Нексавар®

МНН: Сорафениб
Производитель: Байер АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sorafenib
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011933
Информация о регистрации в РК: 07.11.2017 - 07.11.2022
Номер регистрации в РБ: 8460/07/11/12/16/17/20
Информация о регистрации в РБ: 14.07.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 9 000.77 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Нексавар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Cорафениб 

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат -  274 мг сорафениб тозилаты

                           (200 мг сорафениб негізіне баламалы) бар,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза 5 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), магний стеараты, натрий лаурилсульфаты,

үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 15 сР (гидроксипропилметилцеллюлоза 2910), макрогол 3350 (полиэтиленгликоль 3350), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, таблетканың бір жақ бетінде «200» саны және басқа жақ бетінде фирмалық байерлік крест өрнектелген.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы басқа да препараттар. Протеинкиназа тежегіштері. Сорафениб

АТХ коды   L01ХЕ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сорафениб таблеткасын қабылдағаннан кейінгі оның орташа салыстырмалы биожетімділігі – 38-49%.

Сорафенибтің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 25-48 сағатты құрайды. Сорафенибті 7 тәулік бойы бірнеше рет қабылдау, бір рет қабылдаумен салыстырғанда, оның 2,5 - 7 есе көп жиналуына әкеп соғады.

Сорафениб қан плазмасында тепе-тең концентрацияға оны қабылдаған 7 тәулік ішінде жетеді, мұндайда ең жоғары шектегі концентрацияның ең төмен концентрацияға қатынасы 2-ден кем болады.

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін сорафениб плазмада ең жоғары шектегі концентрацияға шамамен 3 сағаттан соң жетеді. Препаратты құрамында май мөлшері орташа болатын аспен бірге қабылдаған кезде препараттың биожетімділігі, оны аш қарынға қабылдаған кездегі осындайға ұқсас болады. Сорафенибті құрамында май мөлшері жоғары болатын аспен бірге қолдану оның биожетімділігін, аш қарынға қабылдаған кездегімен салыстырғанда, 29%-ға төмендетеді.

Препаратты 400 мг-нан асатын дозаларда тәулігіне екі рет тағайындаған кезде орташа Cmax және AUC пропорциональді емес түрде артады.

Плазма ақуыздарымен in vitro байланысуы 99,5%-ды құрайды.

Сорафениб метаболизмі, негізінен, бауырда CYP3A4 изоферментімен тотығу арқылы, сондай-ақ UGT1A9-бен глюкурондану арқылы жүзеге асады. Сорафениб конъюгаттары асқазан-ішек жолдарында бактериялық глюкуронидазаның белсенділігі арқасында ыдырауы мүмкін, ол конъюгацияланбаған дәрілік заттың қайта сіңуіне мүмкіндік береді. Неомицинді бір мезгілде қолдану осы үдеріске әсер ете отырып, сорафенибтің орташа биожетімділігін 54%-ға азайтады.

Тепе-тең жағдайға жетуде сорафенибтің үлесі шамамен 70-85% болады. Сорафенибтің 8 метаболиті идентификацияланған, оның 5-уі плазмадан табылды. Сорафенибтің плазмада айналымда болатын негізгі метаболиті – пиридин N-оксид, сорафенибтің белсенділігіне ұқсас in vitro белсенділікке ие және шамамен 9-16%-ды құрайды.

Сорафенибті 100 мг дозада ішу арқылы қолданғаннан кейін дозаның 96%-ы 14 күн ішінде шығарылады, дозаның 77%-ы нәжіспен бірге, ал 19%-ы несеппен бірге глюкурондалған метаболиттер түрінде шығарылады. Сорафенибтің 51%-ы өзгермеген күйінде нәжіспен бірге шығарылады.

Жынысы/Егде жас

Демографиялық деректер талдамасы препарат дозасын емделушінің жасына немесе жынысына байланысты түзетудің қажет еместігін айғақтайды.

Балалар Балаларда препараттың фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Сорафениб организмнен негізінен бауыр арқылы шығарылады.

Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А класы) немесе орташа (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класы) болатын науқастарда экспозиция көрсеткіштері бауыр функциясы бұзылмаған науқастардағы шекте болады. Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл және орташа болатын науқастарда сорафенибтің фармакокинетикасы дені сау адамдардағыға ұқсас болды.

Бауыр жеткіліксіздігі ауыр болатын науқастарда сорафенибтің фармакокинетикасы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы) зерттелмеген.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Сорафенибтің фармакокинетикасы бүйрек функциясы қалыпты емделушілер мен бүйрек функциясының бұзылуы жеңіл (КК 50-80 мл/мин), орташа (КК<50мл/мин) және ауыр (КК<30 мл/мин) болатын диализді қажет етпейтін емделушілерге 400 мг дозаны бір рет енгізгеннен кейін зерттелді. Бүйрек функциясы төмендеуінің сорафенибтің фармакокинетикасына ықпалы байқалған жоқ. Бүйрек қызметінің диализді қажет етпейтін жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігінде дозаны өзгерту қажет емес.

Фармакодинамикасы

Нексавар® ісік жасушаларының пролиферациясын төмендететін киназа тобына жататын бірқатар ферменттердің тежегіші болып табылады.

Нексавардың® көптеген жасушаішілік киназаларды (c-CRAF, BRAF және мутацияланған BRAF), жасуша сыртының киназаларын (KIT, FLT-3, RET, VEGFR-1, VEGFR-2, VEGFR-3 және PDGFR-β) тежейтіні айғақталған. Нексавар® ісіктердің – гепатоцеллюлярлы карциноманың және бүйрек-жасушалы обырдың, сондай-ақ кейбір басқа ісіктердің өсуін басады. Нексавар® ісік тіндерінде ангиогенездің азаюына және ісік жасушалары апоптозының өсуіне, сондай-ақ ісік жасушаларына сигналдардың берілуінің азаюына мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- метастаздық бүйрек-жасушалық обырында

- гепатоцеллюлярлы карциномада

- радиоактивтік йодтқа рефратктерлі жергілікті таралған немесе метастаздық сараланған қалқанша без обырында

Қолдану тәсілі және дозалары

Нексавардың® ұсынылатын тәуліктік дозасы – 800 мг. Тәуліктік дозасы ас қабылдау аралығында, немесе құрамында май мөлшері төмен немесе орташа болатын аспен бірге екі рет қабылдауға (тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан) тағайындалады. Таблетканы стакан сумен ішіп қабылдайды. Таблетканы блистерді ашу бойына пайдалану қажет.

Емдеуді препараттың клиникалық тиімділігі сақталынып тұрғанша немесе оның қолайсыз уытты әсері пайда болғанға дейін жалғастырады.

Болжамды жағымсыз реакциялардың дамуы Нексаварды® қабылдауды уақытша тоқтатуды және/немесе дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін.

Метастаздық бүйрек-жасушалы обырына және гепатоцеллюлярлы карциномага шалдыққан науқастардағы дозаның төмендетуі

Қажет болған кезде Нексавар® препараты дозасын тәулігіне бір рет 400 мг-ға дейін төмендетуге болады.

Сараланған қалқанша без обырына шалдыққан науқастардағы дозаның төмендетуі

Нексавар® препараты дозасын тәулігіне 600 мг-ға дейін төмендету қажет болған кезде препаратты тәулігіне 2 рет (2 таблетканы және 1 таблетканы 12 сағат аралығымен) қабылдайды.

Дозаны қосымша төмендету қажет болған кезде, Нексавар® препараты дозасын тәулігіне 400 мг-ға (1 таблеткадан күніне 2 рет) кейінгі 200 мг-ға дейін (1 таблеткадан күніне 1 рет) төмендетуге болады.

Жағымсыз реакциялардың айқындығы төмендегеннен кейін, гематологиялық реакцияларды қоспағанда, Нексавар® препаратының дозасы көбейтуге болады.

Емделушілердің жеке популяциялары бойынша қосымша ақпарат

Балалар

Тиімділігі және қауіпсіздігі балаларда анықталған жоқ.

Егде жастағы емделушілер

Препарат дозасын емделушінің жасына (65 жастан асқанда), жынысына немесе дене салмағына байланысты түзету қажет емес.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының төмендеуі Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А және В класына жататын науқастарда дозаны түзету қажет емес. Сорафенибті бауыр функциясының бұзылуы Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класына жататын науқастарға пайдалану зерттелген жоқ.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының диализді қажет етпейтін жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылуларында Нексавардың® дозасын түзету қажет емес.

Сорафенибті гемодиализдегі науқастарға пайдалану зерттелген жоқ. Бүйрек функциясының бұзылу қаупі бар науқастарда су-электролиттік теңгерімді жүйелі түрде бақылап отыру керек.

Жағымсыз әсерлері

Нексавардың® өте ауыр түрде кездесетін жағымсыз әсерлеріне миокард инфаркті/ишемия, асқазан-ішек жолының тесілуі, дәрілік гепатит, қан кетулер және гипертониялық криз жатады.

Нексавардың® өте жиі кездесетін жағымсыз әсерлеріне диарея, қажу, алопеция, жұқпалар және алақан-табан терісі реакциясы (алақан-табан эритродизэстезиясы), бөртпе жатады.

Өте жиі (>1/10)

- жұқпалар

- лимфопения

- гипофосфатемия

- қан кету (оның ішінде АІЖ-нан*, тыныс алу жолдарынан қан кету* және миға қан құйылу*), артериялық қысымның жоғарылауы

- жүректің айнуы, құсу, диарея, іш қату, анорексия,

- терінің құрғауы, бөртпе, алопеция, алақан-табан эритродизестезиясы (алақан-табан терісі реакциясы), эритема, қышу

- артралгиялар

- қатты қажу, әртүрлі жерге орныққан ауыру синдромы (оның ішінде ауыз қуысының ауыруы, іштің ауыруы, ісік маңайының ауыруы, бас ауыру, сүйектердегі ауыру), дене температурасының көтерілуі

- дене салмағының төмендеуі, қан плазмасында липаза және амилаза деңгейлерінің жоғарылауы (панкреатит диагнозы осы зертханалық көрсеткіштердің жоғарылауының негізінде қойылмауы тиіс екендігін ескерген жөн)

Жиі (>1/100 - ден <1/10-ге дейін)

- фолликулит (алтын түстес, сирек ақ стафилококтан болған, барлық түкті фолликул немесе түкті шұңғыма шегінде дамитын, беткейлік пиодермия түрі)

- лейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения

- гипотиреоз

- гипокальцемия, гипокалиемия, гипонатриемия

- депрессия

- шеткергі сенсорлы нейропатия, дисгевзия

- құлақ ішінің шуылдауы

- ысынулар

- ринорея, дисфония

- ауыз ішінің құрғауы, стоматит, глоссодиния (тіл невралгиясы), диспепсия, дисфагия, гастроэзофагеальдік рефлюкс

- кератоакантома/терінің жалпақ жасушалы обыры, эксфолиативті дерматит, акне, терінің түлеуі, гиперкератоз

- миалгиялар, бұлшықеттердің түйілулері

- протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі

- эректильді функцияның бұзылуы

- астениялық синдром, тұмауға ұқсас синдром, шырышты қабықтардың қабынуы

- қан плазмасында трансаминазалар деңгейінің транзиторлы жоғарылауы

- артериялық гипертензия, жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігі*, ишемия, оның ішінде транзиторлы сипаттағы және миокард инфаркті*

- Жиі емес (>1/1000-ден - <1/100-ге дейін)

- анафилактикалық реакциялар, асқын сезімталдық реакциялары, оның ішінде тері реакциялары және есекжем

- гипертиреоз, сусыздану

- қайтымды артқы лейкоэнцефалопатия*

- гипертониялық криз*, аритмия және тромбоэмболия (Нексаварды® қолданумен себеп-салдарлық байланысы дәлелденген жоқ)

- өкпелердің интерстициальді ауруларына ұқсас құбылыстар* (пневмонит, сәулелік пневмонит, жедел респираторлы дистресс-синдром, интерстициальді пневмония, пульмонит, өкпе қабынуы)

- гастрит, панкреатит, асқазан-ішек жолының тесілуі*

- билирубин деңгейінің жоғарылауы, сарғаю, холецистит, холангит

- экзема, мультиформалы эритема

- гинекомастия

- қанда сілтілік фосфатаза деңгейінің транзиторлы түрде жоғарылауы, протромбин деңгейінің және Халықаралық Қалыптасқан Қатынас (ХҚҚ)** мәнінің қалыптан ауытқуы

Сирек (>1/10000-ден - <1/1000-ге дейін)

- QT аралығының ұзаруы

- дәрілік гепатит*

- нефротикалық синдром

Жиілігі белгісіз (постмаркетингтік бақылау барысында анықталған)

- ангионевротикалық ісіну

- қайтымды сәулелік дерматит, Стивен-Джонсон синдромы, лейкоцитокластық васкулит, уытты эпидермальді некролиз

- рабдомиолиз

* өмірге қауіп төндіретін немесе өлім-жітімге ұшыратуы мүмкін жағымсыз реакциялар. Мұндай жағымсыз реакциялар жиі емес немесе «жиі еместен» аздау жиілікте байқалды.

** ХҚҚ мына формуламен есептеледі: INR (ХҚҚ) = (Емделушінің протромбиндік уақыты / Қалыпты орташа протромбиндік уақыты)isi, мұнда ISI (International Sensitivity Index of thromboplastin), ол ХСИ (Халықаралық Сезімталдық индексі) – тромбопластиннің халықаралық стандартқа қатысты стандарттайтын сезімталдығының көрсеткіші.

Бүйрек-жасушалы обырына шалдыққан науқастардағы патологиялық зертханалық деректер

Липаза және амилаза деңгейлерінің жоғарылауы біршама жиі байқалды: липаза деңгейінің СТС (Обыр Ұлттық Институтының Уыттылық бойынша Жалпы Критерийі) критерийі бойынша 3 немесе 4 дәрежелі жоғарылауы, плацебо тобындағы 7%-бен салыстырғанда, Нексавар® қабылдаған емделушілердің 12 %-да дамыды. Амилаза деңгейінің СТС бойынша 3 немесе 4 дәрежелі жоғарылауы, плацебо қабылдаған 3 %-бен салыстырғанда, Нексавар® қабылдаған емделушілердің 1 %-да байқалды. Панкреатиттің клиникалық диагнозы Нексавар® қабылдаған 451 емделушінің 2-уінде және плацебо қабылдаған 451 емделушінің 1-уінде анықталды.

Гепато-целлюлярлы карциномасы бар науқастардағы патологиялық зертханалық деректер

Липаза деңгейінің жоғарылауы Нексавармен® ем қабылдаған емделушілердің 40 %-да және плацебо тобы емделушілердің 37 %-да байқалды. Липаза деңгейінің СТС критерийі бойынша 3 немесе 4 дәрежелі жоғарылауы топтың әрқайсысында емделушілердің 9 %-да байқалды. Амилаза деңгейінің жоғарылауы Нексавармен® ем қабылдаған емделушілердің 34%-да және плацебо тобындағы емделушілердің 29 %-да байқалды. Амилаза деңгейінің СТС бойынша 3 және 4 дәрежелі жоғарылауы топтың әрқайсысындағы емделушілердің 2 %-да байқалды. Көптеген жағдайларда амилаза мен липаза деңгейлерінің жоғарылауы транзиторлы болды, және көптеген емделушілерде Нексавармен® емдеу тоқтатылған жоқ. Панкреатиттің клиникалық диагнозы Нексавармен® ем қабылдаған 297 емделушінің 1-уінде анықталды (СТС бойынша 2-ші дәреже).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сорафенибке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 индукторлары

Адамның өсірінді гепатоциттерін Нексавармен® емдеу препаратты қолдану аясында CYP1A2 және CYP3A4 ферменттерінің индукциясы мүмкіндігі төмен екендігін көрсететін осы ферменттердің белсенділігінің өзгеруімен қоса қабаттасқан жоқ. Нексавар® және рифампицинді ұзақ уақыт біріктіріп қолдану сорафенибтің AUC көрсеткішінің мәнін орта есеппен 37 %-ға төмендетеді. CYP3A4 белсенділігін индукциялайтын басқа да препараттар (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, дексаметазон және құрамында шайқурай шөбінің сығындысы бар препараттар) сорафенибтің метаболизмін арттырып, осылайша, организмде оның концентрациясын төмендетуі мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері

Кетоконазол, CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші, 7 күн бойы күн сайын қабылдаған кезде сорафенибтің AUC көрсеткішіне, оны бір рет 50 мг дозада қабылдаған кезде, ықпалын тигізген жоқ. Осылайша, Нексавардың® CYP3A4 цитохромы тежегіштерімен клиникалық тұрғыдан фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі мүмкіндігі төмен.

CYP2C9 субстраттары

Нексавар® және варфаринді бір мезгілде қабылдау протромбин уақытының және халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) орташа мәнін өзгерткен жоқ. Алайда варфаринмен және Нексавармен® біріктірілген ем қабылдап жүрген барлық емделушілерде ХҚҚ көрсеткіштерін жүйелі анықтап отыру керек.

CYP изоферменттерінің өзіне тән субстраттары

CYP3A4, CYP2D6 B және CYP2C19 цитохромдарының субстраттары болып табылатын мидазоламды, декстрометорфанды және омепразолды, тиісінше, Нексаварды® бір мезгілде қолданған кезде 4 апта бойы осы препараттардың экспозициясында өзгерістер болған жоқ. Бұл Нексавардың® P450 цитохромына жататын изоферменттерді тежемейтіндігін де, индукцияламайтындығын да айғақтайды. Нексаварды® және паклитакселді бір мезгілде тағайындау CYP2C8 ферментінің жәрдемімен пайда болатын паклитакселдің белсенді метаболиті – 6-ОН паклитакселдің экспозиясының төмендеуіне емес, оның жоғарылауына әкеп соқтырды. Осы деректердің негізінде Нексавар® CYP2C8 ферментінің тежегіші бола алмайды деп шамалауға болады. Басқа деректер бойынша, Нексаварды® және циклофосфамидті бір мезгілде тағайындау циклофосфамид экспозициясын аздап төмендетеді, бірақ мұндайда, негізінен, СYP2В6 ферментінің жәрдемімен пайда болатын циклофосфамидтің белсенді метаболиті – 4-ОН цилофосфамидтің жүйелік экспозициясының төмендеуі байқалған жоқ. Осы деректердің негізінде Нексавар® CYP2B6 ферментінің тежегіші бола алмайды деп шамалауға болады.

Ісікке қарсы басқа да препараттармен комбинациясы

Нексавар® гемцитабин, цисплатин, оксалиплатин, паклитаксел, карбоплатин, капецитабин, доксорубицин, иринотекан, доцетаксел және циклофосфамид сияқты ісікке қарсы әртүрлі басқа препараттармен бірге тағайындалды. Нексавар® гемцитабиннің, цисплатиннің, карбоплатиннің, оксалиплатиннің және циклофосфамидтің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді.

Паклитаксел/карбоплатин

Паклитаксел/карбоплатинді тағайындағанға дейін және тағайындағаннан кейін 3 күндік үзіліспен паклитакселді (225 мг/м2) және карбоплатинді (AUC = 6) Нексавармен® (күніне 2 рет ≤ 400мг дозада) бірге қолдану паклитакселдің фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізген жоқ.

Паклитакселді (3 аптада 1 рет 225 мг/м2) және карбоплатинді (AUC=6) Нексавармен® (үздіксіз күніне 2 рет 400 мг) бір мезгілде қолдану сорафениб экспозициясының 47%-ға, паклитаксел экспозициясының 29%-ға және 6-OH паклитаксел экспозициясының 50%-ға артуымен бірге жүреді. Карбоплатиннің фармакокинетикасында өзгерулер байқалған жоқ. Бұл деректер Нексаварды® 3 күндік аралықпен қабылдағанда, паклитаксел мен карбоплатинді Нексавармен® бір мезгілде тағайындаған кезде дозаны түзетудің қажеті жоқ екендігін көрсетеді. Нексавармен® бір мезгілде тағайындаған кезде сорафениб пен паклитаксел экспозициясының артуының клиникалық маңызы белгісіз.

Капецитабин

Капецитабинді (әрбір 21 күн сайын 1-14 күндері күніне 2 рет 750-1050 мг/ м2) және Нексаварды® (үздіксіз ұзақ уақыт күніне 2 рет 200 немесе 400 мг) бір мезгілде қолдану сорафениб экспозициясының аздаған өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырды, бірақ мұндайда капецитабин экспозициясының 15-50%-ға және 5-фторурацил экспозициясының 0-52%-ға артқаны байқалды. Нексаварды® бір мезгілде қолданған кезде капецетабиннің және 5-фторурацилдің экспозициясының аздаған немесе орташа артуының клиникалық маңызы белгісіз.

Доксорубицин/ Иринотекан

Сорафенибті және доксорубицинді бір мезгілде тағайындау доксорубициннің AUC көрсеткішінің 21%-ға артуына әкеп соғады. Нексаварды® және иринотеканды бір мезгілде тағайындаған кезде оның белсенді метаболиті SN-38 әрі қарай UGT1A1 қатысуымен метаболизденеді, AUC SN-38 көрсеткіштерінің 67‑120%-ға артқаны және иронетеканның AUC көрсеткішінің 26-42 %-ға артқаны білінді. Осы бақылаулардың клиникалық маңызы белгісіз.

Доцетаксел

Доцетакселді тағайындағанға дейін және тағайындағаннан кейін 3 күндік аралықпен доцетакселді (әрбір 21 күннен кейін бір рет 75 немесе 100 мг/м2 ) және Нексаварды® (21 күндік циклдің ішінде 2-19-күндері күніне 2 рет 200 немесе 400 мг) бір мезгілде қолдану доцетакселдің AUC мен Cmaх-нің, тиісінше, 36-80 %-ға және 16-32 %-ға арттырды. Нексаварды® және доцетакселді біріктіріп тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Басқа антибиотиктермен комбинациясы

Неомицин

Неомицинді, асқазан-ішек флорасын эрадикациялау үшін қолданылатын бактерияларға қарсы жүйелі емес препараттарды бір мезгілде қолдану сорафенибтің энтерогепатикалық айналымына әсер етіп, сорафенибтің экспозициясын төмендетеді. Неомицинмен емдеудің 5 күні ішінде сорафенибтің орташа биожетімділігі 54 %-ға дейін төмендеді. Осы деректердің клиникалық маңыздылығы белгісіз. Басқа антибиотиктердің әсерлері зерттелген жоқ, алайда бұл әсерлер олардың глюкуронидаза белсенділігін төмендету қабілетімен жүзеге асуы мүмкін.

Протондық помпа тежегіштерімен комбинациясы

Омепразол

Омепразолмен бірге қолданылу сорафенибтің фармакокинетикасына әсерін тигізбейді. Нексавардың® дозасын түзету қажет емес.

Айрықша нұсқаулар

Нексавармен® емдеуді ісікке қарсы препараттарды қолдану тәжірибесі бар маманның бақылауымен жүргізген жөн.

Нексавармен® емдеу кезінде шеткергі қан көрсеткіштерін (лейкоцитарлы формуланы және тромбоциттерді қоса есептегенде) мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет.

Дерматологиялық уыттылық

Алақан-табан тері синдромы (алақан-тері эритродизэстезиясы) және бөртпе сорафенибпен емдеген кезде өте жиі байқалатын жағымсыз құбылыстарға жатады. Әдеттегідей, бұл реакциялардың СТС (Обыр Ұлттық Институтының Уыттылық бойынша Жалпы Критерийі) критерийі бойынша айқындылығы 1 немесе 2 дәрежелі болады және сорафенибмен емдеудің алғашқы алты аптасы ішінде байқалады.

Терінің уытты реакцияларын емдеу үшін жергілікті симптоматикалық емді пайдалануға болады. Қажет болған кезде емдеуді уақытша тоқтатады және/немесе Нексавар® дозасын өзгертеді, ауыр немесе қайталанатын тері реакциялары жағдайларында Нексавармен® емдеуді тоқтатады.

Артериялық гипертензия

Нексавармен® ем қабылдаған емделушілерде артериялық гипертензия жиілігінің жоғарылағаны байқалды. Артериялық гипертензия Нексавармен® емдеу аясында жеңіл немесе орташа сипатта болды, емдеу курсының бас кезінде байқалды және гипертензияға қарсы стандартты препараттармен емдеуге келеді. Нексавармен® емдеу кезінде артериялық қысымды жүйелі бақылап отырған жөн және қажет болған кезде оның артуын гипертензияға қарсы стандартты еммен түзету керек. Ауыр немесе тұрақты артериялық гипертензия дамыған жағдайда немесе гипертониялық криздер пайда болғанда, гипертензияға қарсы талапқа сай ем жүргізуге қарамастан, Нексавармен® емдеуді тоқтату жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

Қан кетулер

Нексавар® қан кету қаупінің артуына әкеп соқтыруы мүмкін. Ауыр қан кетулер сирек пайда болады. Медициналық араласымды қажет ететін кез келген қан кету пайда болған кезде Нексавармен® емдеуді тоқтату жөнінде мәселені қарастыру керек. Сараланған қалқанша без обыры бар емделушілердегі қан кету потенциалды қаупін ескере отырып, Нексавар® препаратын тағайындар алдында кеңірдек, бронх және өңеш ісік инфильтраттарына жергілікті ем жүргізу керек.

Варфарин

Варфаринді және Нексаварды® біріктіріп тағайындаған кезде кейбір емделушілерде қанағыштықтың сирек көріністері немесе ХҚҚ көрсеткішінің жоғарылағаны білінді. Варфаринді және сорафенибті біріктіріп тағайындаған кезде протромбиндік уақыт, ХҚҚ көрсеткіштерін, қанағыштықтың клиникалық белгілерін жүйелі анықтап отыру қажет.

Жаралардың жазылуы

Сорафенибтің жаралардың жазылуына ықпалы формальді зерттелген жоқ. Ауқымды хирургиялық араласым жасаған жағдайда сақтандыру ұстанымы тұрғысынан Нексавармен® емдеуді уақытша тоқтата тұру керек. Ауқымды хирургиялық араласымнан кейін сорафенибпен емдеуді қайтадан бастау уақытына қатысты клиникалық тәжірибелер шектеулі. Осыған байланысты, ауқымды хирургиялық араласымдардан кейін препаратпен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі шешім жараның жазылуының талапқа сай болуына берілетін клиникалық бағаға негізделуі тиіс.

Миокард ишемиясы және/немесе миокард инфаркті

Клиникалық 11213 зерттеуде миокард ишемиясын/миокард инфарктін емдеуді қажет ететін жиілігі сорафениб (4,9%) қабылдаған емделушілерде, плацебо (0,4%) тобымен салыстырғанда, жоғары болды. 100554 зерттеуде миокард ишемиясын/миокард инфарктін емдеуді қажет ететін жиілігі, плацебо (1,3%) тобымен салыстырғанда, сорафениб қабылдаған емделушілерде 2,7% болды. Тұрақсыз ЖИА бар немесе жақын арада миокард инфарктін бастан өткерген емделушілер бұл зерттеулерге қатыстырылған жоқ. Ишемия және/немесе миокард инфаркті пайда болған кезде Нексавармен® емдеуді уақытша тоқтата тұрған немесе тоқтату керек. 

QT аралығының ұзаруы

Нексаварды® қолданған кезде QT аралығының ұзарғаны білінеді, ол қарыншалық аритмия жиілігінің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан Нексаварды® QT аралығы ұзарған, оның ішінде іштен туа болған немесе QT аралығының ұзаруының дамуына алғышарттары бар емделушілерге абайлап қолданған жөн; антрациклинді препараттардың жиналып қалған жоғары дозаларымен емдеген кезде; аритмияға қарсы белгілі бір препараттарды немесе QT аралығының ұзаруына әкеп соқтыруы мүмкін басқа да препараттарды қабылдаған кезде; гипокалиемия, гипокальциемия, гипомагнезиемия сияқты электролиттік бұзылулар бар болғанда. Мұндайда емделушілерге мезгіл-мезгіл электрокардиография жасаған және қандағы электролиттер (магний, калий, кальций) деңгейін анықтаған жөн.

АІЖ тесілуі

Асқазан-ішек жолының тесілуі жиі кездеспейді және сорафениб қабылдаған науқастардың 1%-нан азында кездескені айтылған. Кейбір жағдайларда бұл оқиғалар құрсақ қуысындағы ісіктермен байланысты болған жоқ. Асқазан-ішек жолында тесілу пайда болған кезде Нексавармен® емдеуді тоқтатқан жөн.

Бауыр функциясының бұзылуы

Препаратты бауыр функциясының ауыр бұзылуына шалдыққан (Чайлд Пью жіктемесі бойынша С класы) емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Сорафениб организмнен көбіне бауыр арқылы шығарылатын болғандықтан, бауыр функциясының бұзылуы ауыр емделушілерде экспозициясы жоғарылауы мүмкін.

Гипокальцемия

Нексавар® препаратын сараланған қалқанша без обыры бар емделушілерде қолданғанда қандағы кальций деңгейін бақылау ұсынылады. Клиникалық зерттеулерде сараланған қалқанша без обыры бар, әсіресе сыртартқысында гипопаратиреозы бар емделушілерде бүйрек-жасушалы және бауыр-жасушалы обыры бар емделушілерге қарағанда гипокальцемияның сипаттары тым жиі және ауыр түрде байқалған.

Сараланған қалқанша без обырындағы тиреотропты гормонның супрессиясы

Нексавар® препаратымен ем алған сараланған қалқанша без обыры бар науқастырдың бір бөлігінде клиникалық зерттеулерде тиреотропты гормонның деңгейі 0,5 мБірл/л-ден өсті. Ондай емделушілерде Нексавар® препаратын қолданғанда тиреотропты гормон деңгейін қадағалау қажет.

UGT1A1 қатысуымен болатын метаболизм жолы

Нексаварды® көбіне UGT1A1 қатысуымен метаболизденетін препараттармен (мысалы, иринотекан) бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Доцетаксел

Доцетакселді тағайындағанға дейін және тағайындағаннан кейін 3 күндік аралықпен доцетакселді (75 немесе100 мг/м2) және Нексаварды® (күніне 2 рет 200 немесе 400 мг) бір мезгілде тағайындау AUC-ң 36-80%-ға артуымен қоса қабаттасады. Нексаварды® және доцетакселді бір мезгілде тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Неомицин

Неомицинді бір мезгілде қолдану сорафенибтің биожетімділігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділік

Нексаварға® талапқа сай және бақыланатын зерттеу жүктілік кезеңінде жүргізілген жоқ.

Әйелдер препаратпен емделу кезеңінде жүкті болып қалуға жол бермегені жөн. Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ұрық үшін болуы мүмкін іштен туа болатын ауыр кемістіктер (тератогенділік), ұрықтың өмір сүру және ұрықтың өлім-жітімге ұшырау мәселелері (эмбриоуыттылық) сияқты қауіптілік жөнінде хабардар болуы қажет.

Нексаварды® жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Препаратты жүкті әйелдерге тағайындау мәселесі емдеудің мүмкін болатын пайдасы ұрық үшін болатын қауіптен басым болған жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін (ақпараттық келісім бойынша).

Нексавармен® емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін, кем дегенде, 2 апта бойы контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану қажет.

Сорафенибтің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтыны белгісіз. Дәрілік заттардың көбісі емшек сүтімен бірге бөлініп шығатындықтан және Нексавардың® ерте жастағы нәрестелерге ықпалы зерттелмегендіктен, әйелдердің препаратпен емделу кезеңінде емшек емізуді тоқтата тұрғаны жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Нексавардың® қауіпсіздігі және тиімділігі балаларда анықталған жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті және басқа да механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: диарея және тері реакциялары.

Емдеу - симптоматикалық. Артық дозаланғанда өзіне тән ерекше емі жоқ. Артық дозаланғанына күдіктенген жағдайда препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

28 таблетка ПП/Ал фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 4 пішінді қаптама медицинадағы қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Байер Фарма АГ

D -51368 Леверкузен, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, пав. 15

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы, тел. +7 727 258 80 40,

факс: +7 727 258 80 39, e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

015658201477976938_ru.doc 108 кб
806932441477978114_kz.doc 155 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ