Метромикон
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Метромикон
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қынаптық суппозиторийлер
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: 100 мг метронидазол және 100 мг миконазол нитраты,
өосымша заттар: суппозиторийге арналған негіз: жартылай синтетикалық глицеридтер 2000 мг дейін.
Сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш реңді ақ цилиндрконус пішінді суппозиторий. Қимасында ауалы және кеуекті өзегі мен воронка тәрізді ойығы болуы мүмкін
Фармакотерапиялық тобы
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Имидазол туындыларының біріктірілімі.
АТЖ коды G01AF20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қынап ішіне енгізу кезінде метронидазолдың биожетімділігі шамамен 20% құрайды. Метронидазол бауырда метоболизденеді. Гидроксильді метаболиттері белсенді. Метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі 6-11 сағат. Дозаның 20%-ға жуығы өзгермеген түрінде несеппен шығарылады. Миконазолды қынап ішіне енгізгенде аз ғана сіңеді және плазмада айқындалмайды.
Фармакодинамикасы
Метромикон – зеңге, протозойға және бактерияға қарсы әсер ететін біріктірілген препарат. Құрамында метронидазол мен миконазол нитраты бар.
Метронидазол Gardnerella vaginalis; қарапайымдылар: Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis, Entamoeba histolytica; анаэробты грамтеріс бактерияларға: Bacteroides spp. (Bacteroides fragilis, Bacteroides distasоnis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Prevotella spp. (Prevotella bivia, Prevotella buccae, Prevotella disiens); анаэробты грамоң бактерияларға: Clostridium spp., Eubacterium spp.; анаэробты грамоң кокктарға: Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp. қатысты алғанда белсенді. Метронидазолға аэробты микроорганизмдер мен факультативті анаэробтар төзімді. Әсер ету механизмі анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдылардың жасуша ішілік тасымалдаушы протеиндерімен метронидазолдың 5-нитротобын биохимиялық қалпына келтіруге негізделген. Қалпына келтірілген метронидазолдың микроорганизмдер жасушасы ДНҚ-сымен олардың бактериялардың қырылуына әкелетін нуклеинді қышқылдары синтезін тежей отырып, өзара әрекеттеседі.
Дерматомицеттер мен ашытқылар миконазолға барынша сезімтал болып табылады. Әр түсті Malassezia furfur теміреткі қоздырғышына, кейбір дерматомикоздар қоздырғыштарына (Candida albicans, Trichophyton, Epidermophyton floccosum, Microsporum) қатысты алғанда белсенді. Dimorphons fungi, Cryptococcus neoformans, Aspergillus spp., Pityrosporum, Torulopsis glabrata, Pseudallescheria boydii; стафилококктар мен стрептококктарды қоса, кейбір грамоң микроорганизмдерге қатысты алғанда белсенділік көрсетеді. Миконазол нитратының фунгицидті және фунгистатикалық әсері зең жасушалық жарғақшасы эргостеролының биосинтезін тежеуге, зең жасушаларының қырылуын туғыза отырып, липидті құрам өзгеруі мен жасушалық қабырға өткізгіштігіне себепші болады.
Қолданылуы
- трихомонадты вагинит және уретритте
- қынаптық және вульвовагинальды кандидозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Қынап ішіне. 10 күн бойы тәулігіне 1 рет тура ұйықтар алдында бір суппозиторийден. Емдеуді аурудың барлық симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше күн жалғастырады. Емдеу курстарының ұзақтығы мен оларды жүргізудің жиілігін дәрігер жекелей белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті
- қышу, ашу, қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі, әсіресе емнің басында
Жалпы
- түйілу сипатындағы іштің ауыруы
- жүрек айну, диарея
- бас ауыру, бас айналу
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне немесе басқа да нитроимидазол туындыларына асқын сезімталдықта
- жүктіліктің I триместрінде, лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бір мезгілде қолданған кезде метронидазол тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.
Метронидазолды бір мезгілде қолданған кезде:
дисульфираммен ОЖЖ тарапынан бұзылудың байқалуы мүмкін (психикалық реакциялар);
фенитоинмен қандағы фенитоин деңгейі жоғарылайды, ал қандағы метронидазол деңгейі төмендейді;
литий препараттарымен олардың уыттылығының жоғарылауы байқалуы мүмкін;
Фенобарбиталмен метронидазолдың қандағы деңгейі төмендейді;
Циметидинмен метронидазолдың қандағы деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Метронидазол және миконазол астемизол мен терфенадиннің метаболизмін тежейді, соның нәтижесінде қан плазмасында астемизол мен терфенадиннің концентрациясы артады.
Метромиконмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы теофиллин мен прокаинамидтің концентрациясы өзгеруі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты қолданған кезде жыныстық қатынастарды тоқтата тұрған жөн.
Трихомониазды емдеу кезінде жыныстық серіктесін бір мезгілде жүйелі әсер ететін препаратпен емдеген дұрыс.
Дисульфирам секілді реакциялардың дамуы мүмкін болғандықтан алкогольді қабылдамау керек.
Бауыр қызметінің ауыр бұзылулары (порфирияны қоса), қан түзілуінің бұзылуы мен шеткергі және орталық жүйке жүйесі аурулары кезінде сақтықпен қолданылады.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге осы жас санатында қолданылуы туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты ұсынылмайды
Жүктілік
Метромиконды жүктіліктің II және III триместрінде ана үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қатерден артық болатын жағдайда тек қатаң көрсетілім бойынша қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Препарат сіңірілуінің төмендігіне байланысты ұсынылатын дозалар сақталғанда артық дозалану жағдайлары болмаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті ламинацияланған полиэтилен үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозитроийден.
2 пішінді қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 - 25o C температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
ФАРМАПРИМ ЖШҚ
MD-2028, Молдова Республикасы,
Кишинэу қ., Г. Тудор к-сі, 3
Тіркеу куәлігінің иесі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы
Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«FARMAPRIM SRL» («ФАРМАПРИМ СРЛ») фирмасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 528-кеңсе
Телефон/факс: 279-65-18
Email: farmaprim.kz@farmaprim.md