Парацетамол (500, Химфарм)

МНН: Парацетамол
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paracetamol
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№008760
Информация о регистрации в РК: 02.06.2004 - 02.06.2009

Инструкция

Саудалық атауы

Парацетамол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Парацетамол (Paracetamol)

Дәрінің түрі

Таблеткалары 500 мг-нан

Құрамы

1 таблетканың құрамында:

әсер етуші зат: парацетамолдың 500 мг-ы,

қосалқы заттар: картоп крахмалы 44,5 мг, стеарин қышқылы 5,5 мг-ы бар.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік беті жайпақ, 12 мм диаметрлі таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы мен сызығы, екінші жағында ойығы мен крест тәрізді фирмалық логотипі бар.

Фармакотерапевтикалық тобы: Анальгетиктер мен ыстық түсіретін дәрілер, анилидтер.

АТЖ коды N02BE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол ішу арқылы қолданылғаннан кейін тез сіңіріледі, плазма белоктарымен байланысады. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі – 1-4 сағат. Парацетамол глюкурониді мен сульфаты түзіле отырып, бауырда метаболизденеді. Негізінен, конъюгация өнімдері түрінде бүйректермен шығарылады, 5%-дан азырағы өзгермеген түрде шығарылады. Аралас оксидазалардың әсерімен бауыр мен бүйректерде өте аз мөлшерлерде пайда болатын және әдетте глютатионмен байланысу жолымен детоксифицирленетін жағымсыз әсері бар гидроксилирлендірілген метаболит – N-ацетил-р-бензохинонимин, парацетамолдың артық мөлшерленуінде жинақталады және тіндердің зақымдануын тудырады.

Фармакодинамикасы

Анальгетик-антипиретик. Анальгетикалық және ыстық түсіретін әсері бар. Әсерінің механизмі гипоталамуста термореттеу орталығына басым әсер ететін простагландиндер синтезінің тежелуіне байланысты.

Қолданылуы

Түрлі генездегі шағын және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромы (бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, невралгия, миалгия, альгодисменорея; жарақаттар, күюлер кезіндегі ауырулар). Инфекциялық-қабынбалы аурулардағы қызба (оның ішінде балалар инфекцияларында).

Қолдану тәсілдері және дозасы

Таблеткалар ішуге, ересектер мен дене салмағы 60 кг-нан астам жасөспірімдерге 500 мг бір жолғы мөлшерде (1 таблетка), қабылдау жиілігі тәулігіне 3-4 ретке дейін. Емдеудің ең көп ұзақтығы – 5-7 күндер. Ең жоғары мөлшерлер: бір реткі – 1 г, тәуліктік – 4 г. 6-12 жасқа дейінгі балаларға 250-500 мг-нан (½-1 таблетка). Қолдану дүркіндігі кемінде 4 сағат аралықпен тәулігіне 3-4 рет. Емдеудің ең көп ұзақтығы - 3 күн.

Жағымсыз әсері

Ас қорыту жүйесі тарапынан: сирек – диспепсиялық құбылыстар, жоғары мөлшерлерде ұзақ қолданылғанда – гепатоуытты әсер.

Қан түзу жүйесі тарапынан: сирек - тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения, нейтропения, агранулоцитоз.

Аллергиялық реакциялар: сирек – тері бөртпесі, қышыма, есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Созылмалы белсенді алкоголизм, парацетамолға жоғары сезімталдық, бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары, жүктілік (I триместрі), анемия. 3 айға дейінгі балаларға парацетамолды дәрігердің кеңесінсіз тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілермен әрекеттесуі

Тікелей емес антикоагулянттардың (кумарин мен индандионның) әсерлерін күшейтеді. Ыстықты түсіретін және ауыруды басатын белсенділікті кофеин арттырады. Атропин мен басқа спазмолитиктер сіңірілуді баяулатады, метоклопрамид – жылдамдатады. Холестерин мен активтендірілген көмір биожеткіліктілікті төмендетеді. Барбитураттар, тырыспаға қарсы дәрілер, рифампицин, алкоголь бір мезгілде қолданылғанда гепатоуыттылық әсер қаупі едәуір артады.

Айрықша нұсқаулар

Қатерсіз асқын билирубинемиялы бауыр мен бүйрек функцияларының бұзылулары бар емделушілерге, сондай-ақ егде жастағы науқастарға сақтықпен қолданылады. Ұзақ қолданылған жағдайда шеткі қан көрінісі мен бауырдың функциональдық жағдайын бақылау қажет болады.

Жүктілік және лактация

Дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады.

Артық мөлшерлеу

Уақыттың қысқа кезеңінде 150 мг/кг және жоғары мөлшерлерде қабылданғанда туындайды. Солғындықпен, жүрек айнуымен, құсумен, қатты тершеңдікпен, бауыр маңындағы ауырсынғыштықпен байқалады. Емдеу: асқазанды шаю (құсуды демеу), ацетилцистеиннің, симптоматикалық дәрілердің енгізілуі.

Шығарылу түрі және қапталуы

Таблеткалар пішінді ұялы орамда 10 данадан.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған, + 2о С-дан + 30о С-ға дейінгі температурада.

Балалар қол жеткізе алмайтын жерлерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.

Босату шарттары

Рецептісіз

Өндіруші: “ХИМФАРМ” АҚ, Шымкент қаласы, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Рашидов көшесі, нөмірсіз, т/ф: 560882

Прикрепленные файлы

Парацетамол_(500,_Химфарм)_рус.doc 0.04 кб
Парацетамол_(500,_Химфарм)каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту