Нифуроксазид-ТК

МНН: Нифуроксазид
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nifuroxazide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№025860
Информация о регистрации в РК: 31.05.2022 - 31.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Нифуроксазид-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нифуроксазид

Дәрілік түрі, дозалануы

Ішуге арналған суспензия, 200 мг/5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Асқорыту жолы және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішекке арналған, қабынуға қарсы/микробқа қарсы препараттар. Ішекке арналған микробқа қарсы және қабынуға қарсы препараттар. Ішекке арналған микробқа қарсы басқа да препараттар. Нифуроксазид.

АТХ коды А07АХ03

Қолданылуы

Жалпы жағдайдың нашарлауынсыз, дене температурасының жоғарылауынсыз, уыттанусыз өтетін жедел бактериялық диареяда.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- нифуроксазидке және нитрофуран туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

- фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза-изомальтаза тапшылығы

- шала туылған нәрестелер мен бір айлық жаңа туған нәрестелер.

- жүктілік

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Нифуроксазидті 7 күннен артық қолдануға болмайды. Ұзаққа созылған ем үшін көрсетілімдер жоқ. Диареяны емдеу кезінде регидратациялық ем жүргізу қажет. 3 жасқа дейінгі балалардағы диареяны емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Жүйелі зақымдану белгілері (жалпы жай-күйінің нашарлауы, дене температурасының көтерілуі, уыттану немесе инфекция симптомдары) бар бактериялық диарея жағдайында жүйелі әсер ететін бактерияға қарсы препараттарды қолдану туралы мәселені шешу үшін дәрігермен кеңесу керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, беттің, еріннің және тілдің ісінуі, бөртпе, қышыну) жағдайында осы дәрілік препаратты дереу тоқтату керек.

Осы дәрілік препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар болуына байланысты, ол аллергиялық реакцияларды (кешірек байқалуы мүмкін) туындатуы ықтимал.

Пациенттер нифуроксазидпен емдеу кезінде алкогольді шамадан тыс тұтынбауы керек.

Нифуроксазид-ТК суспензиясының құрамында 1% этанол мен сахароза бар екенін ескеру керек. Сахарозаның бар болуына байланысты сирек тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты бұзылулары бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дисульфирам тәрізді реакциялардың дамуын туындататын немесе орталық жүйке жүйесінің функциясын бәсеңдететін препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде тератогендік әсер анықталған жоқ. Алайда, сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде нифуроксазидті қолдану ұсынылмайды.

Нифуроксазид асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді. Осы препаратпен емделу курсы қысқа болған жағдайда бала емізуге болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Нифуроксазид автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

2-6 айлық балалар:

100 мг-200 мг (2,5 мл-5 мл) тәулігіне 2 рет, әрбір 12 сағат сайын.

7 айдан 6 жасқа дейінгі балалар:

200 мг (5 мл) тәулігіне 3 рет, әрбір 8 сағат сайын.

7 жастан балалар және ересектер:

200 мг (5 мл) тәулігіне 4 рет, әрбір 6 сағат сайын.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығы 7 күннен аспайды.

Артық дозалану жағдайында қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: белгісіз

Емі: симптоматикалық

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады

ДП стандартты қолданғанда байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдауға тиісті шаралар (қажет болған жағдайда)

Жиілігі белгісіз

  • терінің бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксиялық шок сияқты аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

5 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 200 мг нифуроксазид,

қосымша заттар: сахароза, карбомер Ultrez 10, натрий гидроксиді, сусыз лимон қышқылы, метилпарагидроксибензоат (Е 218), этанол 96 %, «Банан» хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жеміс иісі бар сары түсті суспензия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

90 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қалпақшамен тығындалған III типті қоңыр шыныдан жасалған құтыға салынады. Құтыға көлем белгілері салынған пластмассадан жасалған өлшеуіш стақан қоса беріледі.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 0C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар(ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды пошта: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Нифуроксазид-ТК_ИМП_рус(1).docx 0.04 кб
ЛВ_Нифуроксазид-ТК_20,05,22_ИСП.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту