Микофенолата мофетил капсулы (250 мг)

МНН: Микофенолата мофетил
Производитель: Strides Pharma Science Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Mycophenolic acid
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024337
Информация о регистрации в РК: 11.10.2019 - 11.10.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Микофенолат мофетилі, 250 мг капсулалар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Микофенол қышқылы

Дәрілік түрі

Капсулалар, 250 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 250,000 мг микофенолат мофетилі

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза

(Авицел-РН 101), натрий кроскармеллозасы, повидон (К-30), натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тазартылған су, өлшемі 1, қатты желатинді капсула

Капсула қабығының құрамы

Корпус: темірдің сары тотығы (Е172), FD & C Red 3 (Е127), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин

Қақпақшасы: темірдің сары тотығы (Е172), FD & C Red 3 (Е127), титанның қостотығы (Е171), тазартылған су, желатин

Баспалық қара сия: Opacode S-1-17823.

Сипаттамасы

Піл сүйегінің түсіндей корпусы және қақпақшасы бар, өлшемі 1, қақпақшасында баспалық қара түсті сиямен жазылған «SAL» таңбасы және капсула корпусында «726» жазуы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуносупрессанттар. Селективті иммуносупрессанттар. Микофенол қышқылы.

АТХ коды L04AA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді түрде қабылдағаннан кейін Микофенолат мофетилі тез және ауқымды түрде сіңеді және жүйеалды толық метаболизмге ұшырап, белсенді метаболитке – микофенол қышқылына (МҚ) айналады. Бүйрекке трансплантация жасағаннан кейін жедел ажыраудың басылуы көрсеткендей, Микофенолат мофетилінің иммуносупрессиялық белсенділігі микофенол қышқылының концентрациясына сәйкес болады. Микофенолат мофетилін пероральді түрде қабылдаудан кейінгі орташа биожетімділігінің микофенол қышқылының қисық астындағы ауданының негізінде IV Микофенолат мофетиліне қатынасы 94% құрайды. Тағам бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттер күніне екі рет 1,5 г дозада қабылданған Микофенолат мофетилінің сіңу дәрежесіне (микофенол қышқылының қисық астындағы ауданы) ешқандай да ықпалын тигізбейді. Алайда микофенол қышылының орташа ең жоғары концентрациясы тағамның әсерінен 40%-ға төмендейді. Микофенолат мофетилі пероральді түрде енгізуден кейін плазмада жүйелік өлшеуге келмейді. Микофенол қышқылы клиникалық тұрғыдан маңызды концентрацияларда плазма альбуминімен 97%-ға байланысады.

Энтерогепатикалық кері айналым нәтижесінде микофенол қышқылынының плазмадағы концентрациясының салдарлы жоғарылауы әдетте дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 6 - 12 сағаттан соң байқалады. Микофенол қышқылының қисық астындағы ауданының шамамен 40%-ға азаюы холестираминді (күніне үш рет 4 г) бірге қабылдаумен байланысты, бұл елеулі энтерогепатикалық кері айналымның болатындығын айғақтайды.

Микофенол қышқылы негізінен глюкуронилтрансферазамен метаболизденіп, микофенол қышқылының фенольді глюкуронидтерін (МҚГ) түзеді, ол фармакологиялық тұрғыдан белсенді болып табылмайды.

Заттардың аздаған бөлігі микофенол қышқылы түрінде (дозаның <1%-ы) несеппен шығарылады. Радиоактивті изотоппен таңбаланған Микофенолат мофетилін пероральді түрде енгізу, енгізілген дозаның 93%-нің несепте қалпына келуімен және 6%-ның нәжістерде толық қалпына келуіне әкеледі. Енгізілген дозаның көп бөлігі (87%-ға жуығы) несеппен бірге микофенол қышқылының глюкуронидтері түрінде несеппен шығарылады.

Микофенол қышқылының концентрациялары және микофенол қышқылының глюкуронидтері гемодиализдің жәрдемімен шығарылмайды. Дегенмен, жоғары концентрацияларда плазмадағы микофенол қышқылының глюкуронидтері (> 100 мкг/мл), микофенол қышқылы глюкуронидтерінің аздаған мөлшері шығарылады.

Бүйрегі, жүрегі және бауыры ауыстырып салынған пациенттерде трансплантациядан кейінгі ерте кезеңде (трансплантациядан кейін <40 күн), трансплантациядан кейінгі кеш кезеңдегі (трансплантациядан кейін 3 - 6 ай) көрсеткіштермен салыстырғанда, микофенол қышқылының қисық астындағы орташа ауданы шамамен 30%-ға аз, ал орташа ең жоғары концентрациясы шамамен 40 пайызға төмен болды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Дозаны бір реттік қабылдағанда бүйрек функциясының ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде (шумақтық сүзілу жылдамдығы <25 мл • мин-1•1,73м-2) қан плазмасындағы микофенол қышқылының қисық астындағы орташа ауданы, дені сау қалыпты субъектілерде немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі аз дәрежедегі субъектілерде байқалған орташа мәндермен салыстырғанда, көбірек. Алайда бір реттік дозаны қабылдаған кезде микофенол қышқылы глюкуронидтерінің қисық астындағы орташа ауданы бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінде, бүйрек функциясының жеңіл жеткіліксіздігіндегіге қарағанда, немесе дені сау қалыпты субъектілерден 3 - 6 есе көбірек болды, бұл микофенол қышқылы глюкуронидтерінің бүйрек арқылы шығатыны белгілі екендігін көрсетеді. Бүйрек функциясының ауыр созылмалы жеткіліксіздігінде Микофенолат мофетилін көп реттік қабылдауға зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек функциясының ауыр созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген, жүрегі немесе бауыры ауыстырып салынғаннан кейінгі пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бүйрек трансплантаты функциясының кешіктірілуі

Ауыстырып салынғаннан кейін бүйрек трансплантаты функциясының кешіктірілген кездегі микофенол қышқылының қисық астындағы орташа ауданы (0-12h) ауыстырып салынғаннан кейін трансплантат функциясының кешіктірілмеген кезінде байқалған осы көрсеткіштермен ұқсас болды. Ауыстырып салынғаннан кейін трансплантат функциясы кешіктірілмегенде микофенол қышқылы глюкуронидтерінің плазмадағы қисық астындағы орташа ауданы (0-12h) 2 - 3 есе көбірек болды. Бүйрек трансплантаты функциясы кешіктірілгенде плазмадағы микофенол қышқылының бос фракциясының және концентрацияларының қысқа мерзімдік артуы байқалуы мүмкін. Микофенолат мофетилінің дозасын түзету қажет болмайды.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауырдың алкогольдік циррозында бауырдағы микофенол қышқылының глюкуронизациялану үдерістері бауырдың паренхиматозды ауыруына біршама тәуелді болмайды. Бауыр ауруының осы үдеріске ықпалы нақты ауруға байланысты болуы мүмкін. Алайда алғашқы билиарлық цирроз сияқты көбіне билиарлы түрде зақымданған бауыр ауруында басқа әсерлер байқалуы мүмкін.

Балалар және жасөспірімдер (2-ден 18 жасқа дейін)

Фармакокинетикалық параметрлерге 600 мг/ м2 Микофенолат мофетилін ішке күніне екі рет қабылдап жүрген, бүйрегі трансплантацияланған бала жасы тобындағы пациенттерде баға берілді. Осы дозаны қабылдаған кезде, микофенол қышқылының қисық астындағы ауданының AUC көрсеткіштері ерте және кеш және трансплантациядан кейінгі кезеңде 1 г Микофенолат мофетилін күніне екі рет қабылдап жүрген, бүйрек трансплантациясынан кейінгі ересек пациенттерде байқалғандағыдайға жетті. Әртүрлі жас топтарында Микофенол қышқылының қисық астындағы ауданының мәндері ерте және кеш және трансплантациядан кейінгі кезеңдегіге ұқсас болды.

Егде жастағы (65 жастан бастап) пациенттер

Микофенолат мофетилінің фармакокинетикалық әрекетіне егде жастағы адамдарда ресми баға берілген жоқ.

Оральді контрацептивтер

Микофенолат мофетилімен бірге қабылданатын оральді контрацептивтердің фармакокинетикасына қатысты сөз болған жоқ. Микофенолат мофетилін (күніне екі рет 1 г) және құрамында этинилэстрадиол (0,02 мг-ден 0,04 мг дейін) және левоноргестрел (0,05 мг-ден 0,15 мг дейін), дезогестрел (0,15 мг) немесе гестоден (0,05 мг-ден 0,10 мг дейін) бар біріктірілген пероральді контрацептивтерді бірге қабылдау ағзалары ауыстырып салынбаған (басқа иммунодепрессанттарды қабылдап жүрмеген) пациенттерде бірізді 3 етеккір оралымы ішінде Микофенолат мофетилінің овуляцияға оральді контрацептивтердің бәсеңдететін әсеріне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын көрсеткен жоқ. Лютеиндеуші гормонның, фолликуластимуляциялаушы гормонның және прогестеронның сарысулық деңгейлері өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Микофенолат мофетилі микофенол қышқылының 2-морфолиноэтилді эфирі болып табылады. Микофенол қышқылы инозин-монофосфат-дегидрогеназаның күшті әсер ететін, селективті, бәсекелесуден тыс және қайтымды әсер ететін тежегіші болып табылады, демек, гуанозин нуклеотидтері синтезінің алғашқы жолын, ДНҚ-ны қамтымай-ақ, тежейді. Т- және В-лимфоциттердің өсуі пуриндердің алғашқы синтезіне қатты тәуелді болатындықтан, жасушалардың басқа да типтері «реутилизациялық» жолдарды пайдалануы мүмкін болғандықтан, микофенол қышқылы басқа жасушаларға қарағанда лимфоциттерге өте күшті цитостатикалық әсер береді.

Қолданылуы

- бүйрегі, жүрегі немесе бауыры ауыстырып салынғаннан кейін пациенттерде трансплантаттың жедел ажырауына профилактика жүргізу үшін Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктіріп қабылдау көрсетілген.

Қолдану тәсілі және дозалары

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларымен емдеуді трансплантация бойынша кәсіби маман тағайындауы және жүзеге асыруы тиіс.

Бүйрек трансплантациясында пайдаланылуы

Ересектер: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын пероральді түрде қабылдауды трансплантациядан кейін 72 сағат ішінде бастау қажет. Бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерге ұсынылатын доза күніне екі рет 1 г құрайды (тәуліктік доза - 2 г).

Балалар және жасөспірімдер (2-ден 18 жасқа дейін)

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының ұсынылатын дозасы күніне екі рет пероральді түрде қабылданатын 600 мг/ м2 құрайды (күніне ең көп дегенде 2 г). Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдауды дене бетінің ауданы кем дегенде 1,25 м2 болатын пациенттерге ғана тағайындау керек. Дене бетінің ауданы 1,25-тен 1,5 м2 дейін болатын пациенттерге Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын күніне екі рет 750 мг дозада қабылдау тағайындалуы мүмкін (тәуліктік доза - 1,5 г). Дене бетінің ауданы 1,5 м2-ден көбірек пациенттерге Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары күніне екі рет 1 г дозада тағайындалуы мүмкін (тәуліктік доза – 2 г). Осы жас тобында, ересектерге қарағанда, жағымсыз реакциялар жиі болатындықтан, дозаны уақытша азайту немесе қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін; мұндайда реакциялардың ауырлығын қоса, тиісті клиникалық факторларды ескеру қажет.

Балалар (2 жасқа дейін): 2 жасқа дейінгі балалар үшін препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде тек шектеулі ғана деректер бар. Бұл дозалау жөнінде нұсқау беру үшін жеткіліксіз, демек, осы препаратты осы жас тобында пайдалану ұсынылмайды.

Жүректі ауыстырып салғанда пайдаланылуы:

Ересектер: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын пероральді қабылдауды трансплантациядан кейін 5 күн ішінде бастаған жөн. Жүрегі ауыстырып салынған пациенттер үшін ұсынылатын доза күніне екі рет 1,5 г құрайды (тәуліктік доза - 3 г).

Балалар: жүрегі ауыстырып салынған бала пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бауырды ауыстырып салғанда пайдаланылуы

Ересектер: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдауды бауырды ауыстырып салғаннан кейін алғашқы 4 күн ішінде бастаған жөн, мұндайда, ол жағымды болған сәттен, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын пероральді түрде қабылдауға тағайындайды. Бауыры ауыстырып салынған пациенттер үшін ұсынылатын пероральді доза күніне екі рет 1,5 г құрайды (тәуліктік доза – 3 г).

Балалар

Бауыры ауыстырып салынған бала пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Егде жастағы (65 жастан бастап) пациенттер үшін пайдаланылуы

Егде жастағы адамдар үшін, бүйрегі ауыстырып салынған пациенттер үшін ұсынылған 1 г дозаны күніне екі рет және жүрегі немесе бауыры ауыстырып салынған пациенттер үшін 1,5 г дозаны күніне екі рет қабылдауға болады.

Бүйрек функциясының бұзылуларында пайдаланылуы: бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінен (шумақтық сүзілу жылдамдығы <25 мл•мин-1•1,73м-2) зардап шегіп жүрген, бүйрегі ауыстырып салынған пациенттер трансплантациядан кейінгі тура келесі кезеңде күніне екі рет 1 г-ден көбірек дозаларды қабылдауға жол бермеуі тиіс. Бұл пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс. Операциядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантатының функциясы кешіктірілген пациенттер үшін дозаны ешқандай да түзету қажет емес. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген, жүрегі немесе бауыры ауыстырып салынған пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігінде пайдаланылуы

Бауырдың ауыр паренхиматозды некрозынан зардап шегіп жүрген пациенттер үшін дозаны ешқандай да түзету қажет етілмейді. Ауыр паренхиматозды аурудан зардап шегіп жүрген, жүрегі ауыстырып салынған пациенттер үшін деректер жоқ.

Ажырау кету кризі кезіндегі емдеу

МҚ (микофенол қышқылы) Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының ажырауы микофенол қышқылының фармакокинетикасында өзгерулерге әкелмейді; Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату қажет емес. Жүрек трансплантатының ажырауынан кейін Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының дозасын түзетуге негіз жоқ. Бауыр трансплантаттарының ажырауына қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Келесі жағымсыз әсерлер клиникалық сынақтар барысында байқалатын жағымсыз реакцияларды қамтиды

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктіріп қабылдаумен байланысты негізгі жағымсыз реакциялар диареяны, лейкопенияны, сепсисті және құсуды қамтиды, сондай-ақ инфекциялардың жекелеген түрлерінің туындау жиілігінің өте жоғары болғаны жөнінде деректер бар.

Қатерлі жаңа түзілімдер

Дәрілік заттарды, соның ішінде Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын біріктіруді қамтитын иммуносупрессиялық емделуден өтіп жүрген пациенттер лимфомалардың және басқа да қатерлі жаңа түзілімдердің, әсіресе терінің қатерлі ісігінің пайда болуының жоғары қаупіне ұшырайды. Лимфопролиферациялық аурулар немесе лимфомалар, ең жоқ дегенде, бір жылдан соң бүйрек (2 г дозаны қабылдағанда), жүрек және бауыр ауыстырып салынғаннан кейін, басқа иммунодепрессанттармен біріктіргенде байқалды. Пациенттерде терінің меланомалы емес обыры және басқа да қатерлі жаңа түзілімдер байқалады. Бүйрегі және жүрегі ауыстырып салынғаннан кейін пациенттердегі үш жыл ішіндегі қауіпсіздік жөніндегі деректер, 1 жыл ішіндегі деректермен салыстырғанда, қатерлі жаңа түзілімдердің таралу жиілігінде ешқандай да күтілмеген өзгерістерді білдірген жоқ. Бауыры ауыстырып салынған пациенттер кем дегенде 1 жыл, бірақ 3 жылдан азырақ бақылауда болады.

Оппортунистік инфекциялар

Трансплантациядан кейін барлық пациенттер оппортунистік инфекциялардың жоғары қаупіне ұшырайды; қауіп толық иммуносупрессиялық жүктеме кезінде ұлғаяды. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын (күніне 2 г немесе 3 г) басқа иммунодепрессанттармен бірге қабылдап жүрген пациенттерде, ең жоқ дегенде, бір жылдан соң бүйректі (2 г дозаны қабылдаған кездегі деректер), жүректі және бауырды ауыстыру жүргізілген пациенттерде өте кең таралған оппортунистік инфекциялар терінің және шырышты қабықтардың кандидозын, ЦМВ виремиясын/ синдромын және қарапайым ұшықты қамтыды. ЦМВ виремиясы/синдромы бар науқастардың үлесі 13,5%-ды құрады.

Балалар және жасөспірімдер (2-ден 18 жасқа дейін)

Күніне екі рет ішке 600 мг/ м2 Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдаған 2-ден 18 жасқа дейінгі педиатриялық пациенттер қатыстырылған клиникалық зерттеулер барысында жағымсыз реакциялардың туындау типі және жиілігі, жалпы алғанда, күніне екі рет 1 г Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдаған ересек пациенттерде байқалғандарға ұқсас болды. Дегенмен, емдеуді аяқтағаннан кейін емдеумен байланысты жағымсыз әсерлер, ересектермен салыстырғанда, бала жасындағы топтарда, әсіресе 6 жасқа дейінгі балаларда көбірек жиі болды және диареяны, сепсисті, лейкопенияны, анемияны және инфекцияларды қамтыды.

Егде жастағы (65 жастан бастап) пациенттер

Егде жастағы (65 жастан бастап) пациенттер, әдеттегідей, иммуносупрессия салдарынан жағымсыз реакциялардың пайда болуының жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін. Біріктірілген иммуносупрессиялық ем құрамында Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген егде жастағы пациенттер кейбір инфекциялардың (соның ішінде цитомегаловирустық тіндік инвазиялық ауру) пайда боуының жоғары қаупіне тап болуы және, жасырақ адамдармен салыстырғанда, асқазан-ішектік қан кетулер және өкпенің ісінуі болуы мүмкін.

Басқа да жағымсыз реакциялар

Жағымсыз реакциялар, бүйректі (2 г дозаны қабылдағаннан кейінгі деректер), жүректі және бауырды ауыстырып салғаннан кейін пациенттерге жүргізілген бақыланатын клиникалық сынақтар барысында Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдаған пациенттердің > 1/10 және > 1/100-ден <1/10 дейінінде байқалған, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдаумен байланысты болуы ықтимал немесе болуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялар, бүйректі, жүректі және бауырды ауыстырып салғаннан кейін пациенттерге жүргізілген бақыланатын клиникалық сынақтар барысында Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалған, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдаумен байланысты болуы ықтимал немесе болуы мүмкін.

Жүйелік-ағзалық кластар аясында жағымсыз әсерлер туындау жиілігінің бағанында келесі санаттарды пайдаланып берілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (>1/10000-нан <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес). Туындау жиілігінің әрбір тобының аясында жағымсыз әсерлер күрделілігінің азаюы ретімен берілген.

Өте жиі

- сепсис

- асқазан-ішек жолдарының кандидозы

- несеп шығару жолдарының инфекциялары

- қарапайым ұшық

- белдемелі теміреткі

- лейкопения

- тромбоцитопения

- анемия

- құсу

- іштің ауыруы

- диарея

Жиі

- тұмау

- тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмония

- тыныс алу жолдарының кандидозы

- асқазан-ішектік инфекциялар, гастроэнтерит

- кандидоз

- бронхит, фарингит, синусит, риниттер

- зеңдік тері инфекциялары, тері кандидозы

- қынаптық кандидоз

- терінің обыры, терінің қатерсіз ісігі

- панцитопения, лейкоцитоз, анемия

- ацидоз, гиперкалиемия, гипокалиемия, гипергликемия, гипомагниемия,

гипокальциемия, гиперхолестеринемия, гиперлипидемия,

гипофосфатемия, гиперурикемия

- подагра

- анорексия

- қозу, сананың шатасуы, депрессия, үрейлену, патологиялық ойлау, ұйқысыздық, ұйқышылдық

- конвульсия, тремор, миастениялық синдром

- бас айналу, бас ауыру

- парестезия

- дисгевзия

- тахикардия, гипотония, гипертония, вазодилатация

- экссудативті плеврит

- ентігу, жөтел

- асқазан-ішектік қан кету

- перитонит, ішек бітелісі, колит

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастрит, эзофагит

- стоматит

- іш қату, диспепсия, метеоризм, кекіру

- гепатит, сарғаю, гипербилирубинемия

- тері гипертрофиясы, бөртпе, акне, алопеция

- артралгия

- бүйрек функциясының бұзылуы

- ісіну, гипертермия, қалтырау, ауыру, дімкәстік, жалпы әлсіздік

- бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауы, қан креатининінің жоғарылауы, лактат-дегидрогеназа, мочевина, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейлерінің жоғарылауы, салмақтың төмендеуі

Келесі жағымсыз әсерлер препарат нарыққа шыққаннан кейінгі зерттеулердегі жағымсыз реакцияларды қамтиды.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары нарыққа шыққаннан кейінгі зерттеулер кезінде байқалған жағымсыз реакциялардың типтері бүйрек, жүрек және бауырды ауыстырып салуға жүргізілген бақыланатын зерттеулер барысында байқалғандарға ұқсас болды. Препарат нарыққа шыққаннан кейінгі зерттеулер барысында мәлімделген қосымша жағымсыз реакциялар, егер ол белгілі болса, төменде жиілігі жақшалармен көрсетіліп сипатталған.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: колит, цитомегаловирустық колитті (>1/100-ден <1/10 дейін), панкреатитті (>1/100-ден <1/10 дейін) және ішек түкшелерінің атрофиясын қоса.

Иммуносупрессиямен байланысты бұзылулар: өмірге қауіп төндіретін күрделі инфекциялар, мысалы, менингитті, эндокардитті, туберкулезді және атипиялық микобактериялық инфекцияларды қоса. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттер арасында кейде өліммен аяқталатын үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары жөнінде мәлімделді. Тіркелген жағдайларда, әдеттегідей, иммунодепрессанттармен емдеуді және иммундық функцияның бұзылуын қоса, PML қауіп факторлары болды.

Агранулоцитоз (>1/1000-нан <1/100 дейін) және нейтропения жағдайлары жөнінде мәлімделді; сондықтан Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттерді үнемі бақылап отыру ұсынылады. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттерде апластикалық анемия және сүйек кемігі қызметінің басылу жағдайлары жөнінде мәлімделді, олардың кейбіреулері өліммен аяқталған.

Аса жоғары сезімталдық: Ангионевроздық ісінуді және анафилаксиялық реакцияны қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялар байқалды.

Туа біткен даму кемістіктері: жүктілік және емшек емізу тармағында көрсетілген нақтырақ ақпаратты қараңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеулер тек ересектерде ғана жүргізілді.

Ацикловир: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын ацикловирмен бірге қабылдағанда, ацикловирді жеке қабылдаумен салыстырғанда, плазмада ацикловир концентрациясының жоғарылағаны байқалды. Фармакокинетикада микофенол қышқылы глюкуронидінің (микофенол қышқылының фенольді глюкурониді) өзгерістері (микофенол қышқылы глюкурониді 8%-ға артты) барынша ең төмен болды және клиникалық тұрғыдан маңызды деп саналмайды. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде плазмадағы микофенол қышқылы глюкуронидінің концентрациялары артатын болғандықтан, сондай-ақ ацикловир концентрациялары сияқты, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының және ацикловирдің немесе олардың депо-формаларының, мысалы, валацикловирдің өзекшелік секреция үшін күресуіне потенциалды мүмкіндіктері бар, және екі заттың да концентрациялары тағы да көбірек артуы мүмкін.

Магний және алюминий гидрототықтары бар антацидтер: антацидтерді қабылдаған кезде Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының абсорбциясы төмендеді.

Холестирамин: 1,5 г Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын бір реттік қабылдағанда алдын ала 4 г холестираминді 4 күн бойы күніне үш реттен қабылдағанда микрофенол қышқылының қисық астындағы ауданының 40%-ға қысқарғаны байқалды. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары тиімділігінің ықтимал төмендеуі салдарынан осы дәрілік препараттарды тағайындағанда сақтық танытқан жөн.

Бауырлық-ішектік кері айналымға кедергі жасайтын дәрілік препараттар: бауырлық-ішектік кері айналымға кедергі жасайтын дәрілік препараттарды қолданғанда, олар Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының тиімділігін төмендетуі мүмкін болғандықтан, сақтық таныту керек.

А циклоспорин: A циклоспориннің (CsA) фармакокинетикасы Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының ықпалына ұшырамайды.

Осыдан айырмашылығы, циклоспоринді қатар қабылдауды тоқтатқан кезде микофенол қышқылының қисық астындағы ауданының шамамен 30%-ға төмендеуі күтіледі.

Ганцикловир: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының және IV ганцикловирдің ұсынылатын пероральді дозаларын бір реттік қабылдауға жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінен және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының және ганцикловирдің фармакокинетикасына белгілі әсерлерінен қорытынды шығарар болсақ, осы дәрілік препараттарды (олар бүйректік өзекшелік секрециясының механизмі үшін күреседі) бірге қабылдау микофенол қышқылы глюкуронидтерінің және ганцикловирдің концентрацияларының артуына әкеледі деп күтіледі. Микофенол қышқылының фармакокинетикасында елеулі өзгерістер күтілмейді, және Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының дозасын түзету қажет болмайды. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және ганцикловирді немесе олардың депо-формаларын, мысалы, валганцикловирлерді бірге қабылдау тағайындалатын, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ганцикловирдің ұсынылатын дозаларын сақтау қажет, және мұндай пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Оральді контрацептивтер: оральді контрацептивтердің фармакокинетикасы және фармакодинамикасы Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын бірге қабылдаудың әсеріне ұшыраған жоқ.

Рифампицин: сондай-ақ циклоспорин қабылдамаған пациенттердің Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және рифампицинді қатар қабылдауы микофенол қышқылының әсер етуінің (қисық астындағы аудан -12) 18%-дан 70%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Микофенол қышқылының әсер ету деңгейлерін бақылау және рифампицинді бірге қабылдағанда клиникалық тиімділігін демеу үшін Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының дозасын тиісінше түзету ұсынылады.

Сиролимус: пациенттерде бүйрегін ауыстырып салғаннан кейін Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және CsA қатар қабылдау, сиролимусты және Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының ұқсас дозаларын бірге қабылдап жүрген пациенттермен салыстырғанда, микофенол қышқылының әсер етуінің 30-50%-ға төмендеуіне әкелді.

Севеламер: микофенол қышқылының орташа ең жоғары концентрациясының және қисық астындағы ауданның (0-12), сәйкесінше, 30%-ға және 25%-ға төмендеуі Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және Севеламерді қандай да болсын клиникалық зардаптарсыз (яғни трансплантаттың ажырауынсыз) бірге қабылдаған кезде байқалды. Алайда Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын, ең жоқ дегенде, микофенол қышқылының абсорбциясына әсерін барынша ең төменге азайту үшін севеламерді қабылдаудан бір сағат бұрын немесе қабылдаудан кейін үш сағаттан соң қабылдау ұсынылады. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының, севеламерден өзге, басқа фосфатбайланыстыратын препараттармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ.

Триметоприм/ сульфаметоксазол: микофенол қышқылының биожетімділігіне ешқандай да ықпалы байқалған жоқ.

Норфлоксацин және метронидазол: дені сау ерікті адамдарда Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және норфлоксацинді немесе метронидазолды бірге қабылдағанда препараттардың маңызды өзара әрекеттесулері байқалған жоқ. Алайда норфлоксацинді және метронидазолды бірге қабылдау Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының бір реттік дозасынан кейін микофенол қышқылының әсерін шамамен 30%-ға төмендетті.

Такролимус: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын және такролимусты қабылдауды бастаған, бауыры ауыстырып салынған пациенттерде Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының белсенді метаболиті микофенол қышқылының қисық астындағы ауданы және орташа ең жоғары концентрациясы такролимусты бірге қабылдағанда елеулі әсерге ұшыраған жоқ. Керісінше, такролимус қабылдап жүрген пациенттер Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының көп рет (күніне екі рет 1,5 г) қабылдағанда такролимустың қисық астындағы ауданының 20%-ға артқаны байқалды. Дегенмен, бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерде такролимустың концентрациясы Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының әсер етуінен өзгерген жоқ.

Басқа да өзара әрекеттесулер: белгілі болғандай, бүйректің өзекшелік секрециясы арқылы шығарылатын басқа заттар микофенол қышқылының глюкоронидтерімен бәсекелесуі, және осылайша, микофенол қышқылының глюкоронидтерінің және өзекшелік секреция арқылы өтетін басқа заттардың плазмадағы концентрацияларын арттыруы мүмкін.

Тірі вакциналар: тірі вакциналарды иммунитеті төмендеген пациенттерге тағайындамау керек. Басқа вакциналарға жауап ретінде антиденелердің өндірілуі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қоса, дәрілік заттардың біріктірілімін қолданып, иммуносупрессиялық ем қабылдап жүрген пациенттер лимфомалардың және басқа да қатерлі жаңа түзілімдердің, әсіресе терінің қатерлі түзілімдерінің пайда болуының жоғары қаупіне ұшырайды. Көрсетілгендей, осы қауіп кез келген нақты препаратты пайдаланумен емес, ол бәрінен бұрын иммуносупрессиялық емнің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты. Тері обырының даму қаупін барынша ең азға жеткізуге қатысты жалпы нұсқаулар қорғаныш киімнің және күннен қорғайтын қорғаныш коэффициенті жоғары кремді пайдалану жәрдемімен күн сәулелерінің және ультракүлгін жарықтың әсерін шектеуді қамтиды.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттерге пайда болған инфекцияның кез келген белгілері, күтпеген көгерулердің пайда болуы, қан кетулер немесе сүйек кемігінің қызметі бәсеңдеуінің кез келген басқа көріністері жөнінде дереу мәлімдеп отыру керектігіне нұсқау берілуі тиіс.

Иммундық жүйенің шамадан тыс бәсеңдеуі, оппортунистік инфекцияларды, өлімге әкелетін инфекцияларды және сепсисті қоса, инфекцияларға сезімталдықты арттырады.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттер арасында үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ) жағдайлары, кейде өліммен аяқталу тіркелген. Тіркелген жағдайларда, әдеттегідей, иммуносупрессанттармен емдеуді және иммундық функцияның бұзылуын қоса, PML қаупінің факторлары болды. Иммунитеті әлсіреген пациенттерді емдеген кезде дәрігерлер неврологиялық симптомдардың орын алуы мәлімделген пациенттердің дифференциалды диагностикасын анықтағанда үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияны (ҮМЛ) ескеруі тиіс, және неврологтан кеңес алу клиникалық көрсетілім ретінде қарастырылуы тиіс.

ҮМЛ дамитын пациенттер үшін жалпы иммуносупрессияны қысқарту жөніндегі мәселені қарастыру керек. Алайда пациенттерде трансплантациядан кейін иммуносупрессияның қысқаруы трансплантатқа қауіп төндіруі мүмкін.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттер нейтропенияны анықтау үшін бақылануы тиіс, ол Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларымен, қатар жүретін препараттармен, вирустық инфекциялармен немесе осы себептердің бірігуімен байланысты болуы мүмкін. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттердің қанына толық талдау алғашқы ай ішінде апта сайын, емдеудің екінші және үшінші айында айына екі рет, ал содан кейін алғашқы жыл ішінде ай сайын жасалуы тиіс. Нейтропения (нейтрофилдердің абсолюттік саны <1,3 х 103/мкл) дамыған жағдайда Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдауды үзу немесе тоқтату мақсатқа сай болуы мүмкін.

Пациенттер Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдау кезінде вакцинацияның тиімділігі азырақ болуы мүмкін екендігінен, ал тірі аттенуирленген вакциналарды пайдалануға жол бермеу керектігінен хабардар болуы тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация пайдалы болуы мүмкін. Ем тағайындайтын дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинация бойынша ұлттық нұсқауларды орындауы тиіс.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдау ас қорыту жүйесі тарапынан, ойық жараның, қан кетулердің және асқазан-ішек жолдарының тесілуі жағдайларын қоса, жағымсыз әсерлер жағдайларының артуымен байланысты болғандықтан, ас қорыту жүйесінің белсенді күрделі аурулары бар пациенттерге Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын сақтықпен тағайындаған жөн.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары IMPDH-тың (инозин-монофосфат-дегидрогеназаның) тежегіші болып табылады. Демек, теориялық түсінік бойынша, оны сирек тұқым қуалайтын, мысалы, Леша-Найхан синдромы және Келли-Сигмиллер синдромы сияқты гипоксантин-гуанин-фосфорибозил-трансфераза (HGPRT) тапшылығы бар пациенттердің қабылдауына жол бермеу керек.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын азатиопринмен бір мезгілде қабылдауға тағайындамау ұсынылады, өйткені мұндай бірге тағайындау зерттелген жоқ.

Холестираминнің ықпал етуімен қисық астындағы МРА ауданының едәуір қысқаруын ескеріп, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын ішек-бауырлық кері айналымына, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының тиімділігі төмендеуі мүмкін болғандықтан, кедергі жасайтын дәрілік заттармен бірге тағайындағанда сақтық таныту керек.

Қаупі: Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын такролимуспен немесе сиролимуспен біріктірудің тиімділігі анықталған жоқ.

Жүктілік және емшек емізу

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларымен емдеуді жүктілікке теріс тест алынбайынша бастамау ұсынылады. Тиімді контрацепция Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларымен емдеуді бастағанға дейін, емдеу кезінде және емдеуді аяқтағаннан кейін алты апта ішінде пайдаланылуы тиіс. Пациенттер жүктілік басталған жағдайда өз дәрігеріне кідірмей бару керектігінен хабардар болуы тиіс.

Жүктілік кезінде Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қолдану ұсынылмайды және емдеудің көбірек сай келетін баламасы жоқ болған жағдайлармен ғана шектелуі тиіс. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары жүкті әйелдерге, егер оның потенциалды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупінен басым болса ғана, пайдаланылуы тиіс. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер шектеулі. Алайда жүктілік кезінде Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын басқа иммунодепрессанттармен біріктіріп қабылдап жүрген пациенттердің балаларында құлақтың даму кемістіктерін, яғни сыртқы/ортаңғы құлақтың дұрыс қалыптаспауын немесе жоқ болуын қоса, туа біткен кемістіктердің даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдап жүрген пациенттерде өздігінен түсік тастау жағдайлары тіркелді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер осы препараттың репродукциялық уыттылығын көрсетті.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулалары егеуқұйрықтардың емшек сүтіне бөлініп шығатындығын көрсетті. Осы заттың адамның емшек сүтіне бөлініп шығатындығы-шықпайтындығы белгісіз. Емшек еметін балаларда Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларына ауыр жағымсыз реакциялардың орын алуы мүмкін болатындықтан, бала емізетін аналарға Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қолдануға болмайды.

Көлік құралын және потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуіне ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Фармакодинамикалық бейіндері және жағымсыз реакциялар жөніндегі мәлімдемелер мұндай ықпал етудің екіталай екендігін көрсетеді.

Артық дозалануы

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсуласының артық дозалануы жөнінде мәлімдемелер клиникалық сынақтар нәтижесінде және препарат нарыққа шыққаннан кейінгі зерттеулер кезінде алынды. Осы жағдайлардың көбісінде ешқандай да жағымсыз оқиғалар жөнінде мәлімделген жоқ. жөнінде кездегі Артық дозалану жағдайларында мәлімделген мұндай жағымсыз оқиғалар дәрілік заттың қауіпсіздігі көрсеткіштерінің шегінде болды.

Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларының артық дозалануы иммундық жүйенің шамадан тыс басылуына, инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауына және сүйек кемігі қызметінің басылуына әкелуі мүмкін деп болжам жасалады. Нейтропения дамыған жағдайда, Микофенолат мофетилінің 250 мг капсулаларын қабылдауды тоқтату немесе дозасын азайту керек.

Микофенол қышқылының немесе микофенол қышқылы глюкоронидтерінің клиникалық тұрғыдан маңызды мөлшері гемодиализбен шығарылмауы мүмкін. Өт қышқылдарының экскрециясын күшейтетін, мысалы, холестерамин сияқты заттар микофенол қышқылын препараттың энтеробауырлық кері айналымын азайту жолымен жоюы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ақ түсті сырты күңгірт полипропилен қақпақпен және іші мөлдір полипропилен қақпақпен бұрап жабылатын, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті пластик құтыға 100 капсуладан салынған.

Ақ түсті күңгірт пропилен қақпақпен бұрап жабылатын, тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ түсті пластик құтыға 500 капсуладан салынған.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге берілген.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

Strides Pharma Science Limited

36/7, Suragajakkanahalli,

Indlavadi Cross,

Anekal Taluk,

Бангалор – 562 106, ҮНДІСТАН

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Strides Pharma Science Limited

«Strides House» Bilekahalli,

Bannerghatta Road,

Бангалор – 560 076, ҮНДІСТАН

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Попова Татьяна Александровна» ЖК, 050057, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұқар жырау 65, пәт. 8, Тел.: +7 7713009907, e-mail: popovakz@gmail.com

Прикрепленные файлы

Mycofenolat_mofetyl_cap_250mg__IMU_rus_approved.docx 0.06 кб
Mycofenolat_mofetyl_caps_250mg_IMU_kaz_approved.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту