Офтагель® (гель глазной, 0.25%, Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ и Ко.КГ)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Офтагель®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Карбомер
Дәрілік түрі
0,25% көзге арналған гель, 10 г
Құрамы
100 г гельдің құрамында
белсенді зат - 2,5 мг карбомер 974 Р
қосымша заттар: бензалконий хлориді, сорбитол, лизин моногидраты, натрий ацетаты, поливинил спирті, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссіз тұтқыр мөлдір гель.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар.
АТХ коды S01XA20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Карбомер молекуласының өлшемі үлкен болғандықтан мөлдір қабық арқылы өту мүмкіндігі аз.
Фармакодинамикасы
Офтагель құрамында жоғары молекулалы карбоксивинилполимер (полиакрилат) болып табылатын карбомер бар. Карбомер көз жасының тұтқырлығын арттырады, мөлдір қабық беткейінде ылғалдандыратын қорғаныш үлбір түзе отырып, көз жасы үлбірінің муцинді және сулы қабаттарын қалыңдатады. Офтагель® «көздің құрғау синдромы» туындатқан тітіркену симптомдарын азайтады. Компенсаторлы жас aғy, қышу, ашыту, көзде бөгде затты сезіну және көруден қажу көздің құрғауы симптомдарына жатуы мүмкін. Жасанды көз жасы үлбірінің мөлдір қабықпен ұзақ жанасуы көз жасы секрециясы төмендеген көзде жағымды әсер етеді. Офтагель® бip мезгілде қолданған кезде басқа көз препараттарының ciңуін ұзаққа созуы мүмкін.
Қолданылуы
-
құрғақ кератоконъюнктивитте және «құрғақ көз» синдромы қатар жүретін басқа ауруларда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге – симптомдар айқындылық дәрежесіне байланысты Офтагель® препаратының 1 тамшысы тәулігінe 1-4 peт.
Препаратты тамызардың алдында қолды жуыңыз. Басыңызды артқа қарай шалқайтыңыз. Төменгі қабақты тартып тұрып, гельдің бip тамшысын төменгі қабақ пен көздің арасындағы конъюнктивальді қапқа тамызыңыз. Тамшуырдың ұшын көзге және қабаққа тигізіп алмаңыз.
Емдеу курсы жекелей белгіленеді.
Жағымсыз әcepлері
Тамызғаннан соң бірден:
-
көрудің өткінші бұлдырауы
-
қысқа мерзімді ашытуды сезіну
-
көздің жергілікті тітіркенуі (тамызғаннан соң бірден)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдык
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Офтагельдің® басқа препараттapмeн дәрілік өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Айрықша нұсқаулар
Бензалконий хлориді жанаспалы линзаларға ciңірілуі және оларды түссіздендіруі мүмкін. Оларды препаратты тамызар алдында алып, препаратты тамызып болғаннан кейін 30 минуттан соң қайтадан салған жөн.
Біреуден артық тамшы түрлері тағайындалған кезде Офтагельді® кем дегенде 15 минут аралықпен соңынан тамызған жөн.
Балалар
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың кауіпсіздігі зерттелмеген.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Офгагель көз гелі көзді уақытша бұлдыратуы мүмкін.
Автомобиль жүргізу немесе механикалық қондырғылармен жұмыс icтep
алдында көздің көру өткірлігі толық қалпына келгенше күте тұрған жөн.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалануына байланысты жағдайлар туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұрандалы қақпақшасы және құтының ашылуын бақылауға арналған сақинасы бар тамшуырмен тығындалған, сыйымдылығы 10 мл, төменгі тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған мөлдір құтыға 10 г құйылған. Құтыға өздігінен желімделетін қағаз заттаңба жапсырылады.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау
керек. Гельдің шығуы жеңіл болу үшін тамызу аралығында құтыны картон пәшкеде төңкерілген қалыпта сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2, 5 жыл
Кұтыны ашқаннан кейін 1 ай iшінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз босатылады
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ және Ко.КГ», Германия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Сантен» АҚ, Финляндия абоненттік жәшігі 33, 33721 Тампере, Финляндия.
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
«Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ және Ко.КГ», Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстандағы «Cантен» АҚ өкілдігі
Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 129/65, 56 пәтер
Телефон нөмірі – 250-39-17
Факс нөмірі - 250-39-17
Электронды поштасы: atlana_kz@rambler.ru