Метформин Лонг Канон

МНН: Метформина гидрохлорид
Производитель: Канонфарма продакшн ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metformin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№024830
Информация о регистрации в РК: 02.12.2020 - 02.12.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Метформин Лонг Канон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Метформин

Дәрілік түрі, дозасы

Босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалар, 500 мг

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жүйесі және зат алмасу. Диабет кезінде қолданылатын дәрілік препараттар. Инсулиндерді қоспағанда, қандағы глюкоза деңгейін төмендететін дәрілер. Бигуанидтер. Метформин

АТХ коды A10BA02

Қолданылуы

  • Глюкозаға төзімділігі бұзылған және/немесе ашқарынға гликемиясы бұзылған және/немесе гликирленген гемоглобин деңгейі жоғары ересек пациенттерде 2 типті қант диабеті қаупінің төмендеуі және профилактикасы:

- 2 типті қант диабетінің даму қаупі жоғары

- өзгертуге қарамастан, 2 типті қант диабеті үдегенде

3-6 ай ішінде өмір сүру салтын өзгерту

Метформин Лонг Канон препаратымен емдеу тиісті гликемиялық бақылауды және жоғары жүрек-қантамыр қаупін көрсететін айғақты қамтитын қауіпті бағалауға негізделуі тиіс.

Метформинмен емдеу басталғаннан кейін пациент оны медициналық көрсеткіштер бойынша жасай алмайтын жағдайларды қоспағанда, өмір сүру салтын өзгертуді жалғастыруы тиіс.

  • 2 типті қант диабетін емдеу ересек пациенттерде, әсіресе артық салмағы бар пациенттерде, диеталық ем мен физикалық жүктемелер тиісті гликемиялық бақылауға әкелмеген кезде.

Метформин Лонг Канон монотерапия түрінде немесе басқа да диабетке қарсы оральді дәрілермен немесе инсулинмен бірге қолданылуы мүмкін.

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- метформинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары

сезімталдық

- метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактоацидоз, диабеттік

кетоацидоз)

- диабеттік прекома

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <30 мл/мин)

- бүйрек функциясының бұзылуын туындатуы мүмкін жедел жағдайлар: дегидратация, ауыр инфекция, шок

- тіндердің гипоксиясымен қатар жүретін жедел немесе созылмалы аурулар: жүрек функциясының декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, жақында бастан өткерген миокард инфарктісі, шок

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- жедел алкогольдік улану, алкоголизм

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында йод бар контрастты дәрілер

Рентгенография немесе сканерлеу кезінде құрамында йод бар контрастты заттарды тамыр ішіне енгізгенде инъекцияға дейін немесе кезінде Метформин Лонг Канон препаратын қабылдауды тоқтату қажет. Метформин Лонг Канон препаратымен емдеуді қайта бастауға зерттеуден кейін 48 сағаттан ерте емес және бүйрек функциясы қайта бағаланған және тұрақты деп танылған жағдайда рұқсат етіледі.

Егер Сіз басқа дәрі-дәрмектерді қабылдасаңыз, жақында қабылдасаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігерге хабарлау қажет. Бұл жағдайда қандағы глюкоза деңгейін жиі анықтау және бүйрек функциясын бағалау қажет болуы мүмкін, сонымен қатар Метформин Лонг Канонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метформинді мынадай дәрілік препараттармен бірге қолданған кезде ерекше сақтық таныту қажет:

Несеп өндірудк арттыратын дәрілік препараттар (фуросемид сияқты диуретиктер (несепайдатқы таблеткалар)).

Ауырсыну мен қабынуды емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар (ҚҚСП және ибупрофен және целекоксиб сияқты ЦОГ-2 тежегіштері).

Жоғары қан қысымын емдеуге арналған кейбір дәрілік заттар (АӨФ тежегіштері және ангиотензин II рецепторларының антагонистері).

Преднизолон, мометазон, беклометазон сияқты стероидтар.

Симпатомиметикалық препараттар, соның ішінде адреналин мен допамин, олар жүрек ұстамаларында және төмен қан қысымында қолданылады. Адреналин кейбір стоматологиялық анестетиктердің құрамына кіреді.

Қандағы Метформин Лонг Канонның мөлшерін өзгерте алатын дәрілік препараттар, әсіресе егер сізде бүйрек функциясы төмендесе (мысалы, верапамил, рифампицин, циметидин, долутегравир, ранолазин, триметоприм, вандетаниб, изавуконазол, кризотиниб, олапариб).

Метформин Лонг Канонды алкогольмен

Алкогольден интоксикация кезінде, әсіресе ашығу немесе жеткіліксіз тамақтану және бауыр функциясының жеткіліксіздігі жағдайында лактоацидоздың даму қаупі бар.

Арнайы сақтандырулар

Лактоацидоздың даму қаупі

Метформин Лонг Канон өте сирек, бірақ елеулі жағымсыз әсерді туындатуы мүмкін – лактоацидоз, әсіресе бүйрек функциясының бұзылғанжа, жүрек-өкпе ауруларымен ауырғанда және сепсис кезінде.

Лактоацидоздың даму қаупі бақыланбайтын қант диабеті, ауыр инфекциялар, ұзақ уақыт ашығу, алкоголь ішу немесе дегидратация, бауыр функциясының жеткіліксіздігі және гипоксия байқалатын кез-келген патология кезінде (мысалы, жүректің ауыр ауруы) артады.

Жүрек функциясының тұрақты созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде метформинді жүрек пен бүйрек функциясының тұрақты мониторингі кезінде ғана қолдануға болады. Жүрек функциясының жедел және тұрақсыз жеткіліксіздігі бар пациенттерге Метформин Лонг Канон қарсы көрсетілімді.

Метформин Лонг Канонды қабылдауды тоқтату қажет, егер дегидратацияны туындататын мүмкін жағдайлар байқалса (организмде сұйықтықтың едәуір жоғалуы), мысалы, қатты құсу, диарея, қызба, жылудың әсер етуі немесе сұйықтықты жеткіліксіз ішу.

Лактоацидоз симптомдары пайда болған кезде Метформин Лонг Канонды қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге немесе жақын ауруханаға бару керек, өйткені лактоацидоз комаға әкелуі мүмкін.

Лактоацидоз симптомдары:

құсу,

ентігу,

асқазанның ауыруы (іштің ауыруы),

бұлшықеттердің құрысуы,

қатты шаршаумен байқалатын өзін нашар сезіну,

тыныс алудың қиындауы,

дене температурасының төмендеуі және жүректің соғуы.

Лактоацидоз кезінде ауруханада шұғыл медициналық көмек қажет.

Метформин Лонг Канон препаратын қолдануды жалпы, жұлындық немесе эпидуральдық анестезиямен жүргізілетін жоспарлы хирургиялық араласуларға дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек. Қабылдауды хирургиялық араласулардан кейін немесе тамақ қабылдауды қайта бастағаннан кейін, сондай-ақ бүйрек функциясын қайта бағалаудан кейін 48 сағаттан ерте емес жаңартуға болады.

Метформин Лонг Канон препаратымен емдеу кезінде кем дегенде жылына бір рет немесе егде жастағы адамдарда және/немесе бүйрек функциясы нашарлаған кезде бүйрек функциясын тексеру қажет. Шумашалық сүзілу жылдамдығы көрсеткіші Метформин Лонг Канон препаратымен емдеуді бастар алдында және тұрақты түрде анықталуы тиіс.

75 жастан асқан адамдарға Метформин Лонг Канон препаратымен емдеуді 2 типті қант диабетінің даму қаупін төмендету үшін емдік тиімділігі бойынша деректердің жоқтығына байланысты бастамаған жөн.

Таблеткалардың қалдықтары нәжісте анықталуы мүмкін. Бұл типтегі таблеткалар үшін бұл қалыпты жағдай.

Дәрігердің тамақтануға қатысты ұсыныстарын сақтауды жалғастыру, сондай-ақ күні бойы көмірсулардың тұрақты қабылдауын бақылау қажет.

Дәрігердің ұсынымынсыз препаратты қабылдауды тоқтатуға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала көтеруді жоспарлау кезінде және жүктілік кезінде метформинді қолдану ұсынылмайды. Қан глюкозасының деңгейін мүмкіндігінше нормаға жақын ұстау үшін ұрықтың даму бұзылыстарының пайда болу қаупін азайту үшін инсулинді қолдану керек.

Метформин Лонг Канон препаратымен емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды. Бала емізудің пайдасы мен балаға жағымсыз реакциялардың ықтимал қаупін ескере отырып, бала емізуді үзуге қатысты шешім қабылдау қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Метформин Лонг Канон гипогликемия симптомдарын туындатпайды (қандағы қанттың төмен деңгейі және салдарынан әлсіздік, сананың шатасуы және терлеудің жоғарылауы), сондықтан көлік құралын немесе механизмді басқару қабілетіне әсер етпеуі керек.

Дегенмен, Метформин Лонг Канонды диабетке қарсы басқа дәрілермен бірге қабылдау гипогликемияны туындатуы мүмкін, сондықтан көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде ерекше сақтық таныту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Бүйрек функциясы қалыпты ересек пациенттер (ШСЖ ≥ 90 мл/мин)

Қант диабетінің даму қаупінің төмендеуі

Метформин 3-6 ай ішінде өмір сүру салтын өзгерту гликемияны барабар бақылауға алып келмейтін жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс.

Емдеу кешкі ас кезінде күніне 1 рет 500 мг дозадан басталуы керек.

Ем басталғаннан 10-15 күн өткен соң гликемия деңгейін (глюкозаға толеранттылық тесті және/немесе ашқарынға гликемия деңгейі және/немесе гликирленген гемоглобин қалып шегінде болуы тиіс) бағалау жүргізу ұсынылды. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жолының төзімділігін жақсартуға көмектеседі. Ұсынылған ең жоғары тәуліктік доза кешкі ас кезінде тәулігіне 4 таблетканы (2000 мг) құрайды.

Гликемиялық статусқа (әр 3-6 ай сайын) тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады (глюкозаға толеранттылық тестіні, ашқарынға гликемияны, гликирленген гемоглобинді бағалау).

Емнің жалғасуын қайта бағалау туралы шешім, егер пациент өмір сүру салты мен тамақтануды ойдағыдай өзгерткен болса, қабылдануы мүмкін.

Монотерапия және басқа да диабетке қарсы пероральді дәрілермен бірге біріктірілген ем:

Әдеттегі бастапқы доза тәулігіне 1 рет 500 мг құрайды.

Ем басталғаннан 10-15 күн өткен соң, қан глюкозасын өлшеу нәтижелері негізінде препараттың дозасын түзету қажет. Дозаны баяу арттыру асқазан-ішек жолының төзімділігін жақсартуға көмектеседі.

Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 500 мг Метформин Лонг Канон 4 таблеткасы.

Қан плазмасындағы глюкозаның мөлшеріне байланысты әрбір 10-15 күн сайын дозаны кешкі ас кезінде тәулігіне ең жоғары тәуліктік 2000 мг дозаға дейін 500 мг-ға баяу арттырады.

Егер глюкоза мөлшерін бақылауға күніне 1 рет қабылданатын ең жоғары тәуліктік дозада қол жеткізілмесе, онда осы дозаны күніне бірнеше қабылдауға келесі схема бойынша бөлу мүмкіндігін қарастыруға болады: босап шығуы ұзаққа созылған 500 мг Метформин Лонг Канон: таңғы ас кезінде 2 таблетка және кешкі ас кезінде 2 таблетка. Егер гликемияның қажетті деңгейіне қол жеткізілмесе, пациенттер тәулігіне ең жоғары ұсынылған 3000 мг дозада стандартты метформинге ауыстырылуы мүмкін.

Метформинмен таблеткада ем қабылдаған пациенттерге Метформин Лонг Канон препаратының бастапқы дозасы дереу босап шығатын таблеткалардағы метформиннің тәуліктік дозасына баламалы болуы тиіс.

Күніне 2000 мг астам дозада метформин қабылдайтын пациенттерге босап шығуы ұзаққа созылған Метформин Лонг Канонға ауысу ұсынылмайды.

Диабетке қарсы басқа дәріні қабылдаудан өтуді жоспарлаған жағдайда: басқа дәріні қабылдауды тоқтату және жоғарыда көрсетілген дозада Метформин Лонг Канон препаратын қабылдауды бастау қажет.

Инсулинмен біріктірілімі

Қандағы глюкозаны жақсы бақылауға қол жеткізу үшін Метформин Лонг Канон мен инсулинді біріктірілген ем ретінде қолдануға болады. Метформин Лонг Канонның әдеттегі бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 500 мг құрайды, ал инсулин дозасын қандағы глюкозаны өлшеу нәтижелері негізінде таңдайды.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Таблеткаларды кешкі ас кезінде күніне бір рет қабылдау керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Егер Сіз қосымша таблеткаларды қате қабылдасаңыз және Сізде ерекше симптомдар туындаса, дәрігермен кеңесу керек. Артық дозаланғанда лактоацидоздың дамуы мүмкін. Лактоацидоздың симптомдары спецификалы емес, мысалы, құсу, бұлшықет спазмымен байқалатын іштің ауыруы, қатты шаршау және тыныс алудың қиындауы. Одан әрі байқалатын симптомдары - бұл дене температурасының төмендеуі және жүректің соғуы.

Осы симптомдардың кейбірі туындаған жағдайда Метформин Лонг Канонды қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге көріну керек, өйткені лактоацидоз комаға әкелуі мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем және гемодиализ жүргізу.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаны есіңізге түскен бойда қабылдаңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, оларды дәрігерге немесе фармацевке қойыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау  керек шаралар

Барлық дәрілік препарат сияқты Метформин Лонг Канон препараты жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында туындай бермейді.

Метформин Лонг Канон лактоацидоз ретінде белгілі өте сирек, бірақ өте ауыр жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Егер бұл орын алса, Сіз Метформин Лонг Канонды қабылдауды тоқтатуыңыз керек және дереу дәрігерге немесе жақын ауруханаға баруыңыз керек, өйткені лактоацидоз комаға әкелуі мүмкін.

Метформин Лонг Канонды қолдану бауыр функциясы мен гепатиттің (бауырдың қабынуы) көрсеткіштерінің патологиялық өзгеруін туындатуы мүмкін, бұл өз кезегінде сарғаюдың дамуын туындатуы мүмкін. Көз және/немесе тері сарғайған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз.

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Өте жиі

- диарея, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, тәбеттің жоғалуы

Жиі

- дәм сезудің бұзылуы

Өте сирек

- лактоацидоз

- қан сарысуындағы В12 дәрумені деңгейінің төмендеуі

- функциялық бауыр сынамаларының өзгеруі, гепатит

- қызару, қышу және есекжемді қоса, тері бөртпелері.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 500 мг метформин гидрохлориді

қосымша заттар: гипромеллоза 2208

(гидроксипропилметилцеллюлоза 2208),

гипромеллоза 2910

(гидроксипропилметилцеллюлоза 2910),

кремнийдің коллоидты қостотығы,

магний стеараты,

микрокристалды целлюлоза.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, екі беті дөңес дөңгелек таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий баспалы лакталан фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан 10 таблеткадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада екінші қаптамада (картон қорапшасында) сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей

141100, Мәскеу облысы, Щелков ауданы, Щелково қ.,

Заречная к-сі, 105 үй.

Тел.: +7 (495) 797 99 54,

Факс: +7 (495) 797 96 63,

www.canonpharma.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Канонфарма продакшн» ЖАҚ, Ресей

141100, Мәскеу облысы, Щелков ауданы, Щелково қ.,

Заречная к-сі, 105 үй.

Тел.: +7 (495) 797 99 54,

Факс: +7 (495) 797 96 63,

www.canonpharma.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«АЛДИМЕД» ЖШС, Қазақстан Республикасы

050051, Алматы қ., Самал-1 ш.а., 1 үй.

Тел.: +7-701-749-08-99 (24 сағат)

Электронды пошта мекенжайы: anara.kokumbaeva@mail.ru

Прикрепленные файлы

Метформин_лв_каз.docx 0.05 кб
п.5_.8_ИМП_(ЛВ)_Метформин_ред_.1_.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники