Олазоль®

МНН: Бензокаин, Борная кислота, Облепиховое масло, Хлорамфеникол
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020816
Информация о регистрации в РК: 18.09.2014 - 18.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Олазоль®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, 80г

Құрамы

1 баллонның құрамында

белсенді заттар: шырғанақ майы - 7,20 г

хлорамфеникол - 2,16 г бензокаин (анестезин) - 2,16 г

бор қышқылы - 0,36 г

қосымша заттар: троламин, сусыз ланолин, стеарин қышқылы, глицерол, тазартылған су, хладондар қоспасы 22 және 142 В (дифторхлорметан + дифторхлорэтан)

Сипаттамасы

Препарат баллоннан сары немесе аздаған қызғылт реңді сары түсті көбік болып шығады

Фармакотерапиялық тобы

Антисептикалық және зарарсыздандыратын препараттар. Басқалары.

АТХ коды D08AX

Фармакологиялық қасиеттері

Жараларды жазатын дәрі. Бактерияларға қарсы және жергілікті жансыздандырататын әсері бар, экссудацияны азайтады, тіндердің регенерациялануына ықпал етеді және жаралардың эпителизациялану үдерісін жеделдетеді.

Қолданылуы

- жұқпа жұқтырған жараларда (оның ішінде тез жазылмайтын жараларға)

- трофикалық жараларда

- күйікте

- микробтық экземада

- қышитын дерматитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Ересектерге

Жараның беткейін мүмкіндігінше іріңнен, некроздық тіндерден тазартады және көбіктің біркелкі қабатын күнделікті немесе күнара жағу керек, ал жаралар мен күйікті ашық емдегенде қабыну сипатына және зақымданған тіндердің регенерациясы сатысына байланысты тәулігіне – 1-4 рет.

Емдеу курсы дәрігермен жекелей анықталады.

Көбіктің біркелкі қабатын алу үшін баллонды 10-15 рет шайқау керек. Көбікті 1-5 см қашықтықта барлық жара беткейін жапқанша жағады.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін, ол анықталған жағдайда емдеуді тоқтату және десенсибилизациялайтын емді тағайындау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Емдеу кезінде жүйелі бактерияға қарсы емді қолдануға болады.

Басқа сыртқа қолданылатын дәрілік заттармен қолдану мүмкіндігі және қажеттігі қабыну сипатына және зақымданған тіндердің регенерациясы сатысына байланысты емдеуші дәрігермен жекелей анықталады.

Айрықша нұсқаулары

Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы.

Деректер жоқ

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

80 г препараттан клапанмен, бүріккіш қондырғымен және сақтандырғыш қалпақшамен аэрозольді, алюминий баллонға салынған. Аэрозольді, алюминий баллонға өздігінен жабысатын материалдан жасалған заттаңба жапсырылады. Бүріккіш қондырғымен және сақтандырғыш қалпақшамен аэрозольді, алюминий әрбір баллон медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, тікелей күн сәулесінен және жылыту құрылғыларынан, от көзінен алшақ, 15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Тел: (3854) 326-946, 338-719,

Факс: (3854) 327-640

Тіркеу куәлігінің иесі

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Телефоны: (3854) 326-946, Факс: (3854) 327-640

 

Прикрепленные файлы

599675681477976704_ru.doc 44 кб
985953361477977853_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники