Мукорал

МНН: Амброксол
Производитель: Биофарма Илач Сан. ве.Тидж. А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019619
Информация о регистрации в РК: 04.02.2013 - 04.02.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Мукорал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

30 мг/5 мл шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат – 30 мг амброксол гидрохлориді,

қосымша заттар: cахароза, глицерин, метилпарабен, пропилпарабен, құлпынай эссенциясы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Құлпынай иісі бар қызғылт-сары түсті мөлдір гомогенді ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию мен жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.Муколитиктер. Амброксол

АТХ коды R05CB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Мукоралды ішу арқылы қолданғанда амброксолдың асқазан-ішек жолынан биосіңімділігі 70% құрайды. Амброксол ең жоғары плазмалық концентрациясына орташа алғанда 3 сағат өткенде жетеді. Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 1-2 сағат өткенде пайда болады және 6-12 сағатқа жалғасады. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 80-90% құрайды. Тіндерге және сұйықтықтарға, ішінара ликворға және емшек сүтіне өтеді. Глюкуронидтер түзе отырып бауырда биотрансформацияға ұшырайды. Шығарылуы негізінен метаболиттер түрінде несеп арқылы жүзеге асады. Тіндерден жартылай шығарылу кезеңі 7-15 сағатты, қаннан шамамен 1 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Мукоралдың муколитикалық әсері белсенді зат амброксолдың бронх сөлінісіне әсер етуімен байланысты. Амброксол бронх шырышты қабығы бездерінің серозды жасушаларын көтермелейді, шырышты сөліністің құрамын және сурфактанттың альвеолдар мен бронхтардағы бөлінісін арттырады. Қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің бұзылған арақатынасын қалпына келтіреді.

Гидролиздеуші ферменттерді көтермелей және лизосомалардың Кларк жасушаларынан бөлініп шығуын күшейте отырып, қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді. Жыпылықтайтын эпителидің қозғалыс белсенділігін жоғарылатады, мукоцелиарлық тасымалды арттырады. Қақырықтың бөлініп шығуын жақсартып, жөтелуді жеңілдетеді.

Қолданылуы

- мукоцилиарлық клиренстің бұзылуымен және тұтқыр қақырықтың түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға – тәулігіне 2 рет 1 өлшегіш қасықтан.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер жекелей анықтайды және ауру симптомдары қайтқанға дейін жалғасады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

  • әлсіздік, бас ауыруы

  • іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы

  • экзантемалар

  • ринорея

  • ауыздың және тыныс алу жолдарының кеберсуі,

Өте сирек

  • аллергиялық реакциялар (теріде білінуі, тыныс алудың бұзылуы, қалтыраумен температуралық реакция)

  • бөртпе, есекжем

  • ангионевротикалық ісіну

  • аллергиялық жанаспалы дерматит

  • анафилактикалық реакциялар (анафилактикалық шокты қоса)

  • сарысуда аминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • амброксолға, бромгексинге, олардың метаболиттеріне және препараттың қосымша заттарына жоғарғы сезімталдық

  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы

  • құрысу синдромы

  • жүктіліктің I триместрі

  • лактация кезеңі

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мукоралды жөтелге қарсы белсенділігі бар (мысалы, құрамында кодеин бар) дәрілік заттармен, жөтелдің азаюы аясында бронхтардан қақырық шығарылуының қиындауына байланысты бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Мукоралды антибиотиктермен (амоксициллинмен, цефуроксиммен, эритромицинмен, доксициклинмен) бір мезгілде қабылдаған кезде антибиотиктердің өкпе жолдарына түсуін жақсартады.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

Мукоралды жүктіліктің II және III триместрлерінде пайда/қауіп арақатынасын мұқият талдағаннан кейін ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті жүргізгенде және қауіпті механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі: жасанды құстыру, асқазанды шаю. Демеуші және белгілеріне қарай ем жүргізу. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Ақ пластик қақпақтармен жабылған, күңгірт шыныдан жасалған құтыларға препарат 150 мл-ден салынады.

Көлемі 5 мл өлшегіш қасығы бар 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш. / Түркия

Стамбул қ-сы, Санджактепе, Акпинар ауданы, Османгази к-сі, №156

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Биофарма Илач Сан. ве Тидж. А.Ш. / Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«DELTAPHARMA EXPORT IMPORT&MARKETING» ЖШС

Алматы қ., Әл-Фараби к-сі 19, «Нұрлы тау» бизнес орталығы, блок 2Б, 302 кеңсе.

Тел. +7 727 311-05-85, факс +7 727 311-05-60

E-mail: deltapharma@deltapharma.kz

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

874129611477976909_ru.doc 48 кб
836097111477978066_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники