Пантексол (Декспантенол)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Пантексол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі, дозалануы
Сыртқа қолдануға арналған крем, 5 %
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Жарақаттар мен жараларды емдеуге арналған препараттар. Жарақаттарды жазатын препараттар. Жарақаттарды жазатын басқа препараттар. Декспантенол.
АТХ коды D03AX03
Қолданылуы
Аздаған беткейлік зақымданумен (мысалы, сызаттар, күйіктер) және терінің тітіркенуімен (күн сәулесінің, ультракүлгін немесе рентген сәулесінің әсерінен туындаған) терінің сауығу процесі мен эпителизациясын жылдамдату үшін.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әрекет етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препарат тек сыртқы қолдануға арналған. Препаратты көзге тигізбеу керек, себебі ол көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Препаратты қолданған кезде құлақпен және шырышты қабықтармен жанасуынан аулақ болу керек.
Сондай-ақ, препаратты терінің үлкен аймақтарына қолданудан аулақ болу керек.
Терінің тітіркену белгілері пайда болған кезде кремді қолдануды уақытша тоқтату керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Сыртқы қолдануға арналған басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Арнайы сақтандырулар
Цетил спирті жергілікті тері реакциясын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Бұл дәрілік препараттың құрамында пропиленгликоль 50.0 мг/г бар. Пропиленгликоль терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат баяу типтегі аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Декспантенолды жүктілік кезінде және лактация кезеңінде жергілікті қолданғанда жағымсыз реакциялар туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Кремді терінің зақымдалған жерлеріне тәулігіне 1-2 рет, қажет болған жағдайда жиі жағу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Препаратты жұқалап жағады және терінің зақымдалған аймағына абайлап ысқылайды.
Крем дененің ашық бөліктеріне (мысалы, бет, мойын) және шашпен жабылған жерлерге қолдануға жарамды.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну ұсынылады.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Аталған жағымсыз реакциялар туралы деректер кенеттен болған хабарламаларға негізделген, сондықтан CIOMS III (Халықаралық ғылыми-медициналық ұйымдар Кеңесі) деректері бойынша даму жиілігі бойынша жіктеу мүмкін емес.
Иммундық жүйенің, терінің және тері астындағы тіндердің бұзылуы: аллергиялық реакциялар, оның ішінде теріге жанасатын дерматит, аллергиялық дерматит, қышу, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, көпіршікті бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - декспантенол, 50.0 мг,
қосымша заттар: цетил спирті (Lanette 16), метилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, пропилпарагидроксибензоат, глицерин моностеараты 40-55 (Cutina GMS-V (Kolliwax GMS II)), макрогол цетостеарил эфирі 6 (Emulgade A 6), макрогол цетостеарил эфирі 25 (Emulgin B 25), цетеарил этилгексаноаты (Tegosoft liquid), диметикон, тазартылған су.
сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақ түсті біртекті крем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы пластик қақпағы бар алюминий сықпада препарат 25 г немесе 100 г-нан.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін колдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ.
Свилно 20, 51000 Риека, Хорватия
Тел.: +385 51 660 700
Факс: + 385 51 660 777
Электронды пошта: jgl@jgl.hr
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ.
Свилно 20, 51000 Риека, Хорватия
Тел.: +385 51 660 700
Факс: + 385 51 660 777
Электронды пошта: jgl@jgl.hr
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ЯДРАН-ГАЛЕНСКИ ЛАБОРАТОРИЙ а.қ. Өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ-сы, Марков к-сі, 61/1 үй, №2 құрылым, №122 офис
Тел.: +7 (727) 313 20 51
Электронды пошта: Regulatory-KZ@jgl.ru