Пейдолакс

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Пейдолакс
Paidolax
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глицерол
Дәрілік түрі
Ректальді ерітінді
Құрамы
белсенді зат – 3.28 мл глицерол,
қосымша зат - тазартылған су.
Сипаттамасы
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы
Ректальді енгізген кезде глицерин сияқты осмостық іш жүргізетін заттар өте әлсіз сіңіріледі және жіңішке ішекте биологиялық өңдеуге ұшырамайды. Дегенмен ауыз арқылы қабылдаған кезде глицерин асқазан-ішек жолынан тез сіңіріледі, ол плазмадағы шыңдық құрамына 60-90 минуттан кейін жетеді. Ол бүкіл денеге таралады, енгізілген дозаның көп бөлігі бұлшықеттік маймен байланысады да, 80% бауырда метаболизмге ұшырайды, қалған бөлігі өзгермеген күйде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 45 минутқа дейінгі уақытты құрайды.
Фармакодинамикасы
Глицерин – бұл жұмсартатын қасиетке ие полигидроксибайланыс. Ол су және спиртпен араласа алатын үш атомды спирт. Глицерин суды сіңіреді және белгілі бір концентрацияда пайдаланған кезде жаққан жерде тіндердің дегидратациясы және тітіркенуін тудыруы мүмкін. Мұндай тітіркендіргіш әсер клизма арқылы ректальді енгізу кезінде ішектің босауын ынталандыру үшін тиімділігімен түсіндіріледі. Ректальді енгізгеннен кейін глицерин нәжісті майлау және осмостық қысымды арттыру қасиетімен шартталған іш жүргізетін қасиетті көрсетеді, соның арқасында интерстициальді сұйықтық тартылады және ішектің перистальтикасы жақсарады. Глицеринді енгізгеннен кейін ішектің босауы 15-30 минуттан 1 сағатқа дейінгі кезеңде басталады.Қолданылуы
- қысқа мерзімдік және эпизодты іш қату симптомдарын жою үшін (жергілікті қолдануға арналған)
Қолдану тәсілі және дозалары
Пейдолакс тек қана ректальді қолдануға арналған.
Препаратты 2-ден 12 жасқа дейінгі жастағы балаларда қолданады.
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар: 1 доза – тәулігіне 1 ректальді аппликатор.
2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
12 жастан асқан балаларға: қолданбайды.
Егде жастағы пациенттер: қолданбайды.
Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі:
Дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Медициналық көрсетілімдерге сәйкес пайдалану жағдайын қоспағанда, препаратты бір аптадан астам уақыт пайдалануға болмайды.Енгізу әдісі
Канюляның қақпақшасын алып және канюляны жоғары қарай тігінен ұстап тұрып, аппликаторды тоқ ішекке енгізуді жеңілдету үшін препараттың бірнеше тамшысы канюляның ұшын сулау үшін ақырындап басу қажет. Тоқ ішекке енгізгеннен кейін аппликатордың ішіндегісін басу, және қабырғаларды қыса отырып шығару керек. Әр аппликатор ерітіндіге артығымен толтырылған, ол пайдаланғаннан кейін аппликаторда қалады. Осылайша, енгізген кезде шығатын мөлшері толық доза болып табылады және аппликаторды толығымен босатудың қажеті жоқ.
Әр аппликатор дәрілік заттың 1 дозасынан тұрады, және оны пайдаланғаннан кейін тастау қажет. Егер енгізу кезінде кедергі сезілсе, енгізу тоқтатылуы тиіс, себебі бұл қауіпті болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
- енгізу орнындағы жайсыздық
- анал тесігі айналасында тітіркену және ауру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.
- абдоминалды ауыру және бұрап ауыруы, жүрек айну, құсу немесе аппендициттің басқа симптомдары, сондай-ақ этиологиясы белгісіз абдоминалды ауырулар
- 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Хабарланбаған
Айрықша нұсқаулар
Нәжісте қан, ішекте тітіркену және ауыру пайда болған жағдайда, сондай-ақ дәрет қалпына келмесе, емдеуді тоқтатып және дәрігерден кеңес алу қажет.
Бұл препаратты, медициналық көрсетілімдерден басқа, 1 аптадан артық пайдалануға болмайды.
Ауыр ауырулары бар пациенттерде, соның ішінде жүрек - қантамырлық, препаратты тек қана дәрігердің бақылауымен қабылдауға болады.
Жүктілік және емшек емузі кезеңінде қолдану: Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмаған, себебі ол балаларда қолдануға арналған.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Осы препаратты шектен тыс және ұзақ қолдану «тітіркенген ішек синдромына» әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан ұзақ уақыт қолданған кезде препаратты сақтықпен және дәрігердің бақылаумен пайдалану қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
4 мл препараттан тығыздылығы төмен полиэтиленнен жасалған канюлямен жабдықталған және тығыздылығы төмен полиэтиленнен жасалған қалпақшамен жабылған аппликаторға орналасқан.
4 аппликатордан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Casen Recordati, S.L., Италия
Autovia de Logrono, km. 13,300
50180 UTEBO (Zaragoza) Испания
Тіркеу куәлігінің иесі
Casen Recordati, S.L., Италия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы
Қазақстан Республикасындағы «FIC MEDICAL» (ФИК МЕДИКАЛЬ) ЖШС өкілдігі, Төле би к-сі 69, 33 кеңсе, 050000, Алматы, Қазақстан
тел.: +7 (727) 272 93 08, факс: +7 (727) 272 90 25
e-mail: fic_kz@ficmedical.kz