Метрогил Дента®

МНН: Метронидазол, Хлоргексидин
Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005653
Информация о регистрации в РК: 27.12.2017 - 27.12.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Метрогил Дента®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Стоматологиялық гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар:

метронидазол бензоаты ……………………………… 16 мг

(метронидазолға баламалы ………………………….. 10 мг)

хлоргексидин глюконаты 20 % ерітінді түрінде …. 2,50 мг

(хлоргексидин глюконатына баламалы ..................... 0,5 мг)

қосымша заттар: пропиленгликоль, карбомер 980, динатрий эдетаты, натрий сахаринаты, левоментол, натрий гидроксиді, тазартылған су

Сипаттамасы

Ақ түсті немесе ақ дерлік түсті бозаңданатын жұмсақ гель

Фармакотерапиялық тобы

Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробтарға қарсы препараттар. Басқалары

АТХ коды A01AB11

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Стоматологиялық Метрогил Дента® гелінің әсері оның компоненттерінің жиынтықты әсері болып табылады, сондықтан оған фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Жергілікті қолданған кезде Метрогил Дента® гелі іс жүзінде сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Стоматологиялық Метрогил Дента® гелінің тиімділігі оның құрамында бактерияларға қарсы екі компоненттің болуымен жүзеге асады.

Метронидазолдың пародонт ауруларын тудыратын мына анаэробты бактерияларға қарсы антибактериялық әсері бар: Porphyromonas gingivalis, Prevotella intermedia, Fusobacterium fusiformis, Wolinella recta, Eikenella corrodens, Borrelia vincenti, Bacteroides melaninogenicus, Selenomonas spp.

Хлоргексидин грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің вегетативті түрлеріне, сондай-ақ ашытқыларға, дерматофиттерге және липофильді вирустарға қатысты бактерицидтік әсері бар кең ауқымды антисептик.

Қолданылуы

  • жедел және созылмалы гингивитте

  • жедел ойық жаралы-некроздық Венсан гингивитінде

  • жедел және созылмалы пародонтитте

  • жасөспірім пародонтитінде

  • гингивитпен асқынған пародонтозда

  • афтозды стоматитте

  • хейлитте

  • протез киген жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында

  • постэкстракциялық альвеолитте (тісті жұлғаннан кейін ұясы қабынғанда)

  • периодонтитте (біріктірілген ем құрамында)

Қолдану тәсілдері және дозасы

Жергілікті, тек стоматологиялық қолдануға арналған.

Ересектерге және 6 жастан асқан балаларға гингивитте Метрогил Дента® қызылиек аймағына күніне 2 рет жағылады, гельді шайып тастауға болмайды. Гельді жаққаннан кейін 30 минут бойы тамақ және сусын ішуден бас тартқан жөн. Емделу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды.

Пародонтитте тіс қақтарын алып тастағаннан кейін пародонтальді қалталарды Метрогил Дента® гелімен өңдейді және қызылиек аймағына гельді аппликациялайды. Экспозиция уақыты – 30 мин. Емшара саны аурудың ауырлығына байланысты. Әрі қарай гельді науқастың өзі аппликациялайды: Метрогил Дента® қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.

Афтозды стоматитте Метрогил Дента® ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.

Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің асқынуының алдын алу үшін стоматологиялық Метрогил Дента® гелін қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағады. Алдын алатын емдеу курсы жылына 2-3 рет жүргізіледі.

Постэкстракциялық альвеолиттің алдын алу үшін тісті жұлғаннан кейін ұясын Метрогил Дента® гелімен өңдейді, содан кейін гель амбулаторлық түрде күніне 2-3 рет 7-10 күн бойы қолданылады.

Жағымсыз әсерлері

Метрогил Дента® гелін жергілікті қолданған кезде жүйелік жағымсыз құбылыстардың даму қаупі төмен.

Кейде:

- бас ауыруы

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- метронидазолдың, хлоргексидиннің, сондай-ақ нитроимидазол туындыларының жеке жақпаушылығында

- препарат құрамына кіретін кез келген компонеттердің жақпаушылығында

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- жүктіліктің бірінші триместрінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ұсынылатын дозаларда жергілікті қолданған кезде Метрогил Дента® гелінің басқа дәрілік заттармен жүйелік өзара әрекеттесуі білінген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Метрогил Дента® гелін қолдану тістерді гигиеналық тазалауды алмастыра алмайды, сондықтан препаратпен емделу курсы кезінде тістерді тазалау жалғастырылуы тиіс.

Жүктілік және лактация

Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде препаратты пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолданады. Лактация кезеңінде емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.

Дәрілік заттың автомобильді басқару және қозғалыстағы механикалық жабдықтармен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгамен және ламинацияланған полиэтиленмен жабылған және бұралатын полиэтилен қақпақтармен немесе жарғақшаны тесуге арналған кертігі бар бұралатын полиэтилен қақпақтармен тығындалған ламинацияланған пластик сықпаларда 20 г препараттан.

1 пластик сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Юник Фармасьютикал Лабораториз» («Дж.Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)

Нилам Сентер, «Б» қапталы, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли, Мумбай -400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігін ұстаушы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей

121614, Ресей, Мәскеу қ-сы, Крылатская к-сі, 17, 2 құрылыс

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон  Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Тимирязев к-сі 42, 23-А павильоны тел./факс: +7 (727) 356-88-11; +7 (727) 356-88-19

электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com

 

Прикрепленные файлы

570316561477977048_ru.doc 64.5 кб
603822111477978226_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники