды түрде төмендету дене салмағы <70 кг емделушілер үшін қажет.
Креатинин клиренсі 6—20 мл/мин/1,73 м2 науқастарға 500 мг дозаны енгізген кезде құрысудың даму қаупі ұлғаюы мүмкін.
Пиминамды креатинин клиренсі минутына 5 мл/1,73 м2-ден аз емделушілерде, Пиминаммен инфузиядан кейін 48 сағаттан соң гемодиализ жасалатын жағдайларды қоспағанда, көктамыр ішіне енгізуге болмайды.
Гемодиализ кезінде қолданылуы
Креатинин клиренсі минутына ≤ 5 мл/1,73 м2 болатын, гемодиализдегі емделушілерді емдеген кезде, креатинин клиренсі минутына 6-20 мл/1,73 м2 болатын емделушілерге Пиминамды дозалау режимі жөнінде нұсқауларды қолданған жөн.
Имипенем де, сондай-ақ циластатин де гемодиализ кезінде қан айналу жүйесінен шығарылады. Осыған байланысты Пиминамды гемодиализден кейін және содан кейін емшараны аяқтау бойына 12 сағат аралықтан соң емделушілерге енгізу қажет. Диализдегі емделушілер үшін, әсіресе оларда орталық жүйке жүйесінің аурулары бар болған жағдайда, мұқият бақылау қажет етіледі; Пиминамды гемодиализ жүргізілетін емделушілерге бұның пайдасы құрысу ұстамаларының даму қаупінен басым болған жағдайларда ғана ұсынылады.
Егде жастағы емделушілердегі бүйректердің жағдайы қандағы қалдық азот немесе креатинин деңгейлерін өлшеу негізінде толық анықталуы мүмкін емес. Мұндай емделушілерге дозаны таңдау үшін креатинин клиренсін анықтау керек.
Алдын алу мақсатында Пиминамды дозалау үлгісі
Ересектерде операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алу үшін Пиминамды алғашқы анестезияда көктамыр ішіне 1000 мг дозада және содан кейін 3 сағаттан кейін 1000 мг дозада енгізу керек. Қаупі жоғары дәрежелі хирургиялық араласым жағдайында (мысалы, тоқ және тік ішектерге жасалатын операцияларда) алғашқы наркоздан кейін екі қосымша дозаны 8 сағаттан соң және 16 сағаттан соң 500 мг-нан енгізу керек.
Қазіргі таңда креатинин клиренсі минутына ≤70 мл/1.73м2 емделушілерге Пиминамды алдын ала енгізу тәртібі жөнінде нұсқауларлар беру үшін жеткілікті деректер жоқ.
3 айлық және одан үлкен жастағы балаларға дозалау үлгісі
Балалар үшін дозалаудың келесі үлгісі ұсынылады:
а) Дене салмағы ≥40 кг балаларға ересек емделушілердегідей дозаларды енгізу қажет;
б) Балаларға және дене салмағы 40 кг -нан төмен нәрестелерге дәрілік препаратты 15 мг/кг дозада 6 сағаттық аралықпен енгізу қажет. Жалпы тәуліктік доза 2 г-нан аспауы мүмкін.
3 айлыққа дейінгі нәрестелерде және бүйрек қызметін нашарлаған (сарысулық креатинин > 2 мг/ұз) балаларды емдеу үшін дәрілік препаратты қолдану жөнінде жеткілікті клиникалық деректер жоқ.
Пиминам сепсисі бар балаларды емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Емдеу ұзақтығы, егер менингитке күдік жоқ болса, шектеулі емес.
Жағымсыз әсерлері
-
бас ауыру, вертиго, құлақ ішінің шуылдауы, естудің нашарлауы, миоклония, психикалық бұзылулар, елестеулер, сананың шатасуы, эпилепсиялық талмалар, парестезиялар, энцефалопатия, діріл
-
несеп түсінің өзгеруі, эритроцитурия, лейкоцитурия, цилиндрурия, олигурия, анурия, полиурия, протеинурия, бүйрек қызметінің жедел ағымды жеткіліксіздігі (сирек)
-
іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу, диарея, жалған жарғақшалы энтероколит, гепатит (сирек, фульминанттыны қоса), геморрагиялық колит, бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, сарғаю, гастроэнтерит, глоссит, тіл бүртіктерінің гипертрофиясы, тілдің және тістің пигментациясы, қыжыл, тамақтың ауыруы, гиперсаливация, дәмнің бұрмалануы
-
панцитопения, сүйек кемігінің қызыл өскіні қызметінің тежелуі, эозинофилия, лейкопения, нейтропения, гемолитикалық анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитоз, моноцитоз, лимфоцитоз, базофилия, гемоглобиннің және гематокриттің азаюы, протромбинді уақыттың ұзаруы
-
«бауыр» трансаминазалары және сілтілік фосфатаза белсенділігінің, сонымен қатар тығыздығы төмен липопротеиндер деңгейінің жоғарылауы, гипербилирубинемия, гиперкреатининемия, мочевина концентрациясының жоғарылауы, Кумбстің тура оң тесті
-
натрий мен хлордың сарысулық концентрацияларының төмендеуі, калий концентрациясының жоғарылауы
-
тері бөртпесі, қышыну, есекжем, гипергидроз, цианоз, мультиформалы экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевротикалық ісіну, уытты эпидермальді некролиз (сирек), эксфолиативті дерматит (сирек), қызба, сонымен қатар дәрілік және анафилактикалық реакциялар
-
тері гиперемиясы, енгізген жерде ауыртатын инфильтрат, көктамырдың қатаюы, эритема және жұқпаның жұқтыруы, флебит, тромбофлебит
-
кандидоз
-
кеудеде жайсыздық сезімі, ентігу, гипервентиляция, омыртқаның кеуде бөлімінің ауыруы
-
жүректің лүпілдеуі, тахикардия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне, сондай-ақ басқа да карбапенемдерге және бета-лактамдық антибиотиктерге асқын сезімталдықта
-
3 айлыққа дейінгі нәрестелерге
-
бүйрек қызметі бұзылған (сарысулық креатинині 2 мг/ұз.астам) балаларға
-
креатинин клиренсі минутына 5 мл/1.73 м2-ден аз емделушілерге
-
амид типіндегі жергілікті анестетиктерге асқын сезімталдықта
-
ауыр шокқа шалдыққан немесе жүрек тосқауылы бар науқастарға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сүт қышқылының тұздарымен, бактерияларға қарсы басқа да дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді.
Пенициллиндермен және цефалоспориндермен бір мезгілде қолданған кезде айқаспалы аллергия болуы мүмкін; басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (пенициллиндерге, цефалоспориндерге және монобактамдарға) қатынасы бойынша антагонизм білдіреді.
Пиминамды, пароксизм құбылысы дамуы мүмкін болғандықтан, ганцикловирмен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Өзекшелік секрецияны бөгейтін дәрілік заттар имипенемнің плазмадағы концентрациясын және T1/2 едәуір арттырады (егер имипенемнің жоғары концентрациялары қажет болса, бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолданбау керек).
Айрықша нұсқаулар
Пиминамды физикалық тұрғыдан араластыруға немесе басқа антибиотиктерге қосуға болмайды.
Пиминам несепті қызғыш түске бояйды.
Көктамыр ішіне енгізуге арналған дәрілік түр бұлшықет ішіне енгізу үшін пайдаланылмауы тиіс. Емдеуді бастар алдында бұған дейін бета-лактамдық антибиотиктерге аллергиялық реакциялардың болғаны жөнінде сыртартқы мұқият жинастырылуы тиіс. Пиминамды және басқа да β-лактамдық антибиотиктер – пенициллиндерді және цефалоспориндерді қолданған кезде ішінара айқаспалы аллергиялар жөнінде біршама клиникалық және зертханалық деректер бар. Қолданған кезде антибиотиктердің β-лактамдар тобының көпшілігі үшін ауыр реакциялардың (анафилаксияны қоса есептегенде) дамығаны жөнінде айтылған. Егер Пиминаммен емдеу үдерісінде аллергиялық реакция пайда болса, дәрілік препаратты тоқтату және тиісті шараларды қабылдау қажет.
Жалған жарғақшалы колит барлық антибиотиктермен дерлік емдеген кезде болатын асқыну ретінде айтылған; оның ауырлығы жеңіл түрден және қатер төндіретін түрге дейін өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты сыртартқысында асқазан-ішек аурулары, әсіресе колиті бар емделушілерге Пиминамды абайлап тағайындаған жөн. Антибиотиктермен емдеу аясында диарея пайда болған жағдайларда жалған жарғақшалы колиттің дамуы мүмкін екендігін ескеру маңызды. Зерттеулер колитті антибиотиктермен емдеуге байланысты болатын алғашқы себепші Clostridium difficile-ден жасалатын уыттар болатындығын айғақтаса да, басқа да болуы мүмкін себептерін де ескеру қажет.
Сыртартқысында бас ми жарақаты немесе құрысулар бар науқастарды эпилепсияға қарсы дәрілермен емдеу, ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін, препаратпен емдеудің барлық кезеңі бойы жалғастырылуы тиіс.
Егде жас. Егде жастағы емделушілерде бүйрек қызметінің жасқа байланысты бұзылулары болатындығын ескерген жөн, бұл дозаны төмендетуді қажет етуі мүмкін.
Пиминам менингитті емдеу үшін ұсынылмайды. Менингитке күдіктенген жағдайда тиісті антибиотиктерді тағайындау қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Пиминамды жүкті әйелдерге қолдану зерттелген жоқ. Осы дәрілік заттың ана сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Осыған байланысты Пиминамды жүктілік және лактация кезінде тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың педиатриялық іс-тәжірибеде қолданылуы. Пиминамды 3 айлыққа дейінгі балаларға немесе бүйрек қызметі әлсізденген (сарысулық креатинині >2 мг/ұз) балаларға қолданудың клиникалық деректер жеткіліксіз.
Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.
Фармакодинамикалық профилі және жағымсыз реакциялары Пиминамды қолданған кезде көлік жүргізуді және қимыл-қозғалыстың дәл үйлесімділігін талап ететін қауіпті механизмдермен жұмыс жасауды тоқтата тұрғаны жөн екендігін көрсетеді.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: атаксия, клоникалық құрысулар, брадипноэ, птоз.
Емдеу: Артық дозаланған жағдайда Пиминамді қолдануды тоқтатыңыз және тиісті шараларды қолданыңыз. Препарат елеулі мөлшерде артық дозаланған жағдайда гемодиализ және перитонеальді диализ жүргізу керек (әсіресе бүйрек ауруларына шалдыққан емделушілерде)
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 г препараттан резеңке тығынмен бекітілген және алюминий қалпақпен көмкерілген түссіз шыны құтыда.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші-ұйымның атауы және елі
Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд, Үндістан
В306, Кристал Плаза, Нью Линк Роуд,
Андхери (Вест), Мумбай,
Үндістан
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд, Үндістан
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
Оксфорд Лабораториз Пвт. Лтд, Үндістан
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Оксфорд Лабораториз Пвт., Лтд өкілдігі
Алматы қ-сы, Әуезов к-сі, 3
Тел./факс + 7 727 266 95 50
E-mail: almatyoxford@hotmail.com