Натрия хлорид (раствор для инфузий, 0,9%, Инфузия ЗАО)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Натрий хлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 0.9 % ерітінді
Құрамы
1000 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 9.0 г натрий хлориді,
қосымша зат - инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Су-тұз теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.
АТХ коды В05ВВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Су-тұз теңгерімін қалыпқа келтіреді және адам организміндегі дегидратация кезінде немесе жасушадан тыс сұйықтықтың аккумуляциясы арқылы ауқымды күйік және жарақаттар ошақтарында, іш қуысы ағзаларына жасалған операциялар кезінде, перитонитте дамитын сұйықтық тапшылығын жояды.
Тіндердің перфузиясын жақсартады, көп қан жоғалтулар және шоктың ауыр түрлері кезіндегі гемотрансфузиялық шаралардың тиімділігін арттырады.
Сондай-ақ, сұйықтық көлемін қысқа мерзімге арттыру, қандағы уытты өнімдердің концентрациясын төмендету, диурезді белсенділендіру нәтижесінде уытсыздандырғыш әсер береді.
Тамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат тамырлар арнасында қысқа мерзімде болады, содан кейін интерстициальді және жасушаішілік секторға өтеді. 1 сағаттан соң тамырларда енгізілген ерітіндінің тек жартысына жуығы ғана қалады. Тұз бен сұйықтық диурезді жоғарылата отырып, бүйрек арқылы өте жылдам шығарыла бастайды.
Қолданылуы
- тоқтаусыз құсу, тұрақты іш өтуі, ішек бітелісі, диуретиктік дәрілерді жоғары дозаларда қолданудың салдарынан несептің көп шығарылуы кезінде, ауқымды жара беткейлері болғанда, күйіктерде жасушадан тыс сұйықтық тапшылығынан болған организмдегі сұйықтық жеткіліксіздігінің орнын толықтыруда (қарқынды емдеу шараларымен кешенде)
- басқа үйлесімді дәрілік заттардың еріткіш ретінде
- жараларды, мұрынның шырышты қабықтарын шаю үшін жергілікті, сондай-ақ катетерлер мен трансфузияға арналған жүйелерді шаю үшін қолдануға болады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне, тері астына, ректальді, жергілікті, сыртқа тағайындайды.
Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу: натрий хлоридінің ерітіндісін енгізер алдында 36-38 ºС-ге дейін қыздырады. Енгізілетін ерітіндінің дозасы организм жоғалтқан сұйықтыққа, натрий және хлор иондарына байланысты анықталады - орташа алғанда тәулігіне 1 л құрайды. Көп сұйықтық жоғалтқанда немесе айқын уыттану кезінде тәулігіне 3 л дейін енгізуге болады. Енгізу жылдамдығы - 540 мл/сағ (180 тамшы/мин); қажет болса – енгізу жылдамдығы арттырылады.
Балаларға жедел дегидратация кезінде (зертханалық параметрлерін анықтағанға дейін) 20-30 мл/кг енгізеді. Ары қарай дозалау режимі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі.
0,9 % натрий хлориді ерітіндісінің жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы енгізер алдында плазма мен несептегі электролиттер мөлшеріне бақылау жүргізу қажет.
0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісін жараларды, көзді, мұрынның шырышты қабықтарын шаю, таңғыш материалды ылғалдау үшін қолданады.
Клизмаларда – тәулігіне 3 л дейін 0,9 % ерітінді.
Жағымсыз әсерлері
- хлоридті ацидоз
- гипергидратация
- гипокалиемия
- гипернатриемия
- шөлдеу, көзден жас ағуы, тершеңдік, қызба
- бас ауыруы, бас айналуы
- жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазан түйілулері
- тахикардия, артериялық гипертензия
- бүйрек қызметінің бұзылуы, ісінулер
- мазасыздық, әлсіздік
- бұлшықеттердің тартуы және гипертонусы
- енгізу орнының ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалиемия, ацидоз
- жасушадан тыс гипергидратация, жасушаішілік дегидратация
- өкпе мен мидың ісінуін туғызуға қабілетті циркуляторлық бұзылулар
- өкпенің ісінуі, мидың ісінуі
- жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік
- кортикостероидтарды жоғары дозаларда қолдану
- офтальмологиялық операциялар кезінде көзді шаю
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен үйлесімді (әсерлерінің өзара күшеюі). Кортикостероидтармен қолданғанда гипернатриемия әлеуеттенеді.
Басқа дәрілік заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен көру арқылы бақылау қажет (дегенмен, көзге көрінбейтін және терапиялық үйлесімсіздік болуы мүмкін).
Айрықша нұсқаулар
Инфузияны жүргізер алдында көру арқылы тексеру керек – ерітінді мөлдір болуы, ішінде жүзінді бөлшектері немесе шөгінді болмауы тиіс.
Декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі жағдайында, артериялық гипертензия кезінде, бүйрек қызметінің бұзылуында (олигурия, анурия), шеткергі ісінулерде, жүкті әйелдердегі токсикозда сақтықпен қолдану керек.
Препараттың жоғары дозаларын ұзақ уақыт бойы енгізгенде, кортикостероидтармен және кортикотропинмен бір мезгілде тағайындағанда қышқыл-негіздік жағдай мен қан плазмасы мен несептегі электролиттерге бақылау жүргізу қажет.
Елеулі сусыздану кезінде көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмаса, стационар жағдайларында дәрігердің қадағалауымен тері астына немесе ректальді енгізеді.
Жүктілік және лактация кезеңі
Қатаң көрсетілімдер бойынша қолдануға болады. Гестоз дамыған жағдайда абайлап дозалау қажет.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін көп көлемде енгізу хлоридті ацидозға, гипергидратацияға, гиперволемияға, калийдің организмнен шығарылуының артуына алып келуі, соның салдарынан жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Емі: артық дозаланған кезде препаратты тоқтату және симтоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратация кезінде диуретиктермен ем жүргізу керек. Ауыр жүрек жеткіліксіздігінде ісінулерді диализдің көмегімен қайтаруға болады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 мл, 400 мл ерітіндіден, резеңке тығындармен тұмшаланып тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған шыны бөтелкелерде (градуировкасы бар; мойны жіңішке және кең градуировкасыз).
Бөтелкелерге өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады (градуировкасы бар бөтелке үшін – градуировкасыз заттаңба; мойны жіңішке және кең градуировкасыз бөтелкелер үшін – градуировкасы бар заттаңба).
Препараты бар бөтелкелерді медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың сәйкесінше санымен 20 данадан (сыйымдылығы 200 мл немесе 250 мл бөтелкелер) және 12 данадан (сыйымдылығы 450 мл немесе 500 мл бөтелкелер) жылуұстағыш полиэтилен үлбірге бұйымдарды қаптауға арналған машинада дәнекерлейді немесе екі дәнекерленген қаптамадан жәшіктерге немесе гофрланған картоннан жасалған картон аралықтары бар жәшіктерге 40 данадан (сыйымдылығы 200 мл немесе 250 мл бөтелкелер) және 24 данадан (сыйымдылығы 450 мл немесе 500 мл бөтелкелер) қаптайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
«ИНФУЗИЯ» жабық акционерлік қоғамы, Украина
04073, Киев, Мәскеу д-лы, 21-А үй
тел.: (044) 490-93-75, 490-93-76.
E-mail: info@infuzia.com.ua
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«ИНФУЗИЯ» жабық акционерлік қоғамы, Украина
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
«ИНФУЗИЯ» жабық акционерлік қоғамы, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Аквилон - 1» ЖШС, Қазақстан Республикасы,
ОҚО, Шымкент қ., Бархатная к-сі, 25
тел: +77-252-56-68-41
E-mail: aqvilon_shm@mail.ru