НАТ- Е 400™

МНН: Токоферол
Производитель: Мега Лайфсайенсиз Паблик Компани Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tocopherol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012846
Период регистрации: 03.12.2014 - 03.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Нат Е 400™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Токоферол

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында:

белсенді зат - D-альфа токоферол ацетаты (Е витамині – 400 ХБ),

(D-альфа токоферол ацетаты түрінде 1300 ХБ/г)

қосымша зат: соя майы

капсула құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа да витаминдер. Таза күйіндегі басқа да витаминдер.

Е витамині.

ATХ коды А11НА03

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, жұмсақ желатинді капсулалар

Ішіндегісі – ақшыл-сары түсті майлы сұйықтық.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда токоферолдың сіңуі 50% құрайды, сіңірілу үдерісінде липопротеиндермен кешен (токоферолдың жасушаішілік тасымалдаушылары) түзіледі. Сіңу үшін өт қышқылдары болуы қажет. Альфа1- және бета-липопротеиндермен, ішінара сарысу альбуминімен байланысады. Ақуыз алмасуы бұзылған кезде тасымалдау қиындайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына Смакс 4 сағаттан соң жетеді. Бүйрекүсті безінде, гипофизде, аталық безде, май және бұлшықет тіндерінде, эритроциттерде, бауырда жинақталады. 90 % астамы өтпен, 6% - бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Нат Е 400™ антиоксидантты әсер береді, гем және ақуыз гемосинтезіне, жасушалар пролиферациясына, тіннің тыныс алуына, басқа да маңызды тін метаболизмі үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, қылтамырлардың жарылғыштығын және жоғары өткізгіштігін болдырмайды.

Препарат атеросклероздың, жүрек бұлшықетінде және қаңқа бұлшық етінде дегенеративті-дистрофиялық өзгерулердің дамуына кедергі жасайды, миокардтың қоректенуін және жиырылу қабілетін жақсартады, миокардтың оттегіні тұтынуын төмендетеді. Бос радикалды реакцияларды тежейді, жасушалық және субжасушалық жарғақшаларды зақымдайтын пероксидтердің пайда болуына жол бермейді. Гем мен гемі бар ферменттердің – гемоглобиннің, миоглобиннің, цитохромдардың, каталазаның, пероксидазаның синтезін көтермелейді.

Тіндік тыныс алуды жақсартады, ақуыздардың (коллагеннің, қаңқа және тегіс бұлшықеттерінің, миокардтың ферменттік, құрылымдық және жиырылуын қамтамасыз ететін ақуыздардың) синтезін жақсартады, А витаминін тотығудан қорғайды, холестерин синтезін тежейді.

Организмде Е витамині (Е авитаминозы) жоқ болған кезде жүректің қаңқа бұлшықеттерінде дегенеративті өзгерулер дамиды, қылтамырлардың өткізгіштігі және сынғыштығы жоғарылайды, аталық без өзекшелері, аналық без эпителийлері қайта түзіледі. Эмбриондарда қан кету пайда болады, олардың жатыр ішінде өлуі басталады. Сондай-ақ жүйке жасушаларында дегенеративті өзгерулер және бауыр паренхимасының зақымдануы байқалды.

Е витамині жеткіліксіз болған кезде қан сарысуында ақуыздардың концентрациясы деңгейінің және бауырда және ұрық бездерінде нуклеин қышқылы мөлшерінің төмендегені байқалады.

Адамда Е витаминінің жеткіліксіз болуы тамақтану ерекшеліктерімен байланысты (мысалы, аста өсімдік майының жоқ болуынан) немесе әр түрлі, мысалы, бауырдың, ұйқы безі және басқа аурулардың салдарынан жүзеге асуы мүмкін.

Қолданылуы

- Е витамині гиповитаминозында

Кешенді емдеуде:

- бұлшықет дистрофиясында, амиотрофикалық бүйірлік склерозда

- омыртқа буындары мен байлам аппаратының және ірі буындардың дегенеративті және пролиферативті өзгерістерінде

- климактериялық вегетативті бұзылыстарда, жасанды түсік қаупінде,

дисменореяда

- еркектерде жыныс бездері гипофункциясында (еркек белсіздігінде А витаминімен біріктірілімде)

- өткерген аурулардан кейінгі реконвалесценция жағдайында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға. Ішке қабылдауға арналған. Бір капсуладан күніне бір рет немесе дәрігердің тағайындауымен. Капсуланы судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, шайнамай жұтады.

12 жастан асқан балаларға 2-3 апта бойы күнделікті 1 капсуладан тағайындайды.

Ең жоғары тәуліктік дозасы 800 мг.

Ересектерге емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диарея, жүрек айну, іштің ауыруы, іштің қатуы

- бас ауыру, қажу, әлсіздік

Болуы мүмкін

- токоферолға және соя майына аллергиялық реакциялар

Сирек

- креатинурия, креатинкиназа белсенділігінің жоғарылауы, қан сарысуында холестерин деңгейінің артуы

- тромбофлебиттер, өкпе тромбоэмболиясы, көктамырлық тромбоз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- токоферолға және соя майына жоғары сезімталдық

- К витамині тапшылығы салдарынан болған гипопротромбинемия

- жедел миокард инфарктісі

-12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Токоферол варфарин мен басқа да кумарин туындыларымен өзара әрекеттеседі, антикоагулянттардың әсерін күшейтеді және гипопротромбинемия мен қан кетудің даму қаупін жоғарылатады.

Эпилепсиямен науқастарда, яғни қанында липидтердің асқын тотығуы өнімдерінің мөлшері жоғарылағандарда құрысуға қарсы дәрілердің тиімділігін арттырады.

Стероидты және ҚҚСД, жүрек гликозидтерінің әсерлерін күшейтеді, соңғысының, сондай-ақ А және D витаминдерінің уыттылығын азайтады. Е витаминін жоғары дозада тағайындау организмде А витаминінің тапшылығын туындатуы мүмкін.

Колестирамин, колестипол, минералдық майлар Е витаминінің сіңуін төмендетеді.

Темірдің жоғары дозалары организмде тотығу үдерісін күшейтеді, бұл Е витаминіне деген қажеттілікті арттырады.

Циклоспоринмен бір мезгілде қолданғанда, соңғысының сіңірілуі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Ауыр кардиосклерозда, миокард инфарктісінде, тромбоэмболия дамуының жоғары қаупінде сақтықпен қолдану керек.

Сирек жағдайларда креатинурия, креатинкиназа белсенділігі мен қан сарысуында холестерин деңгейінің жоғарылауы, тромбофлебит, өкпелік артерия тромбоэмболиясы, қан ұюы бұзылуына бейім емделушілердегі тромбоз болуы мүмкін.

Буллезді эпидермолиз кезінде – алопециямен зақымданған бөліктерде ақ шаштың өсуі.

Педиатрияда пайдаланылуы

Бұл дәрілік түрін 12 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы

Ұсынылған дозалау режимі сақталған жағдайда препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады. Плаценталық бөгет арқылы өтуі толық емес, алайда Е витамині концентрациясының 20-30% жуығы ана плазмасында ұрық организміне өтеді. Е витамині де емшек сүтіне енеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Е витаминінің жоғары дозалары (ұзақ қолданғанда күніне 800 мг) көрудің бұзылуы, диарея, бас айналу, бас ауыруы, жүрек айнуы немесе асқазанның шаншуы, жылдам қажу мен әлсіздікті туындатуы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан алюминий фольгадан жасалған пакетке салынады.

Пакет қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250C-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

РецептісізӨндіруші

Мега Лайфсайенсиз Паблик Компани Лимитед, Тайланд

515/1 Моо 4, Сой 8, Бангпу Патана 3 Роуд өнеркәсіп аймағы

Фрекса, Мюанг Самутпракарн 10280, Таиланд

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Мега Лайфсайенсиз Паблик Компани Лимитед, Тайланд

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдаушы ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ, Сейфуллин к-сі, 531, 601 кеңсе

тел./факс +7 (727) 2720504

e.mail: info@megawecare.com

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

258201461477976572_ru.doc 67.5 кб
795540411477977725_kz.doc 76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники