Невирапин (200 мг, Mylan Laboratories Limited)

МНН: Невирапин
Производитель: Mylan Laboratories Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nevirapine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020659
Информация о регистрации в РК: 18.06.2014 - 18.06.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 108.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Невирапин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Невирапин

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат невирапин 200 мг,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон (К30), натрий крахмалының гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, екі беті дөңес, бір жақ бетінде «М107» өрнегі және екі жақ бетінде сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Вирустарға қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Нуклеозидтер емес – кері транскриптаза тежегіштері. Невирапин

АТХ коды J05AG01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Невирапин ішке қабылдағаннан кейін жақсы (>90 %) сіңеді. Бір реттік дозада қолданғаннан кейін препараттың абсолютті биожетімділігі: құрамында 50 мг таблеткалар үшін 93 ± 9% (орташа шамасы ± стандартты ауытқу [СО]), ал ерітінді үшін (ішуге арналған) ) 91 ± 8% құрайды. Препаратты бір рет 200 мг дозада қабылдағаннан кейін плазмадағы невирапин ең жоғары концентрациясына 4 сағаттан кейін жетті және 2 + 0,4 мкг/мл (7,5 мкмоль) құрады. Препаратты күніне 200-ден 400 мг-ге дейін көп дүркін қабылдағаннан кейін невирапиннің шыңдық концентрациясы доза шамасына қарай желілі түрде ұлғайды. Фармакокинетикасының тұрақты жай-күйіндегі кезеңде невирапин концентрациясының негіздік деңгейі күніне 400 мг қабылдағанда 4,5 ± 1,9 мкг/мл (17 ± 7 мкмоль) құрады.

Ас ішу, антацидтер немесе дәрілік түрінің құрамында сілтілік буфер (мысалы, диданозин) бар препараттарды қабылдау невирапин сіңуіне әсер етпейді.

Невирапин жоғары липофильдікке ие және физиологиялық рН мәнінде іс жүзінде ионизацияланбайды. Невирапин плацентарлы бөгет арқылы жақсы өтеді және емшек сүтінде анықталады.

Невирапиннің плазма ақуыздарымен байланысуы 60%-ға жуықты құрайды, оның плазмадағы концентрациясы1-ден 10 мкг/мл-ге дейін ауытқиды.

Невирапиннің адамның жұлын сұйықтығындағы концентрациясы плазмадағы концентрациясының 45%-ын (± 5%) құрайды; бұл арақатынас шамамен плазма ақуыздарымен байланысты емес препарат фракциясымен сәйкес келеді.

Невирапин метаболизм жолымен (тотығу реакциясы) қарқынды түрде P450 цитохромының қатысуымен бірнеше гидроксилденген метаболиттерге дейін биотрансформацияға ұшырайды. Невирапиннің тотықтырғыш метаболизмі негізінен CYP3A тектес P450 цитохромы изоферменттері арқылы жүзеге асырылады, қосымша рөлді басқа изоферменттер атқаруы мүмкін.

Адамда невирапиннің биотрансформациясының және шығарылуының негізгі жолы P450 цитохромының қатысуымен болатын метаболизмнен, глюкуронидтермен болатын конъюгациядан және глюкуронидтермен, байланысты метаболиттердің несеппен экскрециясынан тұрады. Несептегі радиоактивтіліктің аздаған бөлігі (<5%) ғана (жалпы дозаның <3%-на сәйкес келетін) өзгермеген қосылыстармен байланысты болды, яғни бүйрек арқылы шығарылу невирапинді шығаруда аздаған рөл атқарады.

Невирапин бауырда P450 цитохромының метаболизмдік ферменттерінің индукторы болып табылады. Егер бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін емдеу 2-4 апта бойы (күніне 200-400 мг қабылдау) созылса, онда фармакокинетика көрсеткіштері аутоиндукциямен сипатталады: невирапиннің шамамен алынған оральді клиренсі шамамен 1,5-2 есе өседі. Аутоиндукция да невирапиннің плазмадан жартылай шығарылуының соңғы сатысының сәйкес қысқаруына әкеп соқтырады: шамамен 45 сағаттан (бір реттік қабылдау) 25-30 сағатқа жуыққа дейін (препаратты күніне 200-400 мг дозаларда бірнеше рет қабылдағаннан кейін).

АИВ-1 жұқтырған ересек емделушілердегі невирапиннің фармакокинетикасы шамасы жасқа (18-68 жас диапазоны) немесе нәсіліне (негроидтық, латынамерикандық немесе еуропалық) қарай өзгермейді деп саналады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі невирапин фармакокинетикасының нақты өзгеріске ұшырауына әкеп соққан жоқ. Алайда бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы емделушілерде невирапиннің AUC-нің («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) 43,5%-ға азайғаны білінді. Сондай-ақ плазмада невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің жиналғаны анықталды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар емделушілерде Невирапиннің көп дүркіндік дозасын пайдаланғанда невирапин мен бес тотыққан метаболитінің фармакокинетикасы өзгермеген. Алайда бауыр фиброзы бар емделушілердің шамамен 15%-да невирапиннің негіздік концентрациясы 9000 нг/мл-ден (әдеттегі орташа негіздік шамадан 2 есе жоғары болды) жоғары.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер дәріден болған уыттылықты анықтау үшін мұқият бақылауға алынуға тиіс.

Орташа білінетін асциті бар бір емделушіде фармакокинетикасын зерттеу нәтижелері бауыр функциясының бұзылуы елеулі емделушілердегі жүйелік айналымда невирапиннің аккумуляциясы мүмкін екендігін көрсетеді.

Невирапин көп рет дозалағанда өз метаболизмін индукциялайтын болғандықтан, бір рет дозалаудың бұл зерттеуі көп рет дозалағандағы фармакокинетикаға бауыр жеткіліксіздігінің әсерін көрсете алмайды («Айырықша нұсқауларын» қараңыз).

Жүкті әйелдер. АИВ-1 жұқтырған әйелдерде босану кезінде Невирапин препаратының (200 мг дозада ішке бір рет қабылдаудан кейін) жартылай шығарылу кезеңі ұзарады (60-70 сағатқа дейін), ал клиренсі елеулі дәрежеде (2,1 ± 1,5 л/сағ) ауытқиды, бұл босану уақытында физиологиялық стресс дәрежесіне байланысты болады. Невирапин плацента арқылы қиындықсыз өтеді. Препараттың 200 мг құрайтын дозасын анасы қабылдағаннан кейін кіндік бау қанындағы невирапин концентрациясы 100 нг/мл артқан, ал кіндік бау қанындағы концентрациясы мен ана қаны концентрациясының арақатынасы 0,84 ± 0,19 (n = 36; диапазоны 0,37-1,22) құраған.

Бала емізуші аналар. АИВ постнатальді берілуінің қаупінен аулақ болу үшін АИВ жұқтырған аналарға жаңа туған нәрестелерді емізбеу ұсынылады. Невирапин плацента арқылы жеңіл өтеді және емшек сүтінен табылуы мүмкін. Ішке Невирапинді 100 мг немесе 200 мг (босанғанға дейінгі орташа уақыт - 5,8 сағат) дозада бір рет қабылдағаннан кейін Невирапиннің емшек сүтіндегі және анасының қан сарысуындағы концентрациясының орташа арақатынасы 76% (54-104%) құраған. Препаратты 200 мг дозада ішке бір рет қабылдағаннан кейін емшек сүтіндегі және анасының плазмасындағы концентрациясының орташа арақатынасы 60,5% (25-122%) құрады.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Невирапин АИВ-1 кері транскриптазасының нуклеозидті емес тежегіші (КТНЕТ) болып табылады. Ол кері транскриптазамен тікелей байланысады және энзимнің катализдік орталығы бұзылуын туындата отырып, ДНҚ-полимеразаның РНҚ- және ДНҚ-тәуелді белсенділігін бөгейді. Невирапиннің белсенділігі темплетті немесе нуклеозидты трифосфаттармен байланысты емес. Невирапин АИВ-2-кері транскриптазасын және эукариоттық ДНҚ полимеразасын (адамның α, β, γ, δ ДНҚ-полимеразалары сияқты) тежемейді.

Төзімділігі

In vitro зерттеулер нәтижесі бойынша АИВ-ның Невирапинге сезімталдығы (100 - 250 есе) төмен. 1-12 апта бойына Невирапин немесе Невирапин + зидовудин қабылдаған емделушілерден алынған АИВ фенотиптік және генотиптік өзгерістер жүреді. Невирапинмен моноемнің сегізінші аптасында тестіленген емделушілердің 100%-да Невирапинге сезімталдықтың дозаға тәуелсіз, 100 еседен астам төмендегені бақыланған.

Невирапин + зидовудиннің біріктірілген емі Невирапин-резистентті вирус түзілу деңгейін өзгертпеді. Невирапинді үш және екі дәрілік затпен біріктірілімде қабылдайтын және Невирапин қабылдамайтын, INCAS зерттеуінің салыстырмалы тобындағы емделушілерде генотиптік және фенотиптік төзімділігі зерттелген. Бұрын емделмеген АИВ жұқтырған CD4-жасуша 200-600/мм3 саны бар емделушілер 52 апта және одан астам уақыт Невирапин + зидовудин (n = 46), зидовудин + диданозин (n = 51) немесе Невирапин + зидовудин + диданозин (n = 51) сызбасы бойынша ем қабылдаған. Вирусологиялық бағалау сынақ басында, 6 және 12 айдан соң жүргізілді. Фенотиптік резистенттілікті тестілеу үшін АИВ РНҚ 1000 көшірмесі/мл аз болмауы талап етілді. Бақылаудың барлық кезеңі бойына диданозин-резистенттілігінің бір жағдайы ғана тіркелген. Зидовудин-резистенттілігі көбіне 30-60аптадан кейін пайда болған, әсіресе қосарлы біріктірілген ем қабылдаушы емделушілерде. Басқа емдегі топтарға қарағанда, Невирапин + зидовудин + диданозин қабылдаушы топтарда IC50 жоғарылауы негізінде зидовудин-резистенттілік төмен болды. Невирапин-резистенттілігіне қатысты реттелген барлық вирустарда К103N және Y181C локустарда жиілігі көбірек жеке дара өзгерістері бар резистенттілікке байланысты кемінде бір мутациядан болды. Мутация біріктірілімі бақылауда болған 12 емделушінің тоғызынан табылған.

INCAS-тан бұл деректері белсенділігі жоғары дәрілік препараттардың антиретровирусты дәрілік заттарға резистенттілік дамудың іркілісіне байланысты қолданылатынын көрсетеді. Невирапинмен емдеуге байланысты клиникалық мәні бар фенотиптік және генотиптік өзгерістер анықталмаған. Жоғарыда көрсетілген деректерге қосымша, вирусологиялық сәтсіздік жағдайында кері транскриптазаның (КТНЕТ) нуклеозидты емес тежегіштеріне резистенттіліктің тез дамуының қаупі бар.

Айқаспалы төзімділік

Кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштеріне айқаспалы төзімділігі бар АИВ штаммдарының тез пайда болатындығы in vitro анықталды.

Кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштері мен Невирапин арасындағы айқаспалы төзімділік бойынша деректер өте аз. Төрт емделушіде зидовудин-резистентті вирустар (in vitro тексерілген) Невирапинге сезімталдығын сақтады, ал алты емделушіде Невирапин-резистентті вирустар зидовудин мен диданозинге сезімтал болды. Невирапин мен АИВ протеаза тежегіштері арасында айқаспалы төзімділік болу ықтималдығы аз, өйткені қатысушы ферменттер нысанасы әртүрлі.

Қазіргі уақыттағы бар кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштерінің арасындағы айқаспалы төзімділіктің ауқымы біршама кең. Төзімділіктің кейбір генотиптік деректері кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштерінен сәтсіздікке ұшыраған емделушілердің көбінде вирус штаммдары басқа КТНЕТ айқаспалы төзімділік дамытатынын көрсетеді. Қазіргі қолда бар деректер кері транскриптазаның нуклеозидты емес тежегіштерін бір ізді қолдануды құптамайды.

Қолданылуы

- антиретровирусты біріктірілген ем құрамында АИВ жұқпаларын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 16 жастан үлкен жасөспірімдер және дене салмағы 50 кг артық

Невирапиннің ұсынылатын дозасы – бастапқы 14 күн бойына күніне 200 мг бір таблеткадан (бұл бастапқы кезеңді пайдалану керек, өйткені бұл арада бөртпе жиілігі азаятыны анықталған), ал содан кейін емделуші бұрын қабылдамаған, екіден кем емес қосымша антиретровирустық препараттармен біріктірілімде күніне 2 рет 200 мг бір таблетка. Невирапиннің жиынтық тәуліктік дозасы 400 мг аспауы тиіс.

Егер Невирапин монотерапия ретінде қолданылса, онда препаратқа вирус тұрақтылығы тез дамиды, сондықтан Невирапин барлық уақытта басқа антиретровирустық дәрілермен біріктірілімде қолданылуы тиіс. Дәрігердің тұрақты бақылауымен жүретін, қатарлас антиретровирустық емде ұсынылатын доза сақталуы тиіс.

Дозаны таңдау

Ішінде бауыр функциясын зерттеуі бар, қанның клиникалық және биохимиялық зерттеулері невирапинмен емді бастағанға дейін, сондай-ақ емдеу уақыты бойына белгілі бір аралықпен жүргізілуі тиіс.

Бастапқы күніне 200 мг 14-күндік қабылдау уақытында бөртпелер жағдайында Невирапин дозасын бөртпе тоқтағанша ұлғайтуға болмайды. Жеке дара бөртпелер жағдайында бақылау керек.

Невирапин қабылдаудағы 7 күннен астам үзіліс жағдайында қабылдауды бастапқы дозадан бастап, бірінші 14 күн бойына күніне 200 мг бір таблеткадан, содан кейін күніне екі рет 200 мг бір таблеткадан жаңғырту ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (> 1/100, <1/10)

- аллергиялық реакциялар (анафилаксия, ангионевротикалық ісіну, есекжем)

- гепатит, фатальды фульминантты гепатит

- денеде, бетте және аяқ-қолдарда оқшауланған қышынумен жүретін немесе онсыз бөртпе

- бөртпемен, қызбамен, артралгиямен, миалгиямен және лимфа түйіндері ұлғаюымен, сондай-ақ төмендегі бір немесе бірнеше белгілермен сипатталатын аса жоғары сезімталдық синдромы: гепатит, оның ішінде күрделі және өмірге қауіпті гепатоуытты және фатальды фульминантты гепатит; эозинофилия, гранулоцитопения, бүйрек дисфункциясы (сондай-ақ ішкі органдардың зақымдануының басқа да белгілері туралы хабарланған)

- жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы

- температура жоғарылауы, мәңгіру, қажығыштық

Жиі емес (>1/1000, <1/100)

- дене температурасының жоғарылауы (қызба), артралгия, миалгия

Сирек (> 1/10000, <1/1000)

- панкреатит

- диарея

- гранулоцитопения, эозинофилия, анемия, нейтропения

- анафилаксия

- бауыр жеткіліксіздігі

- дене температурасының жоғарылауы (қызба), артралгия, миалгия

Өте сирек (<1/10000)

- күрделі және өмірге қауіпті тері реакциялары, фатальды жағдайларды қоса, Стивенс-Джонсон синдромы (ССД), уытты эпидермальді некролиз (УЭН)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді компонентке және/немесе кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының ауыр бұзылуы (Child-Pugh жіктемесі бойынша С класы), АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам артатын бастапқы жоғарылауы (ҚЖШ 5 еседен аз асатын деңгейге дейін тұрақты төмендеген кезге дейін),

- невирапинді қайта қолданудан кейінгі жаңғыртылған невирапинмен ем барысындағы, ҚЖШ 5 еседен астам асатын, препарат тоқтатылуын талап еткен немесе АСТ/АЛТ деңгейінің жоғарылағаны анықталған, сыртартқыдағы гепатит дамуы немесе бөртпе немесе жалпы симптомдар түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары

- сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы ауруы (галактоземия, Лаппа лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза сіңуінің төмендеу синдромы)

- құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) (плазмадағы концентрациясының төмендеуі және невирапин тиімділігінің төмендеуі қаупі) бар препараттармен бір уақытта қолдану

- рифампицин және невирапинді бірге қолдану

- 16 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нуклеозидты кері транскриптаза тежегіштері (НКТЖ): невирапинді зидовудинмен, диданозинмен немесе залцитабинмен біріктірілімде қолданған жағдайда дозаны түзету талап етілмейді. АИВ-1 бар емделушілер, күніне жеке дара 400 мг невирапин немесе 200-300 мг диданозинмен біріктірілімде немесе зидовудинмен ем аясында 0,375-ден 0,75 мг дейінгі залцитабин қабылдаған емделушілер зидовудиннің екі зерттеуінің деректерін (n = 33) біріктіргеннен кейін невирапин зидовудиннің қисық астындағы ауданның (AUC) 13%-ға елеусіз төмендеуін және зидовудиннің ең жоғары концентрациясының 5,8% -ға елеусіз артуын туындатты. Невирапин күніне зидовудинмен ем аясында 400 мг невирапин және диданозин қабылдаған емделушілердің (n = 6) қосалқы тобында зидовудиннің AUC 32%-ға елеулі төмендеуін және зидовудиннің ең жоғары концентрациясының 27%-ға елеусіз төмендеуін туындатты. Біріктірілген деректер зидовудиннің невирапин фармакокинетикасына ешбір әсері жоқтығын көрсетеді. Айқаспалы бір зерттеуде невирапин диданозинның (n=18), сондай-ақ залцитабинның да (n=6) анықталған фармакокинетикасына ешбір әсері болмады. Невирапин, нелфинавир (күніне үш рет 750 мг) және ставудин (күніне екі рет 30-40 мг) қабылдаушы АИВ жұқтырған емделушілер қатыстырылған 36-күндік зерттеулердің нәтижесі ставудиннің AUC статистикалық елеулі өзгерістер немесе ең жоғары концентрациясын көрсетпеді. Бұдан басқа, ламивудинді невирапинмен немесе плацебо қабылдаушы 90 емделуші қатыстырылған фармакокинетикасының популяциялық зерттеуі ламивудиннің анық клиренсінде және таралу көлемінде өзгерістер көрсетпеді, бұл невирапиннің ламивудин клиренсіне индукциялық әсері жоқтығын айғақтайды.

Нуклеозидты емес кері транскриптаза тежегіштері (НЕКТЖ): Клиникалық сынақтар нәтижесі (n=14) эфавирензді қатарлас қолданудың невирапиннің анықталған фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейтінін көрсетті. Алайда эфавиренздің дәрілік әсерінің деңгейі невирапин болғанда елеулі төмендейді. Эфавиренз AUC 22%-ға, ал ең жоғары концентрациясы - 36%-ға азайған. Невирапинмен қоса қолданғанда эфавиренздің дозасын күніне бір рет 800 мг дейін арттыру ұсынылады.

Протеаза тежегіштері (ПТ): невирапин CYP3A бауыр ферментінің орташа индукторы болып табылады, сондықтан ПТ (сондай-ақ CYP3A қатысуымен метаболизденетін) қоса қолдану қан плазмасындағы екі препараттың кез келгенінің концентрациясының өзгерісіне алып келуі мүмкін.

Саквинавир: невирапин және саквинавир (қатты желатинді капсулалар, 600 мг күніне үш рет) қабылдаушы АИВ жұқтырған емделушілер қатысқан клиникалық сынақтар нәтижесі (n = 31) оларды бірге қолданудың қан плазмасындағы саквинавир AUC орташа 24%-ға (p = 0,041) төмендеуіне және невирапин концентрациясының елеусіз өзгерісіне алып келетінін көрсетті. Осы өзара әрекеттесуден қан плазмасындағы саквинавир концентрациясының төмендеуі препараттың қатты желатинді капсулаларының көмегімен қол жеткізілген қан плазмасындағы саквинавир концентрациясының шектік төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Невирапинді бір мезгілде қабылдайтын, жұмсақ гельді капсуладағы (жгк) саквинавирді ритонавирдің 100 мг дозасымен күніне бір рет қолданудың басқа зерттеуі (n=20) саквинавир (мгк) мен 100 мг ритонавирдің біріктірілімінің невирапиннің фармакокинетикалық параметрлеріне ешбір елеулі әсері болмағанын көрсетті. 100 мг ритонавир қатысқанда саквинавирдің (жгк) фармакокинетикасына невирапиннің әсері орташа және клиникалық тұрғыда елеусіз болды.

Индинавир: невирапин және индинавирді (әрбір 8 сағатта 800 мг) қабылдаушы АИВ жұқтырған емделушілер қатысқан клиникалық сынақтар нәтижесі (n = 25) оларды бірге тағайындаудың қан плазмасындағы невирапин концентрациясының елеулі өзгерісінсіз, индинавир AUC орташа 28% -ға (p<0,01) азаюына алып келетінін көрсетті.

Невирапин мен индинавирді бірге қолданудың потенциалды тиімділігіне қатысты ешбір дәл клиникалық қорытынды жасалмады. Егер индинавир 200 мг невирапинмен күніне екі рет бірге тағайындалса, әрбір 8 сағат сайын индинавир дозасын 1000 мг дейін арттыруды қарастыру керек; алайда дәл қазіргі таңда әрбір 8 сағат сайынғы 1000мг индинавирдің күніне екі рет 200 мг невирапинмен қысқа мерзімдік немесе ұзақ мерзімдік антивирустық белсенділігінің әрбір 8 сағат сайынғы 800мг индинавирдің күніне екі рет 200 мг невирапинмен қабылданғандағы әсерінен айырмашылығы болатындығын анықтау үшін ешбір дерек жоқ. Ритонавир: невирапин және ритонавирді (600 мг күніне екі рет (дозаны біртіндеп арттыратын) қабылдаушы АИВ жұқтырған емделушілер қатысқан клиникалық сынақтар нәтижесі (n = 25) оларды бірге қолданудың қан плазмасындағы ритонавир немесе невирапиннің концентрациясының ешбір елеулі өзгерісіне алып келмейтінін көрсетті.

Нелфинавир: невирапин, нелфинавир (750 мг күніне үш рет) және ставудин (30-40 мг күніне екі рет) қабылдаушы АИВ жұқтырған емделушілер қатысқан 36-күндік зерттеулер нәтижесі (n = 25) невирапинді (AUC + 4%, Сmax+14%, Cmin - 2%) қосқаннан кейін нелфинавирдің фармакокинетикалық параметрлерінде статистикалық елеулі өзгерістер көрсетпеген. Бақылау тобымен салыстырғанда невирапин концентрациясы өзгермеген.

Лопинавир/Ритонавир: АИВ-оң ересектерге невирапин күніне екі рет лопинавир/ритонавир 400/100 мг (3 капсула) біріктірілімінде тағайындалған, бұл бақылау деректерімен салыстырғанда лопинавирдің AUC 27%-ға азаюына алып келді. Алайда бұл бақылаудың клиникалық мәні толық анықталған жоқ, тамақпен қабылданатын лопинавир/ритонавир дозасын күніне екі рет (4 капсула) 533/133 мг дейін ұлғайту, невирапинмен біріктірілімде тағайындау ұсынылады.

Кетоконазол: күніне екі рет 200 мг невирапинді күніне бір рет 400 мг кетоконазол қабылдау бір зерттеуде елеулі азаюына алып келді (кетоконазол AUC 63% және кетоконазол Сmах 40% орташа). Сол зерттеуде кетоконазол қабылдау бақылау тобымен салыстырғанда қан плазмасындағы невирапин концентрациясының 15-28%-ға артуына алып келді. Кетоконазол және невирапинді бірге қолдану ұсынылмайды. Невирапиннің итраконазолға әсері белгісіз.

Флуконазол: флуконазол мен невирапинді бірге қолдану невирапинді жеке қолдану бойынша бақылау деректерімен салыстырғанда невирапиннің шығарылуының 100%-ға жуық ұлғаюына алып келді. Дәрілік препараттарды бірге қолданғанда невирапиннің шығарылуының артуы қаупінен кейбір сақтық шаралары және емделушілерге мұқият бақылау керек. Невирапиннің флуконазолға ешбір клиникалық елеулі әсері анықталмаған.

Пероральді ұрықтануға қарсы дәрілер: АИВ жұқтырған емделушілер үшін ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілер контрацепцияның жалғыз әдісі ретінде пайдаланбауы тиіс болғандықтан Невирапин қабылдаушы науқастарға контрацепцияның басқа дәрілерін (мысалы, бөгет жасайтын) қолдану ұсынылады. Бұдан басқа, фармакокинетикалық әсері сәйкестендірілген. 200 мг невирапинді күніне екі рет құрамында 0,035 мг этинилэстрадиол (ЭЭ) және 1,0 мг норэтиндрон (НЭТ) бар ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілердің бір реттік дозасымен бірге қолданылды. Невирапин тағайындалғанға дейін бақыланатын қан плазмасындағы концентрациясымен салыстырғанда, невирапинді 28 күн қабылдағаннан кейін 17α-ЭЭ үшін орташа AUC 29%-ға азайды. ЭЭ ұстап тұрудың және жартылай шығарылу кезеңінің орташа уақытының елеулі қысқаруы анықталды. Невирапин мен ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілерді бірге қолданғанда әсер ету шамасы контрацепцияның емес, талпқа сәйкес емді қамтамасыз ету үшін дозасының түзетілуі тиістігін көрсетті (мысалы, эндометриоз). CYP3A метаболизденетін басқа да дәрілік заттар

Невирапин бірнеше реттік дозамен емдеуді бастағаннан кейін 2-4 апта бойы ең жоғары индукциясы бар CYP3A үшін индуктор және CYP2B6 үшін потенциальды болып табылады. Метадон метаболизмі туралы деректер негізінде невирапин оның бауыр арқылы метаболизмін жоғарылата отырып, қан плазмасындағы метадон концентрациясын төмендетуі мүмкін. Невирапин және метадонмен бір мезгілде емдеген емделушілерде есірткілік абстиненттік синдром дамығаны туралы хабарламалар бар. Невирапинмен ем бастаған метадон қабылдайтын емделушілерді абстиненция белгілері болуына бақылау керек, ал метадон дозасы тиісінше түзетілуі тиіс. CYP3A және CYP2B6 субстраты болып табылатын басқа компоненттер үшін невирапинмен қоса қолдану олардың қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Сондықтан егер олар невирапинмен біріктірілімде қолданылатын болса, P450 метаболизденетін бұл дәрілік заттардың емдік тиімділігін мұқият бақылау ұсынылады.

CYP изоферменті тежегіштері: невирапин мен кларитромициннің (n = 18) өзара әрекеттесулерін зерттеу нәтижелері кларитромициннің AUC (30%) және ең жоғары концентрациясының (-21%) елеулі қысқарғанын, бірақ AUC (58%) және кларитромициннің белсенді метаболитінің 14-OH ең жоғары концентрациясының (62%) елеулі артқанын көрсетті. Невирапиннің ең төмен концентрациясының елеулі артқаны (28%) және AUC (26%) және невирапиннің ең жоғары концентрациясының (24%) елеусіз ұлғайғаны белгіленді. Бұл нәтижелер бірге қолданғанда кларитромициннің де, сондай-ақ невирапиннің де дозасын түзету талап етілмейді деп болжауға мүмкіндік береді. Алайда бауыр функциясы бұзылыстарына және жасуша ішілік Mycobacterium avium кешені белсенділігіне қарсы мұқит бақылау жасау ұсынылады. Невирапинмен ұзақ уақыт ем қабылдаған науқастарда қан плазмасындағы невирапиннің тұрақтанған концентрациясының мониторингі циметидин (+7%,n=13) қабылдаушы науқастарда невирапин концентрациясының жоғарылайтынын көрсеткен.

CYP изоферментінің индукторы: невирапиннің рифампициннің тұрақтанған фармакокинетикасына әсерін анықтау үшін ашық зерттеу (n=14) рифампициннің ең жоғары концентрациясының және AUC ешбір елеулі өзгерісін көрсетпеген. Керісінше, рифампицин бақылау деректерімен салыстырғанда невирапиннің AUC (-58%), ең жоғары концентрациясының (-50%) және ең төмен концентрациясының (-68%) елеулі қысқаруын туындатқан. Қолда бар фармакокинетикалық деректер рифампицин мен невирапинді қатарлас қолдану ұсынылмайтынын көрсетті. Сондықтан бұл дәрілік заттар біріктірілімде пайдаланылмауы тиіс. Туберкулездің ко-жұқпасы бар АИВ жұқтырған емделушілерді невирапин қолданумен емдеуші дәрігерлерге оның орнына рифабутин пайдалануды қарастыру ұсынылады. Рифабутин және невирапин дозаны түзетпей бір мезгілде қолданылуы мүмкін (төмендегіні қараңыз). Дәрігерлер туберкулезді емдеу режиміне қарай ауыспалы уақыт аралығында альтернативті түрде КТНТ үштік біріктіріліміне өтуді қарастыруы мүмкін. Невирапин мен рифабутинді бірге тағайындаудағы фармакокинетикасын зерттеу AUC 12%-ға (орташа алғанда) елеусіз ұлғаятынын, ең төмен концентрациясының 3%-ға елеусіз азаятынын және ең жоғары концентрациясының 20%-ға елеулі артатынын көрсетті. 25-O-десацетил-рифабутиннің (рифабутиннің белсенді метаболиті) AUC, ең аз концентрациясында немесе ең жоғары концентрациясында елеусіз өзгерістер болғаны анықталды. Фармакокинетикалық бақылау деректерімен салыстырғанда невирапиннің анық клиренсінің (9%) статистикалық елеулі артуы анықталды. Берілген зерттеу невирапин мен рифабутин арасында ешбір клиникалық елеулі өзара әрекеттесу болмайды деп болжауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл екі препаратты қолайсыз реакцияларды мұқият бақылау жағдайында дозаны түзетпей бір мезгілде қолдануға болады.

Варфарин: невирапин мен тромбқа қарсы дәрі варфарин арасында күрделі өзара әрекеттесу бар, оның бірге қолданғанда жоғарылайтын және коагуляция уақытын қысқартуға потенциалы бар. Өзара әрекеттесудің жалпы әсері бірге қолданудың бірінші аптасы ішінде немесе невирапин қабылдауды тоқтатқаннан кейін өзгеруі мүмкін, сондықтан антикоагуляция деңгейіне мұқият мониторинг талап етіледі.

Hypericum perforatum (шілтерлі шайқурай): құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар шөп препараттарын бірге қолдануда сарысудағы невирапин деңгейі төмендеуі мүмкін. Бұл шайқурай арқылы дәрілік заттардың ферменттерінің және /немесе тасымалдаушы ақуыздардың индукциясынан болады. Сондықтан құрамында шайқурай бар өсімдік препараттары невирапинмен біріктірілімде қолданылмауы тиіс. Егер емделуші шайқурайды қолдануды бастап қойса, невирапин қабылдауын, және егер бұл мүмкін болса, вирустық жүктеме деңгейін бақылау керек және шайқурайды қабылдауды тоқтату керек. Шайқурайды қабылдауды тоқтатқанда невирапин деңгейі жоғарылауы мүмкін. Невирапин дозасы түзетілуі талап етілуі мүмкін. Индукциялау тиімділігі шайқурайды қабылдауды тоқтатқаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.

Қосымша ақпараттар: адам бауыры микросомдарын пайдаланумен жүргізілген зерттеулер дапсон, рифабутин, рифампицин және триметоприм/сульфаметоксазолдың болуы невирапиннің гидроксилденген метаболиттерінің түзілуіне әсер етпейді. Кетоконазол және эритромицин невирапиннің гидроксилденген метаболиттері түзілуін елеулі тежейді.

Айрықша нұсқаулар

Невирапин препаратының монотерапия кезінде вирустың төзімді штамдары тез және іс жүзінде әрдайым пайда болады. Сондықтан Невирапин кем дегенде екі басқа антиретровирусты препаратпен біріктіріліп қолданылуы тиіс. Егер анорексия, тәбетсіздік, жүрек айнуы, құсу, сарғаю сияқты клиникалық көріністермен және зертханалық бұзылулармен (бауыр функциясы көрсеткіштерінің, ГГТ-ні қоспағанда, орташа немесе елеулі өзгерулері) қатар жүретін гепатит пайда болса, Невирапинмен емдеуді тоқтату қажет. Невирапиннен туындаған клиникалық тұрғыдан айқын гепатиттің дамуы салдарынан оны тоқтатуды қажет ететін емделушілерге Невирапин қайтадан тағайындалмауға тиіс. Әсіресе бастапқы 14 күндік кезеңде емдеудің ұсынылатын режимін қатаң сақтау қажет.

Тері тарапынан реакциялар

Ауыр және өмірге қауіп төндіретін дерматологиялық реакциялар, фатальді жағдайларды қосқанда, Невирапинді негізінен алғашқы 6 апта бойы қабылдаған емделушілерде байқалды. Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз жағдайлары және асқын сезімталдық реакциялары байқалды. Невирапин бөртпемен және жалпы симптомдармен, сондай-ақ ішкі ағзалардың өзгеруімен, оның ішінде гепатитте, эозинофилияларда, гранулоцитопенияларда және бүйрек функциясының бұзылуларында, немесе ішкі ағзалардың басқа да зақымдану белгілерімен сипатталатын асқын сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда кез келген емделушіде тоқтатылуы тиіс. Невирапинмен уланудың негізгі көрінісі бөртпе болып табылатындығын емделушілерге айту қажет. Емдеудің бастапқы кезеңінде дозалау тәртібі қатаң сақталуға тиіс, ол бөртпенің даму жиілігін азайтады. Бастапқы емделу кезеңінде қандай да болсын бөртпе дамыған жағдайда емделушілер препарат дозасын, бөртпе жоғалғанша, арттырмау керектігінен хабардар болуы тиіс. Тәулігіне бір рет 200 мг доза 28 күннен астамға тағайындалмауға тиіс, препаратқа төзімділіктің ықтимал даму қаупіне байланысты, альтеративті емді дер кезінде тағайындау қажет.

Преднизолонды (күніне 40 мг, Невирапинді алғашқы 14 күн бойы қабылдау кезінде) бір мезгілде қолдану бөртпенің пайда болу жиілігін азайтпайтынын, керісінше, емдеудің алғашқы 6 аптасы ішінде дерматологиялық реакцияларды жиілететіндігін көрсетті. Ауыр тері реакцияларының даму факторларының санына емдеудің бастапқы кезеңінде 200 мг доза препаратты қолдану жөніндегі нұсқауларды бұзу жатады. Дерматологиялық реакциялардың өте ауыр нәтижелерінің даму қаупі ауру белгілері басталғаннан кейін медициналық жәрдем алуды баяулатқан жағдайда арта түседі. Невирапинді қолданған жағдайда да, сонымен қатар құрамында Невирапин жоқ еммен емдеген кезде де әйелдерде бөртпелердің даму қаупі шамамен еркектерге қарағанда көбірек болады. Айқын бөртпе немесе жалпы симптомдармен (қызба, күлдіреуіктердің түзілуі, ауыз қуысындағы өзгерулер, конъюнктивит, беттің ісінуі, буындар мен бұлшық еттердің ауыруы, жалпы дімкәстік) қоса қабаттасатын бөртпе пайда болған емделуші препарат қабылдауды тоқтатуы және дәрігерден кеңес алуы тиіс. Невирапинді осы емделушілерге қайталап қолдануға болмайды. Егер емделушіде бөртпе пайда болса немесе Невирапинді қабылдаумен байланысына күдік бар болса бауыр функциясына зерттеу жүргізілуі тиіс. Орташа немесе айқын бұзылулары бар (АСТ немесе АЛТ ҚЖШ-нен 5 еседен астамға артып кетеді) емделушілерде Невирапин тоқтатылуға тиіс.

Ішкі ағзалардың зақымдану белгілерімен, мысалы гепатитпен; эозинофилиямен, гранулоцитопениямен және бүйрек функциясының бұзылуымен біріккен жалпы симптомдармен (қызба, артралгиялар, миалгиялар және лимфаденопатия) қатар жүретін бөртпемен сипатталатын асқын сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда, Невирапин қабылдау тоқтатылуға тиіс; препаратты қайталап қолдануға болмайды.

Бауыр тарапынан реакциялар

Невирапинмен емделіп жүрген емделушілерде фатальды фульминантты гепатитті қоса, ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін гепатуыттылық, білінді. Алғашқы 18 апта емдеу негізгі мәнге ие, оның барысында мұқият бақылау жүргізу қажет болады. Бауыр тарапынан болатын реакциялардың өте жоғары қаупі алғашқы 6 апталық ем кезінде байқалады. Алайда қауіп осы кезеңнен кейін де сақталады, ұдайы бақылау емдеу барысында қысқа уақыт аралығынан кейін де жалғасуы тиіс. Жағымсыз гепатоуыттылық реакцияларының жоғары қаупі әйелдерде және CD4 жасушалар саны өте жоғары болатын емделушілерде білінеді. Бұл қауіп кейін де сақталады, сондықтан бақылау бүкіл ем барысында жүргізілуі тиіс. Емделушілерге бауыр тарапынан реакциялар Невирапиннің уыттылығының негізгі түрі болып табылатындығын айту қажет және гепатиттің дамығандығын көрсететін белгінің пайда болуы дәрігерден кідіртпей кеңес алуға себеп болуға тиіс. Кез келген антиретровирусты ем жүргізу кезінде, оның ішінде Невирапин енетін режимді қолдану кезінде бауыр тарапынан жағымсыз реакциялардың өте жоғары қаупі, АСТ немесе АЛТ деңгейлерінің қалыпты жоғарғы шегімен салыстырғанда, бастапқыда 2,5 еседен астамға артқан кезде және/немесе B және/немесе C гепатиті болған кезде білінеді. Бөртпемен байланысқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі әйелдерде еркектерге қарағанда үш есе (2,2 %-бен салыстырғанда 5,8 %) жоғары. Невирапинмен емдеу кезінде бөртпемен байланысқан гепатоуытты реакциялардың даму қаупі CD4 жасуша саны өте жоғары емделушілерде жоғары болуы мүмкін. Ретроспективті талдама деректері бойынша, CD4 жасуша саны мм3-ге шаққанда 250 жасушадан астам болатын әйелдерде бөртпемен байланысқан гепатоуытты реакциялар қаупі CD4 жасуша саны мм3-ге шаққанда 250 жасушадан кем болатын әйелдерге қарағанда 12 есе жоғары (0,9%-бен салыстырғанда 11,0 %) болды. Жоғары қауіп, CD4 жасуша саны мм3-ге шаққанда <400 жасуша болатын еркектермен салыстырғанда, CD4 жасуша саны мм3-ге шаққанда >400 жасуша болған еркектерде (1,2 %-бен салыстырғанда 6,3 %) байқалды.

Рабдомиолиз Невирапинді қолдануға байланысты тері тарапынан реакциясы және/немесе бауыр тарапынан реакциясы бар емделушілерде байқалды.

Бауыр функциясын мониторингілеу

Невирапинді қолданған кезде бауыр функциясы көрсеткіштерінің, кейде емдеудің алғашқы аптасы ішінде пайда болатын өзгерулер жөнінде айтылған. Бауыр ферменттері деңгейінің симптомсыз жоғарылауы жиі айтылады және Невирапинді қолдану үшін сөзсіз қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бауыр функциясының көрсеткіштерін, емделушінің клиникалық жағдайына байланысты қысқа уақыт аралығынан кейін, әсіресе алғашқы 18 апталық ем ішінде қатаң түрде бақылап отыру керек. Клиникалық және зертханалық бақылау Невирапинмен емдеудің барлық кезеңі бойы жалғасуға тиіс. Дәрігерлер мен емделушілер анорексия, жүректің айнуы, сарғаю, билирубинемия, ахолиялы нәжіс, гепатомегалия немесе бауырдың ауырғыштығы сияқты гепатит белгілері немесе симптомдарына көңіл бөлуі тиіс. Емделушілер мұндай жағдайларда медициналық кеңес алу қажеттілігінен хабардар болуға тиіс. АСТ немесе АЛТ, емдеуді бастар алдында немесе емдеу барысында ҚЖШ-мен салыстырғанда 2,5 еседен астамға жоғарылаған жағдайда бауыр функциясының көрсеткіштері жүйелі клиникалық қаралу кезінде жиірек тексерілуге тиіс. Невирапин бастапқы АСТ немесе АЛТ деңгейлері ҚЖШ-нен 5 еседен астамға асып кететін емделушілерге (ол ҚЖШ-нен 5 еседен асып кетуге қарағанда аздау болатын деңгейге тұрақты төмендегенше) тағайындалмауға тиіс. Егер АСТ немесе АЛТ емделу барысында ҚЖШ-нен 5 еседен астамға артып кетсе, Невирапин дереу тоқтатылуға тиіс. Егер АСТ және АЛТ деңгейлері бастапқы мәніне оралса, және емделушіде гепатиттің қандай да болсын клиникалық белгілері, жалпы симптомдар немесе ішкі ағзалар функциясының бұзылғанын көрсететін басқа да құбылыстар пайда болмаса, Невирапинді қолдану (егер клиникалық қажеттілік болса) қайта жаңғыртылуы мүмкін. Невирапинді қайталап қолдану жоғары клиникалық және зертханалық сақтық жағдайында, бастапқыда тәулігіне 200 мг дозада (14 күн бойы), кейін оны тәулігіне 400 мг-ға дейін арттыра отырып, жүзеге асырылуға тиіс. Егер бауыр функциясы бұзылуы қайта жаңғырса, Невирапинмен емдеуді тоқтатқан жөн.

Басқа да сақтандырулар

АИВ жұқпаған адамдарда қарым-қатынастан кейін оның алдын алу мақсатында невирапиннің бірнеше реттік дозаларын қолданған кезде ауыр гепатоуыттылық жөнінде, бауырды ауыстыруды қажет ететін бауыр қызметінің жеткіліксіздігін қосқанда, айтылған, ол осы препаратты қолдану үшін мақұлданған көрсетілімдер санына жатпайды. Невирапин немесе басқа кез келген антиретровирусты ем қабылдап жүрген емделушілерде оппортунистік жұқпалар және АИВ жұқпалардың басқа да асқынуларының дамуы жалғасуы мүмкін. Невирапиннің АИВ-1 жұқпасын жыныстық қатынас және жұқпа жұққан қан арқылы басқаларға жұқтыру қаупін азайту қабілеті жөнінде мәліметтер жоқ. Невирапин қабылдап жүрген әйелдерде ұрықтануға қарсы ішілетін дәрілерді негізгі контрацепция әдісі ретінде қолданбаған жөн, өйткені Невирапин осы препараттардың плазмадағы концентрацияларын төмендете алады. Сондықтан АИВ жұғу қаупін азайту үшін контрацепцияның басқа әдістерін қолдану керек. Бұдан басқа, Невирапинмен емделу кезінде гормональдық реттеу мақсатында ішілетін контрацепциялық дәрілерді қолданған жағдайда гормональді емнің емдік әсерін бақылау қажет. Невирапинді басқа антиретровирусты препараттармен біріктіріп қолданған кезде панкреатиттің, шеткергі невропатияның және тромбоцитопенияның пайда болу жағдайлары жөнінде айтылған. Бұл реакциялар әдетте басқа антиретровирусты препараттармен байланысады және Невирапинді басқа препараттармен біріктіріп қолданған кезде күтілуі мүмкін. Бұл жағдайлардың Невирапинге байланысты болу мүмкіндігі аз. Антиретровирусты ем біріктірілімі АИВ жұқтырған емделушілерде организмдегі майдың қайта таралуына (липодистрофия) әкеп соқтырды. Қазіргі таңда осы оқиғалардың ұзақ мерзімдік зардаптары белгісіз. Липодистрофияның пайда болуының өте жоғары қаупін жекелеген факторлармен (жастың ұлғаюы, ұзақ антиретровирустық ем және осыған байланысты зат алмасудың бұзылуы) байланыстырады. Липидтердің сарысудағы деңгейін анықтау қажет. Клиникалық зерттеулерде невирапинді қабылдау холестериннің, триглицеридтердің жоғарылауымен байланысты екендігі айтылады. Алайда Невирапин қабылдап жүрген, АИВ жұқтырған емделушілерде жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болу қаупіне белгілі бір зерттеулер жоқ болғандықтан, осы деректердің клиникалық мәні белгісіз. Антиретровирусты препараттар бәрінен бұрын антиретровирустық тиімділігіне қарай, анықталуы тиіс.

Oстеонекроз: этиологиясы, шамасы, көп факторлы болып табылса да (кортикостероидтарды пайдалануды, алкогольді қолдануды, ауыр иммунодепрессияны, дене салмағының өте жоғары индексін қосқанда), АИВ ауруы бар емделушілерде және/немесе антиретровирустық ем (CART) біріктірілімін ұзақ уақыт қолданған емделушілерде остеонекроз жағдайларының болғаны жөнінде мәлімдемелер бар. Емделушілер, егер ауырсынуы немесе қимылдаған кезде ауыруды немесе қиындықты сезсе, медициналық кеңес алуы керек.

Иммунды реактивация синдромы: Иммунитеті төмен, АИВ жұқтырған емделушілерде антиретровирустық ем біріктірілімі симптомсыз немесе қалдық оппортунистік ауру туындататын микроорганизмдерге әсер етеді, соның салдарынан ауыр клиникалық жағдай немесе симптомдардың нашарлауы пайда болуы мүмкін. Әдеттегідей, мұндай реакциялар CART иницирленудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде немесе айында білінді. Мысалы, цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар, Pneumocystis jiroveci пневмония. Жұқпаның дамуының кез келген белгілері назарға алынуға тиіс, олар пайда болған жағдайда тиісті ем тағайындау қажет.

Фармакокинетикалық зерттеулер рифампицин мен Невирапинді біріктіріп қолдану ұсынылмайтынын көрсетеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Буаз егеуқұйрықтар мен үй қояндарында жүргізілген репродуктивті зерттеулерде ешбір елеулі тератогендік анықталмаған. Жүкті әйелдер қатыстырылуымен ешбір талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Невирапиннің АИВ-1 анадан балаға трансмиссиясын болдырмайтын қабілеті анықталғанына қарамастан (басқа антивирустық препараттар қабылдамаған әйелдерде) АИВ-1балаға трансмиссиясы қаупін ең төмен ету үшін мүмкін болуына қарай, антивирустық препараттар қолдана отырып, босануға дейін аналарда біріктірілген ем жүргізу ұсынылады. Сондықтан Невирапинді жүктілік уақытында қолдану ұсынылмайды. Босанғанға дейін орташа 5-8 сағат бұрын 100мг немесе 200мг невирапиннің ішілетін бір реттік дозасын қабылдаған АИВ-1 бар 10 жүкті әйел қатысқан фармакокинетикалық зерттеулер нәтижесі невирапиннің плацента арқылы жеңіл өтетінін және емшек сүтінде анықталатынын көрсетті. АИВ жұқтырған әйелдерге босанғаннан кейін АИВ берілу қаупін болдырмас үшін бала емізуден бас тарту, сондай-ақ егер олар невирапин қабылдап жүрсе бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде ерекше сақтық жасау керек.

Артық дозалануы

Невирапинмен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған (15 күнге дейін, күніне 800-ден 6000 мг дейін қабылдау)

Симптомдары: ісіну, түйінді эритема, қажығыштық, ысыну, бас ауыру, ұйқысыздық, жүрек айнуы, өкпедегі инфильтраттар, бөртпе, бас айналуы, құсу, трансаминаза деңгейінің артуы және дене салмағының азаюы.

Емі: артық дозалануын жоюға арналған у қайтарғысы жоқ. Препаратты тоқтатқаннан кейін барлық көрсетілген құбылыстар тоқтаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 таблеткадан бұралатын қақпағы бар, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ мөлдір емес құтыларға салынады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Mylan Laboratories Limited

F-4& F-12, MIDC, Malegaon, Sinnar,

Nashik – 422 113, Мaharashtra, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Mylan Laboratories Limited, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«APC Healthcare Limited» Қазақстандағы өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, 301 кеңсе

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

 

Прикрепленные файлы

751860771477976688_ru.doc 149 кб
473182381477977819_kz.doc 166.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники