Пизина

МНН: Пиразинамид
Производитель: Люпин Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Pyrazinamide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010928
Информация о регистрации в РК: 03.04.2019 - 03.04.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Пизина

Халықаралық патенттелмеген атауы

Пиразинамид

Дәрілік түрі

500мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 500 мг пиразинамид,

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, желатинделген крахмал (крахмал 1500), жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, шеттері қиғашталған, бір жағында «PIZINA LUPIN» жазуы, сызығы бар, ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Туберкулезге қарсы препараттар және басқалар. ПиразинамидАТХ коды J04AK01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пиразинамид асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Ересектер 500 мг дозасын ішу арқылы қабылдағаннан кейін, қан плазмасындағы пиразинамидтің 9-12 мкг/мл шегіндегі концентрациясының шыңына 2 сағат ішінде жетеді; 8 сағаттан соң 7 мкг/мл дейін және 24 сағаттан соң - 2мкг/мл дейін төмендейді.

Пизина бауырды, өкпені, гематоэнцефалдық бөгетті қоса, организм тіндері мен сұйық орталарына өтеді. Пиразинамид метаболизмге көбінесе бауырда ұшырайды, онда белсенді метаболит – пиразин қышқылын түзеді. 50%-ға жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы жоқ емделушілерде 9-10 сағатты құрайды. 24 сағат ішінде ішке енгізілген дозасының 70%-ы бүйрекпен шығарылады. Дозасының 4-14%-ға жуығы өзгеріссіз күйде шығарылады, ал қалған мөлшері - 16-26% - белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Пизина – туберкулёзге қарсы синтетикалық дәрі. Концентрациясына және микроорганизмнің сезімталдығына байланысты бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер береді. Туберкулостатикалық белсенділігі жағынан парааминосалицил қышқылына (ПАСҚ) қарағанда анағұрлым белсендірек, әйтсе де изониазидке, стрептомицинге, рифампицинге жол береді. Препарат туберкулёзбен зақымданған ошақтарға жақсы енеді. Оның белсенділігі казеозды массалардың қышқылды ортасында төмендемейді, соған байланысты оны казеозды лимфадениттерде, туберкуломалар мен казеозды-пневмониялық үдерістер кезінде жиі тағайындайды.

Қолданылуы

- біріктірілген емдеу сызбасының құрамында, соның ішінде туберкулездің өкпедегі және өкпеден тыс түрлерін емдеуде

- туберкулёздік менингитте

- сүйек туберкулёзінде

- несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ас ішу кезінде немесе кейін ішке, күніне бір рет, шайнамай, сумен ішіп қабылдау керек.

Ересектерге кг дене салмағына 25-30 мг-ден тағайындайды, тәуліктік дозасы 30-39 кг салмаққа – 1000 мг, 40-54 кг салмаққа – 1500 мг, 55-70 – 2000 мг, >70 кг салмаққа – 2000 мг, 60 жастан асқан науқастар мен дене салмағы 50 кг аз ересек науқастарға - кг дене салмағына 15 мг.

Балаларға 5 жастан бастап, кг дене салмағына 15 мг есебінен, 25 мг/кг асырмай тағайындайды.

Препаратты қабылдау жіберіліп алған жағдайда, өткізіп алған дозасын барынша тезірек, бірақ келесі дозасын қабылдағанға дейін кемінде 6 сағат бұрын қабылдау керек. Өткізіліп алған жеке дозасының орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаған жөн.

Пизина тек туберкулезге қарсы басқа препараттармен бірге қолданылады. Емдеу курсын емдеуші дәрігер сол елде бекітілген емдеу сызбасына сәйкес анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • гепатит, сары ауру, терінің сарғаюы, дене температурасының жоғарылауы

  • жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналуы

  • подаграның өршуі (несеп өзекшелері қызметінің төмендеуі салдарынан пиразинамид несеп қышқылының бөлініп шығуын бәсеңдетеді, бұл сарысудағы несеп қышқылы мөлшерінің артуына алып келеді)

  • тәбеттің нашарлауы, диспепсиялық құбылыстар

  • жеңіл миалгия

  • тері бөртпесі, тері қышынуы, аллергиялық дерматит, тері жабындарының эритемасы

  • пеллагра, порфирия

  • гипергликемия

  • алақандардың, табандардың ісінуі

  • тромбоцитопения

  • дизуриялық бұзылулар

  • тізе және кәрі жілік буындарында орналасқан буын аурулары мен араласқан сипаттағы тері бөртпесінің пайда болуы түріндегі гепатобилиарлық жүйеге уытты әсері

  • ФПП көрсеткіштерінің жоғарылауы

  • диспепсиялық синдром, гепатомегалия, оң жақ қабырға астының ауыру синдромы түріндегі ГБС уытты әсері

  • шеткергі тамырлар бойының ауыруы және көктамырлардың ісінуі

  • эозинофиллия

  • ауыздың кермек татуы

  • көрудің бұзылуы

  • көру жүйкесінің невриті

  • эксфолиативті дерматит

  • мультиформалы эритема

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит, бауыр циррозы, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы

- жедел гастрит

- асқазанның ойық жаралы ауруы

- колит

- қант диабеті

- эпилепсия, психоздар

- жүктілік, лактация кезеңі

- подагра

- 5 жасқа дейінгі және дене салмағы 30 кг аз балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Рифампицинмен немесе этамбутолмен бір мезгілде қолданғанда аддитивті гепатоуытты әсерін назарда ұстау керек. Пробенецидпен бір мезгілде қолданғанда экскрециясы төмендеуі мүмкін және соның салдарынан уытты реакциялары күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезінде организмде несеп қышқылы іркілуі мүмкін. Сондықтан «бауыр» трансаминазаларының белсенділігін және қан плазмасындағы несеп қышқылының мөлшерін бақылауға алған жөн. Ұзақ уақыт қолданғанда Пизина тез өрбитін гепатитпен бауырға уытты әсер етуі мүмкін.

Пизина тек туберкулёзге қарсы басқа дәрілермен үйлестіріліп қана қолданылады, монотерапия кезінде төзімділік өте жылдам дамиды.

Педиатрияда қолданылуы

Бұл дәрілік түрі 5 жасқа дейінгі және дене салмағы 30 кг аз балаларда қолданылмайды.

Көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хабарланған жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі, бауырдың зақымдалуы.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

1000 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған банкіге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Мумбай 400098, Люпин Лтд 159, Си Эс Ти Роуд, Калина, Сантакруз (Ист), ҮНДІСТАН

Тіркеу куәлігінің иесі

Мумбай 400 098, ҮНДІСТАН Люпин Лтд

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы Люпин ЛТД компаниясының өкілдігі

ҚР, 050000, Алматы қ., Жангелдин к-сі 31

«Жар - Су» БО, 419 кеңсе

Тел.: 7 (727) 278 59 73, факс: 7 (727) 386 28 38

E.mail: lupinkz@yandex.ru

 

 

Прикрепленные файлы

764860751477976843_ru.doc 52 кб
281484631477978001_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники